Гераклдың сегізінші ерлігі: Диомед аттары.
Микена қақпасы сол замандарда қарусыз келгендердің барлығы үшін ашық болды. Қарауыл тауарымен келген байларды да, қайыр сұраған кедейлерді де кіргізе беретін. Бірде арық денесін әрең жасырып тұрған алба-жұлба киімі бар бейтаныс қалаға келді. Оның иығында бақытсыздыққа тап болғанын білдіретін сынған ескек болатын. Әлгі бақытсыз жан өзінің басынан өткен қайғылы оқиғаларды жұртқа әңгімелеп жүрді. Көп кешікпей кедейді сарайға шақырды.
— Посейдонның қаһарынан құтылған жалғыз жан екеніңді естідім, – деді Эврисфей. – Ол қалай болып еді?
— Біздің кеме жартасқа соғылды, – деп бастады сөзін кедей, – бірақ біз жағаға жүзіп жеттік. Бірақ жағада бізді қарулы жауынгерлер күтіп тұрды, кеуделеріне салынған бейнелерге қарағанда, бұлар – фракиялықтар. Олар найзаларымен итермелеп, елдің ішіне апарды. Біз биік қоршаумен қоршалған ағаштан салынған ғимаратқа келдік. Кісінеген қатты дауыстар мен тұяқтардың тарсылынан бұның атқора екенін түсіндік және бізді ат бағушы етпекші деп ойладық. Алайда қақпа ашылғанда ауланың ішінде адамдардың сүйектері шашылып жатқанын көрдік. Бізді аулаға кіргізді де, фракиялықтардың бірі: “Жібер!” деп айқайлады. Аттар қоршауларынан жүгіріп шықты. Олар бізге бас салып, талай бастады. Мен жалғыз аман қалдым…
— Аттардың иесі кім? – деп тағатсыздана сұрады Эврисфей.
— Диомед, – деді кедей. – Ол патша…
— Жетеді! – деді Эврисфей. – Қызметшілер сені тамақтандырып, менің үстімдегі гиматийді береді.
Кедей патшаның жүзінен құпия жымиысты байқады. Қайыршы киілген киім мен бір табақша қоректен де гөрі қымбат қызмет көрсеткенін білмеп еді. Бір айдан бері Эврисфей Гераклға не тапсырарын білмей, байыз таппай жүрген еді. Ол енді шешім қабылдады: Диомедтің аттарын әкеліп берсін.
Күшті дауыл кеменің алға жүзуіне кедергі келтірді. Гераклдың серіктеріне Борей батырдың өлімін алдын алғысы келгендей көрінді. Серіктерінің ішінде Герместің ұлы Абдер де болды. Батыр болса өзін көңілді ұстады, өмірінен таңғаларлық оқиғаларды әңгімелер келе жатты. Оның әңгімесі де жартастың үстінен көрінген Диомедтің сарайы көрінгенде таусылды.
Жағаға жеткен соң, Геракл мен оның серіктері елдің ішіне тапталған жолмен тереңдей жүрді және көп кешікпей қаһарлы кісініген дауыстарды естіді. Қақпаны ашқан Геракл қоршауларға жетіп, алып күш пен сұлулық иелерін көрді. Олар бастарын шұлғып, тұяқтарымен жер теуіп тұрды. Ауыздарынан қанды көпірік шашылды. Көздерінен қаһар көрінді, олар үшін кез-келген адам азық болатын.
Геракл жұдырығын көтерді де, бірінші кездескен жануарды ұрып жіберді. Ат есеңгіреген сәтте Абдер кере тартып тұрған жүгенді мойнына салды. Осындай әдіспен барлық аттар жүгенделіп, Геракл оларды теңізге айдады.
Осы кезде Диомед те өзінің фракийлерімен тарпа бас салды. Аттарды Абдерге беріп, Геракл ұрысқа шықты. Аттарды адам етімен қоректендірген патшаны Гераклдың күші он есе артты, ол жауларын оңай жеңді. Тау-тау өлікті артқа тастап, Геракл Диомедке де жетті. Содан кейін оны шоқпарымен ұрып өлтірді.
Жеңіске жеткен батыр теңіз жағасына беттеді. Онда оны қайғылы оқиға күтіп тұрды. Абдердің аттарға күші жетпеген болатын. Құтырған жылқы оны талап, түк қалдырмаған еді.
Қапаланған Геракл аттарды қырып тастай жаздады. Бірақ, Эврисфейдің тапсырмасы еске түсіп, оларды ұстап алып кемеге тиеді. Содан кейін батыр Абдердің өлген жеріне биік төбе үйіп, кейін қасына Абдер деп атаған қала тұрғызды.
Диомедтің аттары Микенаға жеткізілді. Ал Эврисфей оларды босатып жіберуді тапсырды. Асау аттар орманға тым-тырақай қашып, жабайы жыртқыш аңдардың жеміне айналды.

Дерек көзі: greekmith.wordpress.com/2011/03/24/%D1%81%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96-%D0%B5%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D0%B4%D0%B8%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D0%B4-%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B/
Пікір жоқ әзірше