Жартылайфинал ойындары



Еурода финалға 1 адым қалды. Бүгін және ертең финалистер анықталады.

27.06 Португалия — Испания (Донецк)

28.06 Германия — Италия (Варшава)
Бөлісу:

41 пікір

patick
Бұндайда болжам жасауға да қорқады екенсің
Abilakim
Италияны сызып тастай беруге де болатын секілді ме? Бірақ,қорғаныста жақсы ойын көрсетіп жүр ойын басталғалы. Дегенмен, немістер бұзып-жарып өтуі керек
qisyq
Қорғаныс олардың ат қылып мінген әдістері ғой. ҚАйта осы чемпта олар шабуыл сипатты ойын көрсетіп, таң қалдырды мені. Әйтпесе бұрын 1 гол соғып, қорғанысқа жатып алып, қанды ішуші еді. Бәрі мүмкін, Италия жолы болғыш команда салыстырмалы түрде алғанда.
Aidakonya
Португалия
Abilakim
Олардың испан құрамасын жеңгенін қалағаныммен, немістерді жеңгенін қаламас едім.
Aidakonya
бұндайда 1941-1945 жылдарды еске тусиру керек, вот и все
Abilakim
одан көрі орыстарға ашаршылықты еске түсірткенің орындырақ болар еді.
Aidakonya
ну что ты прям соншама, олар соны еске тусіріп, бірден ұшты ғой қанаттарын жайып…
asaubota
Еуроны кім ұтады деп бәс тіккіңіз келсе коэффициенттер қазір мынадай:

Испания 2.5
Италия 6.5
Германия 2.4
Португалия 6
GulL
ПОРТУГАЛИЯ АЛГАА
mercedes
Кристина Роналду үшін бе?
GulL
Биреумен спорласып койганым ушын
GulL
тууу женилип калды *(
FaraOn1
1Касильяс(В) (К)3Пике 15Серхио Рамос 17Арбелоа 18Альба 6Иниеста 8Хави 14Хаби Алонсо16 Бускетс 21Сильва 11Негредо
негізгі шабуылшылары жоқ. Германия-Греция ойынындағыдай қызыл фуриялар Португалдықтарды шаршатып алмақшы. 1 тайымда доптың соңынан жүргіртіп қояды. ал бұл олардың қолынан келеді. Егер Португалия екінші тайымға керемет тактика ойлап таппаса ұтылатын сияқты.
asaubota
Нани артық дөңгелек, бостан босқа ойынды құртады. оның орнына Куарежма сияқты бір шабуылшы шығарғандары дұрыс болар еді. испандар қазір Роналдуды жауып тастаса болды португалдардың ойыны құлыпталады.
dark_nazgul
Кеше Тараздан келген құрбым үйге қонған. Күйеуі звондап, «футболдан кейін сағат үште алып кетемін» дейді. Мен: «армандапты. бүгін ничья болады, сосын пенальти болады, сағат төртте бітеді» дедім.
Жынды екенімді бұрыннан білетінмін.
Abilakim
Ванга
dark_nazgul
Алдыңғы екі чемпионатта Испания жеңетінін чемпионаттар бастала салғанда айтып қойғам десем, сенбейсің ғой.
Abilakim
Талдықорғандық лаққа табынып жүргендер естімесін бұныңды. Бүгін кешкі жаңалықтардан Германияның туының суреті салынған тостақпен қымыз ішіп жұртты таңқалдырып жүрме)))
Adiletshu
Германия-Италия не болады?
Aigolek
екиде бир болды
asaubota
«ведьма» дегеннің қазақшасы қалай болады?
Abilakim
«мыстан» шығар деп ойлап отырмын
Adiletshu
Бугінгі ойынға болжамдарыңды айта отырыңдар. Тотал больше 2,5 алса қалай? 2,34 коэф. Немесе Германия 1,5 больше 2,1 коэф
asaubota
Қыздар және футбол сериясынан. Журналист қыз Иньестадан сұрап жатыр:
— Сен де ойын соңында пенальти тепкің келер ме еді?
— Иә… бірақ, мен бүгін екінші болып тептім ғой...
meirzhan
Кейде пікірлерді оқысам футболға ставка үшін ғана қызығатын сияқты ел. «Ставка, ставка» ойлағаны.
Ақша үшін емес, футболды жүрекпен қарап, жүрекпен жақтасып, жанкүйер болу керек.
asaubota
футбол бұрын спорт еді. қазір бизнес, адамдардың көзқарасы да өзгереді әрине.
meirzhan
таза футбол туралы постқа ставка туралы жазылмаса жақсы болар еді. Ставкаға арнап басқа пост ашуға болады. өз пікірім
Adiletshu
Сөзіңнің жаны бар. Бұрын футбол десе ішкен асымды жерге қоюшы едім. Қазір ставка жасамасам футбол көріп жатып ұйықтап кетем.
Abilakim
жерге қойған тамағыңды қайта ішесің бе? Тазалық қайда? «Нан қоқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдарды» жаттамаған бала секілдісің…
meirzhan
Испания өзінің жоғарғы мүмкіндіктерін көрсете алмаса да әзірге өтіп келе жатыр. Мүмкін финалда ойындары ашылатын шығар, ашылмаса Италия не Германия чемпион атанар.
Португалия өткенінде қызығырақ болар ма еді.
MickThatsMyNick
Италия мен Испания жанкүйерлерін командаларының финалға өтулерімен құттықтаймын! Немістер ресми кездесулерде итальяндықтарды бірде бір рет жеңе алмаған екен, статистикаға қарасақ. Ал Испания болса, француздарды ресми кездесулерде бірінші рет жеңген. Бопшым матч И vs И.
ПыСы: Франция чемпион!
Aigolek
Сонда бронзы екеу бола ма? неге женилген еки команда ойнамайды бронзы ушин?
MickThatsMyNick
иә, қола медаль екі командаға да беріледі. 2008 жылы қола медальді Түркия мен Ресей таққан болатын.
asaubota
тек қана Әлем чемпионатында ғана қола үшін таласады