ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?

Ескерту: Мен бұл репортажды Астанаға қоныс аудармай тұрғанда жазған болатынмын, тек жарияланбаған ешқайда… Сонымен, осы жұмыс істеп тұрған орталықтарға өзім бардым. Жеңіл жүрісті жолмен табыс табатын қыздармен пікірлеспестен бұрын, менде үнемі «олар, неліктен мұндай жолға барады?» деген көкейімде сауал болды. Сөйлескеннен кейін оларды кінәлай кетуден бұрын бұл жолға итермелейтін салдар мен себеп бар екенін ұқтым. Сосын бұл қыздардан алақандай пікірді алуым оңайға түспегені рас. Және қандай жолмен пікір алғанымды ашып айтпауды жөн санап отырмын. Себебі, керекинфода бұдан әріректе жарияланған бір жазбамды жеке өміріммен байланыстырып, сыртымнан әңгіме қылғандарды естіп, ренжігендей болғаным бар. Сол себепті кей жерлерін күңгірттеу етіп тастап кетіп, тек артық пікірімді тықпаламастан айтылар ойды маман ауызынан естігендеріңізді құп көрдім… Мархаббат, ендеше...

Керек тілші: ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?<img
Әлеуметтанушы уәжі


«Жезөкшелік – жастарды құндылық-моральдық тұрғыдан тәрбиелей алмауымыздан» дейді әлеуметтанушы. Алайда студент қыздар мұндай жолға әлеуметтік теңсіздіктің кесірінен баратындарын айтады.

«Қыз-келіншектерді мұндай жолға түсуге итермелейтін нәрсе – ол салыстырмалы түрде оңай жолмен жақсы ақша табу мүмкіндігі. Макродеңгейде бұл құбылыс елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты десек те, негізгі себебі соңғы 20 жылда біздің құндылықтық-моральдық тұрғыдан жастарды бейімдей алмауымыздан туындап отыр. Яғни құндылықтық дағдарысымыздың деңгейінің көрсеткіші» дейді әлеуметтанушы Серік Бейсенбайұлы.

Алайда Алматыдағы «Paradise», «Золотой Дракон» сынды ойын-сауық орталықтарында жұмыс істейтін студент қыздар жезөкшелікпен айналысып, қосымша ақы табуға мәжбүр болуының негізгі себебі қаржылық тапшылық екендігін айтады. Өздерін официант-аниматор деп атайтын олар тек Кореядан, Жапониядан, Қытайдан келген шет елдік азаматтарға қызмет көрсетеді. Бір кеште қызмет көрсету ақысы айтуларынша 300 бен 500 доллардан кем емес. Жұмыс уақыты кешкі жетіден түнгі бір сағат шамасы аралығы. Олар жылу батареялары істен шыққан караокенің жертөлесінде қонақтардың келуін күтеді. Караокеге көңіл көтеруге келген қонақтар алдына қаздай тізілген қыздардың арасынан келушілер көңіліне жаққанын таңдап алады. Әлгі «шекесінен шертіп жүріп таңдап алу» деген нақ осындайда айтылса керек.

Мұнда жұмыс істейтін жасы отызға жетпеген қыз-келіншектердің жарымы студент, біразы отбасынан ажырасқан балалы әйелдер. Официант-аниматор қыздар өздерін әр түрлі шет елдік лақап есімдермен атайды.

Кәсіби маман сөйлесе

Керек тілші: ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Алматыдағы ірі караоке орталығының бірінде жұмыс істеп келе жатқанына жеті жыл болған Алина С. Асфендияров атындағы медицина университетінің студенті. Жұмысым сабақ үлгеріміме кері әсер етпейді дейді ол.

«Сабақтан да қалмаймын, ақшам да бар. Тіпті осы шет елдік клиенттерімнің арқасында тіл үйрену үшін Америкадағы жазғы тіл үйрету мектебінде оқып келдім былтыр. Дубайда дем алып келдім. Өзіме ұнайды. Машинам да бар. Бастысы келісті фигураң мен әдемі түрің болса бәрі сенікі. Бұл караокені екі жылдай болды полициялар мазаламайды. Соған қарағанда мықты «крыша» тапқан болу керек біздің бастық. Бұл жерде қорқынышты ештеңе жоқ. Ұжым болып жұмыс істейміз. Әртүрлі мерекелерде бастығымыз қыздарға сыйлық береді. Осындай кішкене көңіл бөлгенінің өзі қуаныш» дейді Алина. Ол жеті жылдың ішінде талай рет полицияларға ұсталған. Бірақ оларға да тілегені мен сұраған ақшасын берсең оңай босатып жіберетіндігін айтады.

Ал мұнда екі жылдық стажы бар Хабиби Абылайхан атындағы әлем тілдері университетінің төртінші курс студенті. Ол жақында тұрмысқа шықсам, бұл жұмысымды біржолата тастаймын дейді.

«Әкем мен шешем кішкентайымда ажырасып кеткен. Өзім ақылы бөлімде оқимын, өзім төлеймін. Мен біреудің ақшасын ұрлап жатқан жоқпын ғой. Өз күшіммен ақша тауып жүрмін. Сондықтан менің өмірімнен хабары жоқ біреудің маған сын, ескертпе айтуына еш қақысы жоқ. Сосын мұндағы шет елдіктер жергілікті қазақстандықтардан көп төлейді. Қазақстандықтар келмейді де. Бізге Кореядан «Samsung» компаниясының бастықтары келеді. Басқада шет елдік мықты компаниялардың қызметкерлері жиі келіп тұрады. Бірақ жаңадан жұмыс істеуге келген қыздарға бас тартуларын айтамын. Себебі бір сағат жезөкше болып істесең, мәңгілік жезөкше болып кеткенің» дейді.

Хабибидің жақын құрбысы Зара ҚазЭУ-нің 3 курс студенті. Олар Талдықорғанда мектепте бірге оқыпты. Зараның айтуынша бұл жерде тұрмыстық қиындықтарды басынан кешкендер жұмыс істейді екен.

«Жеке өзімді айтар болсам, оқуымның ақшасы, квартирамның ай сайынғы төлемі, өмір сүруіме керек ақшамен ата-анам қамтамасыз ете алмайды. Өздерінің кредитін төлей алмай отыр. Үйіме ай сайын елу мың тг жіберіп тұрамын.Біреу ерігіп мұнда жұмыс істемейді. Еріккендер істей алмай екі күннен соң кетіп жатады. Күндіз жарты ставкамен мамандығым бойынша бухгалтер болып жұмыс істеймін. Кешке осы жұмыстамын. Әрине қиын, бірақ уақыт өте келе үйреніп кетесің» дегенді айтады.

Психолог уәжі

Керек тілші: ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН АЙНАЛЫСУДЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Психолог Бақыт Дастанқызы мұндай жолмен қосымша ақы табуға мәжбүр студент қыздардың бұл жолға келуінің әр түрлі себептері бар дейді. Мысалы, отбасы жағдайының дұрыс болмауы, материалдық жағынан қиындық көруі, жеке факторлар, ортасындағы адамдардан алдануы, жігіттерге қатысты алданып қалуы, ауылдан келген қыздардың қалада жүргенде өз орындарын таба алмай қиналған кездегі оңай жолды іздеуі немесе алданып қалуы және т.б. факторлар әсер ететіндігін айтады.

Психолог Бақыт Дастанқызының ойынша, «студент қыздардың жезөкшелікпен айналысуының негізгі себебі осы жолда жүрген тұлғаның жеке мінезінен немесе оның тәуелділігі есебінен, замандастарымен қарым-қатынасының күрделігінен, білімде, карьералық өсуде талпыныстың жоқтығынан. Сондай-ақ, материалдық және тағы басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында осы жолға түсуі мүмкін. Бізде қазір материалдық құндылық бірінші орынға шығып кеткендіктен, рухани құндылықтар екінші орынға қалып жатады».

«Ол қыздарға неліктен мұндай жолға түсуіне қатысты, қалай азайту керкетігі жайлы жалпылама ештеңе айта алмаймыз. Психологтар индивидуалды ерекшеліктеріне қарай отырып, әр қайсысын жеке тұлға ретінде тыңдап, мәселелерімен таныса отырып қана көмек қолын соза аламыз» дейді психолог.

ІІД-нің айтуынша 2014 жылы қаңтар айында Алматы қаласында жеңгетайлық ісі бойынша сегіз факт тіркелген, оның төртеуі қылмыстық іс негізінде танылып, сотқа жолданса, 2013 жылы 65 іс тіркеліп, 19-ы қылмыстық әрекет болып танылған.

P.S: Суық жертөледе топтанған қыздар әңгіме айтып отырды. Сонда әрқайсысы өз армандарын ортаға салды. Біреуі тұрмыс құрғым келеді дейді, біреуі шет елге кеткім келеді дейді. Сонда тұрып ішіндегі біреуінің айтқаны ғой:
Мен аристократтардың арасында осы жұмысымды істегім келеді, күшті ғой.


***Өзiм түсiрген суреттерiм дәл қазiр қолымда болмағандықтан репортажға көркемдiк мақсатта немiс көркем суретшiсi Отто Дикс шығармалары пайдаланылды. Суретшiнiң туындылары жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтiк маңызы бар тақырыптарды бейнелеуiмен ерекшеленедi. Бiрiншi картина «Проститутки» деп аталса, екiншi картина «Светские дамы», «Люди» атты суреттерi.

Ая Өмiртай
bk
Бөлісу:

92 пікір

satibaldi
қосымша ақы табуға мәжбүр болуының негізгі себебі қаржылық тапшылық екендігін айтады.
Лібә, ішім өтіп кетті нақ Мен ақшаны оригами жасау үшін табатын шығар десем, ммуах-ха-ха-ха-ха-ха-хаааа
Aya
Жа, сонша кулгенi несi:-)
Aya
Мумкiн, жюрилер окымай турып осы сойлемдi озгертiп тастасам кайтед?!)
satibaldi
Хайуан бақталастарың айтып қоятын шығар
Boltirikbek_Alshyn
Макродеңгейде бұл құбылыс елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты десек те, негізгі себебі соңғы 20 жылда біздің құндылықтық-моральдық тұрғыдан жастарды бейімдей алмауымыздан туындап отыр. Яғни құндылықтық дағдарысымыздың деңгейінің көрсеткіші
Қаратабандардың тілінде қалай болады екен?
Boltirikbek_Alshyn
Официант-аниматор қыздар өздерін әр түрлі шет елдік лақап есімдермен атайды.
Экзампл?
Boltirikbek_Alshyn
Бастысы келісті фигураң мен әдемі түрің болса бәрі сенікі.
Ақ Ордадан неге көрінбейді? Министрлікте неге жоқ?
Boltirikbek_Alshyn
Бірақ оларға да тілегені мен сұраған ақшасын берсең оңай босатып жіберетіндігін айтады.
Тілегені — төсек па?
Boltirikbek_Alshyn
Абылайхан атындағы
Орыстар да Хан Абылай деудің орнына Абылайхан дейді. Нәтижесінде бір двордағы алқаш боп шығады.
Boltirikbek_Alshyn
Өз күшіммен ақша тауып жүрмін.
Хардкор ма?
Boltirikbek_Alshyn
Бізге Кореядан «Samsung» компаниясының бастықтары келеді.
Apple-дің бастықтары неге келмейтіні түсінікті болды.
Boltirikbek_Alshyn
бұл жерде тұрмыстық қиындықтарды басынан кешкендер жұмыс істейді екен.
— Амал жоқ, осы кафеде таңға дейін ыдыс жуамын. © Қалдыгүл, 2-курс студенті
— Шаршасам да қайтем енді? Осы Эсперанзода даяшымын. Жұмыс таңға дейін. © 3-курс студенті
— Жақында оқуымды аяқтаймын. Мына ресторанда администратор болғаныма біраз болды. © 4-курс студенті
Boltirikbek_Alshyn
Әрине қиын, бірақ уақыт өте келе үйреніп кетесің
Boltirikbek_Alshyn
Психолог Бақыт Дастанқызы
және
Психолог Бақыт Дастанқызының ойынша
Сонда екеуі екі түрлі адам ба?
Boltirikbek_Alshyn
екiншi картина «Светские дамы», «Люди» атты суреттерi.
Картина ма, сурет па?
ademi_alem
Ауыр тақырып… Бірде Өскеменде қала сыртындағы туысқандарыма бару үшін жолдан такси тоқтаттым. Жүргізушіге жолда әлдекім хабарласты. Ол маған «Мен тез арада бір адамды жолдан алып, бір жерге апаруым керек. Қарсы емессіз бе?» деді. Қарсылығым жоқ екенін айттым. Сосын бір көпқабатты үйге бардық, ішінен шашының алба-жұлбасы шыққан, сәл еңкейсе ішкиімі көрінетін қазақ қызы шықты. Өзі сондай жап-жас, әп-әдемі. Жүргізуші одан "Қайда барамыз?" деп сұрап еді, ол «Саунаға. Сол өзің білетін жердегі» деп жауап берді. Жолда жүргізуші одан «Бүгін нешеумен болдың?» деп сұрағанда ол қыздың кім екенін түсіндім. Қыз оған неше адаммен, қалай болғанын айтып отырды, ал мен оған ойланып қарап қалдым. Менің қарап отырғанымды байқап «Не қарайсың?!» деді. Мен "Ұялмайсыз ба?" дедім. Ол «кімнен?» деді, мен «Сізден үміт күтетін ата-анаңыздан. Олар көрмесе де Құдайдан» деп едім, «Ал мені мамам тастап кеткенде неге ұялмады??? Құдай дейсің бе? Күлкімді келтірмеш!» деді де жүргізушімен әңгімесін жалғастыра берді. Саунаға таяп қалғанда қыз жүргізушіден осы уақытқа дейін пәтердің ақшасы жиналып қалғанын, бірақ пәтер емес машина алғысы келетінін айтып еді, жүргізуші оған ең бастысы баспана екенін айтты. Сөйтсем бірнеше жезөкше анда-мында апарып салу үшін тек осы жүргізушіні ғана шақырады екен.

Алматыда осыған ұқсас жағдай болды. таксиге отырып едім, жолдан тағы бір апай тоқтатты. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып біреумен сөйлесті ұялы телефонмен. Көп ұзамай сутенёр екені белгілі болды. Оның айтуы бойынша, қол астындағы қыздардын екі-үшеуі ғана ақшаға мұқтаждықтан, ал қалғаны тәнін қанағаттандыру үшін жүр екен. Екі-үшеуінен басқасы «жоқ» дегенді естіп көрмеген байдың қыздары деді.

Осы жағдайлардан кейін қорытқан ойым: мұндай жолға түсуге АРдың жоқтығы ғана себепші, ал қалғаны сылтау ғана сияқты.
Rafaello
Жоқ, шынымен ақша жоқтықтан емес, тән ләззаты үшін жүретіндер бар
ademi_alem
Әбден мүмкін. Әлгі жетім қыз да бұл қадамға басында ақша жоқтықтан, кейін осы себептермен жүрген сияқты болып көрінді «анамен болған ұнады, мынамен болған онша емес» деп саралап отырғанына қарағанда.
Aya
сіздің осындай әбден піскен тұжырымды ойларыңыз ұнайды.
nurbergen_makym
жеке факторлар деген не?
Aya
Психологтан нақтылап сұрап алмаппын ғой, енді отыруға болады сан-саққа жүгіртіп, білмедім:)
Gastarbaiter
Өзін жек көретін адамдар ғана кім болса сомен жатады деп ойлаймын.
Кез келген саналы таңдау бейсаналыға жүгінентінін ескерсек, бұның тамыры балалық шақта. Адам өзінің бағасын, өзінің қажет екенін басқалай жолмен сезіне алмағанда, өзін өзі осы өмірде ешқалай жүзеге асыра алмаймын деген үрей билегенде осылай төмен түсетін сияқты. Және балалық шағында еңбек, білім мен ізденістің тек ақша табу амалы ғана емес, тұлғалық жетілудің жолы екенін сіңіре алмағанда болатын сияқты.

Жыныстық қалау бәрінде бар. Ал оны сауда саттық деңгейге шығарып, еңбегін емес, өзін тауар ретінде ұсынуға тек құлдық сана, эмоциялық жетілмегендік, тобықтан төмен интеллект, жеңіл ақша құмар құзғындық пейіл мен жатыпішер жалқаулық сияқты қасиеттер итермелейді деп ойлаймын.
Aya
иә, дүниежүзі психологтары ойы бір жерден шығады-ау деймін:)
Dana
келісем, сондай-ақ, бойындағы иманның әлсіздігі.
zholantai
не ғо, өзің түсірген фотоларды қашан көреміз?
Aya
бұл, жазба репқа сенбеймін дегеніңізді білдіре ме?
zholantai
білдірмейді
жезөкшелерді еркектің емес, қыздың түсірген фотоларын көру қызықтырады
Aya
жалпы екі реп жазған едім, біреуі СЕйфуллин көшесі маңындағы екіншісі, осы студент жезөкше қыздар туралы. Бүгінгі рептегі кейіпкерлер Сейфуллиндағыларды «адам санатына» қоспайды айтыстарына қарасам:) Сосын оларды фотоға түсіру өте қауіпті, өлтіре салудан тайынбайды меніңше:) Оны кәдімгі тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Ал шала-шарпы т үсірген фотом Алматыда ноутымда қалды. Сіңлім ақыры таба алмады қай түкпірінде жатқанын, сосын отырм енді)
zholantai
түсінікті, фото керек емес, қайтесің, тағы бірдеңе қылып кетіп жүрсе
Бүгінгі рептегі кейіпкерлер Сейфуллиндағыларды «адам санатына» қоспайды айтыстарына қарасам:
неге қоспайды?
ken
Тақырып неге капслокпен жазылған?
Aya
Маған репортаж жазуды үйреткен мұғалімім тақырыпты осылай қоюды үйреткен еді, сол әдіске басып кеттім. Неге сұрадыңыз?)
Ispek92
Егер КАПСЛОК-пен жазылса іздеу жүйелері алғашқы қатарға қоятынын біліп жаздыңыз деп топшылап отырмын, мәселенки гугл әжейден бір школота жезөкше деп іздеді, сіздің жазбаңыз алғашқылардың бірі болып шықты, мықты қадам)))
Arys_arlany
Бір мектепте жиналыста отырмыз. Оқушыларға ғой тағы. Прокурор тұрып: "Қыздардың жезөкшелік жолға түсіп кетуінің көп себептерінің бірі, отбасында ӘКЕ тәрбиесін көрмеуі, яғни әкесіз өсуі. Өйткені қыз бала жастайынан еркек иісін бойына сіңіріп өспесе, жасы үлкейе келе еркек құшағына аңсары ауып тұрады екен. Ал, әкесіз өскен қыздар әкенің мейірімін, әке иісін қайдан алсын." деп еді. Олда бір себеп сияқты. Ал Гастекеңнің пікірін 150% мақұлдаймын…
AKY
"Қыздардың жезөкшелік жолға түсіп кетуінің көп себептерінің бірі, отбасында ӘКЕ тәрбиесін көрмеуі, яғни әкесіз өсуі. Өйткені қыз бала жастайынан еркек иісін бойына сіңіріп өспесе, жасы үлкейе келе еркек құшағына аңсары ауып тұрады екен.
фуу, оттай беред екен да прокурорларың да
MERmukhanov
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Жезқазғанның кеншілері қайдан білсін,
Өндіргені өкшелерге кететінін…

десең
Dana
"Қыз бала жастайынан еркек иісін бойына сіңіріп өспесе, жасы үлкейе келе еркек құшағына аңсары ауып тұрады"

осы бір себеп өзінің тәнін саудалауға алып бара ма?
Arys_arlany
әпше ма қарындас па опшым, «прокурорлар зерттеген ғой ЖЕЗӨКШЕЛеРДІ, сонда, олардың көпшілігіосылай әке тәрбиесін көрмеген, әкесіз өскен қыздар болып шыққан.» енді түсінікті ма
Dana
Бұл сөзді прокурорлар оқушылардың алдында тұрып айтарға сөз таппағандағы бос сөзі деп білім.
Dana
«Тіпті осы шет елдік клиенттерімнің арқасында тіл үйрену үшін Америкадағы жазғы тіл үйрету мектебінде оқып келдім былтыр. Дубайда дем алып келдім. Өзіме ұнайды. Машинам да бар.»

Хайуандық жолымен жиып-тергеніне маз болып, шалқып өмір сүргенше,қара су мен бір тілім нанын адал еңбек, маңдай термен тәнін көрінгенге саудаламай-ақ, күн көруге болмас па екен?
assar
Дамыған бай елдердің өзінде жергілікті халық арасынан жезөкшелікпен айналысатындар көп. Сосын жігітке алданып қалу деген сылтауды доғару керек, тұрмыс құрмай төсекке барды ма демек алдану емес тәрбиенің кемшілігі. Оларды ешқашан түсінбей өткеніміз дұрыс.
ken
Осы неге «жезөкше»? Неге темір немесе мыс өкше емес? Және неге дәл өкше? Неге табан немесе алақан емес? Қайдан шыққан сөз?
Ispek92
Міне, сұрақ, бірақ неге жауап емес деген секілді)))
Dana
Тілімізде «жез таңдай» деген сөз де бар, бұл сөз — ділмар, сөзге шешен дегенді білдіреді. Сол секілді «жезөкше» — өз ісінің мықтысы, шебері болса керек. "Өкше" табанға қарағанда қатты жер емес пе, соған қарап мейірімсіз, адамдық қасиеттен жұрдайларға қарта айтылған сөз деп білем.
ken
"Өкше" табанға қарағанда қатты жер емес пе, соған қарап мейірімсіз, адамдық қасиеттен жұрдайларға қарта айтылған сөз деп білем.
Өкше табанның бір бөлігі ғой. Сондықтан өкшені табаннан қатты не жұмсақ деу...? Тіпті қатты болғанының өзінде, оның қаттылығы мен адамның мейірімсіз/жағымсыз қасиеті арасынан байланыс көріп тұрғам жоқ. Адамға не басқа нәрсеге жақтырмай "өкше" деп айтылғанын естімеппін. Сіз ше?)))))
Dana
адамдық қасиеттерден жұрдай дегенім, үлкен-кіші немесе ұнатсын-ұнатпасын кім көрінгенмен бір болып, тәнін сатқан «арсыздар» деген мағынада жазғанмын. Мен «жезөкшелерді» тылсым, түсініксіз аралдай елестетемін. Кім көрінген саяхат жасап, демалып, өз қажетін өтеп кете беретін… «Аяқ асты болыпты» деген сөздің аясына сыйдыруға болады деп ойлаймын.
edige
О баста тікелей атап қоймақ болған екен. Өңірлерде атауы әр түрге өзгерген соң осылай мәдени атағанның түрі
))))))
VKM
Қазақтар қыздарды талқылаудан әлемде 1 орында шығар. Әсіресе жігіттер бұлбұлша сайрап кетеді)))
Ispek92
Негізі үндемей отырғанымыз да бар, ескеріп отырыңыз, дажы қолыңызда спискы бар секілді ғо))))
VKM
Исабек үнсіз қалыпты))))) Спискы бар)))))
ken
мені де байқамапсың
Aya
Негiзi осы туралы сiзден бiр кенес сурап журушi едiм гой:-)
ken
Есімде жоқ. Не туралы? Қандай?
Qazaqiya
Jezoksheler ademi bolushy ed… mynalaryn qorqynyshty goi ;))))
Olar turaly jazganda uialmai durystap keltiru kerek qoi mysaldardy… qaitkenmen jezokshelik kasibi eshqashan da qazaqtarda toqtamaidy! Sebebi, qazaqtarda burynnan birneshe qatyn alyp uirenip qalgan, orystardyn bir katyndyk jueni engizgeni olarga jaksy… qazaq qyzdaryn aqshaga alatyn boldy ))) Bizde de endi qalyptasyp qaldy sondai adet. Ashshy shyndyq: ar qazaqta 8 qatynga dein bolsa sol jezokshelikti tubimen qurtuga bolad. Oibai demografiya dep te jogarydagylar zarlamas ed… ))))))
Arine, jagdaiy bolyp asyrai alatyndar ushin. Sonda bailar kobeier edi goi atten!!! ALGA QAZAKIYA!!!
malik
ar qazaqta 8 qatynga dein bolsa

Көке-еу, бір қатының бар ма өзі?
bazuka
қоғамда болу керек кәсіп, жоғарғы деңгейде мамандандырылғандары болса ваще күшті болады.
Boltirikbek_Alshyn
СОНДА ЖЕЗӨКШЕЛІК ДЕГЕН КӘСІПТІҢ БІР ТҮРІ БОЛДЫ МА? ЕНДЕШЕ, КЕЛЕСІ ТАҚЫРЫПҚА САЛИҚАЛЫ-ИМАНДЫ ФОТОРЕП ЖАСАУҒА БОЛАДЫ ЕКЕН. АЛ АҚША СҰРАМАЙ, ЖӘЙ ҒАНА ЖІГІТПЕН ЖҮРІП ЖҮРГЕН ҚЫЗ БОЛСА ӘРКІМНІҢ АСТЫНАН ТАБЫЛҒАН. ОЛ ДА ЖЕЗӨКШЕ МЕ, БІРАҚ АҚША ТАППАЙДЫ ҒОЙ?
nurbergen_makym
Негізі рақат тақырып қой. Поп пен полицей де, медик пен суретші де, тарихшы мен тіл маманы да ой айта алуға компетентті деп ойлаймын. Мысалы, меніңше, қара бақыр — жезтиын мен жезөкшенің арасында бір байланыс бардай. Бірақ, олай деуге не тарихшы, не тіл маманы емеспін. Башқұрттарда «Еҙ үксә» дейтін би бар екен.

Суреттер күшТ!.. Сенің фотоларың тап осындай эффект бере алмас еді деп ойлаймын.
Aya
Салмақты пiкiр бiлдiргенiзге рахмет. Осы бiр картиналардың қарабайыр фотоларымнан әсерлiрек екенiн өзiм де сездiм)
Sunshine
осыны alashaynasy.kz танымдық порталынан оқып едім, әлде сол автор сіз бе? бірінен аумайтын пост…
Aya
Иа, осы жактан кошiрiп баскан гой, рейтингтарын котерiп алу ушiн:-))
Daniar-Alan
zholantai
млин, керектегі посттарды (автордың өзі контентін) тек админнің жазбаша рұқсатымен ғана көшіретін қылу керек, болмайды ғо, бұ, тупо копиповать и вставить еткен, admin , asaubota
бұл байқауға жазылған пост ғо, қалайша басқалары көшіріп алып, өз сайттарына қоя салады?
yerlanospan
Мысалы, біреуге еш жерден шықпай, жезөкшелік тақырыбына ойдан әңгіме құрастыр деген тапсырма берді делік.
Ол әрине, бір-екі жезөкше ойлап табар еді.
Ол әрине, ойлап табылған бір-екі жезөкшенің аузымен әкем жынды, шешем маскүнем болды дер еді.
Ол әрине, бұрын газеттен оқыған бір-екі «орталықтың» атауын атап, ақысы-айыппұлы сияқты бір-екі сандерек келтіріп жіберіп, шындық эффектін бермек болар еді.

Жоқ, мен сіздің репортажыңыздың растығына күмәнім жоқ. Мен тек, репортаж деңгейі — ойдан шығаруға болатын әңгімелерден бір мысқал жоғарыда тұрса деймін.

6 ұпай.
bake
Жарнама:
жанрнама
Осыдан 2-3 жыл бұрын «Казторкада » торрент трекерде «Место желаний» деген баннер тұрған. Сол тематика бойынша алғашқы жарнама дер едім «скриншотын»сол кезде түсіру ойға келмепті.
zholantai
сонымен себебі неде болд?
Aya
психолог пен әлеуметтанушы уәжі жетпесе өзгеше қанағаттандыра алмайды екенмін, хешірерсіз.
Daniar-Alan
өзгеше қанағаттандыра алмайды екенмін
а?
xsanatos
кейіпкерлерің қазір қайда екен? байланысып көрмедің бе?
Aya
Қызметін қажетсінсеңіз, орталықтың мекен-жайын нұсқап жібере аламын. Байланысатындай олардың маған не қажеті бар?
xsanatos
еу, дүние-ай, енді ертеректе жазылған репортаж болса (болса егер), шамалы ақпаратын жаңалап көрмедіңіз бе?
zholantai
ақпаратын жаңалап не керек? со бір өмір, со өмір шығар
asaubota
Ая бұл жолы асығыстық танытқан сияқты. тақырып иә қызық, адамды тартатын тақырып. пікірлер мен оқылу саны соның айғағы. бірақ репортаж ретінде әлсіз

6
Aya
Рахмет, Аршат бағалағаныңызға. Бірақ өзім үшін өміріме өте қажет ақпараттар жинадым, бастысы сол деп ойлаймын. Репортажға мүмкін татымаса татымайтын да болар. Бірақ бұл ортадағы адамдардың тағдыры кезінде өзімді қатты алаңдатқан болатын. Ішіме сыймай оқырманға қалай жеткізерімді білмей көп ойландым. Сондықтан бұл тараптағы әңгімені кейін ес-ақылым түзелген соң көркем шығарма ретінде жазамын деп шештім.Түсінемін, репортажға сапасы нашар болса да фотоайғақтар керек сендіру үшін. Бірақ бір жетістігім көркем шығармаға жүк болатындай өмір мен тіршілікті көрдім. Сізге бағыттап жатқаным жоқ пікірді, реті келген соң жазып қалып жатқаны ғой:)
asaubota
жезөкше болып шығып көргеніңді өмір мен тіршілік көрдім деп отырмаған шығарсың?

Орташа Есеппен Қазақ Жезөкшесі деген пост жаза алар ма едің?
Gastarbaiter
жезөкше болып шығып көргеніңді

Мынандай нәрселерді айтуға деректер жеткілікті ме Аршеке? Бұл өте серьезная предъява, сөзге ответ бере алмасаң, жестоко наказать етуге тұрарлық тіпті.
Пруфлинк болса, әңгіме жоқ.
asaubota
бүгін мына сөздерімді сұрап жекеге жазғасын осында да жазайын. бұрын Азаттықта жазған едің жезөкше болып шығып көргеніңді, соны сұрадым. сөздеріме дұрыс мән берсең сені жезөкше болдың деп тұрмағанымды түсінер едің
Aya
Ол басқа реп болатын, жалпы жезөкшелер туралы. Бұл реп студент жезөкшелерге қатысты болатын, и комменттерде тек студент қыздардан алынған. Сонда да «жезөкше болып шығып көргеніңді» дегеніңіз бір сұмдық оқылады екен:)
asaubota
Барынша дұрыс жеткізуге тырыстым. Айып етпе қате түсінік тудырған болсам
Gastarbaiter
Жалпы жезөкше, жалқы жезөкше. Сен жезөкше болып шығып көрдің бе сонда?
Gastarbaiter
Смертный грехтар болады жазбагерлік мынау тірлікте.
Оның ешқайсысын байқамадым. Просто, тақырып еш сыйластық тудырмайтын тақырып болған соң… Өкіртіп тұрып педерасттар, стриптизшілер туралы жазба жазсаң да, егер мәселе оларды ату, дарға асу туралы болмаса, аса қолдауға ие болмайтыны анық.
zholantai
осы посттағы бағалаудан кейін жюрилердің бағалау картасы ашылып қалд, яғни қай жюриге қандай тема өтетінін байқадым
адекват және неадекват, опшым :)