Таңдаулы

satibaldi
Аспаннан алты қаз тапқандай көкуін. Кішкене қабілет пайда болса, ілімге бас салатын қалмағым-ай! Сіңлім, әріптердің қосарланып естілетінін жазуды 2 сыныпта оқытады. И — і+й; Е -и+е деген тапсырма орындап, Қаламқас апайсстан төрт аласың.
Gastarbaiter
Егер жалпы комплекцияң ірі болса, қабат-қабат киіну одан да ірі қылып көрсетеді. Дегенмен, басқа жерің норм, тек қарның ғана шығып тұрса, тройка однотонный, күңгірт, қою көк, не қара-сұр түсті костюм тройка киюге болады. Бастысы түймелері қарныңда тырысып тұрмай, кең тұруы керек.
ademi_alem
Ая, фоторепортаждың бірнеше түрі бар. Түсініктірек болу үшін қарапайым тілмен жеткізіп көрейін. Фоторепортаж тақырыбы шексіз: іскерлік фото, ғылым, техника, мәдениет, қоғам, спорт және т.б. болып кете береді. Тіпті туған күннің өзі жақсы бір тақырып бола алады. Фоторепортаждың түрлеріне келер болсақ, ол жаңалық сипатты және танымдық сипатты қарапайып фоторепортаж деп екі түрге бөлуге болады. Жаңалық сипатты болса бірнеше адамның пікірі, фотосуреті керек. Ал танымдық мақсаттағы қарапайым фоторепортаж оны қажет етпейді. Фоторепортажда ең бастысы ақпаратты дұрыс жеткізумен қатар керекті сәтті «қағып» алу. Мысалы күздің ерекше көріністерін түсіру де фоторепортаж, ол жерде ешкімнің пікірі керек емес.
Менің фоторепортажым танымдық сипатта. Ана мен бала бірігіп жасауға болатын жаттығулар басынан аяғына дейін рет ретімен сипатталған. Яғни, оқиғаның басталуы да, аяқталуы да бар. Дәл осы фотосуреттерді біреудің үйіне барып түсірсем де фоторепортаж болады, басқаның үйінің қабырғасы мен менің үйімнің қабырғасында айтарлықтай айырмашылық жоқ болғандықтан фоторепортаж жасауға өз үйімді таңдадым.
Gastarbaiter
Өзін жек көретін адамдар ғана кім болса сомен жатады деп ойлаймын.
Кез келген саналы таңдау бейсаналыға жүгінентінін ескерсек, бұның тамыры балалық шақта. Адам өзінің бағасын, өзінің қажет екенін басқалай жолмен сезіне алмағанда, өзін өзі осы өмірде ешқалай жүзеге асыра алмаймын деген үрей билегенде осылай төмен түсетін сияқты. Және балалық шағында еңбек, білім мен ізденістің тек ақша табу амалы ғана емес, тұлғалық жетілудің жолы екенін сіңіре алмағанда болатын сияқты.

Жыныстық қалау бәрінде бар. Ал оны сауда саттық деңгейге шығарып, еңбегін емес, өзін тауар ретінде ұсынуға тек құлдық сана, эмоциялық жетілмегендік, тобықтан төмен интеллект, жеңіл ақша құмар құзғындық пейіл мен жатыпішер жалқаулық сияқты қасиеттер итермелейді деп ойлаймын.
satibaldi
Қазақтарды төрден көрге сүйрейтін әдеті- іштарлық, көре алмаушылық бұрыңғының да, бүгінгінің де айықпас дертіне айналып отырғандығын сіз дәлелдедіңіз!

Адам танудан алдына жан, тіпті тән салмаған сіңлім болдыңыз. Қырағы көзіңізден менің ішімде қызғаныштың қызыл түлкісі байыз таппай жатқаны таса қалмады. Шынымен де, Университет атындағы Еуразиялық Гумилевтің жетістіктерін жек көремін. Тіпті қосып айтайын — көгеріп-көксемегенін сұрап жалбарынамын Аспан Әміршілеріне.
Бір жағынан, қарғап сілегенім келіп те жатқан сияқты, айталық Университет атындағы Еуразиялық Гумилев биыл әлемдегі TOP500 ЖОО тізіміне кірмей қалды. Еште!
satibaldi
Ctrl+Alt+Enter+S+52418790 — АҚШ-тың авианосецтеріндегі барлық ядролық зымырандарды бір уақытта атып жіберу коды. Интернетке қосылған кез-келген комптан жіберуге болады.

Барлығы 412 оқпаннан қуаты 5 килотоннан 25 мегатоннға дейінгі 412 ядролық зымырандар атылып, олар Жердің 200 нүктесіне түседі. Зымыран атылғаннан бастап алғашқы 10 секунд ішінде 9 млн адам бірден көз жұмады. Жер шары бойынша 800 млн адам бір күн ішінде қырылады. Тынық Мұхит жағалауында температуралық резонанс кесірінен ең кішісінің өзі «Катринге» тартатын 65 тафун пайда болып, 1 күн ішінде Филипптердікі, Қытай, Жапоншешеңңдер Жер бетінен жойылады. Нәітижесінде адамзаттың дамуы бірден 200 жылға кейін шегеріледі.
"Өш қасқа, рас екен ғой, несіне ғана басып көрдім!" деп зар илейді VKM үңгірдің ішінде егеуқұйрықты мотор майына шыжғырып отырып
Dzhonsaken
Құсбегі тамыр бірде сыраға тойып алып, қиын қыздарға барған. Бір түнге ақшасын төлеп, екі адамдық бөлмеге жайғасқан да шаруаға кіріскен ғой. Арада 1-2 сағат өтер-өтпес үйден қоңырау шалынады, қорадағы ат босанып кетті деп. Құсбегі апыл-ғұпыл жиналып әлгі қиын қызбен қоштасып жүріп кетеді. Қоштасып тұрып қиын қыз «Пайдаланылмаған уақытында тағы бірде кел, тегін өтеп берем» дегенді айтып қалады. Арада 2-3 ай өтеді. Құсбегі тағы бірде сыралатып отырып, түннің жартысы ауа есіне «пайдаланылмаған уақыты» түсіп кетеді де, әлгі жерге барып, ғимараттың есігінен «Сәуле, Сәуле» — деп айқайлайды. Сонда арғы жақтан: «Ей, бұл жерде балабақшаның құрылысы басталып кеткен» — деген бір жуан еркектің даусы шығады…
satibaldi
Хердірменді қара тобыр, хердірменді міскіндер!

Осыны оқып алғанмен, сын сағатта — бәрібір мұрын қанағанда басыңды шалқайтасыңдар; соқырішекке грелка басасыңдар; тістеріңді бласкауыспен жұласыңдар. О баста құдай бермеген сананы енді қытай бере қоюы екіталай. Азапты күндерде кездескенше!
Gastarbaiter
Барлық канонға сай рецензия мінеки.
Жазбадан абзацтың арасында автор лаптобын ұйқы режиміне қойып қойып, фильмді қайта еске алудан қозып кеткені себепті, бір ауық уқалап алып отырғанын да сезуге болады.

Бір кеңестен көрі, келешеке ұсыныс бар, рецензияда қазақы реалиялармен салыстырып, қазақы түсінікке ыңғайлап, қазақи құбылыстар мен тек кеңестік һәм қазақы кино вакуумында өскендерге де түсінікті ететін салыстырулар мен отсылкалар болса.
asaubota
12 пост жазылыпты. Samsung Kazakhstan қосымша сыйлықтар қосса жақсы болар еді

«Күнәһардың» күнәсі — kerekinfo.kz/blog/narrator/13348.html
Шалдарын керек қылмайтын мекен — kerekinfo.kz/blog/kazkino/13346.html
Малефисента: қанаты барлар түсінеді — kerekinfo.kz/blog/13345.html
ДӘРЕТХАНАҒА «ЖІБЕРМЕГЕН» ФИЛЬМ… — kerekinfo.kz/blog/13342.html
Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези — kerekinfo.kz/blog/13341.html
Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия) — kerekinfo.kz/blog/13340.html
12 — kerekinfo.kz/blog/13339.html
«Шалдың» соңғы киносы немесе "Әліпмұратова, туған күніңмен!" — kerekinfo.kz/blog/13328.html
}{0ТТ@БЬ)Ч интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі — kerekinfo.kz/blog/13329.html
The Newsroom — kerekinfo.kz/blog/13324.html
Армандар қайда апарады? — kerekinfo.kz/blog/kazkino/13320.html
1+1 фильміне резенция — kerekinfo.kz/blog/13274.html
patick
Менің спойлер деп отырған себебім: Рецензия жазылған кезде қай кейіпкердің қалай өлетіні, яғни сюжеттік түйіндері айтылмайды. Рецензияда сюжет детальдарына емес, оның пәлсапасына мән берілуі тиіс.
Мектеп кезінде белгілі бір шығармаға мазмұндама жазатын едік қой, мынау да сол секілді болып кеткен.
Gastarbaiter
Жақсы тұсы:
1) Баяндауда басқалардан ерекшелеу тәсілді сынап көруің
2) Динамика беруге тырысқаның
3) Саундтректер

Жақсартуға болатын тұсы:
1) Қанша дегенмен, рецензия деген өзінің бір нормалары, ережелері бар жанр. Танысып алған артық болмас еді.
2) Фильм өзіңе жалпы толық ұнағанын бірден айтпауға тырыс. Интрига құриды. Бірақ, әп дегеннен, неге бұл фильмге назар аударғаныңды екшеп отырсаң, оқырманда аз-мұз түсінік пайда болады. Түсінік беру жақсы, картаңның бәрін бірден ашып тастау — жаман.
3) Ақпаратты жалпыдан жалқыға, не жалқыдан жалпыға қарай сатылап беріп көр келесіде. Сонда бір ағымы пайда болады, киноталдауыңның. Яғни, кәдімгі қой сойып жатқандай рет ретімен трепанация жасап көр.
4) Есіңе түскен эпизодтарды ккелтірудің әлбетте қажет кездері болады, бірақ киноның басты, яғни маңызды бөліктерін оқырманға аша беруден аулақ бол. Жұрттың кайфын бұзба. (Спойлер дегенмен танысып ал)
5) Қателерін бір қарап өт.
6) Тым көп аллегория, теңеу, жол жөнекей ойыңа келіп қалған тематикалық әзілдер мен параллель образдарды тақырып басқаларға аз-кем таныс, не тіпті толық таныс болған кезде қолданған дұрыс. Қалған жағдайда, адамның түсінуін одан сайын қиындатады. Мәселен, мұндағылардың барлығы Болливуд актерлерін жатқа білмейді, сондықтан жеке маған, мына рецензияңның толық кайфын, әзілін түсіну үшін фильмді алдымен көріп алу керек, сосын сенің рецензияңды оқуым керек сияқты әсер тудырды. Демек, бұл әдістер, бейтаныс фильмді таныстырғанда өзін өзі ақтамайй, ақпаратты қабылдауды қиындата түседі.

7) Тақырып атын қоюда мен екі критерийге жүгінемін.
Біріншіден, Тақырып аты бәріне түсінікті етуге тырыс. Ең алдымен түсінікті ет. Немесе, намекты бірден түсінетіндей қыл.
Мәселен, фильмнан ең ұнаған бір "үзіндіңді" келтіруге болады, немесе фильмнің басты месседжін фәлсафалық тұжырым ретінде беріп, немесе басты кейіпкерді ойнайтын, не киноны қойған танымал тұлғаның есіміне байланыстырып, бір-екі сипаттама сөзбен келтіруге болады. Қысқасы, жазбаң композиция деп елестетсең болса, тақырып атауы дирижер болуы керек. Дирижерын дұрыс қойып алған соң, сөйлеміңді «дирижерді» назардан шығармай жаз. Сонда абзацтарың оркестр болып тақырыппен үндесе шарықтап сала береді.

Екіншіден, қызық, креатив, әзіл, интрига әрине керек. Бірақ екіншіден. Біріншіден емес. Себебі, тақырып түсініксіз болса, оған берген астарлы әзілің де түсініксіз болады. Сондықтан, маңыздылық бойынша, ең алдымен түсініктілік, сосын барып, астарлы әзіл тұрғаны дұрыс. Кейде бір изюминка қатты ұнап тұрады, бірақ жазбаңмен үйлеспей тұрады. Ондай кезде, әйтеуір қыстыра салудың себебін зорлап қалыптастырғанша, изюминкаңды наққа жіберген дұрыс, не блокнотқа жазып ал. Оған да бір жарқ ететін күн туады. Бірақ өзіңе ұнаған өткір әзілді үйлеспейтін жерге қыстырудан артық рецензияңа да, өткір әзілге асқан қиянат жоқ.

Әлқисса, тамақсыз тұздықтан, тұздықсыз тамақ тәуір екенін есте сақта.
Ал тамағы да тұздығы болса, тіпті базар жоқ.
Фильмның техникалық тұстарына тоқталу дәстүр болып кетті кинорецензияда. Дәстүр емес, тіпті ереже деуге болады. Рецензиядан фильмның сапасы туралы айтуыңды да күтеді оқырман. Актерлер ойыны, спецэфекттер, саған қалай әсер етті.
ПС. ППС -тер фильмге не оны көру барысына қатысты болғаны дұрыс. «Айтыстан ұтсам, шешемді меккеге апарар едім» синдромын шырамытып қалдым, әйтпесе, ең күшті сыйлық, ол алдын-ала уәде етілмеген сюрприз екенін білмейсің дегенге сенбеймін. Назымға дұғай сәлем! (Айтпақшы, аузың ашылған екен, енд ұтсаң да, ұтпасаң да кинотеатр қарызсың, :v
Ал мен болдым.
Соңғы түзету:
zholantai
дәрігерлердің түсіндіргені: тістің түбіне байланған жүйке талшықтары мен қан тамырларын суық ұстаған, миға өткен
Gastarbaiter
Арыс Арланы не жазғанын таба алмадым.
Бірақ «жүгіру» — салмақ ауырлаған сайын және жас ұлғайған сайын омыртқаң мен тізеңді мүжіп тастайды. Люмбаго, остеохондроз, компрессия, протрузиясы бар адамға тіпті себепсіз секірулер мен жүгірулерді азайтқан дұрыс, одан да баспалдақпен жоғары қарай жаяу және тез көтерілу, тауға қарай жүгіру жақсы. Бұлшық ет пен қан айналымына максимум нагрузка бере отыра, буын-омыртқаға аздау күш түседі
Баспалдақпен төмен түсетін кезде керісінше баяу түсу рекоменделед.
Gastarbaiter
Мәңгі жастық эликсирі:

Өлген итті сойып, ішегінен шықпаған нәжісін аламыз да оған әлі жұмыртқаламаған бақаның қанын тамызып, үстіне етегі түрілмеген қыздың сідігін құямыз. Ыржаной хлеб батырып жеген дұрыс.
Gastarbaiter
Журналист журналистке, ал блогер блогерге тең емес заманда, блогер, журналист деп бөле жаруды қажетсіз деп ойлаймын. Адал мамандар мен халтурщиктер және бастаушылар мен тәжірибелілер қашан да болады. Бастысы — өзіңе не керегін білу және үйренуге ерінбеу.
Соңғы түзету:
meirzhan
Қазақ тілін үйренсін.
Мен үйренбесін дегенім жоқ.
Солар оқысын, хабардар болсын деп өмір бақи орыс редакциясының өміршеңдігін арттырмайтын шығармыз…
Мен де, сен де, үкімет те орыс журналистикасының дамуына көмектесіп жатқанымыз жоқ, өміршеңдігін арттырып жатқан жоқ. Нарықтық заман. Кім мықты сол жеңеді. яғни, кімнің сатып алушылары, оқырманы көп — сол.
Қазақ тілді жур-стер мақаласында "қазақ үшін, қазақ елі" үшін жазса, оны өзге ұлт өкілдері неге оқысын. Оларға арналмаған ғой. Егер мен Қазақстандағы өзге ұлт өкілі болсам, маған арналмаған, тек қазақтарға арналған мақаланы неге оқуым керек?! Мені қазақстандық деп санамайды екен (тілді білсем де), мен оны оқымаймын!
Қазақ жур-стері жауыр болған тақырыптарды қозғай бермей, экономика, геосаясат, адамның жеке өміріне, қоғамдық өміріне пайдалы мақалалар жазсын, сонда бәлкім оны біреулер оқыр. Өзге тілдегі газет-журнал оқитындар, қазақ газет-журналдарына қызығушылығы оянар. Сол үшін тіпті тілдік білімін көтерер.
Ең бастысы, "қазақ елі үшін ғана" деп шеттетпеу керек! Менің айтпағым, орыс не басқа тіл жур-касын дамытайық емес, қазақ жур-тері мақалаларында, радио-телеэфирлерінде қазақ ұлтына ғана емес, сөздерін өзге ұлттарға да бағыттаса. Меніңше, олар өзге ұлт түсінбейтініне үйреніп алған сияқты.
satibaldi
Аталы сақалың аузыңа түскенде атауын көріп тұрын мұндай мақалаларға кіргенің — не текенің? Ұялмайсыз ба? Сені де біреу бес намазы түгел Иранның жансызы болды дейді-ау, істерің Содомның ең қымбат районының тұрғынына татиды.
Иятсыз аташка!!!