Әйгерім Кеулімжай

  • Автор
«Рахмет! Мүмкіндігімше тырысам». Бұл менің кейіпкерімнің осы блог-тұғырнамада жазған алғашқы пікірі. Не істеуге тырысатыны туралы сәл кейінірек.
Блог - Marco: Әйгерім Кеулімжай
Материалды бастамас бұрын түсінгенім – біз Әйгерім туралы көп нәрсе біледі екенбіз. Ол – ғалым, блогер, өлең жазады, сурет салады. Дегенмен, бұл өнердің бәрі қайдан пайда болған? Бастауы қайда? Өзімді осы сұрақтар қызықтырды. Жауап табатын бір ғана жер Әйгерімнің ауылы, үй іші екені анық. Өзінен ештеңе сұрағым келмейді, ендеше, Қурайлыға кеттік

«Прозаға кет!»

Әйгерімнің қанат бітіп, Қазнетті шарлап кеткен осы сөзі-ақ, оның поэзияға деген сезімін білдірсе керек. Ал, бұл махаббат ерте басталған.
Блог - Marco: Әйгерім Кеулімжай
Мағрипа Дүйсенова. Анасы. «Кішкентай кезінде-ақ өлең шығарып жүретін. Оған біз мән бермейміз. Бірақ, үйге келген қонақтар қызық көреді. «Қазір Әйгерім өлең шығарады» десе, көрші бөлмеге кіріп кетіп, бір өлең шығарып әкелетін».

Әйгерімнің өлеңдері «Ақжелкен» журналына басылған екен. Оны таба алмадық. Есесіне, мынадай жасыл дәптер қолға түсті. Ішінде де талай қызық бар екен.

Мені ерекше қызықтырғаны «Наурызда болған оқиға» деген ертегі-поэма. Поэма шығар деп ойлаймын, өйткені, дәптердің сегіз бетін алған. Әттеңі, сол Әйгерімнен басқа ешкім оның қай класта жазылғанын білмейді. Ал, мен Әйгерімнен ештеңе сұрамаймын деп шешкен едім…
Блог - Marco: Әйгерім Кеулімжай
Бұрқыратып жазғанынан не пайда, Әйгерім хат-хабар алмасуға сараң көрінеді. Үйдегілер оның блогиадаға қатысып жүргенін де көршілерден білген. Өзінің қоңырау соққанын күтіп, қырсығып отыра беруге ана жүрегі шыдасын ба, өзі жиі телефон соғады екен. Несін жасырайық, өзіміз де сондаймыз ғой.

Әйгерімнің үйінде өлең жазатын басқа адам жоқ. Ата-анасы да, ағасы мен апасы да поэзияның фанаттары емес.
Мағрипа Дүйсенова. Анасы. «Негізі өнердің бәрі Әйгерімде. Неге бұлай болғанын білмедім. Басқа балаларыма қарағанда кішкентайынан батылдау еді. Соның арқасында жарыс-байқаулардан қалмайтын. Соның арқасы шығар… Айтпақшы, ағасы суретті жақсы салады».

«Мультик-сыр»

Сурет салудан Әйгерімнің де қаражаяу емесін білеміз. Кейде тіпті қызғанып та қараймын. Өйткені, өзім ондайдан мүлде мақұрыммын. Жә, осы өзімді айтып кете беретінім-ай.

Анасының айтуынша, Әйгерім апасынан көрі ағасына жақын екен. Сурет салу содан жұқса керек. Ағаға қарап өскендіктен, ер бала сияқты киініп жүріпті. Тіпті, кейбір ата-аналар, Әйгерім барса, қызымызға жігіт келіп тұр деп, үйден шығармай қойған кездері де болған екен.

Кейіпкерімнің өнері суретпен де шектелмейді. Суреттерді ақтарып отырып, тағы бір қызыққа тап болдым. Дайындалыңыз… біздің Әйгерім басқасын былай қойғанда, биші және әнші екен.
Блог - Marco: Әйгерім Кеулімжай
Әнді кім айтпайды дейсіз ғой. Оныңыз да рас. Бірақ, би дегеніңіз қиындау өнер ғой. Бұл өнердің соңына түссе Әйгерімнен Мата Хари шығар ма еді? Мұны биді үйреткен ұстазынан білейік.
Блог - Marco: Әйгерім Кеулімжай
Фарида Жұмбаева. Би мұғалімі. «Ол жеке билеген жоқ. Мектептің хореографиялық тобының құрамында болды. Облыстық деңгейде алған бірнеше дипломдары бар. Өте ұмытшақ болатын. Киініп-шешінген жерде бірдеңесін міндетті түрде тастап кетеді. Артынан бір қарап өту керек.»

Фарида апайдың сөзіне Мағрипа апай да бір күліп алды. «Еркелігі шығар, ұсақ-түйекке мән бермейтін» дейді анасы. Есесіне, сабағына мықты. Рас, бірінші сабаққа кешігіп баратын әдетінен арылту да қиын болыпты.

«ОҒМ»

Окультті ғылымдар магистрі дейміз ғой әзілдеп. Бірақ, біреулеріміз бакалаврдан аса алмай жүргенде, Әйгерім докторлығын да қорғап тастауға жақындады. (Осы жерде бір қол соғып жіберуге болады). Ақпараттық технологиялар саласында жүргенін білесіз ғой. Бірақ, әдепкіде Әйгерім журналист болғысы келгенінен хабарыңыз бар ма? Бұл үшін, тіпті ҰБТ кезінде бесінші пән ретінде әдебиетті таңдаған екен. Алайда, дәл құжат тапсыратын тұста, шорт бұрылып информатикаға тайған.

Әдебиетті таңдап тұрып, қалайша информатикаға түсіп кетуге болады? Оп-оңай. Бұл үшін мектепті Алтын белгімен бітіру қажет. (Ду қол шапалақ). Қызығы сол — Әйгерім Елек орта мектебінен шыққан әзірге жалғыз Алтын белгі иегері. Бұйырса, осы мектептің алғашқы докторы да атанғалы тұр.

«Соңғы кездесу… Жігіт шығып кеткен бойда, еңіреп жіберуге дайын…»

Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан демей ме?! Менің де алдымнан Әйгерімнің жеңгесі, өзімнің ауылдасым Бекзат шыға келді. Одан тек жеңгелер білетін ақпаратты сұрадым.
Блог - Marco: Әйгерім Кеулімжай
Бекзат. Жеңгесі. «Мен Әйгерім оныншы сынып оқып жүргенде келін болып түстім. Мектеп кезінде, «серьезный» ештеңе болмаған сияқты. Бірінші курсты бітіріп келгенде, бір жігіт келіп жүр еді, бірден бетін қайтарып тастады. Одан кейінгілерін сұрасам, айтпайды. Соңғы келгенінде бір өзгеріс байқадым. Әйгерім есейіп қалыпты».
Блог - Marco: Әйгерім Кеулімжай

«Рахмет! Мүмкіндігімше тырысам».
Енді, әңгіменің басына қайта оралайық. Әйгерім блог жаза бастағанда осындай уәде берген екен. Яғни, бастаған блогын мейілінше тартымды, тұрақты етуге тырыспақ болған. Хош, блогиада көрсетті, бұл іс те менің кейіпкеріме бұйым болмай шықты.

Ұқсас посттар

53 пікір

AKY
  
Адам емес екенсіңдер ващеее   
AKY
Наурыздағы оқиға Керекинфода бөліскем.
bazuka
Әйгерімнің Наурыздағы оқиғасын бастауыш класстарға сабақ беретін апама көрсеткем, наурызда сахналашы деп)
saken
Уикиликске ғана тиесілі суреттер қайдан табылған десеңші?
AKA
Ух ты! Шашы ұзын, ақ көйлекті қызға сындым.  Күшті!
aza
Әзірше жалғыз алтын белгі! Әдемі!
asaubota
«Балдарына Алтын белгі алып бере алмайтын кедейлер мекендеген жер шығар» деді жаңа мокрый пардан шығып душқа кеткен Тендербай ағай
AKY
Еу, өз еңбегіммен алғам)))))))))))))
Ispek92
Қызық енді басталды, керемет
asaubota
Марконың қандай жағдайда жазғанын білемін. үлгермеуі де мүмкін еді, базар жоқ Қурайлыға барып келетін де уақыт тауыпты
MERmukhanov
Әку — тума талант, өсе келе қума талант
MERmukhanov
Блогиада үшін суға да түстім, отқа да күйдім,
Қурайлыны да көрді басым ©
madlen
Жаным сол! Алтыным гой! Тал бойында бир мин жок)
AKY
Жаным менің!
Gastarbaiter
Айкерони-макерони вальс билеп тұрған тұрыстан
Anar70
осы, Әйгерім деген қызды жақсы көремін!)))))
Zhan
Алтын қыз)))))))))))))
sammita
өнерің көп екен ғҰә
ал арманыңды өзің айт енД
AKY
Кездескенде айтармын енді)))
zholantai
таныстырудың озық үлгісі, өзін емес, өзгелерді сөйлету
AidaKali
Гідәйім-ай небір керемет шедевр суреттерді көріп бір қуандым ғо. рахмет авторға
Анаңнан аумайды екенсің ғой
АКУчкасынан айналып кетесің осыбіреу Өмірде болғаны үшін қорс/қорс жылағың келеді романтикус түрінен айналасың витердегі әзілі шекті түйіп, көзімнен жас аққанша, қақалып қалатын кездерім жиі, кейде үйде іс істеп жүріп есіме түсіп кетіп әнектері үйдегілерге қайта айтсам, оным шықпай кайфтың бәрі бұзылып кететіні тағы бар Ұмтылпас есте сақтау қасиеті мықты енді, қай жерде не жазғаным, кімге не дегенімді айтып отқанда таңқалам, сенің бір көктен түскен, өзгеше шипің бар шығар басыңда деп
бізді таныстырған жастар.биз сайтына алғысым шексіз алғаш келгені де көз алдымда форумға ақынсымақтарға онша тамып жүрмеуші едім, бірақ кейн тани түскен сайын, күніге қылығына тоймайтын қыздардың бірі болды. Өмірдің кімді қай арнаға бұратынын кім білген, бірақ, қайда жүрседе, ер мінезді, қылығы, ақылы өзіне жарасқан қазақ қызының бақытты болуын, әр кез еңбегі жанғанын қалаймын. Проста өмірде болғаны үшін сыйлауға болады мұндай жандарды маған деген әнегі күніге таусылмай осы смайліктер жүре берсем екен деймін басқа бақыттың түктің де керегі жоқ.

АКУчкам сәлем, мен Айко Алматтан
AKY
Құдайым-ау, сонша таусылғаның
Жіләп қала жаздадым ғой
Рахмет, тілегіңе де, ниетіңе де, маған деген көңіліңе де, сезіміңе де! Жақсы көрем!
Dzhonsaken
Қолыңыздың сыртынан өбіп қоюға пұрсат етіңіз AKY !!!
AKY
Пұрсат, пұрсат!)))))))))
Arys_arlany
Қолыңыздың сыртынан бірінші жолы, екінші жолы ішінен ба
AKY
Не ддеген күлъкылъыыыы
ErNur
Жер дөңгелек деген осы биден берген апайы ауылдасым екен. Менің ағамның кластасы
AKY
Иә, айтпақшы, Фарида апай Ойылдан көшіп келген)
asaubota
авалануыңмен! күшті болып тұр
Marco
Айтпақшы, бірінші коллаждың сол жақ жоғарғы бұрышындағы суретте Әйгерім спәртивкі киіп тұр.
Соңғы түзету:
zholantai
маймылы бар
Marco
ну енД, жұрт шатастырып алмасын деп нақтылап жатқаным ғой
sammita
автор соны нақтыламапты ия
AKY
Марат ағайымды кездестіргеніңде мектепте баскетбол және тоғызқұмалақ құрамасында болғанымды айтар еді ғоооой
sammita
бұл енД қоймайды
MERmukhanov
Мен кімге тартып мақтаншақ әрі АБ болғам десем…
Әку аққу апуға екен ғо
Aya
Ана маймыл кім? Қайда түскенсіз?
AKY
Мектепке цирк келген. Кімі нес, маймыл да
Aya
)))) цирк кеп жатқанда со бір түскен фотом жоқ екен деп отырм
AKY
Пәлендей ештеңе жоғалтқан жоқсың))))))))))))
MERmukhanov
PatriotKZ , осындай апаларыңды мақтан тұтасың ба, жоқ әлде кем-кетігі бар ма?
VKM
Бұрқыратып жазғанынан не пайда, Әйгерім хат-хабар алмасуға сараң көрінеді. Үйдегілер оның блогиадаға қатысып жүргенін де көршілерден білген. Өзінің қоңырау соққанын күтіп, қырсығып отыра беруге ана жүрегі шыдасын ба, өзі жиі телефон соғады екен. Несін жасырайық, өзіміз де сондаймыз ғой.
Осыдан кейін үймен хабарласып тұратын боларсың?)
AKY
Әдеттегідей, аптасына 1 рет)
MakpalTorebek
Әр адамның бойында ешкім білмейтін жасырын қасиеттері болады… Бірнеше рет көргенімде «тұйық» мінезділердің қатарына қосқанмын іштей… Қандай екенін қайдам, әйтсе де салмақтылардың бойында үнсіздіктің астарында жататын мол құпияның болатыны рас… Керемет!!!
ken
Студентісің бе?
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.