Еуро-2012. Ширекфинал ойындары



Сонымен топтық кезең де аяқталды. Ширекфиналға шыққан 8 команда белгілі болды.

21.06 / Варшава: Чехия — Португалия
22.06 / Гданьск: Германия — Грекия
23.06 / Донецк: Испания — Франция
24.06 / Киев: Англия — Италия
Бөлісу:

60 пікір

patick
Бірінші ойында екеуі да маған ұнайтын командалар.
asaubota
әдетте болашақ чемпионды топтық кезеңде орыстар ұтып, топтан шыға алмай қалатыны бар еді. Чехтар чемпион бола ма сонда?
MickThatsMyNick
алдыңғы чемпионатта орыстар топтық кезеңде болашақ шемпиондардан ұтылып қалған сияқты ғо?!
saken
болмайтын болД…
Rafaello
Қыздар, қуаныңдар. Бүгін футбол болмайды.
MickThatsMyNick
лібәәәд қиналып шығады деп едім, айтқаным келд, Донецк жаңбырыңды дайындай бер
Испания қош бол, танк келе жатыр!
Gulistan
Аршат, бұйыртса соңғы ойынға көрермен болады екенсің ғой, жолға дайындалып жатырсың ба?
asaubota
осыны уже бүгін 2-ші қыз сұрады

дайындалатын несі бар? паспорт пен ақшаны ұмытып кетпесең болды, сосын спорт сөмкесіне 1-2 киім, жуынатын заттар саласың, болды  тіпті сөмкесіз барамын ба деп те ойлап отырмын.
Nurshat
Германия ең мықтысы… Немістер алға…
aza
24 і күні ағылшындардың қалай айдалғанын көру бақыт))) Италияның тілектесі ретінде…
qisyq
Францияның жанкүйері ретінде "қызыл фурияның" үйлеріне қарай фук ете қалғанын тілеймін
konvict
Рахат-ай
qisyq
Хаби Алонсо, Касильяс, Серхио Рамес, Арбелоа секілді «реалдықтар» болмаса…
dark_nazgul
Пранцияң «пук» ете қалды ғой
Adiletshu
Испанияның жеңісіне шынымен қуанып отсыз ба
dark_nazgul
Джинс барда матч аяқталғанда билегенімді көрсең
bazuka
Германия Грекияны қалпақпен соғып алады деп үміттенем)))
SaZhaM
Жартылай финалға Португалия, Германия, Испания, Италия өтеді, бұйырса…
Jacqabaies_Chirac
Чехия, Грекия, Франция, Англия өтеді, бұйырса… іііі ,… сәйкесінше бұйырмаса өтпейді де нақ
SaZhaM
Қалай дегенде де, нақ, алғашқы төртеудің қарқыны мықты — сенім артуға тұрарлықтай…
SaZhaM
Әзірге жорамал 100 пайызға дәл келуде! Португалия мен Германия үмітті ақтады.
SaZhaM
100 пайыздық дәл жорамал!!!
Adiletshu
Португалия, Германия, Италия, Франция өтеді деп ойлаймын
know_how88
1/2 өтетін 4 командалардын барлық мүмкін болатын жағдайларын табыңыз. Математикалық есеп.
saginish
Мен Испанияға жанкүйер боламын!
meirzhan
боже, как это банально
zholantai
Сенсация болса екен,
know_how88
Чехия немесе Испания жеңсе сенсация болады
Adiletshu
Бүгінгі ойынға болжамдарыңды айта отырыңдар. Чехия-Португалия тең ойын болады деп ойлайм. 1-1. Келесі айналымға португалдар шығады. Португалия 6,5 бұрыштама көп деп алса болады. 1,62 коэф
asaubota
бүгін чехтарға болысамын, португалдардың әлсіз тұстарын таба алады деп ойлаймын және Роналдуды қалай ойнатпау керегін білулері керек деген ойдамын.
dark_nazgul
Испания жеңеді!!!
Adiletshu
Испания қақпаның түбінде бір-біріне пас беріп тұрып алады. Қақпаға доп тебетін адам жоқ.
dark_nazgul
оның есесіне оларға ешкім доп соға алмайды.
Adiletshu
Касиьястың арқасы. Хорватияны Касильястың арқасында ұтты. Француздар мүмкін болған жерден қақпаға соққы жасай береді. Жалпы көп соққы жасайды. Біреуі болмасада біреуі гол болып қалуы мүмкін. Өзім Француздардың жеңісіне қоям
dark_nazgul
Касильяс жасасын!!! ИИИ, жаным сол…
ruben
Икердің жолы болды. оны өзі де мойындады. «мықтылардың жолы болады» деуші ме еді орекеңдер? әйтпесе Касильас бергі бұрыштан гол жіберуден мәстір боп алған.
Блан мен КӘрім © — екеуінің арасынан ала мысық (Зидан емес) өтіп кетіпті. шамасы, өткен ойыннан кейін болар. Франция әлі Раймон сінірген лузер психологиясынан арыла алмауда. бір кездері испандардың дәл сондай проблемалары бар болатын. еуро 2008-дің ширек финалында сол уақыттағы әлем чемпионы — итальяндықтарды матч соңындағы пенальтиден ұтқаннан кейін ғана Арагонес бастаған фурия жеңімпаз психологиясына тақап қалған. пенальти көруге дайындалам. Испанияда форвард жоқ. иммитациясы ғана бар. … Торрес. Сильва-Иньеста екеуі қашанғы жекелей шеберліктерін паш ете береді дейсің.
Блан да жаман бапкер емес. бұл турнир өзіне үлкен клуб жаттықтыруға мүмкіндік берерін жақсы біледі. не амал қылар екен? кезіндегі испандықтардың желісімен қазіргі әлем чемпиондарын артқа тастап, финалға ұмтыла ма екен? әлде шведтермен ойнаған ойында біз көре алмай (қабылдай алмай) қалған сигналдар орын алды ма?
негізі, Испанияның Барселонаның басты демеушісі — УЕФА бірдеме бүлдірмесе, регби жейдесін киген команда каталан қортықтарын алаңда езіп өтуі керек. Абидальдің дұғасы қабыл болғай — оның клубтастары мұнда да ұтылып, отандастары ұтқай!
Abilakim
Кеше Роналду жақсы ойнады.Екі рет қақпа бағанасынан қайтты тепкен добы. Голды сол жігіттің салғаны әділетті болды. Клубтық деңгейде жақсы ойнап жүргенмен, кейінгі жылдары ұлттық құрамаға қуаныш сыйлаған сәттерін біле қоймайды екенмін бұл жігіттің.сол олқылықтың орнын толтырып жатыр.
asaubota
Чехия жеңіс үшін түк істемеді, тең ойынға үміт артқан сияқты. Португалия заңды жеңді деп ойлаймын. Тек Наниді енді ойнатпаса екен, кәдімгідей тежеп жүр ойынды.
Abilakim
соның түрі «недавольный». Әскерге барса түрі үшін жайдан жай таяқ жер еді))
Adiletshu
Маған сол Роналдуды көре алмайтын сияқты
Ottegin
бүгін немістер мен гректер ойнайды ма?
kozildirik
Қызықсыз ойын болады. Немістер қалпақпен ұрып алады. Бүгін ұйықтап, есепті ертең біле салсам ба деген жалқаулық ой туындап тұр…
asaubota
ондай ағаттық істеме құрдас. гректер өліспей беріспейді, нағыз қырғын болады деп ойлаймын. жіберме бұл ойынды, бәрібір ертең сенбі, тал түске дейін ұйықтаймыз.
kozildirik
Кеше де солай ойлағам чехтар бір сенсация жасайды ма деп… Таңертең бастық збандап оятқанда екінші таймды көргеніме өкініңкіреп қалдым. Бәрібір немістер жеңетіні ақиқат қой))
asaubota
ақиқаттың қалай келетіні қызық қой, обшым қара енді өзің білесің ғой. бірақ, чемпионаттың ойындары аяқталып келеді. кейде тек бір команданың ойыны үшін де қарауға тұратын ойындар болады.
kozildirik
Әй құрдас, қыздарды көндіріп үйренгенсің ғой
asaubota
жоқ, бырат Түркияда менеджмент оқыдым. адамды көндіруді де үйретеді олар
kozildirik
Түркия менеджменті әйеліңе «отмазка» жасауды да.йретеді ау деймін
asaubota
әйелге отмазка түрлерін өмір үйретеді
asaubota
жоғарыда суреттің астында жазылып тұр
Adiletshu
Бүгінгі ойынға болжамдарыңды айта отырыңдар
kozildirik
Италияға сенем. Обе забьют, Италия выйдет в полуфинал деп қойдым
Adiletshu
Бүгін Испания-Франция ойнайды
kozildirik
Онда қиын. Францияға жанкүйер боламын. Бірақ ставка тікпейм ау Француздардың жас арыстаны чемпион болғанын қалаймын!
Adiletshu
Екі құрама да қапталмен жақсы ойнайды. Алдыңғы үш ойында Испандар — 7,8,11 бұрыштама, Француздар — 11,6,8 бұрыштама жасады. Испандықтар ойынның тағдырын негізгі уақытта шешуге тырысады деп ойлайм. Сондықтан көп шабуылдайды. Бұрыштамадан Тотал 11,5 большені рекомдеймін. 1,87 коэф
Adiletshu
Ойын тең болады деп ойлайм. Есеп 0-0. Тотал 2 меньше алып көрсе болады. 2 коэф
DaVinci
Испандар өздерін нағыз чемпиондар екенін дәледейді деп үміттенемін
ruben
ееееееее, Блан! бәрін құртқан — БЛАН! оң қапталға екі қорғаушы қойды, дәл сол қапталдан гол жеді, шшс. сӘмірді старт-11-ге шығару кере еді. дисциплинаңды ұрайын, барып Бартездің басын сүйгір Лоран!