C тобы
ИИИХ… Түшкіргем жоқ. Бұл С тобының аббревиатурасы. Мұнда фаворит анық, аутсайдер де бірден танылатын сияқты. Бірақ, бәрі тым қарапайым деуге болмас.
Испания
Қазіргі Европа чемпиондары, осыдан төрт жыл бұрын жеңіc алып берген сиқырлы ойынын жоғалтқан жоқ. Бірақ, жарақат алып қалған Пуйоль мен Вильяның жоқтығы «қызыл фурияның» амбициясын шектеуі әбден мүмкін. Әсіресе шабуылшының орны ойсырап тұр. Іріктеу сынында соғылған 25 голдың жетеуі Вильяның еншісінде болатын. Ал, қазіргі шабуылшылр Льоренте, Торрес және Негредо жабыла жүріп жеті гол соққан. Бірақ, көп гол соғу қажет болмауы да мүмкін. Іріктеу турнирінде қарсыластар испания қақпасынан бар болғаны алты рет саңылау таба алған.
Италия
(қыздар үшін. бірақ каннаваро, дзамбротта, гаттузо құрамада жоқ)
Төрт дүркін әлем чемпиондары Италия құрамасы, Европа біріншіліктерінде мұндай жетістікпен мақтана алмайды. Скаудра адзурра кәрі құрлықтың чемпиондық кубогіне тек бір рет қана қол жеткізді. Бұл жолы да олардан жеңіс күту әбестік. Италия құрамасы қазір қайта құру кезеңінде. Тіпті, Буффон мен Пирлодан өзге бөліп-жарып айтатын да ешкім жоқ. Дегенмен, италияның күші жеке ойыншылардың шеберлігінде емес, жалпы команданың тактикалық дайындығында.
Ирландия
Тау қопаратын амбициясы жоқ, бірақ кез-келген фаворитті әбден титықтатуға дайын командалардың бірі Ирландия құрамасы. Мұнда бірінші кезекте Англия премьер-лигасының жұлдыздары Шэй Гивен, Ричард Данн, Дамьен Дафф, Айрленд және капитан Робби Кинге үміт артады.
Сөз жоқ, бұлардың қай-қайсысы да өз клубтарының үздіктері. Дегенмен британдық жігіттер тым қарапайым ойнайтынын атап өту керек. Әсіресе техникалық арсеналы бай командалар ирландтықтар үшін шешуі қиын жұмбақ болады.
Хорватия
Евро-2008 турнирінде ең керемет матчтардың бірі Хорватия мен Түркия арасында өткен болатын. Ол жолы түріктердің жолы болды. Алайда, Евро-2012-нің іріктеу сынында хорваттар Хиддинк шәкірттерінен басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Хорватия ең қарапайым 4-4-2 тактикасымен ойнайды. Бірақ, әмбебап футболшылардың арқасында, Билич бапкер негізгі құрамды қалағанынша өзгерте алады. Ең бастысы, команданың омыртқасы болып есептелетін Дарио Срна, Лука Модрич және соңғы уақытта нысанасы түзелген Елавич сау болсын.
С тобында бірінші орынды испандықтар алады деп осы бастан тоқсан пайыз кепілдікпен айта беруге болады. Логика бойынша, екінші орын Хорваттардың еншісінде кететіндей. Ал, шеберлігі басым қарсыластарға қарсы ойнап үйренген ирландтықтар мен катеначчо шеберлерінен, тек нағыз табандылық үлгісін күтуге болады.
Ойындар кестесі:
10.06.2012 22:00 Испания — Италия
Стадион: Арена Гданьск, Гданьск (POL)
11.06.2012 00:45 Ирландия — Хорватия
Стадион: Мейски, Познань (POL)
14.06.2012 22:00 Италия — Хорватия
Стадион: Мейски, Познань (POL)
15.06.2012 00:45 Испания — Ирландия
Стадион: Арена Гданьск, Гданьск (POL)
19.06.2012 00:45 Хорватия — Испания
Стадион: Арена Гданьск, Гданьск (POL)
19.06.2012 00:45 Италия — Ирландия
Стадион: Мейски, Познань (POL)
Италия жеңілмейді бүгін.
кеше алғашқы 2 күнде ұылған ақшамды қайтарып алдым
Голдар: Ди Натале, 61 (0:1); Фабрегас, 64 (1:1).
Ескертулер: Альба, 66; Арбелоа, 84; Торрес, 84 – Балотелли, 37; Бонуччи, 66; Кьеллини, 79; Маджо, 89.
Ирландия – Хорватия – 1:3
Голдар: Манджукич, 3 (0:1); Сент-Леджер, 19 (1:1); Елавич, 43 (1:2); Манджукич, 48 (1:3).
Ескертулер: Эндрюс, 45+1 – Модрич, 53; Кранчар, 84.
Италия-Хорватия тотал меньше деген қалай
15.06.2012 00:45:00 Испания — Ирландия: Исход 1-го тайма и всего матча. П1, П1 1.7
14.06.2012 22:00:00 Италия — Хорватия: Победа первой 2.36
Коэффициент экспресса: 4,01
шайтан түртіп екеуі қозып кетіп, қанды қырғын болмаса былай бейбіт ойын болады. фол аз.