Интернеттің зияны мен пайдасы

Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.">
Бөлісу:

29 пікір

serjan
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы.
Осының бәрін сен айтпасаң кім айтар еді бізге,
nurbergen_makym
Жаз, жаз әкесін танытып! Біздің клиникаға осындай да бір терапия керек.
Gastarbaiter
Зияны: ауырғанда доқтырға баруға ерініп, интернет диагностикамен өзіңді жұбатып, екі аптадан кейін қата қалуың мүмкін. Немесе керісінше, веб-диагностика қойған құс тұмауға өкініп, өмірден баз кешіп асылып өлгенде, вскрытие қарапайым суық тиюді көрсетсе де обал))
Aldeken
кешеден бері жақсы болды, өзі… Ананың қадірі, Шынайы махаббат, Интернеттің пайда-зияны туралы көлемді де, келелі посттар жарық көріп, керекинфомызға «галстук тағылып», "қыртымбай блиц-сұхбаттар" уішівөлейін деватыр екен…
Gastarbaiter
Зияны: Шын қарым-қатынастың орнына виртуал қарым-қатынас құрып, өзің менсінбейтін Мағрипамен сүйісудің орнына, виртуал Матильдамен виртуал секске әр түрлі позаға түсіп жүргенде, Мағрипа супермодель боп кетуі, ал Матильда сақалды админ боп шығуы әбден мүмкін.
Пайдасы: Кейбіреулерге ешқандай Мағрипа бір қой бермейтінін ескерсе, бұл да болса алданыш.
Gastarbaiter
Зияны: Уақыт өлтіреді.
Пайдасы: Уақыт өлтіргіш кемпайда адамдарды өлтіреді.
Gastarbaiter
Зияны: Көп білім, түк бітірмейтіндерді көбейтеді.
Пайдасы: Көп біліп, түкі бітірмейтіндерді реал қоғамнан оқшауландырады.
Gastarbaiter
Пайдасы: Депыртаттарды аноним боп кіріп чмарить етуге болады.
Зияны: Депыртат өзің болсаң зайбал да)))
nurbergen_makym
Зияны: Депыртат өзің болсаң зайбал да)))
Zhan
Осындай құнарлы жазба оқымағалы көп болды. Бәрі Аршаттың кесірі. «Галстук таққан» деп шеттетеді де жүреді. Неге күлесіңдер сонша. Әйтпесе
Aldeken
Не ғо, Жәке, жалпы интернет туралы пікіріңізді айта отырсаңыз…
Zhan
Интернет деген бүгінде өмірімізге тереңінен еніп, ажырамастай болып бара жатыр. Әрине, пайдалысына пайдалы ғой, бірақ, Aiko-j айтқандай оның зиянды жақтарын да ұмытып кетпеуіміз керек. Осыны БАҚ-та көбірек айта берген орынды деп ойлаймын. Адамдардың денсаулығына зиян келіп жатса, ертеңіміз не болмақ?
Aldeken
Рахмет! Алайда, Сіз айтып отырған үрдісті қолға алсақ, 300 жыл патшаның езгісінде жүргендей қазір Рунеттің тепкісінде жүрген Қазнеттің онсыз да аттың төбеліндей аз қолданушыларын азайтып алмаймыз ба деген сұрақ туындап отыр. Кешір, Aiko-j
asaubota
бір рет мында агенттің зияндары туралы бір доцентінің мақаласын қойып еді бір студент. кейін қатты ренжіді, сынға ұшырағаны үшін.
Zhan
Ренжімей қайтсін, өңкей талап жеп қоярдай қасқырлар отырса
Marco
Интернет деген жақсы ғо, Майл.ру, Абай.кз деген сайттар бар.
Vikilikas
Өте дұрыс айтасың жаным, сенімен келісемін!
Bekzhan
Жаным деп кімге айтып отырсыз, Vikilikas?
balzaminka
Жанға емес болуы керек, елең ете қалдыңыз ғо
Gazizkizi
Интернеттің зияны жоқ… Адамдардың өздері зиянды интернетке…
meirzhan
Адам интернетке қызмет етуі керек пе нее?
Gastarbaiter
А не басқаша ма не? Мысалы сен))
barys
ҒАЛАМТОРДЫҢ ПАЙДАСЫ ЕРТЕҢ ОСЫ ЖАЗБАНЫ САБАҚТА ОҚЫП БЕРЕМІН