Монашка мен "Хиджаб"

Мына суретке қарап тұрсаңыз, мұсылман қыз бен монашканың киімінде анау айтқан бір айырмашылық жоқ сияқты. Екеуі де жабық, ашық-шашық тұрған ештеңесі жоқ.
Хиджаб – араб тілінде жамылғы деген мағынаны білдіреді. Яғни, шариғаттың талабына сәйкес киім. Ұзын, денеге жабысып қалмаған кең, адамның назарын нәпсі ойларға жетелемейтін киімнің түрі. Хиджабты Сауд Арабия, Ауғанстанда, Шешенстанда киіп жүруі міндетті. Ал, Түркия, Тунис, Тәжікстан елдерінде хиджабты мемлекеттік мекемелерге, университет пен мектептерге киіп келуге тыйым салынған. 2008 жылы Түркия хиджабты университетте киюге рұқсат алғысы келген екен, алайда конституциялық сот заңды өз күшінде қалдырыпты.
Ал, монахиня – шектеулі қоғамдағы аскеттік өмір стилін ұстанатын діни қоғамның мүшесі немесе жалғыздықта ғұмыр кешуді таңдаған әйел. Дени Дидроның 18 ғасырда жазған “Монахиня” прозасында монастырьдегі монашка қыздың сыртқа қашып шыққысы келгенін, қыстыққан жаны еркіндікті аңсап, ақырында қашып шығып, жарық әлемді көргеніне бақытты екені туралы жазған повесі кімді де болсын бей-жай қалдырмайды.
Автордан: Хиджабты өз басым кимес едім. Мен еркіндіксүйгіш, кең даланы мекен еткен көшпенділердің ұрпағымын. Бүркену, ұзын көйлекті киіп алып, сүйретіліп жүру табиғатыма жат. Бірақ, тым ашық-шашық киініп, тырысқан-бүріскен бірдеңелерді, тылтиған юбкаларды киіп, кіндігін көрсетіп жүретіндерді түсінбеймін. Әркім өзінің сана-сезімі мен ақыл-деңгейі жеткен жерге дейін киінеді. Талғамы жоғары, ұятты биік қоятын кез келген қыз-келіншек өз абыройын төгетін киім атаулыға жолай қоймас деген сенімдемін.
Сурет: www.diary.ru/~islamnews/?tag=405414 осы жерден алынды.
Мына суретке қарап тұрсаңыз, қазақ қыз бен орыс монашканың киімінде анау айтқан бір айырмашылық жоқ сияқты. Екеуі де жабық, ашық-шашық тұрған ештеңесі жоқ. (© Мәтіннің шаблоны @Zhan-ға тиесілі)
Сурет oramal.wordpress.com/ осы жерден алынды.
Тура айта алмайсың ба әлде казжурдағы блогыңа пиар ма?
Бірақ қос стандарт шынымен бар. Мұсылмандар әйелдерге біреулері үрке қараса, екіншілері мүсіркей қараған болады, неше түрлі адам құқықтары туралы әңгімелерін айтып.
Меніңше, екеуі де өз білгенімен ғибадат жасайды. Мұсылман әйелдері өздеріне белгілі парыздарды орындайды: намазын оқиды, садақа береді, оразасын ұстайды, бала туады, тәрбиелейді, т.с.с. кете береді. Монашканың монастырге тығылып алып не істейтіні беймәлім енді, оны мойындайын. Шіркеуге барып көрген емеспін.
қанша уақытын неге арнайтынын әр әйелдің өзі шешеді. Сен мына түріңмен төсек астында қанша уақытын жұмсайтынын да есептеп беруден тайынбассың.
солай ма? мұсылман әйелі өзі шеше ме?
діндарлар айтуы мүмкін: «тозақтан қорқыңдар» деп. Ал сен не айтасың?
кейбір адамдар қорықпаса бейбастақтық жасауы мүмкін.
мына сөзіңнен сен ақиқатты айтады, ерекше миссиясы бар деп ойласам. белсенді жанашырлық танытқаныңа қарап.
жауап -> тозақтан қорқпаңдар. жоқ нәрседен қорқпаңдар
кешірерс, мессия емеспін
Өзің кімге, неге сенгің келсе сен я сенбе. Бірақ өзгенің сеніміне құрметпен қара. Адамның Құдайға сенімі нәзік материя. Оған басқа адамдарға араласа беруге болмайды. Әркім өз сенімін қорғағысы келеді. Саған қойылып жатқан минустар соның дәлелі.
діндарларға да қатысты соны айтуға болады, бірақ олар кімді тыңдап жатыр?
елдің бәрі сен емес қой.
бір діннің басқа дін адамдарына насихат жүргізуі кемде-кем.
Ал секталарды айтуға болады. Сен сияқты киліге береді.
Жалпы маған сенің дін туралы ойларыңды айтуың бравада болып көрінеді.
Сөз түйіні-неліктен хиджаб киюге тыйым салынған, ал монашкалар өз киімін киеді дегенге тіреліп отыр ма? Ондай мәселелерді көтеру үшін дінтану бойынша, оның ішінде исламның, христиан дінінің негізін жақсы білу керек, бос, даурықпа әңгіме көтермей.
Ал Дени Дидроның романы туралы автордың жазғанын сандырақ дер едім, себебі, дін жөніндегі көзқарас әлдеқайда алға кеткен, Еуропа ужы 21 ғасырда өмір сүреді.
Екіншіден, хиджапқа тыйым салған Франция, мешіт салуға тыйым салған Швейцария халқының негізі-христиан дінін ұстанатын ұлттар, ал оларға Түркия, Тәжікстан өздерін зайырлы мемлекет (светскңое государство) деп таниды, ал ондай мемлекетте билік діннен бөлінген, сондықтан апшының қуырылып байбалам салуға негіз жоқ.
Негізі мұсылман әйелінің мешіті — үйі дейді ғой. Ал монахинялар керісінше. Айырмашылық көп.
Салыстырып отырған посттың авторы
сосын «адам құқықтары өрескел бұзылды» мен «Атеистік саясат кезінде» арасында байланыс тауып отырған жоқпын