Сағыныш
… Сағынышымнан құс жасап алып,
Ұшырсам ба екен, аспанға…
Құралбек
Көңілден көшпей,
Қалсаң да көзден жырақтау,
Өзіңсіз күндер, білінбей сусып жыл өтті-ау,
… Кеудесін тосып толқынға, тарлан Каспийге,
Мұнарға таңғы шомылып ару тұр…
… Ақтау!
Көктүйнек кездер…
Ұшып-ақ кеткім келетін,
Жан-жағым тек дос шуағын ғана төгетін,
«Әлемде сенен мықты жоқ» десе иланып,
«Ақтаудан сұлу қала жоқ» десе сенетін…
Сенердей бар-ды…
Әсем-ақ еді шаһарым,
Жүруші ек шырқап, жалын жастықтың шат әнін,
… Күн екеш Күн де қия алмай ару Ақтауды
Көруші едік қалтырап әрең батарын.
Езуімдегі күлкінің табын жия алмай,
Ақтауға…
Әлде, өзіме өзім сия алмай…
Өзгелеу мұрат, көкседік пе екен басқа бақ,
… Кете барғанбыз, қарай да қарай қия алмай…
Даласын кездім шиырлап Қазақ елінің,
Көзім де көрді қаланың небір керімін,
Ақтаудай әсем қала барына шүбә көп,
Ақтаудан сұлу қала жоғына сенемін!
Алыстан естіп, сыртыңнан сүйіп жүру бақ,
Тыныш ұйқыны сағыныш тұнған түн ұрлап
Ел жақта жүрген Бақтыбай неткен бақытты,
Қызғанып, кейде кетеді бойым шымырлап.
Қимайтын кездер, жұлынған жылдар куәсі,
Жұлымыр жырлар…
Сұңғыла сырлар тұмасы,
Шіркін-ай, Ақтау…
Жұмыр Жердегі жалғызым!
Жүректе мәңгі сөнбейтін сәуле шығарсың,
… Бәлкім, сен содан… сондықтан Ақтау шығарсың?!
Жастықтың шәрі!
Келсе де жасың нешеге,
Тұрасың жайнап!
Бағаң да содан өсе ме?
… Жасаурап тұрып жанарым,
Қарай беремін…
Құлын күнімнің елесі кезген көшеге…
Алмас АЛТАЙ
17.09.2013
Астана
Ұшырсам ба екен, аспанға…
Құралбек
Көңілден көшпей,
Қалсаң да көзден жырақтау,
Өзіңсіз күндер, білінбей сусып жыл өтті-ау,
… Кеудесін тосып толқынға, тарлан Каспийге,
Мұнарға таңғы шомылып ару тұр…
… Ақтау!
Көктүйнек кездер…
Ұшып-ақ кеткім келетін,
Жан-жағым тек дос шуағын ғана төгетін,
«Әлемде сенен мықты жоқ» десе иланып,
«Ақтаудан сұлу қала жоқ» десе сенетін…
Сенердей бар-ды…
Әсем-ақ еді шаһарым,
Жүруші ек шырқап, жалын жастықтың шат әнін,
… Күн екеш Күн де қия алмай ару Ақтауды
Көруші едік қалтырап әрең батарын.
Езуімдегі күлкінің табын жия алмай,
Ақтауға…
Әлде, өзіме өзім сия алмай…
Өзгелеу мұрат, көкседік пе екен басқа бақ,
… Кете барғанбыз, қарай да қарай қия алмай…
Даласын кездім шиырлап Қазақ елінің,
Көзім де көрді қаланың небір керімін,
Ақтаудай әсем қала барына шүбә көп,
Ақтаудан сұлу қала жоғына сенемін!
Алыстан естіп, сыртыңнан сүйіп жүру бақ,
Тыныш ұйқыны сағыныш тұнған түн ұрлап
Ел жақта жүрген Бақтыбай неткен бақытты,
Қызғанып, кейде кетеді бойым шымырлап.
Қимайтын кездер, жұлынған жылдар куәсі,
Жұлымыр жырлар…
Сұңғыла сырлар тұмасы,
Шіркін-ай, Ақтау…
Жұмыр Жердегі жалғызым!
Жүректе мәңгі сөнбейтін сәуле шығарсың,
… Бәлкім, сен содан… сондықтан Ақтау шығарсың?!
Жастықтың шәрі!
Келсе де жасың нешеге,
Тұрасың жайнап!
Бағаң да содан өсе ме?
… Жасаурап тұрып жанарым,
Қарай беремін…
Құлын күнімнің елесі кезген көшеге…
Алмас АЛТАЙ
17.09.2013
Астана
2 пікір