Бес сері, үш пері туралы жыр

  • Автор
Адамның даңқын қалай өлшеуге болады? Гомердің дастанына арқау болған кейіпкерлерге салсаң, ғасырдан-ғасырға жыр болып жететін атақ үшін өлуге болады. Көне гректерді былай қойғанда, әлі күнге тамсанып айтатын қисса-дастан қазақта (түрікте) де жетерлік. Жетеу түгіл, жетпіс жеті атаңнан әріде жатса да, батырлар туралы жырды естіген сайын сыртқы жүніңді қампайтып, қомпаң-қомпаң ете қалатынымыз рас. Мысалға, қырғыздың салқам-серісі Манастың Әйшөрек бикеге ұрын баратын кезін жағымыз талғанша жырламадық па?! Сіздер төмендегі видеодан тыңдайтын жырсымақ олардың көлеңкесі тұрмақ, иісі сезілетін жерге де жақындай алмасы анық. Бірақ сөз болатын қаһармандар туралы олай айта алмаймын.


Сөйле бір, сөйлең-ей, сұм жағым,
Сөйле бір, сөйлең-ей, сұм жағым,
Сөйлей алмас дедің бе,
Сөйлеп бір қалған бейбағың,
Қызыл да тілім-ау қозғалсын.

Ғасырлар жылжып-ау өткенде,
2014-тің келгенде,
Көктемнің көркем күнінде,
Админ Аршат бастады,
Блогиада шайқасты.

Отыз сан сарбаз қол еді,
Қаруын сайлап «Мен» деді.
Алты айлық айқас көбінің,
Ауыр боп саусақ, көзіне,
Тарихтың қалды ішінде.

Сегізі қалды сапта әзір,
Бастаған қалың отыздың.
Әрбірі оның-ай ер еді,
Талайда сыннан сау қалған,
Сөз болсын солар ендігі.

Гаста Оскар Базарбай,
Сегіздіктің алдында.
Түрінен адам ойламас,
Ми бар деп оның басында.
Сом білекті, кең иық,
Тау қопарар күші бар.
Темір илеп, тас шайнап,
Отырады бірақ шұқшиып.
Әріп теріп, әркімге,
Пәлсапаға соғып, ділмәрсіп,
Клаваның алдында.
Елестетші көзіңе,
Аянышты хал барма,
Бұдан өзге әлемде.

Екінші пақыр айтайын,
Айтпай қалай қалайын.
Атышулы Эльвира,
Түсіне кірген талайдың.
Кірмей түске қайтесің,
Жазғаны кілең төсек-жыр.
Айқаракөз болса егер,
Басқарған алғаш веб-сайтың.

Талай адам баласын,
Сеніп бұған тапсырған.
Оқытып, адам қылар деп,
Ойдан қырдан асырған.
Сенген серкем со кезде,
Қарқ-қарқ күліп Керекте,
Ұнамаған адамға,
Жол көрсетіп жібереді.
Орыстың үш әрпіне.
Танымасаң біліп қой,
Ақтөбелік жерлесім.
Доктор жалғыз топтағы,
Кеуілімжай Әйгерім.

Бұл батыр жайлы не айтам?
Өзім де оны білмеймін.
Аты Жандос, кәсібі
Режиссер екен білдей бір.
Ішпейді, шекпейд, иіскемейд,
Егілмес бәлкім сірә да.
Миллион бірақ бұйырса,
Қандыкөйлек достарға,
Бір вискиден ұрттатып,
Құстырып қойсаң күнә ма?

Сұлуды айтар келді кез,
Сызылып ылғи жүретін.
Жас талдай жұқа Айнұрым,
Жел соқса, уайым мен үшін.
Даусы да нәзік тым,
Естілмей кейде қалатын.
Сызылып айтқан сәлемі,
Құлаққа майдай жағатын.
Сәлемнің ә-сі созылып,
Е-сі бітіп болғанша,
Талай өзен таусылып,
Ай мен күн өшіп жанатын.

Өмірде мынау үндемес,
Аузын буған өгіздей.
Инетке кірсе сөз бермес,
Дуалы ауыз билердей.
Өмірде мінген тұлпары,
Чанс атты сәйгүлік.
Виртуал мінген пырағы,
Киностан атты сайт бөлек.
Әулие Патик шындаса,
Өзін өзі аямас.
Бәйгеге бұрын жетуге,
Он сырадан тартынбас.

Абзал деген інім бар,
Өкшелеп қалмас ізімнен.
Шабарға қылыш таппаса,
Википедияны сөйлеткен.
Көрінуге құмар-ды,
Теледидар, радиодан.
Ұр десе қызды «іс» үшін,
Қашпайды пақыр ешқашан.
Таяқ жер шалдан кез келсе,
Жымия салды көз куә.
Шынайы болсын видео деп,
Таяқ жей салсаң болмай ма?!

Сегізді бірі мен едім,
Не қылам айтып өз жайым.
Сөз болар тағы бестік бар,
Беріп жұртты бағасын.
Алатын алғыс-қарғысын,
Ұнаса егер бұл терме,
Айтылар олар ертең де.

Ұқсас посттар

17 пікір

AKA
Ахахау ©
П.С. Мәтінін де қоса саласыз ба?
Соңғы түзету:
aikarakoz
 Браво! Ялқалдым
AKY
 Кьетшыыыыыыы
zholantai
тыңдадық, енді оқысақ… мәтінді осында
qonyrbai
"Ішпейді, шекпейді, иіскемейд!"
sammita
оһһ, Марко
түкіріп қойыңдар-еу
Соңғы түзету:
Erkekyz
))))))
Соңғы түзету:
rakisheva
Марко бізге жыр арнап тастапты ғоооооооой  Күштіііііііііііі
sammita
арасында «еееу, Саммита» дей салсаң қайтеді
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.