Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды



Мадрид. Сантьяго Бернабеу стадионы. Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Соңғы пенальти.

Ойын бойы үздіктер қатарында болған Бастиан келді де ақтық пенальтиді шіреніп тұрып тепті. Гол! Баварлықтар финалда.
Әрі қарай

Мюнхен ешқашан ұмытылмайды

  • UNITED
UNITED
Бұл фильм Манчестер Юнайтедтің тарихындағы ең қайғылы әрі ең қастерлі сәт — Мюнхен трагедиясы туралы.
1958-жылдың 6-ақпаны. Мюнхен. Жаттықтырушы Мэтт Басбидің командасы ұшақ апатына ұшырады. «Басби бөбектері» атанған жас, жеңімпаз әрі жарқын команда бір мезетте ойран болды. Ұшақ бортында болған 43 жолаушының 23-і Мюнхенде көз жұмды… Команда Европа Чемпиондары Кубогінің аясында Белградттың «Қызыл жұлдыздар» командасымен ойнап қайтып келе жатқан еді…
Әрі қарай

лыс-мыс, лылық-лылылық, ық-ық...

«Кейігім келіп тұрғасын кейіп тұрмын!» — деп тағы кейіді Ол сонда" © Евангелие от Амандық, псалом "Құрыған адамдарға", стих 81:44.

Мейірімі аз Шиваның атымен бастаймын!

Уа жама'ат! Уа, храм мен шіркеудің арасында жаны қыдырған исажар болғыр амиголар! Уа, ғақылия уәсасуа мұғжыза мүкәммал мүүміндер!
Я пақаның емеспін, физиологиялық тұрғыдан мақаның болуым — екібастан мүмкін емес. Әйтсе де, жанашыр айтты дейсің бе, көлденең гей атты айтты дейсің бе, өзің біл, бірақ ақылым: 1989 жылдан кейін қазақшаға аударылған ғылыми кітаптармен оқымаңдар! Қолдарыңа түсе сала пешке лақтырыңдар, имаматқа жіберіп, тиым салынған әдебиет қатарына енгізуді сұрап, бақырып жылаңдар; тек оқымаңдар!
Лібә, аудару деген өзі конвейерге қойылған шаруа екен. Материалды өңменінен өткізу, сезіну сияқты тәржімашы этикасы баяғыда қоқысқа тасалған екен. Жолма-жол аударып отырып, жаңа сөздерді туындата береді екен, шешесстер! міне біразы:

нарушение — бұзылыс (ом манэ падме хуум!);
ясность — ұғынықтылық (Минне тиккел юпарсиин!);
отсутствие четкости — ұғынықтылылық жоқтығы;
методичное уничтожение — әдістемелік нұсқау бойынша құртып отыру (ммуах-ха-ха-ха-хааа).

Очм, еңбектерді түпнұсқа тілінде оқу үшін тіл үйреніңдер. Қорқыңдар, қорқыңдар мына үрдістен, мына мына қайғы-тәржіматорлардан, мына мына ақшасоққыр албастылардан!

Мейірімнен жұрдай Мейіргүлдің фамилиясымен аяқтаймын: Оңғарова.
Әрі қарай