Ойды ой қуады
Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе демекші, блогиада туралы жазам деп тым алысқа шауып кетіппін. «Тым қысқа жазасың» деп сөккен қазылар, «былшылдап кетіпсің» десе де таң қалмаймын. Әдеттегіден көп жазған сияқтымын. Оқығыңыз келсе оқырсыз, боқтағыңыз келсе боқтарсыз.
_____________________________________________КЕШЕ___________________________________________________
Араб көктемінің елесі ел кезіп жүрген кез болатын. Бейкүнә балалардың видеосын көргеннен кейін бұл қауіптің сейілмек түгіл қоюлана түскеніне куә болдық. Ем болмаса, кем қылады деп дәрі-дәрмек туралы айтсам да, «Дін — апиын» деген Лениннің сөзін басқаша түсіне бастадым. Иә, бұл бешамель емес. Дәм тек тіл үйіретін болса, теріс пиғылдан уланған сананың сырқатына ем табу қиын. Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді деп алдайды бейшара балаларды. Кәпірді өлтір, сауап табасың деп сендіреді.
Атаңнан артық не айтам деуші едім. Бабадан қалған дұрыс сөздердің өзі бұрмаланған сәттерде басқаның бықсығына бас ауырмайтын балалық шағыма сағыныш оянады. Бұғанасы бекімеген анау балалар да біз ұқсап неге ойнап күлмейді? Ойыншық тапашамен атысып, мультфильм қарап, fast food жеп, «Диета әлде фитнес» деп таласып, өсе келе «Жігіттер, не киеміз?», деп сән қуудың орнына жүрістері анау.
Оларды теріс жолға итерген мұндарларды жарнама патшалары деп атауға да болады. Түсірген роликтерінің кәсібилігі мен белсенділіктерінен адам шошырлық. Ирония сияқты, алайда,виртуал бетперде – шығармашылық қайнары деген тұжырым тағы да ойға оралды. Әйтпесе біздің үйдегі жүгірмек пен сол балалардың арасында айырмашылық та жоқ. Менің балам «Қиятпын» десе, оларға атасының атын айту да ширк шығар. Әттеңі сол олар ертең-ақ қыршыннан қиылады. Дәрігер, инженер, үлестік инвестициялық қорлардың директоры, суретші-электрик, киноман мен футболфан, тіпті бәріміздің мақтанышымыз Әйгерім Кеулімжай сияқты доктор болар ма еді әйтпесе. Ең құрығанда мен сияқты «Оргазмды сағындым» деген ешкімге қажеті жоқ пост жазатын блогер болмас па еді?
Журналист-блогерден жас журналист-блогерге кеңес: Діни радикализм тақырыбында аса абай болу керек. Олардың көздегені де сол, біздің жырпылтатып көрсете бергенімізді қалайды. Әлеуметтік желі мен криминал егіз болуға айналды ғой. Осы күнге дейінгі қателіктерді ескере отырып, Интернет-журналистиканың дәстүрлі БАҚ-қа үйретері де үйренері де көп екенін аңғарамыз. Кемшіліктер ұқсас, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жолында стереотиптермен күрестен арыға аса алмай жүрміз. Жаңалықтар математикасымен әлек қажетті тақырыптарды айналып өтуге бейім. Мысалға діннің өзін дұрыс түсіндіре білсек, бүгінгідей опық жеп отырар ма едік? Халықты секс қызықтырады екен, ендеше, дін тиым салған зина туралы неге айтпасқа?
Бірақ, блогиаданың топ ондығы көрсеткендей, байсалды тақырып қызық емес. Әйтпесе «Бес сері, үш пері туралы жыр» үздіктер қатарынан табылатын пост дегенге кім сенеді? Қауіпсіз пост жазудың шебері болып алдық. Ертең террор қасымызға келгенде «Қайран менің өз үйім» деп жылап қалмасақ болар әйтеуір. Бізді құтқаратын адамдық болмысымыз, қарапайым қайырымдылық.
_____________________________________________ЕРТЕҢ_____________________________________________________________
Дегенмен, блогиада қазақша контенттің жаңаруына тың серпін бергенін де мойындасқа болмайды. Ол үшін ұйымдастырушыларға алғыс.
Алайда орта жолға жеткенде пайда болған дау бәріңіздің есіңізде шығар. Ұпай санына болса соншама шу көтеріліп, бүгінгі финалистер жарыс жолынан шығып қала жаздағаны тым жақсы жобаның быт-шытын шығаруға сәл қалды. Ендеше, келесі блогиадада бағалау тәсілін өзгерту керек. Меніңше ең дұрыс шешім – қазылардың қойған ұпайы мен жазған пікірлерін бір сәтте жариялау. Олар бағалай берсін, алайда, арнайы сайттың администраторынан басқа ешкім көрмегені жөн.
Даулы мәселенің бірі дедлайн. Бұған қатысты айқай көп болған жоқ. Мүмкін, кешікпейтіндердің аздығынан және материалдарының кешіккендікілерге қарағанда солғындау шыққанынан болар. Дегенмен, әділдік үшін посттар жарияланған сәттегі формасымен арнайы сайтқа салынуы тиіс. Бұл кешігіп жүруге бейім қазақтың осы қасиетін өзгертуге тырысқан амалымыз деп есептейік.
Әдепкі қарқында посттар тек соңғы күні емес, аптаның басынан бастап жарияланатын еді. Бір күнде топырлатқаннан көрі осы жақсы. Былайғы оқырманған күн сайын жаңа «азық» бар. Жаман да, жақсы да демей-ақ қояйын. Бірақ, материалын ертерек жариялаған автордың келесі тапсырманы басқалармен бірге сарғая күткені дұрыс емес деп есептеймін. Ендеше, шапшаңдық танытқан блогерге тақырып та ертерек берілгені жөн.
Бұл блогиада тым ұзаққа созылды. Қатысқаныма өкінген сәттерім де көп болды. Басындағы бірнеше турдан соң көп адамның тайқып шыққанына да осы себеп секілді. Ендеше марафон қажет емес. Керек тілші сияқты бір айлық спринттер әлдеқайда тиімді болады.
______________________________________________БҮГІН_____________________________________________________
Үстімнен ауыр жүк түскендей күйде отырмын. Алайда, жаңалықтардағы көп жылдық тәжірибе көзіме шел болғанын да енді байқадым. Қарсыластарымның идея қорытудағы, оны жүзеге асырудағы шаблоннан тыс ойларын да енді көріп, рамкінің ішінде қалып қойған өзімді аяп та кеттім, бір сәт. Бірақ, мойындау керек. Жартылай финалда Жандос жазғандарын жоғалтып алмағанда, мен финалға өтпейтін де едім. Бағым шауып кетті ғой деймін.

Супер бірдеңе болды ғой ). Мен осындай дүние күткем, күтем. Яғни, блогиада барысындағы бүкіл блогтар қамтылады деп.
Аптасына кемінде бір блог жазу әдетінен жақын арада арылмайтын шығарсыз деп үміттенем. Жаза алатын адамдарды оқи алам!
Енді ештеңе жазбастай болдыңыз ба, әлде ойдан ой туындап алдағы уақытта жақсы жазбаларыңызбен қуанта бермексіз ба?
Марафон болғанын үшінші кезеңнің аяқ тұсына қарай мен де жарытпаған едім. Бірақ төртінші кезең дағдарысы маған марафонның басқа жағымды қырын ашты. Жұрт қызығып қолпаштап, у-шу боп жатқанда мотивация сақтау оңай.
Ал алғашқы айлар эйфориясы бітіп, тамсанудан көрі "өй, кезекті реп, баяғы стиль" деп мұрнын шүйіріп отырған, сегіз ай ішінде сенің бар қимылыңды жаттап үлгерген оқырманның/көрерменнің алдында қалай билейтініңді ойлау бөлек сезім.
Келіп жарқ-жұрқ еткізіп, мұртың майланып кете беретін блиц-блогиада тап ондай әсер бермес еді.
Сол кезде маған «көп құтыра берме, әрі кетсе, құның бір оқ» деген сияқты бірдеңе айтқаның есіңде ме? )))
Ауылдың талай бұрыш-бұрышындағы «разборкаларда» метладан жеңіліп, таяқ жеп көрсем де, мұндай «оригинал» тіркесті алғаш естуім еді. Фразаң діттелген мақсатына жетті — таңға дейін терезеге жалтақтап, «снайпер көздеп тұр ма?» деп, зәре-бұтағым қалмады ғой, 9 грамыңдыссс...)))))
Сізді «Евразиядан» көріп қалсақ, бұл кісі сонымен қатар блогер деп қоям мен)))).
сондайды осындай мәнерде жазса, қатып кетер ед :)