Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези

«Арнайы „Үздік кино сыншысы“ байқауы үшін»
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Көптеген кітаптарда басты кейіпкер ешқашан өлмейтін кейіпте сипаттайды, ал мен оқырмандар бойына үрей орнатқанды және барлық қойылымдар шынай болғанын қалаймын. Меніңше керемет нәтижеге қол жеткізудің бірден-бір жолы- әу бастан-ақ өмірде басты кейіпкергеде қылыш тақалса өлетінін түсіндіру. Сіз батыр немесе жақсы адам болсаңызда бұл қасиеттер сіздің өміріңізді сақтап қала алмайды. Соғыста адамдар өледі және өлетіні туралы ащщы болсада жазу керек.
Джордж Мартин

2012 жылы 17 сәуір айында HBO телеарнасында Джон Мартиннің “Отпен мұздың жыры ”атты кітабына негізделген “Тақтар ойыны” көпсериалды киносы көрсетілді. Көрермендер фэнтези жанры деп байсалдылықпен қабылдағынымен үшінші маусымы(“Жүретін мәйіттер”) аяқталмай жатып көгілдір экран алдына 6,272 млн көрерменді жинап рекорд орнатты. Сериал соңына дейін түсірілмей жатып миллиондаған хаттар мен алғыстар Джон Мартин жәшігіне түсіп жатты. Фильм ортасында стоп батырмасын басып, фильмнің әсерінен орнында отыра алмай қаншама көрермендер тұрып кетіп жатты. Өзге сериалдардан қалыптасқан стеретоптердің барлығы быт-шыты шықты. Мидың қабылдау процестері өзгерді.Өйткені 5-6 сериал бойы басты кейіпкер болғандар өз қателіктерінен бастарын қылыш жалмап жатты. Өмірге шынайы қарайтындар санын арттыруға өз септігін тигізді.

Сериалдың ерекше артықшылығы:

1. Әлемдік картаның өзгеше болуы, бірақ киімдер үлгісі мен салт дәстүр ортағасырлық европаға ұқсас
2. Сюжеттік жол. Көптеген персонаждардың бір-біріне байланыстыра білген.(Мысалы: даму, қартаю)
3. Айдаһар. Айдаһар ұрпағы болып саналатын Таргариан үйі.
4. Жасанды тіл. Арнайы сериал үшін дотрак тілі әзірленді
5. Қоғам. Заманауи әлемде орналған қоғамдық проблемалар қамтылған.Мысалы: әйел құқығы, азаматтық соғыс, саясат, дін, заң және т.б
6. Адам баласын жер бетінен бір жолата жойып жіберетін гуманоид нәсілі немсе “Ақ жүргіншілер”.Гуманоид нәсіліні қарапайым адамдардан артықшылығы: Бойы ұзын, ақ шашты, дене терісі құрғақ болғандықтан мумияға ұқсайды, көз жарық көк, тілдері скрот тілі. Қарайпайым қарумен өлітру мүмкін емес, тек қана вулкандық шыныдан жасалған пышақпен өлтіріледі.
7. Жеті хандық. Вестерос континентінің ресми атауы. Старк үйі, Хаор үйі, Арен үйі, Ланнистер үйі, Дюрандон үйі, Гарденер үйі және соңығы Мартелло үйі. Әр хандықтың өз қорғайтын аймақтары бар. Қазіргі тілмен айтқанда Ресей Федерациясы және оның құрамындағы мемлекеттер.
8. Қабырға. Жеті хандықты гуманоид нәсілінен құтқарып тұрған 250 метрлік қабырға.Бұл қабырғаның өз қорғаушылары бар және көбісі бас бостандығынан айрылған қылмыскерлер.

Кейіпкерлерге кішігірім талдау:

1. Эддард Старк рөлінде Шон Бин.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
1-ші маусымның басты кейіпкері. Эддарад Старктің негізгі міндеті Вестерос континенттінің солтүстігін қорғау. Жеті хандыққа басшы болған Роберт Баратеонға көмекке келіп, сол жерде саясаттың құрбаны болады. Өзінің батылдығы құрбандықтан құтқара алмады.

2. Робб Старк. Эддард Старктың тұңғыш баласы.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Әкесінің өлтірілген естіп кек алу мақсатында бірнеше мың әскерді жинап соғысқа аттанады. Жаста, батыл жігіт бірнеше тайпаның басын қосады.осылай 4-5 сериал басты кейіпкер болған жігіт соңында сатқындықтың арқасында анасы, әйелі және барлық әскерлері айуандықпен өлтіріледі.(Дәл осы жерде өзімді өте жайсыз сезініп кеттім.)

3. Кателин Старк. Эддардың әйелі.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Өте батыл әйел. 3 ұл мен 2 қызды дүниеге әкелді. Өз перзенттері мен күйеуі үшін бірнеше рет отқа түседі.бірақ күймейді.

4. Кхалисия Таргариан.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Айдаһар ұрпаңының соңғы тұяғы. Өте көрікті.Сол көріктігімен Кхал Дрого атты жабайы адамдардың басшысына тиіп алады.Бірақ бала тумайды, оның орнына 3 айдаһарды басып шығады.

5. Тирион Ланнистер рөлінде Питер Динклэйдж.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Түрі өте ұсқынсыз, бойы кішкене болғандықтан лақап аты ”Карлик”. Сериалдың негізі қызығы осы Карликпен байланысты. Көп оқыған, өте білімді. Білек бірді, білім мыңды жеңеді деген қағиданы басты назарда ұстайды

Саундтрек.
Сериалдың негізгі саундтрекі Стивен Варбек орындау керек болатын, бірақ 2011 жылдың басында ол жобадан бас тартады.Сөйтіп оның орнын Рамин Джавали басады.Классикалық музыкаға скирпка үні қосылып тыңдаушыға “ерлікке талпыныс” альбомын суреттейді.
Тыңдау

Қоғамда орын алған кейбір қызықтар.
Норвегия еліндегі бір мектептін мұғалімі шулаған оқушыларына тынышталуын өтініп егер айтқанына құлақ асса “тақтар ойыны” романын оқып беертінін айтады екен. Оқушылар бірден тынышталып сабақ соңында мұғалімнің оқығанын ұйып тыңдайды екен.

осы уақытқа дейін 4 маусымы түсірілді. соңғы маусым 2014 көктемінде жарық көрді. 5- ші маусым 2015 жылдың көктемінде жарық көреді. Келесі маусымдарда қандай өзгерістер болатыны белгісіз, бірақ көрермендер арасында қызу талқылану бар.Ол өз алдына бөлек тақырып.
Бөлісу:

17 пікір

Gastarbaiter
Николай Көтсігіпалдау қайда?
Соңғы түзету:
ibnabbas
Ланнистер сайтан алғырлардан бір адам болса жетеді.
zholantai
иә, иә, одан кейін Серсея қайда, ibnabbas
patick
спойлер көп екен
Marco
Жұрттың бәрі көріп болған шығар ужі. Өзім әйтеуір бірінші қасқырды «чық» еткізгенде үйде жалғыз болып, әсерімді айтатын адам таба алмай жаман қиналғам
ibnabbas
Патик, спойлер дейтіндей алдын-ала ешнәрсе ашылмады. 5 маусымды айтсам ия спойлер болар еді. бірақ мұнда айтылған дүниелердің барлығы 1,5 жыл бұрын жарияланған ғой.
ibnabbas
бірақ мұндай фильмді қанша жерден керемет спойлерші болсаңда толықтай жеткізе алмайтын шығарсын
Ottegin
мен көрмеппін мына фильмді
patick
Менің спойлер деп отырған себебім: Рецензия жазылған кезде қай кейіпкердің қалай өлетіні, яғни сюжеттік түйіндері айтылмайды. Рецензияда сюжет детальдарына емес, оның пәлсапасына мән берілуі тиіс.
Мектеп кезінде белгілі бір шығармаға мазмұндама жазатын едік қой, мынау да сол секілді болып кеткен.
zholantai
тәуір дүниені спойлерлететіндерді түсіне алмаймын, ал сериалды спойлерлететіндерді тіпті кешірмеуге бармын,
көрмегендер кайфынан айырылмай көрсін деген жауапкершілік болуы керек ғо,
нашар, көруге тұрмайтын өнім болса онда спойлерлетуге болады, өзгелерді сақтандыру үшін,
ал мұндай тым ауқымды сериалды спойлерлету деген сериалға деген құррметтің жоқтығы деп қабылдаймын,
Gastarbaiter
Жә, енді. Спойлер мәдениетін біліп алған екенсіңдер. Тауға шығып алып, өрмелегендерді мәмбет деп бетке теппеңдер.
Бұл фильмге арналған қанша сайт көрдім, бәрінде спойлерлер өріп жүр. Мұндағыдай аңғалдықтан емес, қасақана жасалған спойлерлер.
Чиирап, күшті фильм. Ешқандай спойлермен бұзу мүмкін емес.
zholantai
сериалды спойлермен бұзу оңайдың оңайы
Gastarbaiter
Менің әйелім сияқты тек соңында кім өлетінін білу үшін қарайтын болсаң әрине
Монологтар мен диалогтарынан, пейзаждардан, ойын мен атмосферадан да бітіре берем, кейде бір серияны екі рет қарайтыным да болады
zholantai
екі қарау менде де болады,
әйелі және барлық әскерлері айуандықпен өлтіріледі.
күтілмеген өлім ғана әсер ете алады,