Түкке тұрғысыз тоғыз талас

Блог - kokbori: Түкке тұрғысыз тоғыз талас
Әлеуметтік желілердің қазақ қолданушылары құдайдың құтты күні бір тақырып тауып алып, жұлмалап жататыны бәрімізге аян. Әйтеуір 2015 жылдың басы түрлі жаңалықтарға толы болып, құдайымыз беріп-ақ қалды. Бірі осындай трендтер кезінде атын шығаруды ойлайды, екіншісі өз ниетін білдіріп қалғысы келеді, тағы біреулер шешендігін көрсетіп қалғанды жөн көреді, не керек, әйтеуір қазақы фейсбукте күнде талас.

Сондай таластардың ішінде "құдайға қажеті жоқ", бірақ қазақтардың арасында өліспей беріспейтін айтыстар болады. Олар — трендтердің арасында саябырлап қалғанмен, дүркін-дүркін көтеріліп отыратын тақырыптар. Бірнеше жүз пікір жинайтын таластардың соңы бірін бірін кекету, мұқату, ақыр соңы көріспей кету мен банға жіберумен аяқталатыны да жасырын емес. Бұлардың кейбірі мамандар арасында, кейбірі тіпті ұлт зиялылыларының пікір қайшылығын туғызуына себеп боп жататыны бар. Ал шын мәнінде сол саланың мамандарына болмаса, қарапайым біз сияқты ажалдыларға құны «көк тиын» мәселелер бәрі. Сонда да қоймаймыз.

Мен аталған таластарға қысқаша шолу жасап көргендей болдым. Әрине, бұл жеке пікірім. Бірақ барынша объетивті көзқарас ұстануға тырысқан сияқтымын))

Қош, әрі қарай кеттік. Деңгейлеп орналастырып көріп ем, мен таңдаған тартыстардың тартымдылығы жағынан тоғызыншы орынға тұрақтағаны —

Блог - kokbori: Түкке тұрғысыз тоғыз талас                                        "Қаражорға" биінің шығу тегі.

Бұл аса жиі талқыланбайды. Дегенмен рекорд жаңарту деген «процесс» кезінде немесе осы би туралы кеңірек жаңалық шыға кезде көтерілер тақырып. Сол кезде біреулер "Қара жорғаның" Қытай арқылы танылғанын, осы кезге дейін қазақтар білмейтінін айтып, біздікі еместігін, әрібірден кейін "қазақта би болмағанын" алға тартып, дәлелдеп шыға келеді. Ал оған қарсылар Совет заманындағы зобалаңды айтып, көп дәстүрді моңғол мен қытай жеріндегі қазақтар ұстап қалғанын айтады.
Бірақ ойлап көріңізші, осы үшін не айтыс керек?

"Қара жорға" биіне қытайлар не басқа ұлттар таласып жатқан жоқ, немесе қазақтікі екеніне күмән келтіріп жатқандар жоқ. Ал біз безінеміз де жүреміз. Ақыры рекордтар қатарына кірді екен, халық жылы қабылдады екен, ендеше оны иемдене салудың қаншалықты күнәсі бар?! Пайдасынан басқа зиянын көріп тұрсыз ба? Ал оның кімнің биі екенін сол саланың мамандары зерттей жатар. Сіз бен бізге қатысы шамалы.

Келесі орынға тағы бір "қырт" тақырыптардың бірі —

Блог - kokbori: Түкке тұрғысыз тоғыз талас              Қазаққа ноғай жақын ба, қырғыз жақын ба?

деген дау. Құдай-ау, түбі бір түркі болсақ та, түбірімен бөлініп кеткен ұлттар үшін неге қышымамыз қышиды?! Қырғыз — жеке мемлекет, ноғайлар — Ресейдің ішіндегі кавказға сіңгелі тұрған ұлыс. Неше жерден мықтымсысаң да, қазақтың қол астынан пана табуға ешқайсысының ынтық боп тұрғаны шамалы. Бауырласпыз дерміз, бірақ екеуінің аражігін ажыратып, бірін әрі итеріп, бірін бері тартып тұрғаннан көретін пайданы да көрмей тұрмын.

Әлбетте, ноғайдың жақындығын зерттеушілер айтып-ақ жүр, бірақ ол тарихшылар үшін болмаса, қарапайым бұқара үшін екеуін де жай ғана туысқан ұлттар ғып қалдыра салсақ шегетін зиянымыз жоқ сияқты…

ӘЖ белсенділері сүйіп талқылайтын тақырыптардан жетінші орынға тұрақтаған талас —

Блог - kokbori: Түкке тұрғысыз тоғыз талас                                     Айфон ба, сансунгтің қайсысы жақсы?

Бұл жөнінде қазақ түгілі "әлгі екі компаниялардың өздері қырғиқабақ болып отырған жоқ па деп қарсылық білдіруіңіз бек мүмкін. Әбден дұрыс. Бірақ біздің тақырыбымыз қазнеттегі талқы емес пе? Бұл жерде «Барса» мен «Реалдың» фанаттарының тартысы емес, күнделікті құрылғы әңгіме болып отыр ғой. Шынында да бұл смартфондар жай ғана құрылғы ғана. Осы постты жазар кезде сол туралы жазбаны таппай қалдым. Фейсбукте кәдімгідей қызылшеке ұрыс болып, соңы мұқатумен аяқталған пікірталасқа куә болғаным бар. Самсунг пен айфонның кереметтігі туралы.

Бірақ бұны ешқашан, тіпті ешқашааааааааан түсінбейді екенмін. Қарапайым пайдаланып жүрген құрылғының құндылығы үшін бетжыртысқа айналғаны менің миыма кіріп шықпады. Бірақ қазір бұл жағдай да белгілі бір деңгейде екі дайға бөлінуге себепкер болып отыр.

                                          «Шымкенттіктер бәрі жек көреді» немесе «Адайларды көре алмайды»

Блог - kokbori: Түкке тұрғысыз тоғыз таласДәл осы сарында пост жазсаңыз, пікірлер қаптайды дерсің. Шымкенттік туралы жазсаң, шымкенттіктердің мұң зары мен кеткен еселері туралы айтылып, әрі беріден соң соңы өзгелерді даттап, өздерін мақтап шыға келеді. Адайлар да осы маңайлас. Екеуіне де бір ұқсастық бар. Жазылған пікірлер бір арнаға құйылады. Оқып отырсаң, қазақты қазақ еткен «шымкенттіктер» немесе «адайлар» екен деп қаласың)) «Шымкент болмаса, баяғыда орыс болып кетер еді» немесе «Адайлардың батырлығы туралы жыр».
Неге? Жоқ, ешқандай да бұл сұраққа жаңа абзац бастайтындай жауап жоқ. Бір жауап — барлығы олардың өздерінің комплексі ғана. Жай ғана. Шымкентті жамандады ма? Демек жамандығы болған. Бірақ ол үнемі жаман Шымкент ретінде емес, әшейін жамандықпен жиі шығып кеткен кезде ғана. Әйтпесе Атырауда жүргенде шымкенттіктер туралы бөгде пікірім болған емес. Керісінше ол жақты қазақы өңір деп есептейтінбіз. Бірақ түрлі нәрселер шығып жатқанда айтпасқа болмайтын шығар. Мысалы солтүстікті ауызға алғанда орыстанған өңір деп баға беріп ақ тастаймыз ғой. Бірақ Астанаға келіп көріп, естіп жүрміз. Бұл жақта да орысша білмейтін тұтас ауылдар бар екен…

Блог - kokbori: Түкке тұрғысыз тоғыз таласАдайлар туралы мәселе сәл күрделілеу болып көрінуі мүмкін. Өйткені Шымкент секілді өңір туралы емес, ру туралы айтылып отыр ғой. Бірақ менің ойымша бәрі маңғыстаулықтардың өзінен секілді. Сәл нәрсеге Маңғыстаудың атынан, Ақтаудың атынан сөйлеу оларға жат секілді. Адайдың атымен кетеді. Сондықтан басқаларға Маңғыстаулықтар мен Адай ассоциацияланып кеткен бе деймін. Әйтпесе адайлар Атырауда да, Ақтөбеде де тұтас аудандарды мекен ететіні белгілі. (Айтпақшы рушылдыққа салынып, адайға тіл тигізбе деп шығатын әсірерушылдарға айтып өтейін, мен де адаймын)))

Шындығында байқап жүрсем, адамдар шымкенттіктер мен адайларды бөлгеннен гөрі, өздері сол жақтан айтуынан құмарлығы басым ба деймін. Заңсыз тірлік істесе де, мақтанып, өзіміздің «шымкентский вариант» жасадық дегенін өз құлағымыз естіп жүргесін, солай қабылдап та кеткен шығармыз)) Адайлар да мақтаншақтығынан бүлдіре ме деген күмән бар. Ол туралы әңгімені ұзартудың қажеті бола қоймас. Күнделікті өмірде көріп жүргеніңізге сенімім кәміл)) Демек, бұл әңгімені тоқтататын кез келген сияқты...)

Бестікке

Блог - kokbori: Түкке тұрғысыз тоғыз талас                                  Орыс тілі керек пе, жоқ па?

деген мағынадағы екі жақты псевдопатриоттық таластар да толас таппайтын тақырыптардың бірі кіріп отыр. Басқа басқа, бірақ сырттай қараған адам үшін топас тақырып болып көрінері сөзсіз. Тіпті мен үшін де. Әлбетте елімізде үстемдік қып тұрған тіл болғандықтан жек көрінішті болатын шығар. Бірақ өз басым әлемдік тіл ретінде, қазақстандықтардың басым көпшілігі сөйлейтін тіл ретінде артықшылық ретінде пайдалануды жөн санаймын. Әлбетте оны сөйлеу үшін емес, нан жеу үшін қолданар болсақ. Одан әрі сөз қылудың қажеті жоқ бұл тақырыпты. Бірақ посттың мәні топас таластар болғандықтан алып отырмын))

(жалғасы бар)
Суреттер интернеттен алынды
Әрі қарай

Наймандар

НАЙМАН

Адай бауырларыма арналады...

Адайлар орыстарды ұстап тұра алмады. Орыстар қазақ жеріне кіріп кетті. Сөйтіп білгенін жасады.
Ал біз, НАЙМАНДАР, қазақ жеріне қытайлардың қаптауына тосқауыл бола алдық, шыны керек. Әлі күнге дейін тосқауыл болып келудеміз!!!

… жалғастырыңыздар...
Әрі қарай

Адайлар



Бобурым Азаға арналады

… Өткенде alashaman -мен сөйлестім… Тарих туралы…
… Абылай заманында адай тайпасы шөбі шүйгін, малға жайлы оңтүстікті жайлайды екен. Бірақ, Абылай мықты стратег қой. Мүмкін адай ақсақалдарына құпия тапсырма берілген болуы керек… Бір түнде елдің батысына бүкіл адай көшіп кетіпті. Логикаға салып қарасаң, шөбі шүйгін таулы өлкеден тақыр жер жазық далаға бекерден-бекер көшпейді… Қалың орман орыстан, қызуқанды түркіменнен елді, жерді қорғау үшін солай жасалынған болуы керек… Оны тарихшылар өздері анықтап алар…
Әрі қарай

Көкмойнақтың үйірі немесе Адай жылқысы

hjuhj
2011 жыл — біздің ата түлігіміз Адай жылқысының, сол арқылы ата-бабамыздың, өлкеміздің, еліміздің атын асқақтата көтеріп, әлемге әйгілеген жыл болды. Айналасы үш-ақ ай ішінде Ақбастауда өткен жергілікті жарыстан бастап Ресейдің Рязанында өткен халықаралық деңгейдегі жарыстардың барлық бас жүлдерлерін біздің арғымақтар олжалады. Ортасында Алматыда өткен халықаралық жарыс тағы бар.
Шеттен келген, комиссия құрамындағы бір ветеринар маманның:«У Вас не лошадь, а машина, нет сердца и нет легких, а стоит мотор, заводил и поехал», — деген бағасы Адай жылқысының төлқұжатындай.
P.S. Жыл басында Өмірзақ ОЗҒАНБАЙ мен Бесінбай БЕГЕНІШтің «Адай жылқысын түлеткендер» атты кітабы жарық көрді.
Әрі қарай

Шыңғыс хан – АДАЙ!

Қазақтың маңдайына біткен қадірлі көп Мұхтардың ішінде, көзі тірі екі Мұхтар бар. Бірақ бірімен бірі керілдесіп-ырылдасып жүреді. Себеп? Білмедім. Бірақ білетіндердің айтуынша Шыңғыс хан үшін. Мағауин Шыңғыс хан мен қазақты туыс етіп шығарса, Шаханов Шыңғыс ханды қазақтан әрмен, яғни бөлек етеді. Осы тақырып төңірегінде және екеуі қырық-пышақ. Білмеймін. Түсінбеймін. Исі мұрныма бармайды, сондықтан қыстырылмаймын. Айтпағым бұл емес. Айтпағым, біздің ауылдың бір жазушысы (шығар) Шыңғыс ханды қазақ етпек түгілі, Адай руының өкілі етіп,
Әрі қарай