А тобы
Жүрек қағысы жиілеп, алақан терлеп, эмоциялық сілкініс алатын кез жақындады. Кейде күліп, кейде ашуланып, біреуді боқтап, біреуге сүйсініп… қысқасы, енді екі жылға жететін әңгімеге арқау табамыз. Дайындалыңыз жақын қалды! Енді төрт күннен соң, ұйқысыздық ауруы келеді.
А тобы ең әлсіз квартет. Дегенмен, мұнда да назар аударуға тұрарлық тұлғалар бар.
Польша
Қазіргі Польша құрамасының бас жұлдызы – бас бапкер Франтишек Смуда. Ол ұлы жеңістерімен емес, бірбеткейлігімен танымал.
Тәртіпке бағынғысы келмегендер шеберлігі мен тәжірибесіне қарамастан құрамадан аластатылып, жастар жиналды. Поляктар іріктеу кезеңіне қатыспағандықтан, жас команданы жолдастық кездесулерде ғана сынауға тура келді. Сәйкесінше Смуда сарбаздарының шын мүмкіндіктері әлі беймәлім. Евро-2008 турнирінде поляктар бірде-бір жеңіске қол жеткізе алмай күйрей жеңілген болатын. Бұл жолы жоқ дегенде топтық кездесуден өту мақсат.
Грекия
Британдық «Уиллиям Хилл» букмекерлік кеңсесінің пікірінше Грекияның Европа чемпионы атану мүмкіндігі тым төмен. Бірақ, 2004-жылы да эллиндерге ешкім сенбеген еді.
Одан бері, Грекия құрамасында революциялық өзгерістер болған жоқ. Жеңіске жетудің басты жолы жаппай қорғаныс және ұтымды пайдаланылған стандартты жағдайлар. Іріктеу сынында ешкімге есе жібермей өз тобында бірінші орын алған олар, соңғы он жеті матчта жеңіліп көрген жоқ.
Ресей
Ресей футболының ең үлкен жетістігі 2008-жылғы Европа чемпионатының қола медалі. Осы турнирде атой салған футболшылар әлі қатарда, жаңадан қосылған күш те бар. Әсіресе ЦСКА-лық Алан Дзагоев пен мәскеулік «Динамоның» жас шабуылшысы Александр Кокориннен үміт зор. Құрама қарық қыла алмаса да, осы екеуінің жұлдызы молынан жарқырауы әбден мүмкін.
Чехия
Евро-2012-нің ақтық кезеңіне жету үшін Чехия құрамасы өзгелерге қарағанда ұзағырақ жол жүрді. Іріктеу кезеңінде олар өз тобында Испаниядан кейінгі екінші орынды місе тұтты. Ал, қосымша жолдама үшін таласта Черногорияны тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды. Бұл құраманың мақтанышы қақпашы Петр Чех пен жартылай қорғаушы Томаш Росицки.
Футбол Моцарты жарақат алып қалмаса қарсыластарына шешуі қиын талай жұмбақ ұсынатыны ақиқат. Ал, Чемпиондар Лигасын жеңіп алған Петр Чехтің алдында кез-келген шабуылшынының тілерсегінен қуат кетіп қалуы мүмкін.
Алаң қожайындары келесі кезеңге өту үшін аянып қалмайтыны анық. Гректер аяңдап жүріп чемпион болудың жолын біледі. Орыстар қажет кезде ерекше табандылық таныта алады, ал чехтардың құрамындағы кейбір ойыншылардың шеберлігі шешуші рөл ойнауы мүмкін. Букмекерлер болса, келесі кезеңге Ресей мен Польша құрамасы өтеді деген пікірде. Бірақ, менің ойымша керісінше гректер мен чехтардың мүмкіндігі жоғары.
Ойындар кестесі:
08.06.2012 22:00 Польша — Грекия
Стадион: Национальный, Варшава (POL)
09.06.2012 00:45 Ресей — Чехия
Стадион: Мейски, Вроцлав (POL)
12.06.2012 22:00 Грекия — Чехия
Стадион: Мейски, Вроцлав (POL)
13.06.2012 20:45 Польша — Ресей
Стадион: Национальный, Варшава (POL)
17.06.2012 00:45 Чехия — Польша
Стадион: Мейски, Вроцлав (POL)
17.06.2012 00:45 Грекия — Ресей
Стадион: Национальный, Варшава (POL)
бұрынғы турнирлердің көркі болгар, румындар да жоқ…
Ал, жалпф, ФФФ!!! ФФФ!!! ФФФ!!!
таң қалдырмады орыстар
08.06.2012 22:00:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Польша — Греция:
Польша забьет: да 1.28 Не рассчитано…
09.06.2012 00:45:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Россия — Чехия:
Победа первой 2.1 Не рассчитано…
09.06.2012 22:00:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Нидерланды — Дания:
Нидерланды забьет: да 1.14 Не рассчитано…
10.06.2012 00:45:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Германия — Португалия:
Победа первой 1.85 Не рассчитано…
10.06.2012 22:00:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Испания — Италия:
Испания забьет: да 1.25 Не рассчитано…
11.06.2012 00:45:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Ирландия — Хорватия:
Хорватия забьет: да 1.28 Не рассчитано…
11.06.2012 22:00:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Франция — Англия:
Англия забьет: да 1.47 Не рассчитано…
12.06.2012 00:45:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Украина — Швеция:
Украина забьет: да 1.32 Не рассчитано…
Бонус 1.05 Не рассчитано…
Ал бұйыртса осылай экпресс қойып тыстадым, сәттілік тілеңдер
бүгінгі ойындарға болжамым: Польша — Грекия: алаң иелері 1-0 ұтады деп ойлаймын, көп гол бола қоймайды бұл ойында.
ал Ресей бүгін чехтарды жеңе алмайды деп ойлаймын.
Ол да соқыр болған деседіГолдарды соққан: Дзагоев, Широков, Дзагоев, Пиларж, Павлюченко
Ресей құрамасы: Вячеслав Малафеев — Юрий Жирков, Сергей Игнашевич, Алексей Березуцкий, Александр Анюков — Игорь Денисов, Константин Зырянов, Роман Широков, Алан Дзагоев — Андрей Аршавин, Александр Кержаков.
Чехия құрамасы: Петр Чех — Теодор Гебреселассие, Михал Кадлец, Роман Губник, Томаш Сивок — Томаш Росицки, Ярослав Плашил, Петр Ирачек, Ян Резек — Вацлав Пиларж, Милан Барош.
Бас төреші — Ховард Уэбб (Англия)
Угл Греция-Угл Чехия п2 1,7 коэф
Греция-Чехия 1х 1,62 коэф
Польша-Ресей п2 2,26 коэф
Барлығы 6,22 коэф
бугун день россий екен ғой. орыстар сыйлық жасайтын шығар ірі есеппен!)
тыныштығымен аяқталсын. ойынды тоқтатып тастамаса екен…
«Пауль сегізаяқ»
Түсіндіріп берер біреу бар ма?!