Микена қақпасы сол замандарда қарусыз келгендердің барлығы үшін ашық болды. Қарауыл тауарымен келген байларды да, қайыр сұраған кедейлерді де кіргізе беретін. Бірде арық денесін әрең жасырып тұрған алба-жұлба киімі бар бейтаныс қалаға келді. Оның иығында бақытсыздыққа тап болғанын білдіретін сынған ескек болатын. Әлгі бақытсыз жан өзінің басынан өткен қайғылы оқиғаларды жұртқа әңгімелеп жүрді. Көп кешікпей кедейді сарайға шақырды.
— Посейдонның қаһарынан құтылған жалғыз жан екеніңді естідім, – деді Эврисфей. – Ол қалай болып еді?
Осыдан біраз жыл бұрын балаларға арналған «Бәйтерек» фильмі жайлы естіген боларсыздар. Мен де естігем, алайда тағы да елорданы жарнамалау ма деп ортанқол дүниелерге автоматты түрде жатқыза салған едім. Сөйтіп, бағана бір отандық телеарналардан осы фильмге көзім түсіп кетті. Абыройында бас жағы екен. Фильмді тамашалау барысында жас бүлдіршін-актерлердің ойынына тәнті болдым.
Сонау «Менің атым Қожа», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Сүйрік» атты фильмдерден кейін қазақ кинематографиясында осындай жақсы туынды шыққанын көріп, мәз болып қалдым. Әлбетте, балаларға арналған фильм түсіру оңай шаруа емес. Ол үшін үлкен шеберлік қажет екені сөзсіз. Режиссер Данияр Саламаттың бұл қолынан келген сияқты.
Тақырыптағы сөздер кешелі-бүгін блогшылардың лексиконынан түспейтін секілді. Сонымен, ұзақ созуға уақыт тапшы, жазбай қоюға ұят қысып тұрып жазғаным: Блогкэмп басталды! Кеше “ Кермес” дәмханасында кереметтей бейресми рәсімін өткеріп тастадық. Әрине, алғаш танысып тұрғаннан ба, бәрімізде тосырқау, жатырқау, т.б. сезімдер болғанын несіне жасырайық. Бірақ, ресми аты-жөнімізден айтып, қызыл шайға қызған соң, түрлі ойынмен жақын танысудың амалын таптық.
Ең алдымен, Әбіләкімнің өткен жолғы айтқан бұйымтайын орындауға жарамағаным үшін өзінен кешірім сұрайын деп едім.
***
Бүгін таңертеңнен мәшинеге мініп алып, кім екенін саусақпен көрсетпей-ақ қояйын, блогкемпке келген қонақтармен қаланы кішкене араладық. Өстіп, Алматының өзінде жүрсек те, қу тірліктің қамымен онша араламаған қаламен өзіміз де танысып алдық :)))
Мақтана бермеңдерші. «Келе жатырмыз» «Бара жатырмыз» деп. Онсыз да ішім күйіп жыным кеп отыр. Блокгамке бара алмайтын болдым. «Ақылы қарнында» семіз бастық іссапарды қырсық шалып 18-25 аралығына қойыпты. Сөйтіп «Жақсы емес адамдар» Алматы 2 ден сағат 05-52 де поездбен кетіп барамыз… Барғандай болмайды, амалсыз теледидардан көруге әрекет жасаймын. Мүмкіндік болса суреттер, видеоларды көптеп түсіріңдерші. Жақсы өткізуге тілектеспін.
Мына тон қазақ батыры Қуандыққа арналып тігілген тон екен. 1745-1746 жылдары моңғол батырын жекпе-жекте өлтіріп, басын кесіп алған. Соған арнап 68 бұғының терісінен әдемілеп тігілген тон екен. 263 жыл болыпты, қазір Қытайда музейде тұр екен. Гиннесс рекордтар кітабына кіріпті.
Бүгін емес, кеше және оның алдыңғы күні (14, 15 наурыз) Қазақстанның КВН-нан ашық біріншілігінің ашылу фестиваліне бардым. Қысқа ғана айтсам: Жаман емес!
Жаңа командалар пайда болыпты. Бұрын Алматыдағы универлердің өзара сайысымен шектелетін елдің ашық біріншілігі. Қазір оқу орындарының ғана емес, мекемелердің (мысалы, Алматытелеком), өңірлердің (Ақтау, Өскемен, Қостанай, т.б.) құрама командалары да көбейе бастапты. Ойындар да телеэфирге лайықталып көрсетіледі, яғни сапаға көңіл бөле бастапты.