11.09.2001

Енді 5 күннен соң әйгілі 11-қыркүйек оқиғасының орын алғанына 10 жыл толады. Аль-Каида ұйымына мүше 19 террорист сол күні АҚШ әуе қызметінің 4 ұшағын басып алады. Оның екеуі әлемдік сауда ғимаратына соқтығысады. Соның нәтижесінде ғимарат түгелдей дерлік құлайды. Ал, өзге бір ұшақ пентагонға құласа, енді бірін жолаушылар террористер қолынан тартып алады. Ол ұшақ Шенксвилл қаласының маңайына құлаған екен. АҚШ үкіметі алдағы уақытта 10 жылдығын атап өту мақсатында террористер іс-әрекеті тағы қайталануы мүмкін екендігін жоққа шығармайды
Террористік акт салдарынан 2977 бейбіт тұрғын қайтыс болады. 24 адам әлі күнге іс-түссіз жоғалғандар сапында.

Мынау әлемдік сауда ғимаратының ғарыштан көрінісі
Бөлісу:

17 пікір

Nurgisa
Юбилей десейші…
Сол күні КТК мен Хабардағы түнгі смена шықты тікелей эфирге. Ләззат Танысбай болғаны есімде.
Кейін көрдік қой, Фаренгейт 911 деген деректі көрсетілім шықты. Ғимараттың түп іргетасына бекітулі динамиттер болған дей ме…
meirzhan
Бір деректі фильм көрдім. 3 бөлімнен тұрады: 2-ші дүниежүзілік соғыстағы АҚШ саясаты, христиан діні және 11 қыркүйек туралы. Сонда жарылыстарды өздері жасағанын дәлелдеген болатын. Самолеттер бірінші соғады. Одан кейін барып астыңғы қабаттарды жарылыстар болады. Балкалар кесілген дейді. Сондықтан тез құлаған екен ғимараттар.
10 жылдыққа байланысты терактілерді де өздері істей ме.
e_zhalgas
конспирология деген бар
Aigolek
Дух времени ма?
meirzhan
Міне-міне, сол болу керек.
rakisheva
суретте гимарат кайда?: ойланываткааааааааааан смайлик:
Gulistan
Нұрғиса, сол Фаренгейтің де шындықты нақты аша алмай сияқты,өзім сондай пікірде қалдым.
Қазір Нэшнл Жеорграфик осыған қатысты деректі фильмдерді үсті-үстіне көрсетіп жатыр.
Nurgisa
Сосын, интернетте болды әшкерелеуші фотолар еркін циркуляцияда. Кейін ұшты-күйлі жоқ боп кетті.
Енді әркім өзі сенгісі келген сценарийді алатыны түсінікті ғой басшылыққа.
Шикілік, алайда, жоқ емес.
satibaldi
10 жыл өтті, қазіргі баламалары:
— Қой, Әл Қайданың түк қатысы жоқ, ебірейлер әдейі істеп отыр;
— Француз физиктері жарылыстың іштен болғанын дәлелдепті;
— Со күні ірі корпорация басшылары жұмысқа шықпапты;
— Ғимаратта орналасқан акула компаниялар түк қағаз жоғалтпаған сияқты, азалы күндер біткен соң жұмыстарын жалғастыра берді, ірі берешектері бар компаниялар қағаздардың жоғалып кетпегеніне таң қалып, өкініп, опық жеді…

Лібәд, егер тарих әйел болғанда, 14 жастағылар ауызданатын ауылдағы ең танымал жезөкше болар еді.
e_zhalgas
оны саған дейін айтып кеткені ғана қуантады
Gastarbaiter
Неге қуантады?
e_zhalgas
ең соңғы сөйлемге қатысты айтқанмын
izbasar
Саке тошна айтасың. Қарғандылық мектеп оқушыларыда дәлелдепті деген бір ағай.
izbasar
Алдағы жексенбі мемлекеттік арналардың бірінде арнайы документалды фильм көрсетілмек.
Zamirka-san
Негізі, мұндай тірлікті американдық әскерилер әдейі ұйымдастырды.Осыдан кейін мұсылман елдеріне жорық басталды және әлі күнге дейін толастаған жоқ.
konvict
Осы туралы ойыңыздың толық жазып кетсеңіз…
Zamirka-san
Толық жазу үшін саяси шолушы болуым керек қой… Жалпы осы террактіден кейін Иракқа «атом бомбасын жасадың»деген желеумен тексеріс жүргізілді, бір қызығы, атом бомбасы түгілі ізін де таппағанына зерттеушілердің өздері таң қалды.Саддамды «шырылдатып» көзін жойды да, мұнайына еге болды.Одан беріде біраз мұсылман елдеріне төңкеріс ұйымдастырылды, соңы Ливия.Мұнда әлі толастар емес.Түркия мен Израил бір-біріне алауыз боп қалды.Жалпы, бұл тірліктерге Американы біржақты кіналай беруге де болмас, Ресейің де көштен қалып жатқан жоқ.Қырғызстан соның дәлелі.Бұл енді басқа әңгіме…