Samsung Electronics Қазақстан киноблогерлерді байқауға шақырады

Блог - asaubota: Samsung Electronics Қазақстан киноблогерлерді байқауға шақырады

Samsung Electronics Қазақстан, SZH.KZ пен KEREKINFO.KZ сайттары бірігіп ұйымдастырған «Үздік кино сыншысы» атты конкурсына қатысуға шақырамыз. Ол үшін өзіңіздің сүйікті фильміңіз, не жақында көрген жаңа киноңыз туралы пост жазуыңыз керек. Отандық кино ма, әлде шетелдік фильм бе; быт-шытын шығарып, сынап тастайсыз ба, әлде асқақтатып, мақтап жібересіз бе – өз қалауыңыз.

Жеңімпазға арналған сыйлығымыз — HT-F5550K/RU деген күшті үй кинотеатры.
Блог - asaubota: Samsung Electronics Қазақстан киноблогерлерді байқауға шақырады

Бір ғана міндетті шарт бар:
әлеуметтік жүйелердегі біздің ресми http://vk.com/samsungkazakhstan мен https://www.facebook.com/SamsungKZ деген топтарымызға жазылуыңыз керек. Біз тексереміз

Тағы бір шарт емес, ниетіміз:
Постыңызда біздің керемет саундбарымыз туралы жазып жіберсеңіз, күшті болар еді! Ол туралы толығырақ:
http://www.samsung.com/kz_ru/consumer/audio-video/home-theater/shelf-type/HW-H550/RU
Samsung Electronics Қазақстан конкурстың шарттарын өзгерте алады. Бірақ, жүлдесі өзгермейді және ақшалай берілмейді. Байқауға ұйымдастырушылар және оларға қатысты адамдар қатыса алмайтынын ескертеміз.
Байқау 26 тамыздан бастап қыркүйектің 8-не дейін жалғасады. Жеңімпазды 9 қыркүйекте жариялаймыз.

Сәттілік тілейміз!
Бөлісу:

66 пікір

patick
Фейсбуктың сілтемесі Вконтактіге лақтырады
zholantai
Отандық киноға жазылған сауатты рецензия құпталады, оқылады, қаралады, талқыланады
шетелдік өнім болса, онда тек ювида ғана өз оқырманын табады,
bake
Неге? Шетелдік жақсы киноны көрмей жүрміз бе?
zholantai
өйткені, қазақ киносы емес,
қазақ киносына жазылған сауатты рецензия аз
bake
Онда қазақ киносының критерийлерін анықтап алайық. Қазақстан Ресей бірігіп ресейдің киностудиясында түсірілсе қазақстандық кино бола ма? Шетел киностудиясында қазақ режисері түсірсе ше? Әлде кинода қазақ немесе қазақстандық актер ойнаса жарап жатыр ма? Әлде кино мазмұны қазақстанға байланысты болуы керек пе? Совет тұсында түскен кинолар ше? Міндетті кино емес деректі фильмдерді қоссақ қайтеді. Олда киноөнердің бір түрі.
zholantai
бұлай күрделендіріп қажет емес, Қазақстандағы киностудия түсірген, қазақ актер ойнаған, қазақ режиссері жетелеген, қазақстандық продюсер басқарған, қазақ тілінде түсірілген, немесе қазақ және орыс тілдері аралас тілде түсірілген киноны алайық))
qonyrbai
«Жаралы сезім» киносына жазсам бола ма?
zholantai
байқау ережесінде таңдау еркіне шек қойылмағаны айтылған, демек болады))
abzalsariyev
постты қайда жазамыз және арнайы хэштегі бар ма?
asaubota
осында жаз. олар күнде қарап отырады
e_zhalgas
«Арнайы „Үздік кино сыншысы“ байқауы үшін» деп алғашқы абзацта көрсетіп, керекте жариялауың керек.
patick
Қатысуға тырысамын
zholantai
үздік постты анықтау критерийлері қандай?
Патиктің рецензия жазу ережесіне бағынады ма?
nurma
Қызық болу керек)) Бізге фильмның мазмұны емес, қайта сіздің ойларыңыз қызықтырады. Кинода көтерілген проблемалар туралы не ойлайсыз — сол маңызды
zholantai
сіз, осы байқаудың модераторысыз ба?
Соңғы түзету:
nurma
Жюридің мүшесiмiн ))
e_zhalgas
Үздік жазбаны, яки жеңімпазды, ұйымдастырушылар тек субъектив пікірлерінің негізінде өздері анықтайды
zholantai
ұйымдастырушылардың ныспыларын да жаза отырсайш
Aikona
Посттар тек сұрақ-жауап пен керекинфоға салынуы керек пе? Массагетке жарияласа болмай ма?)))
e_zhalgas
Иә, посттар тек екі сайтта ғана жариялануы керек.
qonyrbai
Kerekinfo-да жазған жақсы сияқты. Оқуға да ыңғайлы.
zholantai
бумеранг-баннер деген осы ))
Соңғы түзету:
qonyrbai
Жақсылық екен. Жақсылыққа ат салысайық.  Қатысушыларға сәттілік тілеймін!
e_zhalgas
Қатысыңыз. Мүмкін, жеңім қаларсыз
qonyrbai
 Қатысам ғой. Бірақ тәжірибелі блогерлер, киномандар бар дегендей.
asaubota
қайта тәжірибе жинақтайсың, өзіңді жарыста сезініп көрінесің. жеңістер бірден келмейді ғой
Gastarbaiter
Міне, ой! Аршат дұрыс айтады. Жарыспасаңдар ешқашан жарыста жеңетін дәрежеге жетпеулерің мүмкін. Кемінде, психологиялық барьерді жеңесің.
bake
Жуықта жазған үш постым саналама? 25, 22, 18 тамызда
nurma
ерiнбей тағы бiреуiн жаза салсаңыз, артық болмас )))
bake
Ең соңғысын қарап көріңіз. 25 тамызда жазылған. Әрине жазуға тырысамын.
e_zhalgas
Жоқ, тек байқау жариялағаннан кейінгілер ғана саналады.
qonyrbai
Сіз де «наблюдениенің» бақылаушысысыз ба?
Ispek92
Сұрақ туповатыйлау, әбизөк бір киноға(сериалға) рецензия жазу қажет пе? Спартактың барлық сезонына жазып тастайын деп едім)))
e_zhalgas
Патша көңілің білсін. Ұятсыз картинкаларын қосып-қосып қой
Ispek92
Зенаның төсін бе?
zholantai
Спартакка жазып қайтесің, қан үйіндісі ғо, басқа ештеңе емес
одан да «Во все тяжкие»*-ні айналсоқтасайші))
Ispek92
Басқалар со пістәлөт заманын жазатын секілді, ал маған тарих ұнайды, Құбылайға жазсам ба екен)))
zholantai
«Спартакты» қабылдай алмадым

Құбылайға жаз, жаз,
мен оқитын едім
Arys_arlany
Он и она фильмін көргеннен кейін жарты бет жазып ем өзіме.))) бұгін универсальный солдат киносын қайталап көрдім. Ван Дам кумириміз еді ғой бала кезде. Ауылдағы видеокасеталар қолма қол ауысып жүруші еді.
Arys_arlany
таптым мен киномды болды жазамын)))
Erkekyz
Видеоблог жасап, сосын оны осында салса бола ма?))
qonyrbai
VBlog-ың дайын шығар, бәлкім...
Ispek92
Рецензияға видеоблог қалай болады екен, елестетіп көрдім: жұмсақ кресло үстінде Еркеқыз «Наруто» көріп отыр, жанында ең соңғы үлгідегі видеокамера, ал кресло үстіндегі ханым анимеден алған әсерімен тікелей эфирде бөлісіп отыр. Тамаша, біздің көргіміз келеді
zholantai
не ғо, пойыз уж жүріп кетті ме, әлде алдағы 00:00 ге дейін бір рецензия жарияласам, қатыстырылады ма?
qonyrbai
Қатыстырылмаса да жаза бер. Оқиық.
qonyrbai
Жәке, әлі де кеш емес. Рецензия жазып көрерсің. Сайыстың жауабы ертең шығады екен. Бірдеңе бұйырып қалар, жаз!
asaubota
12 пост жазылыпты. Samsung Kazakhstan қосымша сыйлықтар қосса жақсы болар еді

«Күнәһардың» күнәсі — kerekinfo.kz/blog/narrator/13348.html
Шалдарын керек қылмайтын мекен — kerekinfo.kz/blog/kazkino/13346.html
Малефисента: қанаты барлар түсінеді — kerekinfo.kz/blog/13345.html
ДӘРЕТХАНАҒА «ЖІБЕРМЕГЕН» ФИЛЬМ… — kerekinfo.kz/blog/13342.html
Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези — kerekinfo.kz/blog/13341.html
Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия) — kerekinfo.kz/blog/13340.html
12 — kerekinfo.kz/blog/13339.html
«Шалдың» соңғы киносы немесе "Әліпмұратова, туған күніңмен!" — kerekinfo.kz/blog/13328.html
}{0ТТ@БЬ)Ч интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі — kerekinfo.kz/blog/13329.html
The Newsroom — kerekinfo.kz/blog/13324.html
Армандар қайда апарады? — kerekinfo.kz/blog/kazkino/13320.html
1+1 фильміне резенция — kerekinfo.kz/blog/13274.html
qonyrbai
Шабыт алып, рейтиңгім көтеріліп, жұртқа пүліс қоя алғаннан жақсы сыйлық болмай тұр мен үшін.
asaubota
Samsung оқып бітіре алмай жатыр ма, әлі хабар жоқ қой
qonyrbai
 Түсінбей жатқан шығар.
asaubota
Ұйымдастырылуы нашар болды. Уақытында қорытындыланбады. 16 қатысушыға Самсунгтан 1 жүлде ғана.
zholantai
Сұрақ-жауаптан да қатысқандар бар.
сонымен кім алды?
Қисықтың постың лайық деп отыр едім,
Ispek92
Жеңімпазды білгіміз келеді, әлде мен жіберіп алдым ба?
satibaldi
Оооой шешесс, HT-H5550K кинотеатры құсық екен ғой, LG оны баяғыда шығарып тастаған :*)) :*)) :*))
satibaldi
Менде 16 колонкалы LG кинотеатры болды, еш жырлытылусыз/жарнамасыз 3D-дыбысты айырып алатын еді, шынын айтқанда, киноға дыбыс үшін баратын едім, оны алған соң — баруды тіпті қойып кеттім. Әсіресе хуйбыжық кинолар көргенде тасың бүрісіп, зәреңді ұшыратын еді.
Естеріңізге сала кетсем, әңгіме Samsung емес, LG туралы :*)) :*)) :*))
asaubota
LG да Казнетте конкурс өткізейін деп жатқаны рас па?