Тіл мәселесі #1: Қате ме?! Немесе “Е” әрпінің оқылуы.
Қазақ тілін бай дейміз… Күрделі дейміз… Қиын дейміз… Қолданалмаймыз дейміз… Соңында білмейтін, үйрене алмайтын, “давай лучше на русcком общаться” дейтін болып шыға келеміз… Неліктен?!
Тіл мәселесі әлі күнге дейін өзінің заңды әрі елде қолданылатын негізгі тіл дәрежесіне жете алмай тұрганына мен де куәгермін. Ең маныздысы жастардың арасында да қазақ тілінде сөйлем құралмайтындар бар… Жаным ашиды осыған.
Қазақша оқуға тырысқаныммен жазуды мектептен кейін қолға алғаным есімде жоқ, шындығы. Күтіп отырмын, қашан бір ағамыздардың бірі шығып “Міне, Латыннан әріп алдық қазақ тілін қолайлы қолданыңдар, дамытыңдар деп” бастайтын. Қашан?!..
Соңында өз басым бірдеңе болсада тындырайын дегендей жеңімді сыбадым… Тындыра алмадым… Алдыма күрдели бір мәсәлә тап болды: Осы біз Е әрпін қалай қолданып келеміз?!
1. “Ерке”… осы сөзде неге Е әрпі екі түрлі естіледі?! “Йерке” ма, әлде “Еркэ” ма?! Латынша жазып көрсек “Yerke”сияқты…
2. “Ернар” – естилуі “Йернар”, латынша “Yernar”
3. “керемет” – естілуі “ керемет ”, латынша “keremet”. Егер 2 нұсқадағыдай Е даусымен оқылса – “кйерйемйет” деп айтар едік… Ғажап!
4. “Егемен” – естілуі “Йегемен”, латынша “Yegemen”
Бұл таңғажайып құбылыс ЛАТЫН әлипбиіне көшкенде ескерілгені жөн…
Сонымен, сонда бұл қазақ тілінде ҚАТЕ ме??!

Бұл шетелдіктер үшін жасалған. Латынша Е-ні де қазіргі өзіміздің родной кириллицамыздағыдай дифтонг қыла салуға болар еді, ақыры қазақ тілінде Э-ден басталатын сөз жоқ қой. Бірақ шетелдіктер қайдан білсін біздегі Е-нің дифтонг екенін, сондықтан олар Эрлан, Эгемен деп оқитын болады. Мұндайды болдырмас үшін біз, дәлірек айтқанда, орекеңдер осылай жаза бастады алдына Ү қойып: Егор — Yegor, Ельцин — Yeltsin и тд. Ал олардан көріп бізде сөйте бастадық. Басқаша қылу мүмкін де емес еді бір жағынан.
Жоқ.
Э әрпімен басталатын есімдер де бар: Элмира (Elmira) мысалы…
Мен осы аққұлақтарды арасына түсіп кеттім бе?! Әлде, тіл мәселесі мазақ па?..
қазақ тілінің маселесі мазақ болса, өтініш, араласпай-ақ қойындар… Айпақшы, тіл маманы деген атағың бар екен ғой, бұл қай мазағың қазақ тіліне, бауырым?!
Орыстың «он» (қазақшасы — ол) деген сөзі мен біздің «10» деген сөздер екеуі де бірдей жазылады. Бірақ екеуі екі тілде екі түрлі айтылады. Біздегі сөз басындағы «о» тағы да дифтонг. Бірақ Орманбек, Отан, Олжас деген сөздерді латын әріптермен жазғанымызда алдына w жазбаймыз. Неге?
Тек қана қазақ тілінде О әріпі «монофтонг» шығар. Мысалы, «он» мен «тон» сөздерінде бір қалыпты естіледі.
Object, Oxford деген сөздерде кәдімгі қазақша емес О (қазақшадағыдай «wo» да емес, сен айтқандай «оу» да емес). Әрине, ағылшын тілінің исключениелері көп, яғни бастапқы О кейде Ә секілді, кейде тағы да басқаша оқылып кете беретіні бар. Бірақ олар бұл исключениелерін шетелдіктердің (мысалы қазақтардың) латиницамен жазылған есімдеріне немесе жер-су атауларына қатысты қолданбайды. Яғни біздің бастапқы О-ны анау Object, Oxford деген сөздердегі О секілді оқиды.
Егемен деген сөзде Е-лер әрқалыпты болып тұрғандай жаздың ғой.))