Тұңғыш рет.. Бірінші болып...

Тақырыптағы сөздер кешелі-бүгін блогшылардың лексиконынан түспейтін секілді. Сонымен, ұзақ созуға уақыт тапшы, жазбай қоюға ұят қысып тұрып жазғаным: Блогкэмп басталды! Кеше “ Кермес” дәмханасында кереметтей бейресми рәсімін өткеріп тастадық. Әрине, алғаш танысып тұрғаннан ба, бәрімізде тосырқау, жатырқау, т.б. сезімдер болғанын несіне жасырайық. Бірақ, ресми аты-жөнімізден айтып, қызыл шайға қызған соң, түрлі ойынмен жақын танысудың амалын таптық.
Біртүрлі ойындарды бастаған, “Қазақия” блогының мүдірі Рахат Жақсыбай болатын. Міне, сол сәттерден бір-екі сурет. Қағып алыңыз!




Айтпақшы, кездесуден соңинтернет іздеп жүріп, ертең жасар презентациямызды бүгін жасап тындық. Оның қандай тақырыпта болатынын бүгінгі репортажымнан оқисыздар, бұйырса!

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/19/%d1%82%d2%b1%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%88-%d1%80%d0%b5%d1%82-%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%88-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bf/
2 пікір