Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Осыған дейін арықтау үшін диета мен фитнестің қайсысы маңызды деген тақырыпқа тоқталған едім. Ол постты бастан-аяқ оқуға ерінсеңіз, тұжырымымды қысқаша айта кетейін. Мен үшін екеуі мәреге жетуге көмектесетін құралдар. Демек, бір-бірін толықтырып отыруы керек. Алайда, ең басты проблема адамның басында. Арықтағысы келген жанға кедергі болатын мифтер мен стереотиптер әртүрлі мамандар мен шарлатандар жасаған арықтау бағдарламаларынан да көп. Ендеше, бірінші кезекте миды тазартып алайық.

Ашығу керек. Арықтаймын деген адамның ең үлкен қателігі осы. Ішегің шұрылдап, көзің қарауытқанша тамақ ішпей жүре берсең, ағзаның қорғаныс механизмі іске қосылады. Келесі тамақ ішкен кезде ол өзіне қажетті қор жинауға бейім тұрады. Иә, мұндай процестер саған ескертпей-ақ өз бетімен жүре береді.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес
Кешкі алтыдан кейін нәр татпа. Осылай кеңес берген адамның бетіне түкіріңіз (Ренжіп қалса, Маралбек айтты дерсіз). Өзіңіз айтыңызшы, әдетте нешеде ұйықтайсыз? Мен, мысалы, он екі, бірсіз жатпаймын. Демек, жоғарыдағы кеңеске сенсем, кемі алты сағат аш жүруім керек. Дұрысы — кешкі алтыдан кейін кейбір тамақ түрлерінен бас тарту керек. Тәттілер, нан, газды сусындардан құтылу қажет. Қалған тамақты да табақ-табағымен жей алмайсыз әрине.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес
Нан мен етке жолама. Нан дегеніміз көмірсулар, ет – белок пен май. Басқаша айтқанда, сіздің өзіңіз де осылардан тұрасыз. Ал егер оның бірін күрт азайтып, мүлде бас тартатын болсақ, орнын қалай толтырамыз? Бұлай шорт кесудің кесірінен денсаулықта ақау пайда болуы ықтимал. Оның үстіне, көмірсулар зиянды майды ыдыратады. Сондықтан арықтағысы келген адамға өте қажет.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Осыны жегеннен ештеңе өзгермес. Арықтаймын деген бар адамның ең бірінші ұшырасатын проблемасы. Қалай енді. Алдыңа буы бұрқыраған бір табақ ет келсе қалай шыдауға болады. Қыздар жағына «Қарақыздың» бір тілімін жеме деп айтып көріңіз. Бірақ, артық калорияны кетіру де жаңағыларды жұта салған сияқты оңай болса ғой, шіркін. Мысалға, мен жарты сағат жүгіргенде 300-400 килокалория жұмсаймын. Ал, КҒС-тың бір твистерінде шамамен 700-800 ккал бар.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Турбослим іше салам. Арықтататын препараттардың кейбірі жарнама уәде еткен нәтижеге жеткізеді. Бірақ, бір аптаның ішінде қарныңыздың көлемі үш см-ге азаятын болса, ағзаңызға қандай қосымша жүк түсетінін ойлап көріңізші. Бұл да тоқтатпаса айтайын, препаратты ішіп болған бойда ағзаңыз май қорын мейілінше жылдам әрі артығымен толтырып алуға тырысады.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Жаттығу залы – арықтау алаңы. Мынау қуды деп отырсыз ба? Бірақ, жаттығудың да тәртібін білу керек. Темір көтеріп, бұлшық ет өсіруге кірісіп кетсеңіз тері астындағы май сол күйінше тұра береді. Есесіне ет өседі де, бұрынғыдан да үлкен болып көріне бастайсыз. Демек, жаттығу залына кірсем болды арықтай берем деп алдануға болмайды. Денедегі майды ерітетін немесе өртейтін кәдімгі оттегі. Ендеше, арықтаймын деген адамға жүгірген, жүрген, велосипед теуіп, жүзген әлдеқайда тиімді.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Генетикадан қашып құтыла алмайсың. Иә, кейбір адамдар семіруге бейім болады. Өзім де сондаймын. Алайда, генетиканың бұған қатысы жоқ. Адам өзінің қай кезде, не жегенде семіре бастайтынын анықтауы шарт. Одан кейінгісі оп-оңай. Арықтататын арнайы курстар да көбіне осы тәсілді пайдаланады. Нәтижесінде бір жылдан 20 келіге дейін лақтырып жатқандар бар.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Жас ұлғайған сайын майды кетіру қиын. Бұл стереотипті еріншектер ойлап шығарған. Отызға дейін бір де бір рет арықтауға тырыспаған адам отыздан кейін де арықтауға тырыспайды (жә, бәрі демей-ақ қояйын). Шын мәнінде ағзасының қажеттілігін түсінсе еңкейген қарияға дейін арықтай алады.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Салмақты сақтап қалу қиын. Бұл өмірде оңай не бар өзі? Бұл стереотип жоғарыдағы стереотиптердің жиынтығынан туады. Олардың бәрінен біржола құтылмасаңыз, салмақ қайта оралады. Тіпті бұрынғыдан да семіз болып шыға келуіңіз әбден мүмкін. Сондықтан, жоғарыда жазылғанның бәрін қайта-қайта оқып тұрыңыз.
Блог - Marco: Арықтау амалдары: Стереотиптермен күрес

Бонус! Сыра семіртеді. Калория дегеніміз 1 грамм суды Цельсий бойынша 1 градусқа жылытуға кететін энергияға тең. Яғни, температурасы +4 градус 1 литр сыра ішсеңіз, ағзаңыз оны тән жылуына жеткізу үшін 1000 гр Х (37С-4С) = 1000 х 33 = 33 000 калория жұмсайды. 1 литр сыраның қуат құндылығы 10 000 калория екенін ескерсек, дым істемей-ақ 23 000 калориядан құтылдыңыз. Демек, арықтау үшін көбірек салқын сыра ішіңіз.  
bk
Бөлісу:

29 пікір

Marco
Соңғы пункт әзіл. Екі өкпелеріңді қолға алып сыраханаға жүгіріп жүрмеңдер, ептілер!
Соңғы түзету:
patick
Кеш ескерттің-ау
Marco
 Саған арықтап не керек?
patick
Пездес болмай, плюстап басты бетке шығарып тастайық, әнас
Erkekyz
Осы бұрындааа екі үш жылдай төсек тартып қалғанымда, іш айдайтын шөп дәрілерді үздіксіз іштім. Сонда дим де, дәріні тоқтатқан соң, толмағаныма таң қалғам. Аказаца толмайды екен ғой деп өзімше стереотип бұзып жүрсем, арықтыққа бейім екем ғой xD )))). Жәй, есіме түскетті.
MamaAya
Турбослимнің Рак клеткаларының иммунитетін көтеретінін врач кісі айтқан болатын. Жиі қолдануға болмайды ғой деймін. Жалпы, адамның салмақ қосу себебін анықтап алып соған сәйкесінше арықтау амалдарын жасағаны дұрыс қой деймін. Кейбіреулер жұмысы отырып көп қозғалмай жасайтын жұмыс болғандықтан+жұмыстан кеш келіп плотно тамақтана сала жата салуынан болса, енді бірінікі гормоналдық ауытқулардың салдарынан болады, енді бірінің бүйрегінің ауруының себебінен салмақ қосады, оныкі семіздіктен қарағанда ісікке көбірек келеді. Ал енді біреулер көп тамақтану мен ойсыздықтан да семііреді. Сол себептен азғысы келген адам семіру себебін анықтап алса оңайырақ болар еді ғой дим...
MickThatsMyNick
плас қойдым.) ең дұрыс пікір
Tyulpan
«мы есть то, что мы едим» деген тв бағдарламаны көріп қалатынмын кейде. әйтеуір, алып келген адамдарын семіру керек болса семіртіп, арыту керек болса арытып шығаратын.

енді ойлап тұрмын, ауыраяқ кезде гормон дәрілер ішкендерге қалай аруға болады екен?
Anar70
арықтағым келмей қалды..))))
satibaldi
Саған оның енді мағынасы да жоқ сияқты
Anar70
 дәл сен ойлағандай семіз емеспін (неге мағынасы жоқ?)
Korkem
Келіскім келмейді біразымен. Пост асығыс, баяғы менің немқұрайлы болып жүріп жазғанымдай-ақ екен. Немқұрайлылық танытпаңыз, шын айтам, өкініп қалас.
Arys_arlany
ораза айы біте сала жүгіруге кірісіп кеткем. содан досымның давай давай деуімен, аптасына 5 күн жүгіріп, 3 ші аптада аяғымды алалмай қалдым. Сол үшін жүгіріп азам дегендерге кеңес, бастапқыда аптасына 3 рет аз қашықтыққа жүгіріңіздер. Жалпы нанмен емес, баНАНмен дос болсаңыздар азудың да нәтижесі жақсы болады. (практика көрсетіп қойған көктемде).
VKM
Соңғы пункт әзіл. Екі өкпелеріңді қолға алып сыраханаға жүгіріп жүрмеңдер, ептілер!
Мен кеттім сыраханаға) әзіл, маған 3-4 кг қосу керек
aza
Марконың диетасы көмектеседі. Мен екі аптада 5 келі тастадым Стимул мықты. Бірақ, 29.08-03.09 аралығындағы Маңғыстаутур оны қайта толтырды Бірақ, ұттым. Сендім. Ерік, жігер керек)) Марко қанаттандырады))
satibaldi
Противопоказаниесі бар деп естідім: ми да салмақ тастайды дейді. Есіңде ме, сол бір аптада сөзің біртүрлі боп кеткенің
zholantai
Сен арықтау үшін жасаған әрбір әрекетіңмен бөліссең аудиторияға өтеді деп ойлаймын
zholantai
Керегі әрі пайдалысы: Жүзу мен жүгіру. Қалғанының барлығын наққа жіберуге болады
Marco
Ол үшін де адам өзін дайындауы керек. Жоғарыда Арыс арланының жазғанының жаны бар. Мен де бір күн арықтаймын деп жүгіріп кетіп, екі апта төсекке таңылып қалған едім.
zholantai
Мен 500 метрге жүгіруден бастадым. Әр күні 100-150 метрден қосып, 2 кмге жеткіздім. Сол қашықты біраз уақытқа ұстап келдім. Кейін жүгіруді тастап кеттім. Таңертең үнемі жүгірудің жаманы сол: жүгіруді қойып кеткен соң бірден әсер етеді, денең ауырлап, сылбыр күйге түсіреді, дене босап, салбырап қалад
qonyrbai
Таңертең жүгірген дұрыс па? Пасобиесіне сілтеме болса жақсы болар еді.
Gastarbaiter
Арыс Арланы не жазғанын таба алмадым.
Бірақ «жүгіру» — салмақ ауырлаған сайын және жас ұлғайған сайын омыртқаң мен тізеңді мүжіп тастайды. Люмбаго, остеохондроз, компрессия, протрузиясы бар адамға тіпті себепсіз секірулер мен жүгірулерді азайтқан дұрыс, одан да баспалдақпен жоғары қарай жаяу және тез көтерілу, тауға қарай жүгіру жақсы. Бұлшық ет пен қан айналымына максимум нагрузка бере отыра, буын-омыртқаға аздау күш түседі
Баспалдақпен төмен түсетін кезде керісінше баяу түсу рекоменделед.
zholantai
иә, салмақ ауырлап, жас ұлғайғанда жүгірудің тірек сүйектерге зияны бар,
осы су ішінде ттұрған велотренажерде жаттығудың пайдасы мол дейд, сол рас па, яғни денені белден, не кеудеден төмен қарай суда ұстап, велотренажердің педалін айналдыру
Соңғы түзету:
Arys_arlany
әркім өз сауатынша әрекет етед ғой. пікіріңіз қонымды екен. стадионда барлық позиция табылады жүгірем деушілерге.
Arys_arlany
жүгірудің дозасын азайтып қазір аяғым қалыпқа келіп қалды. жай жай жүгірген жақсы екен. біз жүгіретін жердегі қыздардың жүгіргені әйбат енді. 5 кругты ырсалдып, тілің салаңдап жеткенде, он кругты бұйым көрмей жүгіріп келеді. жалпы, тамақтануды реттемесең ана целлюлить деген бәледен құтылу азап екен. алдын осторожно еда деген док фильмді көріп өзімше сауатты адам бола қалып едім, қайдағы 1 ай өтпестен сол фаст фуд, кола дегенге айналып келіп қалдық. уақытында көреміз енді нәтижесін,