Бешамель

  • Автор
Париж. Көздің жауын алатын керемет қала деп әсте айта алмас едім. Кәрі құрлықтың өзі сияқты кәртамыс қалалардың қай-қайсысынан айырмашылығы жоқ. Дәл сондай ирелең-ирелең, тас төселген тар көшелер. Бір адам әрең сиятын шағын балкондары бар орта ғасырлық үйлер. Одан қалды жылдардың иісі сіңіп қалған кішкентай ғана аулалар.

Иә, мұнда Лувр, Нотр-Дам де Пари, Сакри Кер, Эйфель мұнарасы бар. Алайда, олардың да сәні талай туристтің сұқтана қараған жанарының кесірінен күңгірт тарта бастағандай. Әлде маған дейін көрген, менен кейін көретіндердің бәрінен қызғанатын сияқтымын ба? Мүмкін.

Блог - Marco: Бешамель

Күн ұзақ қаланы жаяу аралап, қарным аша бастағанда Сенаның жағасындағы шағын кафелердің біріне түстенуге отырдым. Өзімді гурмандар қатарына жатқызбасам да, тамақтың дәмдісін ішкенді жақсы көретінімді несін жасырайын. Орайы келіп тұр екен, мақтаулы француз дәмін неге татып көрмеске?

Алдымен пияз сорпасын соғып алдым. Екінші бергендері кәдімгі макарон екен. Көңілім қорашсынғанмен, сегіз еуросы төлеген тағамнан бас тартатын ақымақ мен емес әрине. Бірақ, дайындай білсең, макаронды да өнер туындысына айналдыруға болады екен. Бірінші қасығын асаған бойда балалығым, анамның алақаны, жаңа бұзаулаған сиырдың уызы, тіпті, неге екені белгісіз, бес жасымда бірге ойнаған көрші қыз Малика есіме түсті.

Біз пақыр қайдан білейік, әрі сондай таныс, бірақ сондай қайталанбас дәмді тудырған тұздық екен. Бешамель – бұл сүттен жасалған соус. Барлық соустың атасы десе де болады. Өйткені, көптеген танымал тұздық бешамельдің негізінде жасалады.

Әттеңі — бұл жолғы сапарда қасымда жампозым болмады. Уақыт бар. Сена бойындағы шағалаларға жем беріп, Булон орманында қол ұстаса қыдырып, Парижді әлі талай араларымыз анық. Ал, оған дейін бешамельді өзім-ақ жасай бермеймін бе?

Ингредиенттер: сүт, ұн, сары май, тұз, бұрыш. Байқағаныңыздай, дәл өлшемін жазған жоқпын. Өйткені өзім әр кезде әртүрлі жасаймын.

Блог - Marco: Бешамель

100 грамм майды орташа отта қызып тұрған табаға саламыз. Әбден еріп болғанда, үстіне екі ас қасық ұнды сеуіп, екі-үш минут бойы жақсылап былғау керек. Мұнан соң, үстіне жарты литрдей сүт құйып, отты күшейтіп, қайнағанша араластырамыз. Кейін отты қайтадан бәсеңдетіп, он минут бойы тынымсыз былғап тұрамыз. Қалауыңызша тұз бен бұрыш қосуды да ұмытпаңыз. Тым қою болып жатса, қалған сүтті қолдануға болады.

Блог - Marco: Бешамель

Вуаля, бешамель дайын. Бұл соусты әрі қарай жетілдіре беруге тек фантазияңыздың тарлығы кедергі болуы мүмкін. Әйтпесе, пияз қосасыз ба, мускат жаңғағының ұнтағын себесіз бе, әлде лавр жапырағын саласыз ба — өз еркіңіз. Мәселен, біздің бүгінгі негізгі тамағымыз — макарон. Демек, мен бешамельге ірімшік қосамын.

Сүт десе бізге елестейтіні айран, құрт, май, ірімшік. Одан соус жасайды дегенді Парижге бармасам, білмес те едім. Жоға, мұным енді артық. Өйткені бешамельді еуропалық тамақ ұсынатын кез-келген мейрамхана пайдаланады. Сенбесеңіз, барған жеріңізде сұрай жүріңіз.

bon appétit

Ұқсас посттар

50 пікір

MERmukhanov
 Көрдіңдер мә, көрдіңдер мә? Блогиада үшін, тапсырмасы — сүт үшін Парижге барып жазыпты!!! десең ше...
rakisheva
Түрлі жаңа тамақтардың рецептін жинап жүретін қыздарға өте жақсы пост болды ғой. Рахмет  Енді жасап көру ғана қалды
MamaAya
мммм, слюнки текут...
zholantai
жасап көөру керек екен, әдемі пост
bizbike
Түріктер айран сияқты бір тұздық жасайды, бірақ қалай жасайтынын білмеймін. Содан үйде бір күні енем долма жасап, кәдімгі айранды қосып жедік, өте дәмді. Мынау бешамелің де күшті сияқты.
Соңғы түзету:
Marco
Күшті болғанда, менің жасағаным тек негізі. Әрі қарай қалауыңызша түрлендіру керек. Қандай тағамға қосатыныңызға байланысты дәмдеуіштер қосасыз. Бешамельдің кереметтігі де сол, негізгі соуста айырықша білініп тұратын дәм жоқ.
Aya
Бұл соусыңыз қазақтарға таңсық емес екен)) Майлығы алынбаған табиғи сүтті әбден қайнатады, ыстық отқа. Әбден қайнаған сүт қоюланып қалады. Оны тосап деп атаған. Әсіресе қой, ешкінің сүтінікі балдай тәтті болады. Ай, ай дәмііііііііі
Marco
Балқаймақ қой айтып отырғаның. Оның тәттілігі басым.
Aya
иә, иә))) Енді былайынша ұқсас қой.
Aya
Менің есіме түсті. Балқаймақты сүттен жасамайды оны таза кілегейді қайнатып дайындап, қант қосып жасайды. Менің айтқаным балқаймақ емес, қазақша бешамель))
sammita
ойбай, сен әлі бармысың
Aya
Ойбай, сіздің де бар екеніңізді кешеден байқап отырмын
sammita
майлы емес пе?
Marco
Сарымайдағы майдың процентіне байланысты.
zholantai
қандай сарымай пайдаланған дұрыс? мысалы сіз осы дайындағанда қай өндірушінің сарымайын қолдандыңыз?
Marco
Осы жолы не қолданғанымды білмеймін. Үйде барын пайдалана салдым. Кәдімгі дүкеннің майы дұрыс, үйдікі болса тым майлы болып кетеді. ))) Тавтологияны қарсайш)
Gastarbaiter
Тафтологияның классикалықтығы соншалық, шаблонды шытынатып жіберді. Стендаль синдромынссс, трансқа түсіп кеттім.
VKM
Марко, браво! Мен жасап көруге кеттім, ингридиенттер бар)
Marco
Ас болсын. Сүтің көп болсын, тым қою болып кетсе үстіне еселеп құйып тұрасың.
satibaldi
«Зарблады алғасын алып көрмесем » © Тілек
VKM
Сүт десе бізге елестейтіні айран, құрт, май, ірімшік. Одан соус жасайды дегенді Парижге бармасам, білмес те едім. Жоға, мұным енді артық. Өйткені бешамельді еуропалық тамақ ұсынатын кез-келген мейрамхана пайдаланады. Сенбесеңіз, барған жеріңізде сұрай жүріңіз.
Осы соусты пачкада сатады, мен бұрын алатынмын. Бірақ менің жасағаным онша мес болды, білмим неге екенін
bazuka
Мен жасағаным біррет онша болмай қалып сонан кейін жасап көрген жоқпын, пост қызықтырып жіберді, қайта жасаймын. мен жаңғақ қостым, мықты дәм береді.
Anar70
 сенбі күні жасап көреміз)
sammita
сенбі күні барамыз)
Өзіңнің бәлішіңнің рецептін студияға сұраймыз.
Соңғы түзету:
Anar70
Саммита қар жауып кетпесін))))))))))))))))))))))
Abilakim
Мына рецепті сіздің рұқсатыңызбен келіншегіме шығарып берсем деп едім…
Marco
Нәтижесі ұнамай қалса мені боқтамайтын шығарсыз?
Abilakim
Жоға, «Сен қатын бірдеңені дұрыс қоспадың» деп қатынды боқтауым кәдік…
satibaldi
бес жасымда бірге ойнаған көрші қыз Малика есіме түсті.
VKM : — Ағааа, бұл сіз бе еді, бвуәәәә!
Малахов: — Разрешите на такой ноте завершить сегодняшнюю программу.
Abilakim
кеңк-кеңк
VKM
түк күлкілі емес(
satibaldi
Сен әлі түсінбегенсің бе: маңыздысы — маған күлкілі болуы
Marco
Ыхахахах))) Мен бесте болғанда ВКМ әлі жоқ та шығар? Әлде бар ма? Бар болса да, менімен бірге құм жеп ойнай алатындай емес шығар. )))
bizbike
Ырғыздың ыстық құмын жеп ішіңіз күйіп кетпеді ме? Ауа қызуы елуге дейін көтерілгенде жуған кірің бес минутта кеуіп қалатын еді ғой.
Marco
Күйсе күйген шығар. Метаболизмнің жетісіп тұрмағаны анық.
Blogshy
керемет, көптен осындай тұщымды нәрсе оқығаным…
aikarakoz
Ох, бүгін жасап көрем)
sammita
кеше Бешамельдің дәмін көрдік иәәә
19852407
Марко, аспаздық өнеріме қосқан рецептіңе рахмет. Плюстедім
Соңғы түзету:
MamaAya
Мен бүгін үлкен үйдемін, тамақпен қосып беру үшін өз үйімде істемегенді қонақ үйінде жасап ,өзім комплимент айтқым кеп кетті өзіме))))))) Не деген керемет шықты, 1 зубчик чеснокты чеснокодавкамен езіп арластырып жібердім… МММММММММММ, рахмет, Марко!)))) Мен керемет өзіме арналған комплименттер естіп шелек боп (I`m Happy!) Айым-Хэппи! болып отырмын)
Zilola
итальянша лазанья жасадым осы демалыста, соған осы бешамельді қолданады екен. Онша бешамельге ұқсамады деп ойлағанмын, қақпағын жауып, аздап суыған соң қарасам қоюланып, керемет болыпты
Marco
Тым сұйық болып кетсе отта ұстай тұрған абзал
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.