Мюнхен ешқашан ұмытылмайды

  • UNITED
UNITED
Бұл фильм Манчестер Юнайтедтің тарихындағы ең қайғылы әрі ең қастерлі сәт — Мюнхен трагедиясы туралы.
1958-жылдың 6-ақпаны. Мюнхен. Жаттықтырушы Мэтт Басбидің командасы ұшақ апатына ұшырады. «Басби бөбектері» атанған жас, жеңімпаз әрі жарқын команда бір мезетте ойран болды. Ұшақ бортында болған 43 жолаушының 23-і Мюнхенде көз жұмды… Команда Европа Чемпиондары Кубогінің аясында Белградттың «Қызыл жұлдыздар» командасымен ойнап қайтып келе жатқан еді…

Мюнхен трагедиясы туралы мына сайттан толық ақпарат алуға болады.
munich58.manutd.ru/

Фильмде команданың апат алдындағы қуанышты, әзіл мен күлкіге толы сәттері мен апаттан кейінгі жаралы көңіл, қайғы мен үміт аралас көз жастары, ең қиын сәттерде пайда болатын қайсарлық пен жанқиярлық шебер суреттелген.

Әсіресе Мэтт Басбидің көмекшісі Джимми Мерфи мен қақпашы Харри Грегтің образдары аса әсерлі шыққан. Солай болуы тиіс те, өйткені осы екеуінің арқасында Манчестер Юнайтедтің байрағы тік күйінде қалған болатын.

Үзінді
www.youtube.com/watch?v=FSGPqkIEy68&feature=related

Апаттан тірі қалғандардың қатарында Сэр Бобби Чарльтон да бар. Мюнхен трагедиясының оған қатты әсер еткені сондай, ол футболдан кетпек те болады. Бірақ, қаза болған достары туралы естелік қайта оралуға мәжбүр етіп, үш жылдан соң Чарльтон Юнайтедтің сапында Европа Чемпиондарының Кубогін жеңіп алды. Ол кезде де команда жаттықтырушысы Мэтт Басби болатын.

Апаттан кейінгі алғашқы рет Манчестер Юнайтед Англия кубогінің аясында Шеффилд Юнайтедке қарсы ойнады. Арада бар-жоғы 13 күн өткен. Команда сапында жастар мен жаңадан келген ойыншылар көп. Алайда, стадионға жиналған 60 000 жанкүйер мен қаза тапқан «бөбектердің» рухы бұлармен бірге болатын. Демек, Юнайтед бұл күні тамұқтың барлық жын-перісіне қарсы ойнаса да жеңуге тиіс еді. Есеп 3-0 Манчестер Юнайтедтің пайдасында.
Бөлісу:

5 пікір

Marco
Мен фильмді kaztorka.org сайтынан жүктеп алып қарадым.
Айтпақшы, осыдан кейін бірден МЮ-дің жанкүйері болып кетуіңіз ғажап емес. )))
TERISKEY
Сонымен, МӘКЕ, киноның толық атауы қалай өзі?
Adiletshu
Юнайтед. Мюнхенская трагедия
manfan
иәә, апат деген аяқ астынан… «Локомотивті» түгелдей қырып тастаған әуе апаты қатты әсер етті. Спортта әуе апатынан болған трагедиялар көбеймесе екен… Мэт Басбидің қаза болған балақайларына салауат айтамыз…