Қазақ баласы "Минута славыда"...


Осы аптадағы «Минута славы» көрсетілімінде Шымкенттегі Жетісайдан Оңдасын Жетібай небір қиқарлықты көріп, көзі үйренген Мәскеу аудиториясын біраз таңқалдырған ұқсайды. Сіздер де қарап көріңіздер:



сурет: Экспресс-К
Әрі қарай

Қарағандыға сапарым

Мына бір постты жазуым жүдә қиын болып кетті, жексенбіден бері жазып тастай алмай жүрмін, жұмыспен қатты занит болып.
Өткен апта жол жүрумен өтті де кетті. Аптаның сейсенбі күні жолға шығып, сенбінің түскі уақытында үйге қайтып келдім. Осы уақытта көрші ауданымыз Сарыағаштан бастап, сонау Қарағандыға дейін жол жүріппін. Бұл жолсапарым басқаларынан – алғашқы рет пойызбен жол жүру, Қарағанды шәһәрында алғаш рет болып, сол қаланың керекшілері Абзал және Айсұлтан бобурлармен танысуыммен ерекшеленеді. Енді соны пернетақтамен тақылдатып жазып берейін.
Әрі қарай

Коллаж мінез - Едіге



1. Атың кім? — Едіге /шын атым емес/
2. Сүйікті фильмің? – Жүгір, Форест, Жүгір! Қаш Форест қаш!
3. Сүйікті сусының? – Қымыз, қымыран /тазасы табылса/
4. Өскенде кім болғың келетін еді? – Немере, шөберелі шал болу /Қазір 35 темін: Өскенде мүмкін .../
5. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Пенде
6. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Бірқалыпты, салмақты образ танытып отырмын
7. Арманыңдағы қала? — Қаладан гөрі Даланы қалаймын
8. Туған жерің? — Оңтүстік, Жетісай.
9. Сүйікті түсің? — Алтын сұр
10. Сүйікті тамағың? — Плов
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Ұлдарымның жетістіктері
12. Сүйікті мекенің? – Қоғамда болганды калаймын /жалғыздықты жаным сүймейді/
Әрі қарай