Өте өкінішті

Шынымды айтсам дәл бұлай болар деп ойламап едім. Бүгін Мәскеуде Дүниежүзілік бокс сериясынан «Астана арландары» мен Мәскеулік «Динамо» кездесіп, ресейлік команда беске нөл есебімен жеңіске жетті. Шыны керек, Астанада өткен жарыста басымдыққа ие болған біздің команданың дәл осындай ірі есеппен ұтылуы мен үшін өте нашар жаңалық. Мен үшін ғана емес, барша қазақтың үкілеген үмітінің үзілуі десек те болатын шығар. Енді не болар екен,
Әрі қарай

WSB жаңа формат ұсынды, Астана арландарын жаңа маусым күтіп тұр



WSB сериясы биыл басқа форматта өтетін болыпты. Жаңа 2 команда қосылған: Үндістан және Германия командалары. Барлығы 12 команда 2 топқа бөлінеді. Әр топтағы командалар бір бірімен өз алаңында және сырт алаңда кездесіп шығады. Сосын әр топтың үздік 4 командасы плей-оффқа шығады. А тобының 1-шісі Б тобының 4-шісімен шығады, сәйкесінше 2-шілер мен 3-шілер кездеседі.
Әрі қарай

Арландар туралы өзгелер не деді?

Алты айға созылған бокс жарыстарынан кейін ақтық сынға шыққандар анықталды. «Астана Арландары» «Лос Анжелес Матадорзды» 3-2 есебімен ұтып, мамыр айының 6-7-сі күндері болатын финалға берілер жолдаманы жеңіп алды. Арландардың келесі қарсыласы «Париж Юнайтед».
Жарыс алдында қойылған шоуға қарамастан ең басты өнерді шаршы алаңға шыққан 10 боксшы көрсетті. Матадорлар 4-1 есебімен кеткен есені қайтаруға тиіс еді.
Әрі қарай

Арландар финалда!

Қадірлі достар Лос Анжелес қаласынан қуанышты хабар жетті. Астана Арландары американың чемпионы болған Лос Анжелес матадорсты 3-2 есебімен ұтып финалға шықты.
Жеңіс сыйлаған арландарымыз: Қанат Әбутәліпов, Марат Молдагереев, Иштван Бернат. Финалда Париж юнайтедпен Қытайда кездеседі.
Қуаныш ұзағынан болсын…

Фазылбек Әбсаттарұлы
http://www.qazaquni.kz/6864.html
Әрі қарай

«Астана арландары» тағы да жеңіске жетті!


Бірде автобуста келе жатып, "Қазақ радиосын" тыңдап отырсам, діни бағдарламаға қатысып отырған имам «бүгінгі күні ата-аналар ақшаның соңында жүріп, бала тәрбиесіне мән бермей кетті. Сұрасаң, «бала-шағамды асырау үшін жүрмін» деп жауап береді. Таңертең кетеді, кешке келеді. Ал балаларының теледидардан не көріп, не біліп жатқандарымен ісі жоқ, ал тәрбие негізінің бірі сонда жатыр» дейді.
Не нәрсенің елең еткізер тұстарын өз ойларыңмен ұштастыру кімнің болса да әдеті ғой, есіме тағы да балалық шағым түсті. Біздің кезімізде теледидардан көретініміз небәрі екі-ақ телеарна болатын. Газетке басылып шығатын бағдарламалардың астын қаламмен сызып қойып, ертегі, мульфильм, концерттерді сол уақыт туғанша асыға күтетінбіз. Бір қызығы әкем Қуанышбек бізге кешкі сағат 23.00-ден кейін жүретін киноларды көруге рұқсат бермейтін. Әкетіп бара жатқан бір кинолар емес қой,қазіргілермен салыстырғанда… бірақ,қарсы келмейтінбіз, соның салдарынан, күні бүгінге дейін киноға қызыға қоймаймын. Оқта-текте болмаса. Кинотеатрға да сирек барамын, оның өзі… бірсарынды жұмыс күндерінен сергу үшін ғана. Бірдің басын, бірдің аяғын айтып кетті деп сөкпеңіздер. Бекболат ағамыз айтқандай, «айтайын дегенім» басқа еді. Сол балалық күндері күндізгі бағдарламалар өз алдына, әкеммен қатар, яғни, кешкісін, тең дәрежеде отырып көретін, Жүрсін Ерманның «Айтыстары», «Терме», «Тамаша» ойын-сауық отауының қойылымдары және «Бокс» болатын. О-о-ооо, бокс сирек өтетін, оның өзі басталуы түнгі сағат 00.00-ден кейін еді ғой, естеріңізде болса. Сол мезетке дейін «барып ұйықтаңдар» деген сөзді айтпай, «көріңдер» дейтін Коля ағаға (әкем ғой) :) дән риза едік. Содан бері боксқа қызығушылығым еш төмендеген жоқ. Сан мәрте олимпиада ойындарын, әлемдік кездесулер көрсетілімін телеарналардан мүмкіндікке қарай жібермеуге тырысамын.
Әрі қарай