Arular.kz

Испания - Еуропаның футбол королі!

  Испания — Италия — 4:0 (2:0) Голдар: Силва 14', Альба 41', Торрес 84', Мата 89' Испания : Касильяс, Арбелоа, Пике, Рамос, Альба, Хави, Бускетс, Алонсо, Силва (Педро 59'), Иньеста (Мата 87'), Фабрегас (Торрес 75') Италия : Буффон, Абате, Кьеллини (Бальдзаретти 21'), Бонуччи, Барцальи, Пирло, Маркизио, Де Росси, Монтоливо (Мотта 57'), Кассано (Ди Натале 46'), Балотелли Ескертулер : Пике 25', Барцальи 45' «Олимпийский» стадионы, Киев Төреші: Педру Проэнса (Португалия)

Финал: Испания - Италия

Финалда соңғы жылдардағы әлемдегі және Еуропадағы фаворит Испания мен биылғы чемпионаттың флэш командасы Италия. Лайықты финал. Екеуі де мықты. Қайсысы жеңетінін бүгін көреміз. өз болжамдарыңызды жаза отырыңыздар.

Жартылайфинал ойындары

Еурода финалға 1 адым қалды. Бүгін және ертең финалистер анықталады. 27.06 Португалия — Испания (Донецк) 28.06 Германия — Италия (Варшава)

Мен көрген Еуро. Киевке сапарымнан фотоесеп.

Сонымен көрген түстей өте шықты Киевке ширекфинал матчына сапарым. 2 күн, 1 түн Киевте. Англия — Италия матчы. Чемпионаттың ең қызықты, ең драмалы матчы десе де болады. Соны көру бізге бұйырыпты.

Еуро-2012. Ширекфинал ойындары

Сонымен топтық кезең де аяқталды. Ширекфиналға шыққан 8 команда белгілі болды. 21.06 / Варшава: Чехия — Португалия 22.06 / Гданьск: Германия — Грекия 23.06 / Донецк: Испания — Франция 24.06 / Киев: Англия — Италия

Еуро-2012 ойындарының чемпионы кім болады?

"Кім чемпион?" дегенге "аз-маз ақша тастап қойсам" деген едім? Басым қатып отыр, доп домалақ дейін десем, сол допты домалататын адам ғой. Немістер чемпион болады деп ойлаймын, бірақ француздардың жеңімпаз болғанын қалаймын.

D тобы

Украина Еуропа чемпионатына бірінші рет қатысайын деп отыр. Англияның соңғы үлкен жеңісін көргендер қазір елудің үстіне шықты. Шведтерден чемпиондық күту ұят сияқты. Ал, француздар болса 1998-2000 жылдардағы ғажайып күйінен адасып қалды.

C тобы

ИИИХ… Түшкіргем жоқ. Бұл С тобының аббревиатурасы.  Мұнда фаворит анық, аутсайдер де бірден танылатын сияқты. Бірақ, бәрі тым қарапайым деуге болмас.

В тобы

Топтық кезеңде бейтарап жанкүйерлердің назарын жаулайтын В тобы болатынына күмән жоқ. Мамандардың пікірінше дат футболшылары үшін бұл турнир топтық кезеңмен аяқталады. Негізгі талас қалған үш құраманың арасында өтеді.

А тобы

Жүрек қағысы жиілеп, алақан терлеп, эмоциялық сілкініс алатын кез жақындады. Кейде күліп, кейде ашуланып, біреуді боқтап, біреуге сүйсініп… қысқасы, енді екі жылға жететін әңгімеге арқау табамыз. Дайындалыңыз жақын қалды! Енді төрт күннен соң, ұйқысыздық ауруы келеді.

Киевке барамын, Еуро-2012ге!

Жаңа ғана Эксклюзив газеті және Carlsberg компаниясының ұйымдастыруымен болған, блоггерлер және журналистер арасында өткен Euro-2012 конкурсы қортындыланды. Блоггерлер арасында 1-ші орын алып, енді бұйырса 24 маусымда Киевте өтетін ширекфинал матчына баратын болдым! Сайтымыздың басқа қолданушылары да құр алақан емес. Marco (Маралбек Сағынғанов) 2-ші орын алып, планшет ұтып алды. Ал technosyndrom (Ерлан Оспан) Оқырмандар таңдауы сыйлығын жеңіп алды, оған берілетін сыйлық ұялы телефон. Толығырақ мына жерде: euro2012.exclusive.kz/?p=918

Еуро-2012 сенсациясын қай құрама жасайды?

Сенсация және сюрприздерсіз ешқандай үлкен жарыс болмайды. Күтпеген жерден жоғары нәтиже көрсететіндер әрқашан табылады. Осы сұрақты Фейсбуктегі футболсүйер достарымнан сұрап көрген едім. Сауалнама нәтижесі бойынша көпшілік Польшадан (21% — 8 дауыс) сенсация күтетіндерін айтты. Одан кейінгі орында Ресей (18% — 7 дауыс), Хорватия (13%) мен Украинадан (13%) да сенсация күтушілер бар.

Құрамалардың жаңа формалары

Еуро-2012 қатысушы командалар осы турнир алдында Ұлттық Құрама формаларын жаңартты. Бірге қарайық.

Еуро-2012 ойындарының күнтізбесі

Ойындар Астана уақытымен. Кешкі 22:00 және түнгі 00:45-те басталады матчтар. 08.06.2012 22:00 Польша — Грекия Стадион: Национальный, Варшава (POL) 09.06.2012 00:45 Ресей — Чехия Стадион: Мейски, Вроцлав (POL)

Euro 2012 Fantasy Football ойыны басталды

Euro 2012 турнирінің басталуына 60 күн қалды. Еуропа Чемпионатын одан сайын қызықты қылу өз қолыңызда. Фэнтези ойынына қатысып, өз командаңызды құрып алсаңыз чемпионатты қарау қызықтырақ болады. УЕФА биыл да жанкүйерлерге Фэнтези ойынын ұсынуда. Ойын тәртібі бұрынғыдай, сізге берілген виртуал ақшаға футболшылар сатып алып, өз командаңызды құрасыз. Олардың ойын барысында жинаған ұпайлары сіздің командаңызға жазылады. Үздік командаларға бағалы сыйлықтар беріледі. Мысалы SHARP 3D-теледидары, Blue-ray плеері, adidas-тан Predator аяқкиімі, Canon PowerShot камерасы және т.б сыйлықтар. КерекИнфо да осы ойын ішінде өз лигасын құрады. Өзара жарысатын боламыз. Толық ақпарат: ru.euro2012fantasy.uefa.com/

Еуро-2012 қалалары және стадиондары

Еуропа чемпионаты өтетін қалалар және стадиондары туралы видеоролик.