Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Роуп-джампинг – биіктен арқанмен секіретін спорттың айрықша бір түрі. Яғни өзіңді биіктен тастап жіберу арқылы бірнеше секунд бойына әуеде құлдилаудың еркін сипаты десе де болғандай. Бұл спорттың негізін салушы американдық Дэн Осман 1998 жылы 300 метрлік биіктен секіру кезінде арқаны үзіліп кетіп көз жұмған болатын. Әлқисса деп қойып, бұл спортты елімізге алғаш енгізген Астаналық «FLY» командасы екнін айта кетсем. Олар жылдың кез-келген мезгілінде Қазақстанның әр қаласына барып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлаудан танған емес.
Бүгінгі роуп-джампинг қатысушылары Астана қаласының маңындағы Көкталда орналасқан биіктігі 45 метрлік болатын ескі құрылысқа жиналдық. Түстен кейінгі үш жарым шамасында жеткен мені бір топ қауым қарсы алды.
Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

«FLY» командасының жетекшісі Алексей Лютый бұл спорт түрімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Оның айтуынша «FLY» командасы Қазақстанның Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Семей, Павлодар, Қарағанды сынды қалаларында болған. Мақсатымыз адамдарға бір сәттік көңіл-күй сыйлау, жаңа таныстық пен өзіне деген сенімділігін арттыру дейді ол.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Сонымен алғаш келе қалғанда-ақ көзіме қораш көрінген 45 метрлік бұл ескі ғимаратты менсінбеген едім. Алайда осынау темір баспаладақтар менің зәре-құтымды қашырып қана қойған жоқ, төменнен жоғарыға көтеріле салу оңайға соқпады. Әсіресе мен сияқты эмоциясын басқара алмайтын, берілгіш, қорқақ адамға. Көтеріліп келе жатып төменге көз салсам, басым айналып, көзім қарауытып кете берді. Мұны жеңу үшін төменге мойын бұрмастан тек жоғарыға қараумен болдым. Қолым талып кетіп, дем алып тұрған сәтімде бұл тәжірибемді өмір салтымда да қолдана алсам ғой деп ойландым сонда. Яғни, артыңа қарайлай беру, өткен естеліктер мен ескішілдік болмысыңды сүйретіп жүру болашақ жарқын өміріңдегі қадамыңа тұсаудан өзге ештеңе емес екен. Тіпті әлгі, ұзатылып бара жатқан қыз балаға «артыңа, қарама» деген өсиеттің де бір сыры барма деп қалдым.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Қойшы, сөйтіп пысылдап жүріп, орта жолда философиялық ғақлияға бой алдыра жүріп төбеге де көтерілдім-ау. Жарқ еткен, кең дүниенің құшағында тұрып тіліме неге, Мұқағалидың жыры оралмасын, оралды:
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
***
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
***

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған»
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Ұйымдастырушы жігіттер жұмысына еш қабақ шытқан емес, көңілді, қалжыңқой, шат-шадыман

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Төмендегілер осылай көрінеді, биікке шығып алған мені енді эйфория биледі, анау жердегі сызылған жүректі кім байқады, өзім фотодан көріп отырмын қазір:)

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Мұнда ғашықтар да жүр, жалғыз-жарым мен сияқты өзгелер де бар екен қызық іздеп келген. Ықтасыны жоқ ызғар бәрімізді тоңдырды. Тіпті біреуінің үстінен бірдеңенің иісін сезіп те қалғандай болдым ба. Орайы келіп тұрғанда ескерте кетейін, роуп-джапингтің шарты бойынша биіктен секіретін кезде спирттік ішімдіктен аулақ болған дұрыс. Және жасы он сегізден асқан кез-келген азамат бұл спортпен айналыса алады, Сонымен бірге өз бетінше секіру өмірге қауіпті, сондықтан ұйымдастырушылардың айтқанымен жүріп-тұрғаннан абзалы жоқ.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Жұрттың қыздары айтса айтқандай ержүрек, батыл. Алмен болсам тұрдым ғой қорқып:(

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Менің ең жаман жерім, осындай қызық дүниенің ортасына келгенде, не көпшіліктің ортасында сөйлейтін кезде, не ең сүйікті, сыйлы адамыма тіл қатар кезде өз-өзімді жоғалтып, ұмытып кететінім. Осы жолы да сөйттім. Фотореп жасауға барған мен командамен бірге улап-шулап жүріп жөнді суретке түсіруді ұмытып кеттіпін. Сонымен менің кезегім келді. Мұндай сезім Каспий теңізінде биіктеу жардан секіретін кезде де болған еді. Көзімді жұмып секіріп кетіп, судың астынан күнге қарай, жарыққа қарай, бір жұтым ауаға қарай ұмтылып келе жатқан сәтті, айтсаңызшы. Бұл секіру одан да қиынға түсті. Ғимараттың ұшар басынан кейін қарай қайтып кетуге оқталып тұрғанмын, егер Дима итеріп жібермегенде. Өз еркіммен емес, шынымен құлап кеттім)))

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Төменге құлдилап келе жатқанда салмақсыздықты сезіну деген сіздерге немен салыстырып беретінімді білмей отырмын. Салмақсыздықты сезіну деген әуеде қалықтау екен, құстарға қандай рахат деңізші. Ең маңызды, ең қызықты уақытта мен еркімнен тыс көзімді тарс жұмып және шыңғырумен айналыстым, басқаша қимылдаруға, өзімді басқаруға шамам келмеді. Яғни, роуп-джампингтің фокусы салмақсыздықты сезіну екен, көзімді ашып айналаның тынысын бағуды келесі секіріске қалдырғандай болып қайттым.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

Сонымен бүгінгі демалыс маған серпін сыйлады, қуат сыйлады және өзіңе қол жұмсап, биіктен тастай салудың оңай шаруа емес екенін де ұқтырды. Өз-өзін биіктен тастап жіберуге немқұрайлы қарайтынмын, ее деп. Расында өле салу оңай шаруа емес екен дәл маған.

Сонымен биылғы жылға секіруге қолайлы жаңа ғимарат тапқанша роуп-джампинг уақытша өз жұмысын тоқтады. Бүгінгі күнге үлгергеніме ризамын. Билет бағасы 4 мың, бірігіп секіретіндерге 7 мың теңгені құрайды. Жалғыздан гөрі бірігіп секірген қызық әрі қорқынышсыз болатын сияқты.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг

P.S Бүгін биге баруға үлгермей қалдым, суықтан іші-бауырыма дейін қалтыраған мен осы жазбаны аяқтай салып ыстық шай мен шоколад жеп отырмын. Демалысты көңілді де сәтті өткізіңіздер. Айтпақшы менің парашютпен құлағым кеп жүргеніме біраз уақыт болды, ондай жоспарларыңыз болып жатса маған айтарсыздар, экстримді көңіл-көтеруден еш қашпақ емеспін.

Керек тілші: Арқан үстіндегі өмір немесе роуп-джампинг
Бөлісу:

87 пікір

Aya
Адамдар, осыны қарасаңыздар болады. блогыма тағы біреуі жарияланып кетті, өшіру деген тетікті таба алмадым:(
satibaldi
Оңтүстік штаттар үлгісіндегі зәңгілерді дарға тарту әдісін шырамыттым…
xsanatos
зәңгіге соншама арқан құртпас болар, о нес)))
Aya
сен ваще қашып кетші.
xsanatos
))) тек жақсы пікір айту керек пе?
Aya
жоқ әлбетте, сыни пікір айтуға өре керек бірінші.
xsanatos
өрені қалай өлшейсіз сонда?
ademi_alem
Өзің де секіруге қалай батылың барды а?!!! суреттен қараған менің жүрегім аузыма тығылып отыр! Кез келген адамға секіруге бола ма сонда? Алде алдын ала мед.тексерістен өту керек пе екен? Бірнеше күн бұрын психологиялық түрде дайындайды ма екен? осылар туралы толығырақ бөліссең.
Aya
О, Әдемі әлем, сәлем :) Жоқ, әрине ол жаққа тек секіруге дайын болған кезде ғана барасың да, секіресің. А бір қыз келді, жаз бойы психологиялық тұрғыда өзім дайындаумен болдым деген. Оған күлдім де қойдым, жаз бойы дайындалғаны несі деп. А так өзім де секірген жоқпын ғой, анау Дима итеріп жібергені болмаса))) Әйтпесе кетіп қалсам ба деп тұрғам… Төменге құлдилап келе жатқан сәтімді есіме алсам ішім қызық болып кетед)))) Жаңа келгендер сол секірумен әуре болады. Кәсіби секірушілер неше түрлі трюк жасаумен басы қатады)
ademi_alem
45 метрлік биіктіктен секіру өз өзіме қол жұмсау сияқты. Орта жолда жүрегім жарылып кететін сияқты. )))))))))) Батыл екенсің! Мұндай қадамға бару үшін қандай ерік-жігер керек десеңші!
AKY
Үйвааай, рысбек, сіңлім! Қорықпай қалай секірдің и? Мен шыдамас еммм(((
Жырттың, жарайсың! Алға!
DiasBisengali
Ужас… Не жетпей жүр )))
Maqta_qyz
Мяяяя, жарайсыз, Ая! Күщті пост!
asaubota
мендік спорт емес екен :)

батыр қыз екенсің!
Aya
Бул пiкiрiнiз де 9 упай дегендi бiлдiреме?)
Gastarbaiter
Тегтерде Нұр-Отан.
Что какбэ намекает :))))))))))))
patick
Салмақсыздық — гравитация, сәйкесінше оны сен сезінбеуің керек, ибо ол тек Жерден өте алыс кеңістікте сезіледі.
Aya
Иааааа, Патиккккк:-) ялкалганский, бiрак томен карай кулдилаган сатимди сиз айтканга дейiн солай сезiнiп калыппын))
Aya
patick мiнi ол калайййййй, салмаксыздык туралы, Ерлан Оспан ага айтып кеттi томендегi пiкiрде, назарбаударсаныз екен:)
Daniar-Alan
9.
Осы пост жоғары балл алады ау… :)
Aya
Жогары деп койып, журттын соны гып тогыз балл койып кеткендей-ак///// Сау болып тургайс, Данияр Алан мырза.
Daniar-Alan
саламатсыз ба Ая ханым :) 3-тен жақсы емес па?! :)
zholantai
неге 9, Дон?
тек цифрды теріп ғана қоймай, не себеппен мұндай баға қойғаныңды бір сөйлеммен айта кетсейші
Daniar-Alan
Қатты маңызды ма? Жақсы. Баға қоймас бұрын бір ақылды кісіден реп дегеніміз не жалпы деп сұрадым. Ол кісі толық түсіндіріп берді. Рептің негізгі шарты (ең негізгі) оқиға орыны (нуу ол цункТ) және екіжақты пікір екен. Арнайы осы постты мысал ретінде де көрсеттім. Очм форматқа сәл-пәл келіңкіремейді екен. Бұл более танымдық бағытта. Қалған посттар да осы бойынша бағаланды.
Aya
Ал әдемі әлемнің танымдық материалының қай жері реп сонда? Өзіме күдіктене бастадым ҚазҰУ-де журфакта оқығаным рас па деф.
ademi_alem
Ая, фоторепортаждың бірнеше түрі бар. Түсініктірек болу үшін қарапайым тілмен жеткізіп көрейін. Фоторепортаж тақырыбы шексіз: іскерлік фото, ғылым, техника, мәдениет, қоғам, спорт және т.б. болып кете береді. Тіпті туған күннің өзі жақсы бір тақырып бола алады. Фоторепортаждың түрлеріне келер болсақ, ол жаңалық сипатты және танымдық сипатты қарапайып фоторепортаж деп екі түрге бөлуге болады. Жаңалық сипатты болса бірнеше адамның пікірі, фотосуреті керек. Ал танымдық мақсаттағы қарапайым фоторепортаж оны қажет етпейді. Фоторепортажда ең бастысы ақпаратты дұрыс жеткізумен қатар керекті сәтті «қағып» алу. Мысалы күздің ерекше көріністерін түсіру де фоторепортаж, ол жерде ешкімнің пікірі керек емес.
Менің фоторепортажым танымдық сипатта. Ана мен бала бірігіп жасауға болатын жаттығулар басынан аяғына дейін рет ретімен сипатталған. Яғни, оқиғаның басталуы да, аяқталуы да бар. Дәл осы фотосуреттерді біреудің үйіне барып түсірсем де фоторепортаж болады, басқаның үйінің қабырғасы мен менің үйімнің қабырғасында айтарлықтай айырмашылық жоқ болғандықтан фоторепортаж жасауға өз үйімді таңдадым.
yerlanospan
9 ұпай.
Бір мезеттік салмақсыздық жағдайында денеңізді қалай сезінгеніңіз туралы толықтап айтқаныңызда ғой, әңгіменің объективі соған шүйлігіп кетіп тұр мен үшін.
Рахмет, қызықты болды!
ken
yerlanospan, құлау салмақсыздық па?
yerlanospan
Құлап келе жатқан дене бір сәт тепе-теңдік күйге түсіп, адам өзін ғарыштағыдай сезінеді екен. Әрі қарай үдеп, қайтадан зымырай бастайды сосын.
ken
Иә-иә, мульттарда үнемі солай. Астындағы өзі тұрған нәрсесі жоқ болып кетсе, біраз ауада қалғып тұрады да сосын төменге қарай зымырай жөнеледі.
Aya
Сiз ушiн объективтi неге шуйлiктiретiнiмдi ендеше келесi ангiме барысында сурап алайын?) Бола ма?
xsanatos
рас-рас, репортаж дегесін де, сол бір сезімдер, атмосфера, өзге жұрттың қорқып тұрғанын көздері күтіліп еді. әттең, жоқ
Aya
өзге жұрттың репі пензес дис қо. Репортажда қорқыту мақсат емес. Оқиға орында суреттеу, баяндау.
satibaldi
Aya
не күлесіз, одан да ФБ баннан шығарыңыз
satibaldi
Шығардым, достық ұсынған жоқпын бірақ
Aya
о рахмет!!!!)))))))))))))))) мен де әлі ойланып жатырмын достық ұсынайын ба, жоқ па деп
Aya
бытыш смайлик болыфқалд, сіздіңкіндей смайлдар керек маған да.
xsanatos
өзге жұртта нең бар?))) ондай санасып қалған адам деп ойламаппын.
Gastarbaiter
Шұлғауым-ай:)))))) Өртейсің, Ая!
Aya
пәлембай пікір жазды Гаста дегенге, сыни, ужс пікірлер жазып тастады ма екен деееп қорқыыыып кеп қарасам жай күліп жатыр екес қой, күле беріңіздер)))) кеттім мен, президенттің жолдауын насихаттау дей маааа, ощм жұмыс көп ;)
AKY
Aya
аҺірен һарендас ;) андағы смайлды қайдан шығареп жатһныңызды цүнбедім, үйретіңізші
Daniar-Alan
білә смайлды қайдан тауып ап ацыңдар??
bazuka
Мықты! Биіктен секіріп көргем жоқ, тек тарзанкадан төмен қарай жіппен түскенім болмаса. Парашютпен секіру менің де арманым. FLYдің жігіттері Ақтөбеге келми ма екен)
Anar70
жүрегің қалай жарылып кетпеген, балконнан төменге қарауға қорқам))))
xsanatos
Яғни өзіңді биіктен тастап жіберу арқылы бірнеше секунд бойына әуеде құлдилаудың еркін сипаты десе де болғандай.
япыр-ай бұл не деген сөздер жиынтығы?

Қазақстанның әр қаласына барып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлаудан танған емес.
біреудің қаласына барып тұрса, өздері қонақ болмай ма?
Aya
Койщэ.
xsanatos
рас емес пе, менің айтып отырғаным? сосын, мынау салауатты өмірдің көрінісі бола алмайды деп есептеймін. арақты ішіп-ішіп, темекіні тартып-тартып алып та секіре беруге болады ғой.
qonyrbai
Уәцқәцқәцқәғәғәғә! :v
Aya
Көрәлмай отсаң еркекше сразу айтсащ. Келiсiм шарт бойынша спирттiк iшiмдiк қолданғандар секiрiске қатыстырылмайды.
xsanatos
жоқ, әдемі көріп отырмын.
экстримді көңіл-көтеруден еш қашпақ емеспін.
мынау өз сөзің енді. экстрим екеніне базар жоқ, но салауатты өмір салты емес.
kokbori
Ужсс(( Мен Абылайдың секіргенін көріп ақ, видеосын қайта көруге дәтім бармап ед. Мықтылық жасадың, респект!!!
FaraOn1
Солтүстікке қашан келет екен енді… Бір барып, секіріп. отдуши айғайлағым келеді, мына тірліктің бәрін бір сәтке болса да наққа жіберіп. Егер, әрине, сіздікі құсап духым жетсе оған)))
Aya
ВК-да бар Фархат топтары, соны үнемі бақылап отырсаңыз, хабрландыруларын сол жаққа жария етеді.
Arys_arlany
оңтүстікке келсе фотоаппарат алып барайық))))) сосын тек ғана еркектер барайық, қыздардан ұятты, бақырып, шақырып жатсақ,
xsanatos
шыңғырумен айналыстым
уақақақақа
Gastarbaiter
Бә-ә-ә-ә-һә-һә-һә)))))))))
merekeee
Адреналин ғой. Ол бір жақсы серпіліс, адам көзқарастарын өзгертеді деп те жатады. Парашютпен секірген адамның жерге түсе сала: «Мен өзгерем, өмірді сүйем» деп айқайлағанын өз көзіммен көргем. Өзім мұндай жерлерден (биік) алыс жүрем. Жүрексінем. Қайсарлық керек.
Aya
рас, рас, мен жерге түсіп алып секіріп өле саламын деген жайшылықта айтыла беретін сөздің оңай емес екенін түсіндімммм. Осы пікірді оқығанда жай пікір болып көрінуі мүмкін, бірақ сезініп көрген мүлдем басқаша болады екен.
satibaldi
Жүрексінем. Қайсарлық керек.
Батырлықты шатастырып алдың
Aya
Сосын, қайсарлық, жүректік, батырлық керек дегенді онша құп көрмедім. Мен өзім өте қорқақ, жүрегім ұшқыш адаммын. Мұндайды одан гөрі қызығушылыққа балар едім :)
satibaldi
Сен клиникалық өлімнен тіріліп, жұрт: «ана жақ қандай екен?» деп қаумалап сұрап жатқан сияқты
Aya
соны айтам ие:)) Постты жазғанда батыр атанамын деп еш ойламап едім, жұрттың пікірне қарап соңынан келгенде мен сонда батырмын ба деп ойлана бастаған едім. Сіздің керемет лебіздеріңіздің арқасында өз орыныма қайта келіп отырмын, рахмет:)
asaubota
10

тәжірибенің аты тәжірибе. реп десе реп, тақырыпқа сай, безендірілу супер. жалпы блоги тұрғыдан да әдемі пост
Aya
Аршат ағадан осындай лебізге ие болудың өзіііііі:) Рахмет.
zholantai
шулатып жүрет, әйтеуір
Aya
бәріне мықты, тамшаа, огого деп, маған да бір лебізіңізді жаза салудан аянып қалсаңызш:(
zholantai
саған деген лебізімді жаза салуға сол сөз біткеннің құдіреті жетпей тұр ғо,
Aya
бүгінгі күнім көңілсіздеу басталды, автобуста бір ренжіп, таксиде екі ренжіп, енд жұмыста жылаап отырм, дүниенің бұлты менің басыма үйірілгендей:)
VKM
жылап болсаң, оң қолыңды жоғары көтер де, бірақ сілте))))) өмір тамаша деп жүре бер сосын.
Aya
кәзір жақсымын, рахмет. Күнің сәтті өтсін:)
zholantai
жылап отырып жазып отырсаң ба, сенікі қызық жылау екен :)
Aya
дұрыс жұбата да былмид деп қоймайд дима:)
zholantai
бітпейтін жылау екен сенікі де :)
Gastarbaiter
Жұбатайын деп еңкейіп қалғаныңда көзіңді шұқып алатындар да болады. Жолантай, сенбе, крокодилдық көзжастарға.))))))
Abylaikhan_Kalnazarov
9 ұпай. Жүрегіңнің түгі бар ау деймін)):
Aya
9 ұпайға кенде болған сайын жазғым келмей, келмей қалад.
Gastarbaiter
Иә, болады ондай, бұл да бір сынақ әнастың. Секіруіңді қайдам, бірақ бетің безірейіп, қалың тіс қаққақн сыншының алдына жазғаныңды «мә, сына!» деп лақтыра салудың өзі белгілі бір деңгейде батырлық.
Сынба, шытынама, шаба бер, ботақан! Бұл әлі басы. Әр тоғызға бордай тозып, жігерің құм болса, өзіңді уақытынан бұрын сарқып бітесің. Жеңілуге емес, жеңуге сылтау ізде!
Rozatai
ҚҰшты пост! Дима маладес, сені бір емес, төрт мәрте құлатса да, артық емес анау биіктен :D:D:D Мен болсам, арқанмен судың үстіне секіргеніме әлі мәз болып жүрмін
Aya
Биылдан қалмай тұрмысқа шығайық :m