Махаббат элегиясы

Махаббат!… Осы бір жалғыз ауыз сөзде қаншама ұлы сезім, ұлы толғаныс, ұлы сүйіспеншілік жатыр десеңші шіркін! Адам өмірін нұрландырып, алпыс екі тамырына қан жүгіртетін, жүректің нәзік қылын шертіп, сезімнің тоқсан тарау жырын қозғайтын ғажайып мөлдір әлемнің қасиетіне баға жете ме?
Қыз бен жігіт арасындағы нәзік сезім қандай? Көктемде қауызын жаңа ашқан гүлдей, бүршік атқан балауса шыбықтай, аппақ таңның керімсал жұпар самалындай бір керемет дүние!
Сол жылы қыс Алматыға кешеуілдетіп келді. Түні бойы қар жауып, таңертең тұрып, терезеден қарасам айналаның бәрі көрпесін қымтанып, ағаштар ақ бөкебайын жамылып алыпты. Күннің суығында сабаққа барғым келмей төсекте керіліп-созылып біраз жаттым. Кеше түннің бір уағына шейін ойнап, үй тапсырмасын да орындауды ұмытып кетіппін. Мектепке барсам, қатарынан бірнеше екі алатынымды анық білемін. Сабаққа бармаудың бір-ақ жолы бар. Ол- ауру. Бірақ денім сау, еш жерім ауырып тұрған жоқ. Бір кезде түпкі бөлмеден «Қанә, тез тұрыңдар, сабаққа кешігесіңдер» деген әкемнің қатқыл дауысы естілді. Дәл осы сәтті пайдаланып, ішімді қолыммен ұстап, ауырған адамдай бүк түсіп жатып алдым. Бөлмеге әкем кіріп келді де менің бұл жатысымды көріп: – Не болды саған? – деп сұрады.
Әрі қарай

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

немесе
ҚАЗАҚПЫН ДЕГЕН ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ

Адамның екі нәрсеге құқы бар:
еркіндік пен өлім. Егер біріншісіне
қол жеткізе алмасам онда екіншісін
таңдаймын. Себебі мені ешкім
тірі өлік етіп ұстауға құқы жоқ.
Харриет Тубман

Қазақтың баласы берісі ел
басқаруды, арысы адамзатты,
әлемді басқаруды мақсат етуі тиіс.


Патриотизм мәселесін көтеруіме себеп болған, тәуелсіз ел болғалы бері әлі күнге дейін патриотизмнің мазмұны мен соны құндылықтары қалыптаспағандығынан туындап отыр. Жаңадан мемлекет құрып жатқан соң, оның халқының санасында да жаңа мемлекет құрып, бұрынғы идеяларды өшіріп, жаңасын жазу қажет еді.
Әрі қарай

Көктем

постқа сатбалды шақырылады.
ну че даруішөлген суға бөгіп қалды ма? батса тағдыры не болмақ?
Әрі қарай

Адамдар ақша үшін не істемейді ә?



Түркияның әр облысына тән бір… нәрсесі(Орнына басқа сөзбен ауыстырайын десем, ыңғайлы сөз таба алмадым)бар. Мәселен, Бурсаның Ескендір кәуабы, Күтахияның фарфор ыдыстары, Ыспартаның раушан гүлдері, Манисаның бір шөптен жасалған тіс пастасы,
Әрі қарай

Мәдениет күндері


Бұрынырақта, бір он жыл бұрын шығар «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінің концертіне барған едік. Сол кездегі концерттен алған әсерімді әлі күнге ұмытар емеспін. Сол кезде бүткіл қазақ музыкасын, жалпы ұлтымды сүйіп, қадірлеп кеткен едім. ))
Әрі қарай

Жапондық, тұрмыстық пластмасса қалдықтарынан жағар май шығаратын құрылғы ойлап тапты


Ендігі жерде пластмасс ыдыстармен тек тасымал құралы ретінде емес, қайтара қолдану арқылы үй жылыта аламыз.
Жапондық өнертапқыштың ойлап тапқаны бұл (жүйе)қондырғы — пластикалық қалдықтан синтетикалық мұнай алады да онымен жылу жүйесін қыздырады.
Әрі қарай

Мөлдір, күн батареясы жасалды

Массчутестегі технололгиялық институттың мамандары ойлап тапқан жаңа технология — кәдімгі терезелерді күн батареяларына айландыра алады және бұл кезде терезенің тұнықтығына еш зиян келмейді екен.
Әрі қарай

"Ұрланған жыр..."

Қажымұқан Абзалов
Қажымұқан Абзалов, айтыскер ақын


Сіздерге «Аламан» ұшырған тағы бір талантты таныстырғым келіп отыр. Қажымұқан Абзалов ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаянның тумасы. «Аламанның» табалдырығын он тоғыз жасында аттады. Айтысқа таланттыларды іздеп жүргенімде Қажымұқанды білетін бір адамдардан естіп хабарға шақыртқан болатынмын. Айтса айтқандай-ақ мінезі жайдары, ашық-жарқын жігіт екен. Жас та болса өзіндік айтар ойы, өзіне ғана тән ақындық болмысы бар жас айтыскерді көпшілік танып үлгермесе де, айтыстың айналасында жүрген біздер мұндай өренді танып, білгенімізге расымен де қатты қуандық. Кейін сөз өнерінің сахнасында талай сындардан өтіп, өз тыңдармдарының ықыласына бөленді.
Әрі қарай

Алғыс


Жапониядан қайтар жолда Алматыда болған мини-кездесуді ұйымдастырған және жылы лебіздерін білдіре келген барша замандас достарыма үлкен алғыс айтам.

Лайым іргелерің сөгілмесін!
Әрі қарай