Блог Құрылтайдың 9 ережесі

BlogCamp: Блог Құрылтайдың 9 ережесі

1. Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады.
2. Қатысуға ниет танытсаңыз, аты-жөніңіз бен презентация тақырыбын тіркеу формасында көрсетуіңіз шарт.
3. Блогыңызда, twitter-де т.б. жолдармен “ Блог құрылтай” тыныс-тіршілігін баяндап жүріңіз. Әрі #blogquryltai2011 деген ілмекті қолданыңыз.
Әрі қарай

БлогКэмп те БлогКэмп... жайлы бір ауыз сөз

BlogCamp: БлогКэмп те БлогКэмп... жайлы бір ауыз сөз
Блог құрылтай туралы әңгіменің, әңгіменің емес-ау, іс-тірліктің басталғанына бір аптадан кейін бір ай болады. Бір-бірін көрмесе де, бір атаның балаларындай (қуалап келсе, өзі де солай болатын шығар:)) болып кеткен блогшылар бандасы жақын болашақтың жарқындығына (өтетін жер, өткізуге керек қаржы, өткізетін адамдардың аз-көптігі, логистика, тағы басқа толып жатқан шаш ағартпаса да, бас қатыратын шара ұйымдастыру шаруалары) аса сенімді болмаса да, осы бір жауапты жұмысқа кірісіп кетті. Әзірге, жоспарланған қимыл-қозғалыстың жаманды-жақсы біршамасы атқарылған тәрізді. 
Маған дейін Блогкэмп жайлы Өрімтал өз блогында, Дабайда біршама пайдалы ақпарат жазған еді. Оған дейін Әлия, одан кейін Мақпал да біраз мәлімет жариялаған болатын. Бұрын Баркэмп жайлы ұзынқұлақтан естіп, семинар-конференциялардың деңгейінен асырмай жүрген өз басым осы шараның арқасында блогшыға қажет көптеген біліммен жарақтанып алдым.
Әрі қарай

Сенбі. Кофеделия. MiniBlogCamp


Әәә, Қисық деген сен бе!?

Балғырған

Бұл сенбі алдындағы сенбіге қарағанда мен үшін сәттірек болды – кездесуге құлшына бардым. Не болғанын, не дегенімізді, қалай дегенімізді Өрімталдан кейін қайта айтып жатпай-ақ қояйын, тек өзіме қатысты тұстарына тоқталып, суреттерді берермін. Шағын БлогКамп біршама істің басын қайыруға, пицца жеп, шай ішуге, жеке өз басыма бұрын көрмеген адамдарымды көріп, көрісіп, көзайым болып, танысып, қауышып, қол сілкілесіп, бас изесуге көмектесті.
Әрі қарай