Шымкент. Бір кездесу

Случайность — это когда Бог хочет остаться анонимным.
«Одна встреча»

Үш күн бұрын Қостанайға қайтып келдім, ал үйде отырғандай сезініп тұрған жоқпын. Екі апта Шымкентте тұрдым, жол-жөнекей Астанада да болдым. Керемет қалалар! Шын айтсам, Астанада мен тек 5-6 сағат серуендедім, ал Шымкентте — көп уақыт, ол туралы ғана постым
Шымкентте мен алғашқы рет болғанмын, оның орталығында тұрып, көп орындарға жаяу жүрдім. Маған солааай жаяулап серуендеген ұнайды! Әсіресе таныс емес қалаларда  Мен өзім қалада да көп жаяу жүрем: автобустар маған қатты емес ұнайды. Айтпақшы, автобустар туралы: бізде кондукторлар жоқ, жүргізуші ақша алады. Әуелде бұл ынғайсыз деп ойладым, өйткені аялдамалар туралы кондукторлар қатты және тұс-тұстан хабарлайды, ал кейін өзім пікірімді өзгерттім.
Шымкент жасыл қала, бірақ онда мен тек үш рет мысықтар және иттер көрдім. Құстар көп емес екен. Яғни бізде мысықтар жай аулада серуендей алады, оларға балалалар және әжелер жем береді және сипады. Ал онда маған «оларға көп шағынады» деп айтты. Түсінбеймін.
Блог - Nadya: Шымкент. Бір кездесу
Шымкентте күшті саябақтар, әсіресе орталық саябақ және Абай саябағы. Мен шөпте жатқанды және классикалық емес балет жақсы көрем, сондықтан орталық саябағының көрінісі мені қуантады   (онда «Балет мектебі» деген маңдайша жазуы бір ғимаратта бар). Тағы да жақсы жағы — оның қасында MEGA Shymkent сауда орталығы орналасқан. Шымкентте негізінде әр түрлі киім қымбат емес. Бірақ мен базарда үйде киетін халатты іздегенде, олардың бағасы алты, тоғыз (!) мың болды. Бұл Қытай және Түркия халаттары, оның үстіне олар жай екен. Абай саябағында көп велосипедшілер, көп ағаштар және мәңгілік алау әрқашан жанады.
MEGA-ның кинотеатрға әжеммен барғанмын. Біз «Одна встреча» деген фильмге билеттер алдық. Ол француз мелодрама, басты кейіпкерлер Эльза (әйгілі жазушы) мен Пьер (жақсы адвокат) өз отбасылар сүйеді, бірақ бір рет кездесіп, олар бір-бірін естен шығара алмайды. Осы фильм, менің ойымша, жаман емес. Күшті, өте әдемі жасалған, онда керемет француз музыка. Басында өрескел сөздер бар, сондықтан өз әжелермен және әке-аналармен көру қажет емес  
Блог - Nadya: Шымкент. Бір кездесу
Шымккент — әдемі қыздардың қаласы. Ал бұрқақтар да ескерткіштер қызықты. Маған ұнады, енді менде де бір бұрқақпен магнит бар  Жалпы, Шымкент, мен сені сүйем!
Сіздің жаз қалай өтіп жатыр?
Әрі қарай

Жүректеріңіз ауырмасын!

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!
Мына ғимараттың ішінде қанша жүректің тағдыры шешіліп жатыр десеңізші… Кей жүректің соғуы дәріге, кейбірінікі аппаратқа, кейбірінікі қуат көзіне байланысты. Біреудің жүрегі арылы өмір сүріп жатқан жандар да бар. Иә, біреудің жүрегі екінші жанның кеудесінде дүрсіл қағуда.

Жәнібек Успанов 1974 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2012 жылы Астана қаласындағы Ұлттық ғы­лыми кардиохирургия орталы­ғындажүрегіне трансплантация жасалды. Яғни, 46 жасында инсульт алып, дүниеден озған Галинаның жүрегін Жәнібектің жүрегімен алмастырды.

Жәнібек — елімізде ең алғаш рет жүрек трансплантациясын жасатқан пациент.

Кеудесінде орыс әйелінің жүрегі соғып тұрған қазақ жігіті қайта оралған өмірі туралы әңгімелеп берді.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

— Ауылда өскен баламын, ауылда денсаулыққа көп назар аудара бермейміз. Әскерде ревматизммен ауырып қалдым. Ол кезде 19 жаста едім. 2005 жылдан бастап жүректе ақау бар екені анықталды. Жарты жыл сайын Астанаға келіп тексеріліп, керекті дәрілерді алып тұрдым. Үнемі дәрі ішіп жүретін ем, 2008 жылы аузымнан қан кетіп, жансақтау бөліміне түстім. Жүректе артерия жарылып кетіпті. Астанаға қайта келгенімде бұл ауру жазылмайтынын, мені құтқаратын жалғыз жол — жүрек ауыстыру екенін айтты. Ол кезде еліміздегі трансплантация туралы ойламайтын да едік.
Өзіме сыздап ауырғаны білінбегенмен, ісініп жүретінмін. Жүрек ұлғайып-ұлғайып, бір күні жарылып кетуі мүмкін.
Кейін кезекті тексерілуге келгенде осы орталықтың ашылғанын, мұнда жүрек ауыстыратынын айтты. Келдім. Тексеруден өттім. Ота жасауды ұсынды.
Адамда таңдау қалмай, ең соңғы жол осы ғана екенін білгенде ойланбайды да екен. Бірден келістім.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Әйелімнің аяғы ауыр еді. «Дүниеге келетін баламды көруім керек, оны өсіруім, бағуым керек. Менің балам кімге керек болады,» деген мақсатпен ота жасауға келістім, сол мақсат үшін өліммен күрестім.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Ота 5 сағатқа созылды. Оянғанымда бірден ет қосып қуырған картоп сұраппын, менің есімде жоқ.
Жүрегімнің кеудемнен шығып кетердей қатты соғып тұрғанын сездім. Оған дейін дүрсілі мүлде сезілмеуші еді. Бірдеңеден қатты қорқып не толқып тұрғандай, жүрегім кеудемнен шығып кетердей сезімде болдым. Сау жүректің соғуын ұмыта бастаған екем.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Операциядан кейін қайта өмірге келгеніме қуандым ба екен, білмеймін, көңілшек боп кеттім. Тамағыма өксік тығылады да қалады. Жылай бергің келеді.
Әкем екі жасымда қайтыс болған еді. Анам 37 жасында 8 баламен жесір қалған. Маған операция жасалғанын білместен үш жыл бұрын ол да қайтып кетті. Сол есіме түсіп, көп жыладым.
Маған жүрегін орнатқан Галинаның баласы Игорь да 22 жасында жетім боп қалды ғой. Соны да ойлап жылайтынмын. Көп жыладым.

Игорьмен алғаш рет кездескен кезімде тіпті сөйлей алмадым. Жасым тиылмады.
Онымен қазір жиі кездесіп тұрамын, досым сияқты боп кетті. Ол болмағанда мен қазір тірі болмас па едім. Сондықтан менің Игорьға деген құрметім шексіз.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Маған операция жасалып біткен соң үш аптадан кейін Махаббат есімді қызым дүниеге келді. Махаббатым — менің құтқарушым, стимулым. Балам бәрімен соңына дейін күресуге басты себеп болды.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Жүрегімді бес жылға дейін бақылауда ұстайды. Бес жылдан кейін жүрек жиырылып, өздігінен соғатын болады. Ал, қазір тек дәрі-дәрмектің арқасында жұмыс істеп тұр. Қазір менде мүлде иммунитет жоқ. Маған қарап түшкірсеңіз, мен бірден ұшып түсем, өте-өте тез ауырып қаламын. Үнемі қолымды жуып, бетіме маска тағып жүремін. Адам көп жерге бармауға тырысамын. Егер ауыра қалсам, ол ағзамда өте тез таралып, ең асқынған түріне бірден апарады.
Қазір маған жүгіруге, секіруге, ауыр көтеруге болмайды. Бес килодан артық көтерме деген еді, мен ештеңеге қарамастан баламды көтеремін. Қызым күннен-күнге өсіп жатыр, қазір 13 келідей боп қалады-ау.
Спортпен айналыспаймын. Кабинеттегі велотренажермен кейде жаттығып тұрам.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Қазір екі айда бір тексеріліп тұрамын. Жағдайым жақсы. Осы орталықта жұмыс істеймін. «Нұрлы қоғам» атты қоғамдық бірлестік құрдық. Ота жасалғанға дейін пациенттердің құжаттарын түгелдеп, оларға психологиялық кеңестер беремін. Емделу барысында өз басымнан өткен тәжірбиелермен бөлісемін.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Отбасымды да осында көшіріп әкелдім. Ауылдағы үйімді, көлігімді сатып, осы жақтан баспана алдым. Баспана деген аты ғана болмаса, жертөлеге ұқсас бір бөлме ғана, үйдің ең астыңғы қабатында орналасқан. Амал жоқ, күн көріп жатырмыз.
Басында бар ақшамды жиып, құрылыс компанияларына, банктерге дені дұрыс үй алғым кеп хабарласқанмын. Олар жандарына да жолатпады. Мүгедек адамға кім несие не ипотека берсін. Көмектеседі-ау деген жердің бәріне бардым, хабарластым, нәтиже болмады. Қазір осында жұмыс істеймін, алатын пенсиям бар, амалдап күн көріп жатырмыз. Әйелім әзірге жұмыссыз, баламен отыр. Қысқасы, маған осы орталықтан басқа ешкім көмектеспеді де, осы орталықтан басқа ешкімге керек те емеспін.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Еркектің тағдыры әйеліне тікелей байланысты, тіпті, аурудан жазылуың да. Күйеуі ауырды деп, тастап кетіп жатқан әйелдер қаншама. Операциядан кейін де қанша күтім керек, одан кейін адамның мінез-құлқы да өзгеріп кетеді.
Операциядан кейін «анау жоқ, мынау жоқ» дегенді, майда-шүйдеге ашулануды доғардым. Олардың бәрі түкке тұрғысыз нәрсе екен ғой. Адамдар көп ренжиді, өзім де солай едім. Тез өкпелеп, кек қайтарғым кеп тұратын. Жүрегіңде кек пен наланы арқалап жүресің, ауруым содан болды деп ойлаймын.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Операция қалай болар екен деп қатты ойландым. Ауылдың ақсақалдарын, ағайындарды жинап алып, мал сойып, құран оқытып келгем. Енді бәрі сәтті өтті. Қазір көбісі айтады: — "саған жоғары жақтан аванс қылып екінші өмір беріп отыр, енді намазға жығыл," — деп. Мен намазды сән үшін не мақтан үшін оқығым келмейді, оған үлкен дайындық керек. Ешкімге жамандық жасамасам болды.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Жоғары білімім жоқ, ауылда көлік жүргізгем. Қазір психология мамандығын алып жатырмын. Бірінші курсымда оқуымның ақшасын жақсы адамдар төлеп берген. Ендігі жылғысын көрерміз, бұйырғаны болар.
Кітап жазуды ойлап жүрмін. Жүрегімнің иесі суретші болған, бірақ, мен сурет сала алмаймын. Тіпті, қызымның куәлігіне толтыру керек арызды жаза алмай қалдым. Сол жердегілер ауруымды қайдан білсін, «бланктардың бәрін құрттың» деп айқайлаған.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Кеудемде орыстың жүрегі соғып тұр, бірақ, мен — әлі де қазақпын. Жүрек деген — бұлшықет қана. «Донор — орыс» деген соң отаға дейін де, отадан кейін де дінім туралы көп ойландым. Діни сауаты бар адамнан сұраған едім, мұсылман боп қалатынымды айтты.

Жүрегім тоқтап қалады деп қорықпаймын. Бұл біреудің жүрегі екенін де ұмытқам. Ештеңе ойламауға тырысамын. Менің қолымнан келетіннің бәрін жасадым, ендігісі «жоғары» жаққа аян.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Интернеттен жаңалықтарды оқып, өзіме қажетті ақпараттарды алып отырамын. Бірақ, қазақ сайттарын оқымайды екем. Әлеуметтік желіден Фейсбук пен Одноклассникида отырамын.

Блог - aikarakoz: Жүректеріңіз ауырмасын!

Сөз соңында айтарым, адам алдында не боларын білмейді. Бірдеңе бола қалса, донор болып, біреудің өмірін сақтауға көмектессе екен. Ол үшін қазір-ақ келісім беріп қоюға болады. Бізде ағзасы өзіне сай келетін донорды күтіп жатқан пациенттер өте көп. Олар қазір аппараттың көмегімен ғана өмір сүруде, оңай емес. Біреудің өмірі сізге байланысты болуы мүмкін...
Әрі қарай

Стақандастарым. Полат.

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Полат.

— Ыбааа шешесс, ыздрого беречислениемен береміз дейд нақ, бітті нақ бәрі! — деді Ико, қытайы шатыраш сөмкені туалеттің жанына атып ұрып.

Иә, бұл антұрған күні Ико бізді әдеттегідей — жарты қапшық әбілқайырлардың, абайлар мен шоқандардың суреттерімен қуанта алмады. Бірақ Иконың адалдығына сенуші едік: ешқашан адам ақысын жемейтін. Арамыздағы түріне адам қарауға шыдарлық сол болғасын, бейресми бастық қып сайлап алғанымыз болмаса, құдайына қараған, сенен, менен айырмашылығы жоқ абзал пяншік болатын.

— Жашаштық дұрыс бәрін, эмнеге бербейді екен, ой енеңң! — деді қырғыз Талай ептібайымайд, Иконың намысының жарасын тырнай түсіп.
Әрі қарай

kariimге ашық сабақтар. #2. Қаззақ оқырман

Алқашқы дәрісте қаззақ оқырманның қыңыр келбетіне жарық түсіргендей болатынбыз және kariim өзін адамзат жазбагерлік баспалдағының соңғы сатысындағы бейбақ екендігін қабылдаған болатын. Ендеше көрмегеніміз алда, уа муллакариим! Себебі екінші сабақта біздер — қаззақ оқырманның бетіне толықтай жарық түсіріп, оның нағыз айуан бейнесін көреміз. Сонымен, Орташа Есеппен Қаззақ Оқырманы мына жаңалықты қалай оқитынын бірге қарайық.

Менде бір керемет сюжет бар...: kariimге ашық сабақтар. #2. Қаззақ оқырман

Енді осыны қаззақ оқырманның не ойлап отырып оқитынын қарайық (ойлар — жақшаның ішінде асты сызылып жазылған):
Әрі қарай

Сайлауалды бағдарламалар сатушы топ құрықталды

Блог - Rafaello: Сайлауалды бағдарламалар сатушы топ құрықталды«Естімеген елде көп» деген бірнеше жылдан бері реферат, курстық жұмыс және сайлауалды бағдарламалар сатушылар ел ішінде ептілікпен әрекет етіп келгенін ешкімге сездірмесе керек. Алайда, харам істің пайдасыз болатынын жүректеріне иман ұялата алмаған жандар сезе алмасы анық.

Өйткені, дұшпанына жамандық тілемейтін мұсылман халқымыздың болмысына жат осындай дайын жұмыстарды замандастарына ұсыну үлкен күнә болмақ. Ал ардан безгендер арам ақшаны күнкөріс қамына жаратып, пайдаға кенеліп жүргені ұрпағына жасаған қиянаты дер едік.

АІІБ-нің жедел қызметкерлерінің қырағылығы нәтижесінде Атырауда сайлауалды бағдарламалар сатумен айналысып жүрген бірнеше адамнан тұратын топ анықталып, бейнетаспаға да түсіріліп алынған.

Осындай бұлтартпас дәлелдермен құрықталған кент тұрғындары Н.М, С.К, Э.Е. және Н.Қ. есімді азаматтар азамат деген атқа лайықсыз әрекеттерімен әшкере болды.
Әрі қарай

Спорт күнін - жаңа спорттық өмірмен бастайық!

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Қазақстан спорт күнін атап өтеді. Керекте байқағаным спорттың жанкүйерлері мықты, ал Gastarbaiter мырза тіпті спортты өмірлік серігі етіп барша насихаттап жүр. Спортты өмірінің бір бөлігі етіп алған адамдарды қатты сыйлаймын.
Блог - Aidakonya: Спорт күнін - жаңа спорттық өмірмен бастайық!
Әрі қарай

Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!

Адам бойында 5 литрдей қан болады екен. Осы мөлшердің жартысы ғана денені қоректендіруге жұмыс жасайды, ал қалғаны «резервте» тұрады екен. Резервте тұрған дүниенің сиқы келісті болмайды ғой. Тұрған қан ұйып, қою тартады екен. Жүрекке артық жұмыс жасау осылай басталады.
Әрі қарай