Сайлауалды бағдарламалар сатушы топ құрықталды
«Естімеген елде көп» деген бірнеше жылдан бері реферат, курстық жұмыс және сайлауалды бағдарламалар сатушылар ел ішінде ептілікпен әрекет етіп келгенін ешкімге сездірмесе керек. Алайда, харам істің пайдасыз болатынын жүректеріне иман ұялата алмаған жандар сезе алмасы анық.
Өйткені, дұшпанына жамандық тілемейтін мұсылман халқымыздың болмысына жат осындай дайын жұмыстарды замандастарына ұсыну үлкен күнә болмақ. Ал ардан безгендер арам ақшаны күнкөріс қамына жаратып, пайдаға кенеліп жүргені ұрпағына жасаған қиянаты дер едік.
АІІБ-нің жедел қызметкерлерінің қырағылығы нәтижесінде Атырауда сайлауалды бағдарламалар сатумен айналысып жүрген бірнеше адамнан тұратын топ анықталып, бейнетаспаға да түсіріліп алынған.
Осындай бұлтартпас дәлелдермен құрықталған кент тұрғындары Н.М, С.К, Э.Е. және Н.Қ. есімді азаматтар азамат деген атқа лайықсыз әрекеттерімен әшкере болды.
АІІБ берген мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 14 тамызында сағат 12.30 шамасында күдікті деп танылған Атыраудағы Н.М. есімді тұрғынның үйіне тінту жүргізілген. Тұрғын үй пәтерінің балконынан 2 дана «Ақжайық» газетіне оралған сайлауалды бағдарламаларына ұқсас мәтіндер, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына арналған дайын дизайн шаблондары, 10 дана А4 қағаз бумасы, газет қиындылары және осы үйдің кіре беріс бөлмесінде тұрған киім ілгіштің артында пакет сөмкеге оралған 9 дана курстық жұмыс пен реферат тәркіленген.
Осы заттарға тағайындалған сот сараптаманың №081 санды акт қорытындысына сәйкес, Н.М-ның үйінен табылған бұл заттардың әкім сайлауларында қолдану үшін дайындалған бағдарламалар үлгілері және үгіт-насихат плакаттарының шаблондары екені анықталған.
Ал дәл осы күні, яғни 14 тамызда сағат 13.30 шамасында С.К-тің үйіне тінту кезінде жуынатын бөлмеден 7 дана газет қиындыларына оралған зат табылып, сот химиялық сараптамасының № 091 санды акт қорытындысымен олардың принтер картридждері екені анықталып отыр.
Күдікті Н.М, С.К, Э.Е. және Н.Қ. бүгінге дейін тек қана Атырау облысының өзінде 5541 студентке реферат жасап бергені, 4031 курстық жұмыс, 6210 адамға диплом жұмысы жазып бергені анықталды. Қылмыстық топ жаз айларында әкім сайлауларында сауатсыз әкімдерге сайлауалды бағдарламалар дайындап берумен де айналысқан. АІІБ қызметкерлері қырағылық танытып, мазмұны бірдей бағдарламаларды байқамаған болса бұл қылмыстық топ өз істерін әлі де жалғастырар ма еді?
Қазіргі таңда бұл қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.
Эльвира Көшімханова
«Сыр ақшамы» газетінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі

Айтпақшы, сайлауалды бағдарламаларды оқып көрдің бе жалпы?
Ой Тәліп… Суретке Джынд түсет тағы…