Абайдың "умаждалуы"

Дүкен біткенде самсап тұрған сансыз тәтті атаулыдан алыс жүретін адам кемде-кем шығар...Өзім де тәттіге құмартатын, қолыма түсе қалса, тез-тез қағазын ашып жіберіп (ашылмай жатса, ашулана жыртып ), ауызыма салғанша асық болатындардың қатарындамын. Әңгіме қағаздан шығады. Жақында «Халық сөзі» газетінен «Абай шөбересінің соңғы тілегі» деген мақаланы оқып… ойланып қалдым. Ғазел Мағауия (ақынның шөбересі)үйінде «Рахат» кондитерлік фабрикасынан шыққан «Абай» атты шоколадтың жасыл түсті қағаздарының орауын жазып, жүздеген, әлде мыңдаған бір жапырақ қағаздарды әдемілеп тұрып қаттап, шкаф сөрелеріне жағалата жинап қояды екен. «Мұны атасының әзиз бейнесі аяқтың астында жатпасын, жүрексіздер жыртып, бүктеп, мыжғылап тастамасын деген перзенттік жанашырлығы деп ұққан едік» деген екен. Ұқса, шөбересі ұқты. Біздің ұққанымыз шамалы. Шоколад десе жанын беретін жандар білетін шығар, «Рахат» кондитерлік фабрикасынан «Абай» атты конфеттер шығатынын.Жеген де шығарсыздар талай мәрте тамсанып. Тіл үйірер дәмін білгеніңізбен, сыртындағы қағазын не істегеніңіз есіңізде ме? Жо-жоқ, мен жүгіріп барып, қоқыс салынған жәшікті ақтарыңыз деп тұрған жоқпын. Кәмпитті жеуін жейміз ғой, ал қазақтың бас ақыны — Абайдың суреті бейнеленген қағаздарын умаждап, әңгіме арасында үстелдің үстіне лақтыра салған болармыз не «жемесең түсіңе, жесең тісіңе» кіретін етті тіс арасынан тазалаймыз деп, «зубочистка» қылдық па? Ойланып қаламыз.
Қалай ойлайсыздар? Қазақтан шыққан тұлғаларды кәмпит, шараптардың мұқабасы ету дұрыс па? Мүмкін халыққа өтімді болу үшін, насихаттау үшін деп басыңызды изерсіз. Бірақ, сыртындағы қағазына емес, ішіндегі тәттісіне асығатын біздер үшін мұндайдың қажеті қаншалықты? Себебі, қағазын лақтыра саламыз ғой. Әруағы кешірсін… Абайымыздың суреті талай мыжылып, қоқысқа кеткен болар, желмен ұшып, аяқққа тапталған болар, отқа оранып не жыртылған да болар…
Бөлісу:

42 пікір

edige
Мені де толғандырады… әрбір бұтаның түбінде талай болашақ ғұламалар қалы ау деп…
e_zhalgas
шарап? әлі «абайдан» шөлмектетіп көрмеппін
Sayana
Асанәлілерді айтам. Сосын «Дәстүр» деген де арақ бар. Сонда ол біздің дәстүрлі сусынымыз ба? еще мұқабасы оюланып, әдемі жасалған. Әй. сол шөлмектердің ішінде бір-бір шайтан отыратынын қашан ұғамыз?
Zilola
шайтан шолмекте емес, озiмiздiн iшiмiзде жулдызды сатiн кутiп отырады.
e_zhalgas
«шайтанның жұлдызды сәті»
edige
Түсінген қазіргі қоғам… Жоғары буын өздерін «Түзу, таза жүрсең ол күнә емес» деп ақтап алатындығы болмаса. Орта буын қазір құнықпаған
Zilola
Асаналi мен Бибiгул деген тулгалардын пiкiрiн бiлу керек екен. тетрапакеттегi Омар шарабы да болган кезiнде.
Abilakim
Асекең өзі ризалығын бергенін айтты. Распутин деген арақ па спирт пе бірдеңе болып еді кезінде
Zilola
Кайсар деген шарап болган, кай тулга екен 70 тенге туратын ))
Zilola
маймак аю мен каракумга жетпейдi Абай мен пушкин шоколадтары, менiн дастарханымда сондыктан да бул кампиттер болмайды.
Sayana
әңгіме "ішінде" емес, «сыртында»)))
Zilola
iшi дурыс болмаган сон сыртындагы сурет ушiн сатып алудын керегi жок
Sayana
бұл тек сіздің пікіріңіз, ал маған ұнайды дәмі
Esmeralda
алғаш шыққанда біртүрлі көрінуші еді, қазір бұл шоколадтың бар екенін ұмытып кетіппін). Дәмі онша емес шындығында, мүмкін сапалы шоколад болғанда қайта ел құрметпен қарайтын сияқты көрінеді.Қағазын жинау дегенге келсек, кейбір газет-журналдар Құраннан үзінді береді ғой, соларды жыртпау керек)
a63a1
Сурет умаждалғанның еш сөлекеттігі жоқ, Абай туралы ұғымымыз умаждалмаса болғаны. Әйтпесе талай жыраулармен ғұламалардың газеттегі поталары тұбалеттің құрбаны болып кеткен
19852407
Келісемін. Тақырыптың да әбден «умаждалыыып» болған тақырып екенін айта кеткім келеді. «Кіндік ашып жүру» әңгімесі секілді
e_zhalgas
әр талқылаған сайын позицияны өзгертіп тұру керек, — қызығырақ болады.
Zilola
таксиге ар жолы мiнген кезде артурлi адам болып отырамын ))
пiкiр алмасканга жаксы ))
a63a1
Адам да еркек және әйел деген түрге бөлінеді
e_zhalgas
бұл стандартты категорияға өз еркімен, кейде табиғаттың еркімен кіргендерді кіргізбей тастай берсек болады ма?
e_zhalgas
ой, «кірмегендерді», «кірмей қалғандарды» деп жазылуы керек еді
a63a1
ғафу өтінем)) меңгерілмеді)))
Zilola
1 жолы аягы ауыр айел, 2 жолы екi баланын анасы, 3 жолы еркек атаулыдан безген кыз, патриот казах, антиказах, тсс кете беред го. сен дурыс тусiнбедiн ))
Zhan
Сонда қалай, мамандығыңды айтып тұрсың ба? Жақсы идея екен, енді менде сөйтпесем…
konvict
Абай деген атты қорлағандар атылсын!!!
konvict
: шұлығымды шайнап жатырмын:
satibaldi
Білә проблема! Епті, енді далада дәрет сындырар алдында, «бұл жерде сақ жауынгері жерленген жоқ па екен?» деп ойланып алу керек шығар әкесстің.
patick
шешесс, қаззақтың төл проблемасы )))))
e_zhalgas
төл проблемалар рейтингін жасақтап, сайттың «көмек» бөліміне іліп қою керек сияқты
qisyq
Лібә, Австриядан Моцарттың суреті бар бір мешөк қампит әкеліп едім, ұятым сыздатып барады…
satibaldi
Менің есіме қағаз жиырма теңгеліктегі Дабай түсіп кетті: бірде менттер тауып алмасын деп, ышқырыма сүңгітіп жіерген болатынмын, әнасстың.
satibaldi
Джинстің артқы қалтасында 75 теңге жатыр, сонда мен көтіммен — Қазақстаннның Елтаңбасын езіп отырған атаңанәмін бе, әкесс?
qisyq
Халық жауы. Ешқайда кетіп қалма, опасыз, «Черный ворон» шығып кетті, он минуттан кейін контрбақылау қызметінің қызметкерлері қызметтеріне сәйкес есігіңді қағып тұрады.
Janasil
Талай Нүрекеңдер де кетті ғой андай жерлерде…
satibaldi
Ғазел Мағауия (ақынның шөбересі)үйінде «Рахат» кондитерлік фабрикасынан шыққан «Абай» атты шоколадтың жасыл түсті қағаздарының орауын жазып, жүздеген, әлде мыңдаған бір жапырақ қағаздарды әдемілеп тұрып қаттап, шкаф сөрелеріне жағалата жинап қояды екен.
Идиотка.
patick
Идиот емес па?
satibaldi
Лібә еркектің аты ма?
patick
білмим, көзіме еркек елестеп кетті, нақ