Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)

Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)
Қазақ жігіттері әйтіп-бүйтіп ақпараттанып жүретін нәзік жандарға қарағанда өзінің жыныстық сауаттылығына немқұрайлылау ғой. Урологқа да тасымыз сыздап, тасақ жыбырламайынша аяқ аттап баспайтынымыз бар. Содан ба, жыныстық сауаттылыққа келгенде әйел затынан біраз надандаумыз.

Ала таңнан кешке дейін порно қарайтын 27 жасар Нұрмат деген танысым үйленеріне бір ай қалғанда менен "қыздың шүртекейі қай жерде?" деп сұрап тұр. Әрине, шүртекейді білмей-ақ қойса да, өлмейді қазақ. Тек, бұл — бір емес. Ауылымыздың қарақұлақ жігіттерінің көбінің ойынша жыныстық сауаттылықтың асқар шыңы — берісі — "қан шықпаса, қыз емес!" қауесетін білу болса, әрісі — порнодағы позалар ғана.
Бірақ, ең сорақысы — пайда болған ақпараттық вакуумды жігіттердің өткен ғасырлық түсініктерімен толтырып тастайтыны. Олай сенімді сөйлеуіме Нұрматтың жағдайы ғана емес, қазақ жастарының гуглға жиі қоятын сауалдары, кей мақалалардағы оғаш пікірлері себеп болса керек.

Ендеше, жас жігіттер сенетін секс туралы 6 өтірігінің үстінен танкімен жүріп өтсек қалай болады?!



1. Қыздық «перде» — пәктік белгісі.


Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)
Жалпы «пәктік» деген әдемі ұғымның алдында шляпімді шеше отырып, 100 пайыз біреудің пәк не пәк еместігін анықтайтын медициналық тәсілдің жоқтығын қаперіңізге салуға рұқсат етіңіз. Даулас-дауласпа, қыздық пердесін «жаман бала» мектепте дене шынықтырып жатып та, оңбай сүрініп құлап та жыртып алуы мүмкін. Ал кей қыздарда ол туа бітті жоқ.

Оған мына үш қызық жайтты қосыңыз:

1) Қыздардың көбі алғашқы жыныстық қатынас кезінде қан шықпағанын айтады.
2) Қыздар қыздық пердесін сақтау үшін жыныстық қатынастың басқа түріне бара алады.
3) «Гименопластика» — пердені қалпына келтіру операциясы. Өзіңді бәрінен қумын деп жүр ме едің? Ыхы-хы…

Ал тұтастай қыздың пәктігіне арналған «телегония» деген нанымды ғылыми қауымдастық әжемнің көзі тірісінде-ақ «дүмше ілім» деп таныған.

Сондықтан, пәктігін қыз тек өзі ғана біле алады және өзі үшін ғана сақтай алады.



2. Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды.

Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)
Ойбо-о-ой. Осыған кім сендіреді бізді-ей? Әйелдер сексті біздей-ақ ойлайды. Жо-жоқ, бұл әлдекімдер айтып жүргендей жаһандану тренді емес. Оны анықтау үшін әйелге дұрыс сұрақтарды қою жеткілікті.
Тіпті кейде, қоғам еркектерді секстен бөтен ештеңені ойламайтын хайуан етіп көрсетуге асығыстық танытқан сияқты. Иә, бозбалалық шақта жатсақ та, тұрсақ та эротикалық образдардан ұйқымыз қашатыны бар. Бірақ, стереотиптердің күштілігі сол — көрінгенмен жата кетуге құлықсыз болсақ, өзімізді «белсіз» сезінетін күйге жеттік. Айырмашылығымыз — біздің эротикалық тартымдылықты әртүрлі түсінетіндігіміз. Әйелдер секс туралы астарлап айтуға бейім. Ал біз былш еткіземіз. Кейбір анық сигналдарды ұқпай қалуымыз да содан.



3. «Айқайласа — жетіскенім!»

Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)
Адамның шыңғыруына неше түрлі себеп бар ғой, қарақтарым. Мүмкін оның жанына батып жатқан шығар? Әдетте, әйелдің бір жері ауырса, оған немқұрайлық таныту дұрыс емес. «Ауырттың» — десе, қоя ғой. Ол көбіне, әйелдің дайын еместігінен.«Иі» келмегеннен болуы да мүмкін. Әйел шыдауы мүмкін. Бірақ шындығы сол, әйелдің ағзасы енді оянып жатқанда, біздің ағзамыз, "қой-ей, мен дайындықты бағана бастап қойғам, екеуің анекдот жіберіп отқанда" дейді.



4. Секс туралы кейбір тақырыптарды талқыламау керек.

Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)
Бұл енді үйленген достарымда жиі кездеседі. Әрине, егер әңгіме процесс үстінде Ницшеден цитата жіберіп қойып, Аушвицте өлген жөйттердің нақты санын есептеу жайлы болса — дұрыс пайым.
Бірақ, секс туралы әңгімені тек ғана «секске жету жолы» деп қарастыру — ақымақтық. Ондай ашық сырласуларды жарыңызбен кейін де, жыныстық қатынас сапасын арттыру үшін де доғармау керек. Жасыратын не бар, құрысын? Алайда, әйелдердің көбі күйеуімен тап секс туралы ашық әңгіме бастауға, не қалайтынын айтуға ұялады. Еркек бір жауды қырып келген құсап, бірден сиырдан «серьезный» кейіпті киіп алып: "өй, өлдің ба сонша?" деп жекуі мүмкін ғой. Құдды, жаңа ғана жанталасып жатқан өзі емес сияқты. «Мен туралы жаман ойда болмасын» дейді де, әйелдер қауымы үнсіз, іштен тынады. Сосын отырады форумдарда, жеке ба… көтінің мәселесін трольдарға талқылатып.



5. Бір рет жігітпен жақындасқан қыз үнемі еркек қалап тұратын мақұлыққа айналады.

Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)
Әйелдер үнемі қаламақ түгілі, жыныстық қатынастың дәл ортасында сені қаламай қоюы мүмкін. Егер сонысын білдірсе, ашулана кетпеуге тырыс. Оның бұл тірлігі міндетті түрде айлығыңның аз шыққаны немесе мусор төкпей қойғаның кесірі емес. Иә, ол да бір себеп болған шығар. Бірақ, некедегі әйелдің басында нешетүрлі жағдай болатынын біл. Гормондық тепе-теңдік бұзылуы. Шуаш, қолаңса, ауыздан шыққан жағымсыз иіс, дамбалыңдағы «детский» принт, әйел тәбетінің түбіне жетіп тынуы мүмкін. Одан бөлек, босанғаннан кейінгі «психоз», тұрмыстық бірыңғайлық. Өй, аз ба себеп? Ал шындық біреу —
әйел жыныстық қатынасты үнемі қаламайды. Міндетті де емес.




6. Қынап кеңдігі жыныстық қатынас жиілігіне байланысты.

Жастардың білуі тиіс...: Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)

Осыдан жиі естіген өтірігім жоқ. Бала туудан кейін де бұрыңғы қалпына келе алатын мүшеге қандай сұрағың бар? Қынаптың үлкендігі құлақтың үлкендігі сияқты әркімде туа біткеннен әртүрлі болады. Әрине, жас ұлғайған сайын немесе босану кезіндегі кейбір процесстерден қынап бұлшық еті босап, кеңеюі мүмкін. Тек қынаптың құлақтан жақсы тұсы, оны қоршаған бұлшық еттерін шынықтыру арқылы, оның иілгіштік, мығымдық қасиеттерін арттыруға болады. Қалай болғанда да, қынап жыныстық қатынас жиілігінен кеңімейді.




Қазақтар дастархан басында ғана әңгімелесетін адамдар ғой, дастархан басында ағаңмен не әкеңмен секс туралы әңгіме айту әдептілікке жатпайтын сияқты. Ал шетелдіктер сияқты, торғай атуға алып шығып сырласу деген қазақта өліп қалған дәстүр… Сондықтан, екеуміз бұл әңгімені бақшада жүріп айтқан болайық.
Бөлісу:

76 пікір

Rafaello
Ет асқан болар деп жетіп келсек, рожки қуырған екен…
zholantai
2) Қыздар қыздық пердесін сақтау үшін жыныстық қатынастың басқа түріне бара алады.
досым бар, қыздармен норм жүріп қояды, проституткалар онымен болғаннан кейін, оған ендігіде тегін берем деп қиылып тұрад, уот сол досым целка қыздардан мейлінше аулақ жүреді, ондағысы целка қыздар бермейді деген қауіп емес, опшым түсінікті ғо :)
asaubota
ол досың шынымен монстр немесе долбоеб. өйткені проституткамен секс секстен гөрі анайылау мастурбацияға келіңкірейді. проституткамен секс жалпы қиын, шектеулері көп, контакт толық емес.
zholantai
монстр деген дұрысырақ шығар, сағатқа алған кезде, оның өзіне біреу жалдау керек болад, әйтпесе шықпай қойып, уақыттың бәрін бір өзі алып, бз қылад:)
Ottegin
сағатқа алған кезде, оның өзіне біреу жалдау керек болад, әйтпесе шықпай қойып, уақыттың бәрін бір өзі алып

Сонда қалай, қалқоз болып, жезөкше жалдайсыңдар ма?
zholantai
түсінбедім, сенің түсінігіңде жезөкше қызметін тек қалқоздар пайдаланат па?
Ottegin
Менің "қалқоз" деген сөзімде ешқандай теріс коннотация жоқ еді, тек «бір топ болып», «бірнеше адам бірігіп» деген мағынада айтылған болатын. Сосын не ғой, меніңше, жезөкшені қалай пайдаланғанын ерлік секілді сипаттау, сыпайы айтқанда, «моветон», немесе «мәңгүрбеттік» ©Гастарбайтер
zholantai
лібә, кетЧ, оттегін, ерлік секілді сипаттау дегенің не тағ,
Ottegin
оның өзіне біреу жалдау керек болад, әйтпесе шықпай қойып, уақыттың бәрін бір өзі алып, бз қылад:)

Осы үзіндіде, Жолеке, жолдасыңыздың қауқарын һәм күшін сипаттаған боларсыз
zholantai
ол енді ерлік күшін сипаттау емес, бз тірлігі
Umm--MariyaAllahu-Akbar
Tусинбедим сонда опыт жок Деп ойлайма?
zholantai
6. Жыныстық қатынасқа көп түскен әйелдікі кеңейіп кетеді.
«галош» болып кетіпті, келесіде оны таңдамайм деп жатады ғо, осы
ken
кеңейетіні рас. оны тек жігіттер емес, әйелдер де айтып жүреді, қалай тарылтсам болады деген секілді сұрақтар қойып форумдарда.
Gastarbaiter
Бірақ ол жыныстық қатынас жиілігінен емес, бро! Бала туу, жас ерекшеліктер, бұлшық ет семуі т.б.
zholantai
осы «телегония» туралы Жақсыда материал шығып, жұртшылық сұмдық шейірлеп, «рас, рас» деп бас шұлғыған еді, мен де алғашында сеніп, мен де бас шұлғып, кейіннен наққа кетірілуі міндетті наным екенін түсіндім,
DiasBisengali
Телегония ондай емес екендігі айтар уәжің қызық болып отыр Гаста
satibaldi
2. Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды.

Қойнақ, ешқашан бұлай ойлаған емеспін. Жәдігөйлене қарап, қылымсып-қымсынып, түлкібұлаңға сала бастайтынынан түсінетінмін, бұ халықтың секс тақырыбында ешкімнен қалыспайтынын.
nb22
№ 6 мифтің суретін топпа-тоғра тауыпсың, брат! Ал №5 мифке келер болса, БІР рет болған қыз сразу қалай қалады деу, әрине, дұрыс емес. Үнемі қалау үшін — біріншіден, ұзақ уақыт, жиі-жиі болып тұру керек. Екіншіден, сол бірінші болғаны өте «сапалы» болу керек. Имхо. Деп ойлаймын.
nb22
лібәттікі, смайл қоя алмай отырмын, уа жамағат?
MeihuaZheng
я тут перваянах из баб? ))
1. пәктік… вот соны талап ететіндерді мен дегенерат деп санаймын. сами кагбутта не ляцтвуют вот. не бетімен талап етет десейш.
2. аз ойлайды. атвичаю. ол миф емес. пропорциясы бірдей шығар. аз ойлайтын еркектер де бар ғой. какивотам… низкая сексуальная активность и высокая — соған байланысты. как и у баб. есть пёзды-бродяжки, а есть умные.
3. мәәә… айғайлайтын әйел фигня ғой… вот еркек айғайлағаны… ужос!
4. талқылау керек. рас. регулярны. оған свадьбыға дейін дағдылану керек. төсекте сырлары болмауы керек жұптың.
5. что значит — бір рет болғансын қалап тұрады? сондай да миф бола ма? 1500 реттен кейін де қаламайтындар болады. жиі ма, сирек па — у баб стока тараканов, что секс отходит на самое последнее место.
6. вот білмим.

много ржаки бы рассказала… ұялам тока
zholantai
"Үлкендер әңгімесі" деген қауымдастық бар, қажет болса, айтып айтып алуға болады :)
MeihuaZheng
неа. дәтім бармайд. это за столом. в приватной пьянке )
Daniar-Alan
мәәә… айғайлайтын әйел фигня ғой… вот еркек айғайлағаны… ужос!
пипец әхәхәә
zholantai
смайликті қайтарыңдарЧ, адамдар
asaubota
hoster.kz php версиясын жаңартқан кезде бұрынғы смайликтер функциясы істемей қалды
dark_nazgul
Қанша рет айтам сендерге: әйел сексті қаламайды, адамды қалайды. Қалайтын адамы бар болса, сонымен сексті қалайды, а адамы жоқ болса, еркектер сияқты қышынбайды. Так что, бесінші миф таза миф.
zholantai
демек әнебір "Қаралы сұлу" деген әңгіме таза миф болғаны ғо,
dark_nazgul
Аха. ол сұлу ана қойшыны бұрыннан өзі қалап жүрген ғой.
Gastarbaiter
адамы жоқ болса, еркектер сияқты қышынбайды.

Бұлай айту да тым категорично сияқты. Исключениелер болатынын білем себебі.
zholantai
демек, қойшы мезгілінде, мезетінде, мекенінде бола қалған екен де онда))))
DiasBisengali
Зверь блоггер мен монстр комментчиктер жиналыпты. Не болса да Керекке келгеніме қуанамын.
asaubota
бұрынғы тақырыптарды қарап шық, сол жақ жоғары бағаннан
Gastarbaiter
Жыныстық сауаттылық тұрғысыда өзімің жолым болды деп ойлаймын. Әке-шешем дәрігер болғандықта, тиісті әдебиет және ең басты ғылыми дәлелдерге сүйенген ақпарат жетіспеушілігінен қиналғам жоқ.
Алғаш рет, ненің қайда, қалай, нәтижесі не болатынын ағамның «9-клас биология кітабынан оқып алдым. 9-8-демін. Кейін түсінгенімді мына кітаппен толықтырдым.

12-13 жасымда әкем үйге „Бобурнама“ сосын „Табу девственности“ деген Фрейдтің кітабын әкелген болатын. Екіншісінің көлемі шап-шағын. Пақан көбіне кітапты өзіне алатын, сондықтан амал жоқ, тілі ауыр болды. Әкем оны ең жоғарғы сөреге қойса да, үйдегі кітапхананы реттеу, алфавиттің рет ретімен, тақырыбымен қою менің міндетім болғандықтан, бәрібір, оқып алатынмын.
AsylhanShaykenov
Қалған еді бір топ жігіт жиылып,
Ақырында кетті әңгіме сұйылып.
Шықты біреу мақтан қылып күнәсін,
Әйелдермен жасап жүрген ойнасын.

Деді былай: "Әйел деген – аңқау халық білсеңіз,
Сене салар бетіне сәл күлсеңіз.
Айта берсең құлағына ертегін,
Ашып берер өзі-ақ саған етегін.
Осылайша мен сияқты бұзығың,
Көріп жүр ғой талай–талай әйел қызығын".

Осы кезде сөзді бұзып бір жігіт,
Күнәһарға ашуменен жүз бұрып.
Деді былай:
«Шектен шықты сөзің тым,
Айтшы, қане, әйел деген өзі кім?

Әйел деген — дәл өзіңдей адам,
Әйел деген — кеше сені мәпелеген анаң.
Әйел деген — намысың мен арың,
Әйел деген — қойныңдағы сүйдім деген жарың.

Бесігінде жатқанда бөпелеген,
Тәй-тәй басса, мәз болып жетелеген.
Әйел деген — қызың ғой еркелеген,
Әйел деген — қызың ғой әке деген.

Әйел деген — қарындас «аға» деген
Бір өзіңді қорғаныш, пана көрген.
Әйел деген — әпкең ғой алдыңдағы
Сен қуансаң, қуанар алтын жаны

Аталғандар — туыстық жақындарың
Дәл осындай қатынаста елдің бәрі.
Жоқ олардың керексіз жаралғаны,
Ойын, күлкі, зинаға арналғаны.

Айтшы енді,
Зинасымен мақтанған қайран ерім,
Сол күнәні жақындарға қалар ма едің?

Қалар ма едің анаңның қор болғанын,
Зинақорға қызыңның қол болғанын.
Қалар ма едің астында өгіздердің
Қарындас пен әпкеңнің егіз езілгенін.

Жүрегінде дерті бар надандардың
Әйеліңнен дәм етіп көз ілгенін.
Қаламасаң өзіңе бұл істерді
Өзге үшін оны да қылмыс деп біл»!
Gastarbaiter
Бұл жерде зина жасалуы туралы немесе оның жақсы нәрсе екені туралы үгіт-насихатты қайдан көрдің, бауырым?
zholantai
жә, жігіттер сенетін алты өтірікті білдік, сонымен қыздар сенетін қанша өтірік бар, соны да жазып тастасайш, теңдік болмай қалд ғо,
Gastarbaiter
Бір кітапқа жүк болатын тақырып ғой негізі. Бұйырса, келер жылы жалғасын табар.
DiasBisengali
AsylhanShaykenov Негізі айтып отырғаның дұрыс қой. бірақ тақырып жыныстылық сауаттылық турасында болып жатыр. Жыныстылықты сауаттылықты білмегеннен кейбір, мүмкін одан да көп жанұялар ажырасып быт -шыт болып жатыр.
zholantai
керекте «жауап жазу» деген де батырма бар :)
AKY
Өзіңше болмаш
zholantai
студентің ба? :)
AKY
Қайдан біліп қалдың и)
zholantai
жай айта салғам, сөйтсем емес екен, профайлына қарасам үлкендер әңгімесінде жүр ғо, шырақ
сен де
қайдан біліп қалдың и)
дей қалуыңды,
DiasBisengali
маған айтып жатырсың ба? басқам астына түсіп кетті. егер маған айтып жатырсаң
ken
Секске қатысы бар төрт жазба жазылып еді, көптен кірмей кеткен қолданушылар пайда болды — Симона, Сатыбалды, Тюльпан, Назгүл. тағы кімді ұмыттым?
Gastarbaiter
Адам байқамақ түгілі мән бермейтін заттарды аңғарып жұресің. Айтшы осының табиғат мақан берген қасиет пе әлде жүре пайда болған дағды ма?
zholantai
Айтшы осының табиғат мақан берген қасиет пе әлде жүре пайда болған дағды ма?
Гаста, айтшы, сенің мұның шын сұрау ма, әлде кекесін бе?
ken
«Рахмет, КЭП!» дегені ғо))
asaubota
ken осы сайттың шырақшысы сияқты. үнсіз жүред, бәрін білед, кім келіп-кетіп жатқанын. бірақ өзін ешқашан көрген жоқпыз оффлайнда
Gastarbaiter
Керектің домовойы ғой, Нафанясынссс:))
Simona
Фейсбуктегi жарнама өттi
Tyulpan
иә, осында секс іздеп келем ғой… пішту… байқағышын)))

бір пост жазам деп жүргелі бір жылдай болған шығар… би мен секс туралы. әлі жүррм созыыып ))))
zholantai
осында секс іздеп келем ғой
тамақтағы поршень олайды-бұлай жүріп өткендей ме, қалай өзі )))
Daniar-Alan
би мен секс туралы
о!
zholantai
қазақша Қазнетте тақырыбына «секс» сөзі қосылған посттың көрілім саны атылып шыға келетіні әлі де рас екен
Gastarbaiter
Тақырып атауын өзгерту өзін өзі ақтап жатыр шынымен.
zholantai
секс тақырыбындағы посттарға жұтап жүр ғо жұртшылық, демек :)
zholantai
ойлайм да, осы Шымкентте төсек асты құпиялар туралы жазатын газеттердің материалдарын инетке шығарып, тек сондағы мақалаларды жариялайтын сайт ашса, қаралымы жаман болмас еді деп. Сары басылымдар ғо енді. Біразы жабылып қалды. Сол жабылып қалғандардағы жазылғандарды инетке шығарып жіберу керек-ақ. Сары басылымды қарайтын аудитория да инетке келіп жатыр. Іздейд-ақ
Gastarbaiter
Сол жабылып қалғандардағы жазылғандарды инетке шығарып жіберу керек-ақ.

Әңгіме сауаттылық туралы болса — ондай порно «керек емес-ақ»)))
zholantai
әңгіме сауаттылық туралы емес, жалпы секс тақырыбындағы қазақша жазбалардың өтімділігінен трафик тартатын сайт ашудың болатындығы
Gastarbaiter
Тупо трафик үшін трафик болса, әрине.
zholantai
иә, дәл қазіргі қазақ тіліндегі контент тұтынушы масса үшін осындай сайт өтеді,
MamaAya
))) Қызық тақырып, қызық талдау, меніңше пәктікті сақтау да, оны талап ету де қалыпты болса оған бейжай қарағанның кесірінен туындайтын проблемалар азаяр еді.
А сексті на нет біркісідей, ер кісідей ойлап қоямыз деп ойлаймын. Кейде күн ауыр болып настр түсе бастаса, сол күннің соңында түн тұрғанын, ал ол түнде секс тұрғанын ойласаң-пробка боп тұрған жұмыстар тез-тез атқарылып-ақ кетеді ғой.))
Айқайлау әр түрлі болады дер едім))
4пунктке 150 пайыз қосыламын)
Бірінші түннен кейін екінші түннің келетіні өзіме уайым болған кезінде. Кажется, әбден дәмін татып, рахатын сезінбей тұрып қайта секс іздеп кетеді дегенге қосылмаймын. таза миф, а бірінші рет көргенде қызға секстің ұнауы меніңше мүмкін емес…
Қаншау тусаң да, қанша айналыссаң да қыздығы жоқ қыздай болып жүру соншалықты талқылайтындай мәселе емес сияқты. Тек не істеу керегін іздестіру, табу ары қарай действовать, реализовать
Gastarbaiter
оны талап ету де қалыпты болса
:)
Мақалада айтылған жайттарды ескерсек, мәселе, оны қай критериймен өлшейтініңде, және қалай некеге дейін тексеретініңде… сосын қалай талап ететініңде?
Жеке өзім тиіп алғанша формаль түрде пәк болуды ойлап, жеңіл әрекеттің бәрін есегі көпірден өткен соң бастайтын әйелдер категориясын білемін.
MamaAya
)))Ол жағы енді еркекке байланысты ғой. Басқаны қалап кетуіне жол бермеуі керек.
Gastarbaiter
Тоқсан құлып та ұстай алмайды, назары далада жүрген адамды.)
MamaAya
Бәлкім, Құдай сақтасын әрине))))
Dzhonsaken
Құсбегі тамыр бірде сыраға тойып алып, қиын қыздарға барған. Бір түнге ақшасын төлеп, екі адамдық бөлмеге жайғасқан да шаруаға кіріскен ғой. Арада 1-2 сағат өтер-өтпес үйден қоңырау шалынады, қорадағы ат босанып кетті деп. Құсбегі апыл-ғұпыл жиналып әлгі қиын қызбен қоштасып жүріп кетеді. Қоштасып тұрып қиын қыз «Пайдаланылмаған уақытында тағы бірде кел, тегін өтеп берем» дегенді айтып қалады. Арада 2-3 ай өтеді. Құсбегі тағы бірде сыралатып отырып, түннің жартысы ауа есіне «пайдаланылмаған уақыты» түсіп кетеді де, әлгі жерге барып, ғимараттың есігінен «Сәуле, Сәуле» — деп айқайлайды. Сонда арғы жақтан: «Ей, бұл жерде балабақшаның құрылысы басталып кеткен» — деген бір жуан еркектің даусы шығады…
qonyrbai
Иә, ондайы да бар. Рас!