Испания - Еуропаның футбол королі!



 

Испания — Италия — 4:0 (2:0)
Голдар: Силва 14', Альба 41', Торрес 84', Мата 89'

Испания: Касильяс, Арбелоа, Пике, Рамос, Альба, Хави, Бускетс, Алонсо, Силва (Педро 59'), Иньеста (Мата 87'), Фабрегас (Торрес 75')

Италия: Буффон, Абате, Кьеллини (Бальдзаретти 21'), Бонуччи, Барцальи, Пирло, Маркизио, Де Росси, Монтоливо (Мотта 57'), Кассано (Ди Натале 46'), Балотелли

Ескертулер: Пике 25', Барцальи 45'

«Олимпийский» стадионы, Киев
Төреші: Педру Проэнса (Португалия)



2012 Еуропа Чемпионатының финалында Испания және Италия құрамалары кездесті. Екі таймда да 2 голдан соққан Испания 4-0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл "Қызыл Фурияның" қатарынан екінші Еуропа чемпиондығы.

Испанияға жеңіс әкелген голдарды 14-ші минутта Давид Сильва, 41-ші минутта Хорди Альба, 84-ші минутта Фернандо Торрес және 88-ші минутта Хуан Мата соқты.

ИТАЛЬЯНДАР ИСПАН ПРЕССИНГІНЕ ШЫДАЙ АЛМАДЫ

Ойынды жылдам темппен бастаған испандар алғашқы минуттардан бастап итальян қорғанысына үлкен прессинг жасай бастады. Өз алаңдарынан шыға алмаған Италия ойыншылары шабуыл шебіндегі Балотелли мен Кассаноға тек ұзын доптар лақтырумен шектелді. Испандардың қос қанаттан және орта алаңдағы қысымы өз нәтижесін берді. 14-ші минутта Иньеста оң қанаттан Фабрегасқа әдемі пас тастады, Кьеллини үлгермеген допқа бірінші жеткен Фабрегас допты ішке көтерді, қорғаушылардан бұрын басын тосып үлгерген Давид Силва ойынның алғашқы голын соқты.

ГОЛДАН КЕЙІН ИТАЛИЯ ОЯНДЫ, БІРАҚ...

Голдан кейін Италия құрамасы қарсылас қақпасын жиі торуылдай бастады. Ойын басындағы қысымнан құтылған итальяндар қос қанаттардан және алыстан соққылар арқылы гол іздей бастады. Бірақ қорғаныстың маңызды ойыншыларының бірі Кьеллини жарақат алғаннан кейін қайтадан артқа шегіне бастады. Италияның үздіксіз шабуылдарына төтеп бере алған Испания ойынды қайтадан өз қолдарына алып, шабуылдарын үдете бастады. Әсіресе орта алаңда Хави мен Иньеста ойынды байлап тастады, Италия құрамасының шабуыл бастауларына мүмкіндік бермеді. 41-ші минутта қорғаныстың артына жүгірген Альбаға Хави әдемі пас өткізді, пасты сәтті қабылдаған Альба допты Буффонның оң жағынан қақпаға қарай жіберді. 2-0.

ПРОЭНСА ПЕНАЛЬТИ БЕРМЕДІ

2-ші таймда басқаша ойнайды деп күтілген Италия құрамасы Испанияның пас шырмауығынан шыға алмады. Бір пас машинасындай жұмыс істеген испандықтар қарсыластың шабуыл бастауына мүмкіндік бермеді. Қорғаныстағы Пике — Рамос тандемі өте сәтті ойын көрсетті. Испания 49-шы минутта үшінші голына жақындады. Бірақ португалиялық төреші Проэнса Бонуччидің жаза алаңында қолмен ойнағанын көрмей қалды, Испанияның таза пенальтиі берілмей қалды.

ЕКІНШІ ЖАРАҚАТ ИТАЛИЯНЫ БІТІРДІ

Бірінші таймда жарақатына байланысты Кьеллиниді ауыстырған Италия бас бапкері Пранделли екінші таймға Кассаноның орнына Ди Наталені шығарды. Монтоливоны Моттамен алмастырды. Алайда 62-ші минутта жарақат алып қалған Мотта ойыннан шығып, Италия құрамасы ойынды 10 адаммен жалғастыруға мәжбүр болды.

СОҢҒЫ СӨЗ ЧЕЛСИЛЫҚТАРДАН

Ойынға кейіннен қосылған Торрес 84-ші минутта Хавидың тамаша пасын қабылдап, әдемі соққымен үшінші голды соқты. Лондондық «Челсидің» шабуылшысы 88-ші минутта ойынға 1 минут бұрын кірген әріптесі Матаға пас шығарып, төртінші голдың соғылуына себепкер болды.
Бөлісу:

64 пікір

Janasil
‎«Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала» қағидасының дұрыс екендігін Испандар дәлелдеді. Бір жағынан Италияндықтарды құдай сақтады. Есеп 6-0 болып кетуі мүмкін еді.
konvict
Испанияяяяя, қызыл фурияяя
omarbirat
Испандар сағат сияқты тық-тық етіп қалған бәле екен нақ. Пастары дәл көздеген жерлеріне жетеді. Итальяндарды ит қылып қойды біраз жерде.
Onlasyn
Айтпа нақ, футбол болған жоқ. Италия күтілген кайфтың бәрін құртты.
Abilakim
Бұларды бір жеңсе немістер жеңуші еді…
Marationok
Италияға обал болдау
Abilakim
Германияға обал болды
edige
Экспрестен уткандар, утылгандар сойлесiн...
qisyq
Ұтқандар қайда шығады? Ортаға… мында шығамыз ба?
edige
Төрге Димеке Төрге…
Суммалардан айтыңыздар?
asaubota
Германия шыққанда басқаша ойын болар ма еді?
Abilakim
олар жеңілсе де 2де 1 болып жеңілер еді. Уопшым Италия финалға лайықты ойын көрсетпеді
qisyq
Финал финал болмады, бір топқа түскен фаворит пен аутсайдер ойнаған сияқты. Испания тағы бір-екі гол салушы еді 100 пайыз дерлік мүмкіндіктерін пайдаланғанда, fairplay-ынссс…
a63a1
Көк жаялықты алаңға жайып, аяқ, доп… оянсам 4 те 0, дым ұқпай қалдым
Janasil
Аршавин – Eуро-2012 додасындағы ең үздік пас беруші. дейді. Былай үйымдастырушылардың Ресейден кечрим сұрауы секілді екен.
omarbirat
Жұбатқаны ма екен әлде
MickThatsMyNick
Біржақты ойын болды. Испания жанкүйерлерін құттықтайм, жарыстағы бұрын соңды жеңбеген барлық фавориттерді жерге қаратты. «С» тобы мықты болды, ал өлім тобы «В» тиісті ойын көрсеткенімен, басында айтқандағыдай финалға жетпей, өліп қалды.
ПыСы: Испания жанкүйері болмаған, қандай өкінішті-ақ.
dark_nazgul
Касильяс дарынды, мықты ғана емес, сабырлы, сырбаз жігіт.
Командаластары секіріп, балаға ұқсап мәз болып жүргенде, сабырмен ғана жеңілген команданың футболистерінің қолын алып, түк болмағандай жүрді.
Тек қолына кубок тигенде ғана қуанышын сыртқа шығарды.
MickThatsMyNick
қанша дегенмен Касильяс капитан ғо.
dark_nazgul
Қанша дегенмен Касильяс ол Касильяс қой.
satibaldi
Жетті енді, білеміз ғашық екеніңді, тіпті қоймай сонша…
dark_nazgul
Жарайды енді, не болды сонша, ішіңіз күйіп кетті ме?
satibaldi
Бар енді аздап, тірі хайуанбыз ғой дегенмен…
alisha
Біздер отбасымызбен Испанияға жанкүйер болдық. Оқушы кезімде Дель Пьероға "ғашық" болдым. Соның әсері болса керек, Италияның да іштей тілеуін тіледім. Негізі осындай бәсекелерде /тіпті екі адам төбелесіп жатса да/ ойымнан тайқып, әлсіздің жағына шығып кететін "әлсіздігім" бар. Бәрінен бұрын стадионда отырған Италияның жанкүйерлерін аядым… 4:0 деген көрсеткіш финалға ұят енді…
satibaldi
[Біздер отбасымызбен Испанияға жанкүйер болдық.] XOR [Оқушы кезімде Дель Пьероға "ғашық" болдым. Соның әсері болса керек, Италияның да іштей тілеуін тіледім.]

Runtime Error at 000000:FFFFFF — «Recircular тілек detected».
salta
satibaldi
Күндес іздеп шықтың ба? Естілмей кеттің ғой көптен бері.
alisha
Нақтылайын, жанкүйер болдық — ставка тіктік! Іштен тілеу тілеудің қалай болатын түсіндірмей-ақ қояйын енді
satibaldi
Е, ішті күйдірген баяғы ақша десейш. Алтын бұзауға табынған жанкүйер өңшең.
alisha
Ішті күйдірді дей алман. Испанияға сендік, салдық. Италияға да «кет әрі» емен, бірақ сенбедік… Болды, бас ауыртуға тұрмайтын нәрсе!
satibaldi
Менің басым қирап тұр есесіне.
dark_nazgul
Матчтан кейін Испанияның жеңісін ұзақ тойлағансыз-ау, шамасы?
alisha
Ұтты ғой деп, бір жартыдан дәмеленіп тұрғандағың ба
Ішің күймесін, офсайд жағы «онша» болмай қалды…
saginaeva
Блиин, мен Италияға болеть еткем, 2006 жылдан бері Форза Итлияымын, бірақ кеше жаман ойнай алмады. Испанияны құттықтаймын!
dark_nazgul
бірақ кеше жаман ойнай алмады
бұдан жаман ойнау мүмкін бе?
saginaeva
Ой, жаман деген соң үтір қоймаппын))
a63a1
Керекке неге десең жүресің кеп?
Айтар едім жар салып,«СЕн» үшін деп
asaubota
неге Италия және неге 2006? итальяндар әдемі болғандықтан ба?
saginaeva
2006 жылы чемпион болды ғой, сол жылғы ойыншылар ұнады, сосын чемпион болған соң болеть еттім. Итальяндықтар енді ондай әдемі бәрі демеймін, бірақ, Тотти ұнайды.
Abilakim
тіліңіз тәтті екен))
a63a1
Айтасың-бұт, дәмін татып көріппең не?
saginaeva
Ұнамай қалсаңыз ащы да бола алады.
asaubota
Әбіләкім Әбіләкім болғалы Керекинфода қыздардан мұндай жауап алмаған шығар!
saginish
испания жарайсың!
Adiletshu
Лайвтан дақоя ақша ұтылдым, лібәд, макаронниктер
saken
Италияға жанкүйер болдым. Бұлай ұтылады деп ойламап едім. Өкінішті.
Temir-bala
Ал мен басында Хорватия болдым. Солардың ойындары қызық болды.
Испанияның ойнағаны уже қызық емес, дәл Барселонаныкі сияқты. Италияға Буффон мен Пирло ушін жақ болғанмын. Осы чемпионат олар үшін мүмкін соңғы шығар.
Onlasyn
Иә, Пирло тамаша ойынщы ғой
asaubota
бүгін Marco бөлісті мына openmind деген біреудің пікірін:
Мат. расклад финала 2012
Итак, возьмем все финалы сборной Италии:
1934: 1-2, 1938: 4-2, 1968: 2-0, 1970: 4-1, 1982: 3-1, 1994: 0-0, 2000: 2-1, 2006: 1-1, 2012: ?-?
Посмотрим на цифр. закономерность голов гостей: 2-2-0-1-1-0-1-1-?.. Вместо "?" — логически должен следовать 0, значит Италия не забьет.
У хозяев: 1-4-2-4-3-0-2-1-?.. Здесь наиболее рац. решением является сумма каждых трех матчей, равная 7: 1+4+2, 4+3+0, 2+1+?.. Значит вместо "?" будет 7-(2+1) = 4, т е Испания забьет 4 мяча.

Испания 4-0 Италия.
www.championat.com/football/article-128500-odna-korona-dlja-dvukh-nepobedimykh.html?cpage=1#c36201960
meirzhan
Италияға жақ болып едім. Әсіресе жеңіле бастағанда. Негізі 2006 жылы да осы командаға жанкүйер болғанымның себебі — Ювентус.
dark_nazgul
«Сегодня в жизнь мужчин возвращаются здоровый сон, долгие прогулки, секс, шашлыки и кинотеатры! Евро-2012 закончился.»
Твиттерден
alisha
3 аптадан кейін тағы бір «ораза» басталады ғой
asaubota
бұл мақаланы түнгі 4-30да жазып бітірдім

Егеменге арналып жазылған еді, ол жерге және фотогалерея қостым. үлкен бастық жаңа шақырып алып мақтады, ризашылығын білдірді. www.egemen.kz/?p=340350
VKM
күштісіз ғой)
Onlasyn
Балотелли өзін асыра бағалап жіберді,
Германияны жеңу Италияға кері әсер етті деп ойлайм. Сонымен қатар Киеллинидің шығып кетуі
asaubota
Чемпионаттың үздік голдарын еске алайық

Rafaello
Ибраның голы ең үздік!
aza
Өөөөй, өңшең… еске түсіріп сол түнді…