Сүйікті браузеріңіз?

5 күндей Firefox-тан Google Chrome-ға өтіп, соны қолданып жүр едім. Үйреніп кетермін деп ойлағам. Бірақ, бүгін шыдай алмадым өзімнің Отты Түлкіме қайта оралдым. Сағынып қалыппын, ол да маған ренжіп қалғандай қарады :) Уффф, әйтеуір тура жолыма қайтып түстім! Сіздер қайсысын қолданасыздар?
Әрі қарай

LOST -ты бітірдім ақыры


Кен орнында жұмыс істегенадамның жұмыстан кейінгі уақыты өтпейді. Бұл мәселені кешкісін қосылатын жарымжан интернет пен қаптаған фильмдер жартылай шешіп жатады.
Сосын күнара қайта қайта отжиман жасай беретін түремшіктер сияқты жаттығулар жасап кешті өткізесің.
Жақында тауысқан фильмдерімнің бірі әлгі Патик мақтаған LOST (Адасқандар- деп аудардым)- көпсериялы фильмі.
Ағылшынша нұсқасын алып көріп едім. Әсеріммен бөлісейін дедім. Киноның қармағына түсіп қалмаңдар.
Әрі қарай

Ықлима апай. Диктант.

— Үйге 42, 43, 44 -ші жаттығуды жаттап, 69 жаттығуды ережеге сай жазып келіңдер!
Мектептің таңдай алды мұғалімі Ықлима апай үй тапсырмасын берді де, оқушыларға тіке қарап:
— Уа, жамиғи оқушылар! Ертең қорытынды диктант болатынын бәрің білесіңдер. Тәлібтер неме, өтірік сылтау айтып келмей қалушы болмаңдар! Үйіңде бомбы жарылып, өзің не өзіңнің туғандарың сірейіп сеспей қата қалса кешіремін, бірақ алды да арты да сол, нақ. Басқа сылтаулар қабылданбайды. Ұқтыңдар ма?"
Апайдың даусы қатқыл шықты.
Артқы партыдан көтіне шейін пысық Иммануил Әбдрашид әдеттегідей қолын көтерді.
— Ықлима Астафьевна! Сұрағым бар! — деді. Ықлима қабағын жазбастан басын изеді.
Иммануил тұрды да:
— Ертең сізге телефон соғып «аса қарқынды жыныстық қатынастан дымым құрып, хәлден тайдым» десем не істейсіз? — деді.
Бүкіл сынып портфельдерімен бетін басып, тырқ-тырқ тұншығып дамбалы кепкенше күлді. Әр жерден мырсылдаған дауыстар бәсеңсігенде, Ықлима апай әлденені білетіндей басын шайқап, қатқыл жүзіне аналық жылылық ұялады да, мейірлене былай деді:
— «Олай болса, балам, амал жоқ, диктантты басқа қолыңмен жазуға мәжбүр боласың!»
Әрі қарай

Самопал... бірақ арақ емес

Ерте, ерте, ертеде, очм, араққа су араласпаған таза кезінде, біздің ауылда самопал деп төмендегі суретте көрсетілген құрылғыны атаушы еді. Мұны басқа жерлерде пугач деп атайтынын өткен аптада ғана білдім.


Иілген мыс түтіктің түкпіріне "№36" деген шайдың қорабынан шығатын жылтыр қағазды түйіршіктеп тықпалап тастайтын. Түтіктің ішін толтырып емес, әрине. Содан оның ішіне үш-төрт немесе төрт-бес сіріңкенің басындағы күкіртті салады. Сосын түтіктің ішіне бас жағы иілген шегені салады. Түтіктің иілген құйрығы мен шегенің иілген басының арасына белесебеттің камерасынан қиып алынған резеңкемен керіп тартып қояды. Ататын кезде, жаңағы шегені түтіктен суырыңқырап, бас жағын іліністіріп қояды. Резіңкені қысқан кезде, шеге барып түтіктің түкпіріндегі күкіртке соғылып, нәтижесінде қазіргі қытайдың пиротехникасынікі сияқты дыбыс, кейде түтін, қараңғыда тіпті ұшқын шығарады. Соған мәз болып жүруші едік.
(Мұны неге жазып отырмын, суретте бәрі бар екен ғой :)) — просто Әбіләкімнің рогатка туралы жазғанынан еске түсіп кетті да)
Бұл жарықтық өзі шығыны аз нәрсе еді. Материалдық шығыннан тек үйден ұрлап алынған сіріңке ғана. Қалғандары машдвордағы комбайнның мыс түтіктерінен, белесебеттің жарылып, жамауға келмейтін камерасынан, шегеден тұрады. Кей сәндегіштер сыртынан насостың шлангісінің кесіндісімен қаптап қоятын. Оның сыртын изолентамен орайды.
Әрі қарай

Жо-Тех жаңалықтары



Кеше Істеп Джобс өзінің табынушыларына iПҰТ-2 планшетінің презентациясын өткізді. Енді жамиғы дәруіштер онымен тек SMS жіберіп қана қоймай, тіпті кейде сөйлесе алады дейді. «Келесі өнімдерде тачскринді сенсорлы экран, 3G-байланыс, Wi-Fi және камера бола ма?» деп сұраған «PC World» американдық журналының тілшісіне, «жоғалнақ» деп жауап берді Істеп Джобс.

***
Үйді өзі жинайтын, тамақ істеп қоятын, кір жуатын және онысы үшін ештеңе сұрамайтын роботтар бұрын арман еді ғой, солай ма? Әлі де арман
Әрі қарай

Қазақтың жүз әнінің сайты



http://100an.kaztrk.kz

Қазақтың 100 әні жобасының жеке сайты ашылыпты. Сайтта жоба туралы ақпарат, әндердің видеоларын, дауыс беру мәліметтерін, фотоларын таба аласыздар. Тек көрерменмен интерактив жағы қарастырылмапты, сауалнама, форум немесе пікір жазу алаңы болса жақсы болар еді. Сосын әр көрсетілімнен кейін тез жаңарып тұрса деген тілек айтқым келеді. Әзірше тек алғашқы көрсетілім ғана берілген.
Әрі қарай

Киіз үй

Қазақтың кең даласының құдіретін бойына сіңіріп, көзбен көріп өскен соңғы ұрпақ біз шығармыз бәлкім. Сар далада ақ бауыр ақбөкендердің табынымен жайылғанын, шаңырақтап түскен күн сәулесінің танауды қыттықтай оятатынын сезінген де біз болармыз мүмкін. Түңлікті түріп, керегенің киізін көтеріп қойып самаурынның шайын сораптай ішіп сорпа-сорпамыз шығып терлеген біздің балаларымыз бұл әсерді ала алады ма екен?Әй, қайдам…

Жердің домалақ екенін киіз үйдің формасымен дәлелдеген көшпенділер ұрпағына киіз үй туралы аз-маз мағлұмат.
Әрі қарай

Жамбы ату

Қазақтың көне ойындарының бірі. Шауып келе жатқан аттың үстіндегі ойынға қатысушы садағымен нысанаға тігілген жамбыны атып түсірген. Жамбы ретінде күміс немесе алтыннан жасалған тайтұяқтар немесе теңгелер тігіліп отырған.Жамбыны атып түсірген жігіт сол жамбыны сый ретінде өзіне қалдырып отырған. Бұл ойынға жігіттің жігіті қатысқан екен.Кей ертегілерде хандар жамбыны атып түсірген жігітке қызын берген делінеді.
Кейінгі жылдары бұл ойын сәл өзгеріп шауып келе жатқан аттың үстіндегі жігіт белгілі сызықтың тұсына келгенде қолындағы найзаны ілулі шығыршықтан өткізуге тырысатын болды. Жезқазған қаласындағы Жамбылдың 150 жылдық тойында осы нұсқа ойнатылған еді.
Әрі қарай

8 Наурыз


Көктемнің төл мерекесі -8 Наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесімен барша әпке, қарындас, ару қыздарымызды құттықтаймыз!
Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз!
Әрі қарай

Қазақ киносынан шертілген бір тамшы ой немесе аянышқа толы махаббат дастаны...

Стивендер мен Джеймстерді шаң қаптыратын қазақтың қарадомалақ режиссері қашан туылады (немесе шығады) екен.
Сағат таңғы 6:04… aktobe88 сайтта отыр…

Бүгін 2 жарым сағат уақытымды бөліп, "Қыз Жібек" көркем фильмін тағы да қарап шықтым. Шіркін, не деген фильм десеңізші?! 70-інші жылдарда түсірілген көркем фильм болғанымен, сол бір кезеңдегі қазақ сақарасының бүгіні мен ертеңін бір-бірімен ұштастырып жатқандай…
Әрі қарай