Қыз бен жігіт айтысы

Мені "Ұятсыз!" деп бәткәрдәлайын деп отырсаңыз әр жағын оқымай-ақ қойыңыз!
Баяғыда бір ақын жігіт (Жамбылдың жас кезі дегенде қауесет бар) Тарбағатай жақта қызыл сөздің биесін сауып сүтін ішкен ақын қыз бар дегенді естиді. Содан әлгі қызды сөзден жықпақ болып жігітіміз жолға шығыпты. Ол заманда сотка деген жоқ, бірақ әлгі ақын жігіттің келе жатқанын қыз каким та обрызым естіп алып алдынан шығыпты. Екеуінің кездескен жері Тарбағатайдың етегі болса керек.

Мен тұрмын Тарбағатай саласында
Сен тұрсың тарбағатай саласында
Екеуімз осы жерде айтысамыз
Жеңілсең маған қатын боласың ба?- депті жігіт ат үстінен түспестен.
Әрі қарай

Қытай қазақтарының интернетке қатысты терминдерді қазақшалаудағы талпыныстары

Интернет – тор
Сайт — торап
Домен – өңірлік мекен-жәй (өңірлік ат)
Хостинг – тор бостық
База данных – сандық қамба
Браузер –тор шолғыш, тор көргі
Видео сабақ – кескінді сабақ
Антивирус – вирус жойғы
Флешка – бармақ жады
Коментарий –
Әрі қарай

Мұстафа Шоқайдың өзін болмаса да, тарихи тұлғасын тірілтуге болады

Мәжілісте 13 сәуір күні Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутаттың тәуелсіздіктің 20 жылдығында депутаттық сауал беріп Қазақстан тәуелсіздігінің символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға тиісті орнын беруге шақырғанын тебіреніс толқумен қарсы алдым.
Әрі қарай

Әдемі қыз (KeshYou)


Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіңіз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жанымсың.
Әрі қарай

2005-тің көктемінде...

Мына өлеңді 2005-тің көктемінде жазыппын.

Көктем!
Сен ерке қыз сияқтысың,
Жылап тұрып күле салатын!
Көктем!
Сен селтең қыз сияқтысың,
екі елі шүберекпен төсін жауып,
екі жіпті иығына іле салатын!

Көктем!
Сен менің бабымды таба алмадың!
Жаңбыр соңын қарға ұрып тағы алдадың.
Сонда да өзіңе мен сыр ашайын,
өзіңмен еріп келген бар арманым!
Әрі қарай

Әңгіменің ашығы...

Жер домалақ, монитор төртбұрышты деген осы екен. Мына әлемнен тура өз ауылдасымды табамын деп кім ойлаған! Қарағанды емес, Майқұдық емес өзіміздің Жаңаарқаның адамы! Ол ауылдасым -a63a1 екен! Общым, мен ол үшін тұрам! Оған минус қойғандарың маған минус қойғандарың, маған плюс қойғандарың маған плюс қойғандарың… Не боп кетті өзі. Негізі ол менсіз де жүре алады да. Жәй, қолтыққағыс құлаққағыс қылып жатырмын да))))
Әрі қарай

Жалт етіп өткен (Әсем)



Алау шақ өтеді-ау,
Сағынышым шекер-ау,
Біз аңсаған бақыт қайда екен?
Өткен күндер бекер-ау,
Оралмайды екен-ау,
Қиялыммен сені тербетем…
Жүректегі шырыным,
Құлағымда тұр үнің,
Көңілде солмай жүрген гүлім.
Аңса, мейлің, аңсама,
Сағынышпен қаншама,
Оралмайтын күндер екен ғой…
Әрі қарай