Кешегі хоккей

Әбіләкімнің  ауылы: Кешегі хоккейҚысқы Азия ойындарындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизиондағы ерлер командаларының тартысы басталып та кетті. Кеше біздің құрама командамызбен Қытай елінің құрама командасы өзара бақ сынасты. Ойынның қалай өрбігінін өздеріңізде байқаған боларсыздар.Есеп 14-1, Қазақстан құрамасының пайдасына.
Менің айтпағым осы ойыннан кейінгі тілшілердің ойыншылардан алған сұхбаты жайында. Хоккей құрама командамыздың каптитаны Талғат Жайлауовтан сұхбат алу барысында тілші мынандай сұрақты қойып қалды, “Қақпамызға 1 шайба кіргізіп алуымыздың басты себебі не?”. Тілшінің де өз білгені бар шығар. Бірақ спорттың аты спорт, ойынның аты ойын.ірі есеппен жеңіп тұрып бұл сұрақты қоймаса да болар еді менің ойымша. Оның орнына, “Жапония құрамасының ойындарын тамашаладыңыздар, осы мықты командаға қарсы қалай ойнамақшысыздар?, Ойындарынан осал тұстарын байқадыңыздар ма?”дегендей сұрақтар қою керек еді. Бұның бәрін ИМХО деуші ме еді…
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
бізде журналистер «тақырыпта» емес болғандықтан әрине сондай «косяктар» болады. мамандар дайындалмайды ғой, журналист универсал болуы керек деген ұғым бар сияқты бізде. спортты да, саясат, экономиканы да жаза береді. ал спорттың өзі бірнеше түрге бөлінеді ғой. бізде комментаторлар өздері дұрыс білмейтін спорт түрлерін жүргізіп отыра береді.
Nurgisa
Бар сондай дерт. Бізде спортшы бір комментатор болады, футболың бар ма, бендиің бар ма, тағысын тағы… либойын сындырат!
Сосын сұхбаттасқанда сұрақтың жауабын аузына сап беріп, солай деп айтса деген айлакерлік те құп көрілмес.
saken
құдай қаласа әлі талай Талғаттар хоккей спортында бағын жандырып, содан кейін білікті қазақ спорт комментаторы болады деген үміттемін.
kerim
оның рас, ол журналистің біліктілігіне байланысты