"Бәйтерек" және бала арман


Осыдан біраз жыл бұрын балаларға арналған «Бәйтерек» фильмі жайлы естіген боларсыздар. Мен де естігем, алайда тағы да елорданы жарнамалау ма деп ортанқол дүниелерге автоматты түрде жатқыза салған едім. Сөйтіп, бағана бір отандық телеарналардан осы фильмге көзім түсіп кетті. Абыройында бас жағы екен. Фильмді тамашалау барысында жас бүлдіршін-актерлердің ойынына тәнті болдым.
Сонау «Менің атым Қожа», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Сүйрік» атты фильмдерден кейін қазақ кинематографиясында осындай жақсы туынды шыққанын көріп, мәз болып қалдым. Әлбетте, балаларға арналған фильм түсіру оңай шаруа емес. Ол үшін үлкен шеберлік қажет екені сөзсіз. Режиссер Данияр Саламаттың бұл қолынан келген сияқты.
Тақырыптың басты ұйытқысы «Бәйтерек» болғанымен балалық шақтың қызықтары, алғашқы махаббат, достар арасындағы әзілдер және бастысы отансүйгіштікке тәрбиелейтін мейірімді фильм.
Сюжет бойынша Санжардың әке-шешесі ажырасып кетеді. Ол ата-әжесінің қолында, ауылда тәрбиеленіп жатады. Бала арманы – осы әке-шешесін табыстыру. Сол арманды «Бәйтерекке» қолын қойып, тілесе орындалады дегенге сенеді. Санжардың осы арманын, сезімтал жан-дүниесін түсініп, қамқор болып жүрген Дана апайы болады. Санжар да өз кезегінде мейірімді апайына махаббат сезімі оянады. Апайына сөз салып жүрген жігітінен қызғанып, кішігірім алғашқы махаббат машақатын да бастан кешіреді. Баланың нәзік жанын жаралап алмауын ойлап, апайы оқу жылы біткенде Санжарды сыныптастарымен Астанаға саяхатқа апарады. Санжардың бала арманының орындалуына ықпал етеді.
Фильмде сонымен қатар ақ сақалды, ақ киім киінген Қыдыр-ата балаларды жанашырлыққа, мейірімділікке шақырып, желеп-жебеп жүреді.
Балаларға арналған жақсы бір музыканың сүйемелдеуімен Астананың көрікті жерлері көрсетіледі. Тіпті өзімнің де патриотизмім артып кетті )) Кейбір жерлерінде балаға жаның ашып, мейірімділігіне қарап көзіңе жас та келеді. Осы рольмен басты рөлде ойнаған Орынбек Сатанбаев та жақсы алып шықты. Досы болып ойнаған балақай да жарады.
Очм, балаларға арналған жақсы фильм. Тіпті өзің де бір уақыт балалық тәтті сезімге саяхат жасап қайтқандай боласың.

Мақала сілтемесі: http://akzere.dosym.kz/?p=1247
Бөлісу:

4 пікір

bekmur
Bir ret bolyp jatkan telearnada… birak astanaga reklama goi dep karamagan edim… endi bolsa karap koru kk.
asaubota
киностандық қарақшылар, түсіріп алу сілтемесін студияға!
gunner
Мына кино керемет! «Рекомендеймін»! Мейлі Астананы мақтай берсін, бірақ ол киноның мықты түсірілуіне еш кедергі келтірмеген. Осындай кинолар көп түсірілсе жақсы болар еді. Өзім екі рет көрдім
Abilakim
маған да ұнады, алма ұрлап келген жерлері де қызық…