Өнертапқыштар

Адамзат жерде жүретін, аспанда ұшатын көліктерді де, қарапайым өмірде қажетті тұрмыстық техникаларды да ойлап тауып бітуге таянды-ау деймін. Дегенмен, біздің жұмыстың жұмысшылары (бізде әкімшілік, артистер және қара жұмыс иелері деп үшке бөлінеді) бұған бола жасымапты.Шатырдағы қарды күреудің заманауи әдісін тапқан секілді. Бұның алдындағы қыста шатырдың профлистісін, қара қағазын жырта-жырта бастықтардан сөз естіген сабаздардың біреуінің басына тың идея келе қалыпты. Олары сәтті түрде жүзеге аса бастаған. Неге аса бастаған? Тоқтала кетсек, соңғы кезде Қарағанды аймағында қар нормасынан көп жауып жатыр. Біздің үлкен ғимаратың шатырын тазартып шығудың өзі қиямет.Тұңғыш президентіміздің күніне байланысты демалыстан соң шатырдағы қарды аршудың арты біраз адамның артының ашуымен аяқталды.
Сейсенбі күні жұмысқа келсем кабинетімде су тобықтан. 5-ші "ұрпақтық" компым жылап тұр. Монитор мониторға емес аквариумға айналып кетіпті. Тағы басқа 3 кабинет осы күйді кешіпті. Бас инженер себептің бәрін күннің жылып кетуінен көріп отыр. Бірақ, біз де ақымақ емеспіз. Пәленің ұшының қайда екенін білеміз. Қар аршуға ерінген жұмысшылар ұзын әрі жуан шлангылар арқылы шатырдан жоғарыдан төмен қарай ыстық су ағызады екен. Ыстық судың күшімен ерігені бар ерімегені бар барлық қар төмен қарай аға береді, құлай береді. Жаңбыр жаумай су болдық, обшым…

сурет сілтемесі
Әрі қарай

«Отырықшылық» өмір салтын ұстанатындарға арналған ақпарат



Қазір компьютер хайуани қажеттіліктерден басқаның бәрін алмастыратын заманда, адамның сиіп-тышу мен ішіп-жемге кеткен уақыттын есептемегенде, бүкшиіп отырған күйі кейде күніне 8-10 сағатқа дейін монитордан ажырамайтын кездер болады.

Отырған жерінде омалғандар көбейіп кеткендіктен, онымен байланысты простатит (тас-асты сыздауы), проктит (көтаурудің бір түрі), геморрой (бұл да сол), остеохондроз (95 пайыз адамда бар мойын, жаурын ортасы, т.б омыртқа ауруы), миопия (әлжуаз әшкәристер ауруы), т.б ищщаа-кәпір бәлелердің кесірінен адамның уақытынан бұрын 20-25 жастан бастап-ақ істен шығуы, жұмысқа қабілеті, секске тәбеті төмендеуі пысық американ бастықтарын өз офистеріне «зыржолағы» бар тренажер үстелдер қоюға мәжбүрледі. Типі нақ, компьютерден көзіңді алмастан, жаяу жүріп қайтуға, жүгіруге болатындай етіп… Эхх. Нағыз өмір осылардыкі нақ, біздің қаззақтарға оған жету қайда-а-а деп мұңайғаннан басқа ештеңе қалмайтын сияқты.
Әрі қарай

Интернеттің зияны мен пайдасы

Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты.
Әрі қарай