10-ы күні түнде Астанадағы Азияпарк сауда орталығында түнгі жеңілдіктер болды. Сағат кешкі 22:30-дан 03:00-ке дейін. Машина мен адам қырғын. Ешқандай бутикке кіре алмай жәй әншейін қарап қайттым. Қызық концерт те болды. Пижамамен келгендерді киноға тегін кіргізіпті. Азияпаркке бұрын көп адам бармайтын еді, мыналары қызық акция болды. Алматылықтарға таңсық емес шығар, бірақ астаналықтар үшін бұл бір тосын акция болды.
Дүкен біткенде самсап тұрған сансыз тәтті атаулыдан алыс жүретін адам кемде-кем шығар...Өзім де тәттіге құмартатын, қолыма түсе қалса, тез-тез қағазын ашып жіберіп (ашылмай жатса, ашулана жыртып ),
Сіз ЕЛЕС дегенге сенесіз бе? Өзім көрмеген соң, нақты айта алмаймын. Адамзатпен қатар өмір сүріп жатқан белгісіз тіршіліктің бары ақиқат болса, онда елес те бар. Оған құрбыларымның айтқан неше түрлі оқиғалары дәлел. Жатақханада бір қыздың бөлмесіне жиналып алып, естіген, көрген-білген қорқынышты оқиғаларды айтатынбыз. Қызық…Қорқынышты…Сосын бөлмелерімізге қайта алмай, қорқып жүретінбіз. Сол оқиғалардың дені елес туралы болатын. Қайтыс болған адамның елесі кезіп жүреді дегенді көп естідім. Соның бірі – Қарағанды банк колледжінің жатақханасында болған оқиға. Тағы сол қыздардан естідім.
saya.kazjur.kz/files/2011/09/555.jpeg Осыдан біраз уақыт бұрын (нақты білмеймін, бәлкім 5-6 жыл бұрын) жатақхананың жоғарғы қабатында бір топ ұлдар қызды зорлап (Құдай бетін аулақ қылсын!!! ) өлтіреді де, кілемге орап, кереуеттің астына тастай салады. Ондағылар болса, қыздың мәйітін бірнеше күннен кейін бірақ көреді.
Одан кейін қаншама уақыт өтті. Бүгінгі таңда 9 қабатты жатақхананың тек 5-еуінде ғана студенттер тұрып жатыр. 5-тен жоғары қарай кірпішпен қалап, жауып тастаған деседі (көзіммен көрген жоқпын). Неге дейсіз бе? Әлі күнге қыздың елесі сол жерді кезіп жүреді-мыс. Кейбір тұрғындары түнде ұйықтап жатқанда қыздың жылаған дауысын, есіктің сықырлап ашылғанын естиміз дейді. Қыздың жаны жай таппай жүрген болар…
P.S. Рас-өтірігі Аллаға ғана аян осы оқиғалардан кейін ойланып қалдым. Мен елеске сенетін сияқтымын. Ал, сіз ше?
Бір қария мешітке намаз оқу үшін келе жатады. Әбден қартайған, әлі жоқ. Жолда екі рет құлап қалады. Сонда да қайтпай, қайткенде де намазға үлгеріп, Алланың разылығын алу үшін жүріп келеді. Бір кезде, қайдан сап ете қалғаны белгісіз бір бала кеп, қолтығынан демеп:
— Мен сізге көмектесейін. Жүріңіз, — деп жетектей жөнеледі.
Қарияның жүрісі өніп, жағдайы түзеліп, жаны кіріп қалады.
— Рахмет, балам! Өркенің өссін! Алла сауаптан жазсын саған. Кімнің баласысын, шырағым?! – деп мейірлене әңгімеге тартады.
— Мен шайтанмын, — дейді бала.
Қария шошып кетеді. Сосын таң қалып:
— Онда, неге маған көмектесіп келесің, — дейді.
— Сенің Аллаға жан жүрегіңмен беріліп, осынша ауыр хәлде болсаң да мешітке барсам деген ниетің үшін Алла саған жәннат сыйламақ. Сен жолда екі рет оңбай құладың. Енді сүрінсең — өліп кетуің мүмкін. Өлсең – жәннатқа кетесің. Сондықтан мен сенің бұл күйіңде өлуіңе қарсымын. Жер басып, жүре тұрғаның жақсы. Әйтеуір бір қате қадам жасап, күнәлермен былғансаң – тозаққа лайық болып қаласың. Сол үшін мен бұрынғыдан да қатты жұмыс жасауым керек. Абайла! Құлап қалма! – депті.
Сыныққа сылтау дейді ғой… Ұяттымын. Сөзімде тұрмадым, бастаған ісімді дұрыстап аяқтай алмадым.
Сағынның ісі туралы түсірген сюжетіміз екі апта бұрын дайын болған, бірақ сайтқа әлі шықпай жатыр. Веб-бағдарламалаушымыз босамай жатыр. Өзім де ауырып қалып, қадағалай алмадым.
Бүгін бағдарламаның 117 саны жазылған диск «Алматы» арнасына жөнелтілді. Құдай қырсығынан сақтаса, алдағы жексенбі күні сағат 17-00-де эфирге шығуы тиіс. Ал облыстар оны өткен аптада көріп алды, өйткені спутник арқылы жүретін таралым «Алматыдан» бір апта бұрын.
Ерінбесеңіздер, жексенбі күні теледидар көріңіздер.
Мына суретке қарап тұрсаңыз, мұсылман қыз бен монашканың киімінде анау айтқан бір айырмашылық жоқ сияқты. Екеуі де жабық, ашық-шашық тұрған ештеңесі жоқ.
Хиджаб – араб тілінде жамылғы деген мағынаны білдіреді. Яғни, шариғаттың талабына сәйкес киім. Ұзын, денеге жабысып қалмаған кең, адамның назарын нәпсі ойларға жетелемейтін киімнің түрі. Хиджабты Сауд Арабия, Ауғанстанда, Шешенстанда киіп жүруі міндетті. Ал, Түркия, Тунис, Тәжікстан елдерінде хиджабты мемлекеттік мекемелерге, университет пен мектептерге киіп келуге тыйым салынған. 2008 жылы Түркия хиджабты университетте киюге рұқсат алғысы келген екен, алайда конституциялық сот заңды өз күшінде қалдырыпты.
Ал, монахиня – шектеулі қоғамдағы аскеттік өмір стилін ұстанатын діни қоғамның мүшесі немесе жалғыздықта ғұмыр кешуді таңдаған әйел. Дени Дидроның 18 ғасырда жазған “Монахиня” прозасында монастырьдегі монашка қыздың сыртқа қашып шыққысы келгенін, қыстыққан жаны еркіндікті аңсап, ақырында қашып шығып, жарық әлемді көргеніне бақытты екені туралы жазған повесі кімді де болсын бей-жай қалдырмайды.
Автордан: Хиджабты өз басым кимес едім. Мен еркіндіксүйгіш, кең даланы мекен еткен көшпенділердің ұрпағымын. Бүркену, ұзын көйлекті киіп алып, сүйретіліп жүру табиғатыма жат. Бірақ, тым ашық-шашық киініп, тырысқан-бүріскен бірдеңелерді, тылтиған юбкаларды киіп, кіндігін көрсетіп жүретіндерді түсінбеймін. Әркім өзінің сана-сезімі мен ақыл-деңгейі жеткен жерге дейін киінеді. Талғамы жоғары, ұятты биік қоятын кез келген қыз-келіншек өз абыройын төгетін киім атаулыға жолай қоймас деген сенімдемін.
Сурет: www.diary.ru/~islamnews/?tag=405414 осы жерден алынды.
«Жүре берсең көре бересің» деген рас негізі. Өткенде Балқашта болғанымда жездемнен бір қызық әңгіме естідім. Мүмкін маған ғана қызық болып көрінген болар. Мәселе былай, әкімшіліктің адамдарымен үй тұрғындары кездесіп жатса керек. Бір шал әдейі ме әлде шын ба мынандай сұрақ қойыпты: «Мен екінші қабатта тұрамын, неліктен мен жерге салық төлеуім керек? Себебі ол жердің салығын бірінші қабаттағы тұрғын төлеген жоқ па? Мен одан артық көлем алып жатқан жоқпын, дәл соның үстінде тұрамын» деген екен. ақсақалға әкімдіктен келгендер жауап бере алмай қалыпты.
Облысымыздың мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген «көкеміздің» жұмыс орнына күтпеген жерден құда-құдағиы, келіні ұлымен келіп қалады. Екі аяғы бір етікке тығылған әлгі кісі жалма-жан жұмыс кабинетінің түкпірінде орналасқан «кухнясына» хатшысын жіберіп, шай демдетеді. Ұятты кісілері әп-сәтте келе қалды. Құдасының даңғазадай кабинетін аралап, тамсанып жүр. Басын шайқап қояды. «Көкеміз» кісілерінің асты-үстіне түсіп, бәйек болып жүр. Шай ішіп, дем алатын бөлмесіне ертіп апарды. «О-О, мұнда тұруға болады ғой кәдімгідей»,-деп қояды құдасы кеңк-кеңк күліп. Оған қызын алып отырған бастық құдасы ырза. Шай құйылды. Шай үстіндегі әңгіме басталды. Былай қарасаң, жасына лайық сақал-мұрт қойған құдасы парасатты, оқыған болып көрінеді. Бір орысша, бір қазақша араластырып сөйлегені — өзінше «современныйлығын» таныту сияқты. Әңгіме ауаны Қасым Аманжоловтың мерейтойына ауды. Қолындағы өрігін еппен сүртіп отырған келін: «А кто он Касым Аманжолов?»- деді. Мамасы: «вроде бы поэт»,- дейді. Әкесі болса: «Не он молодец ақын, есть же у него стихи...қалай еді? Қасымның Рахымжанымымын ба или Рахымжанның Қасымымын ба? Ну, вроде того»… Шай құйып отырған қыз мырс ете қалды.
Енді 5 күннен соң әйгілі 11-қыркүйек оқиғасының орын алғанына 10 жыл толады. Аль-Каида ұйымына мүше 19 террорист сол күні АҚШ әуе қызметінің 4 ұшағын басып алады. Оның екеуі әлемдік сауда ғимаратына соқтығысады. Соның нәтижесінде ғимарат түгелдей дерлік құлайды. Ал, өзге бір ұшақ пентагонға құласа, енді бірін жолаушылар террористер қолынан тартып алады. Ол ұшақ Шенксвилл қаласының маңайына құлаған екен. АҚШ үкіметі алдағы уақытта 10 жылдығын атап өту мақсатында террористер іс-әрекеті тағы қайталануы мүмкін екендігін жоққа шығармайды
Террористік акт салдарынан 2977 бейбіт тұрғын қайтыс болады. 24 адам әлі күнге іс-түссіз жоғалғандар сапында.