Salar de Uyuni көлі

Көпшіліктің айтуы бойынша көк пен жердің тоғысқан жері — Salar de Uyuni тұзды көлі. Ол оңтүстік-батыс Боливияның «Niaoyouni» атты ауылдың жанында орналасқан, теңіз деңгейінен шамамен 3650 метр биіктікте. Бұл тұзды көлдердің ең алыбы, шығысынан батысына 250 км, күңгейінен теріскейіне 100 км қашықтықты алып жатыр. Ішкі жағы 2—8 құлаш тұз қабатымен қаптаулы. Жаңбырлы маусым келгенде көл жұқа қабат суға толады да әлемдегі ең үлкен айнаға айналады… Бұлттың үстінде серуендегендей боласың.

Әрі қарай

Құжаттарың түгел ме?

«Осыншама өмір сүргенде құжаттары түгел қазақты кездестірмедім» © танымал біреу

Негізі, бәрін бірдей осы стереотипке телу қисынсыз болар, бірақ, басым көпшілігі (оның ішінде өзім де бармын) осындай сияқтымыз.
Жақында жұмыс ауыстырып, барған жердегі кадр бөлімі мен бухгалтерияға тапсыру үшін құжаттарымның көшірмесін жинақтайын дегенде, ненің қайда қалғанын білмей, 10 күндей уақытымды құжат түгендеу операциясына арнағаным бар.

Содан туындаған сауалдар:

1. Құжаттарыңыздың (жеке куәлік, паспорт, ӘЖК (СИК), СТТН (РНН), жүргізуші куәлігі, машинаңыз болса оның құжаттары, тағысын тағкылар) түгелдігі мен жарамдылық мерзімін қаншалықты жиі тексересіз? Ауыстыру қажет болғанда уақтылы ауыстырасыз ба?
2. Құжаттарыңыздың тап-тұйнақтай, түгел болуы сізге қаншалықты маңызды, соған орай қандай да бір шаралар қабылдайсыз ба?

Ал, бөлісе отырыңдар ойларыңмен…
Әрі қарай

Баскетболшы Әлжан Жармұхамедовті нешінші минутта көрсетеді?



Танымал баскетболшы екенін естігенім бар. Спортсүйер қауымға қызықты болар деп бөлісіп отырмын. Мүмкін біреулеріңіз бұрын да естіген боларсыздар. Өз басым шетел ақпараттарынан бүгін оқып отырмын.
Әрі қарай

Жазба неге "құсық" болады? (3-ші бөлім)

Жазба әңгімеге/талқыға арқау болмайды.

Кейде, жазармандар «құсық» деген сыни пікірге зар болып қалатын жайттар кездеседі. Яғни «ешкім оқумайд». Ондайда, басқа никпен тіркеліп, өзіңнің жазбаңа өзің комент жазу сияқты азғын тірліктер абырой бере қоймайды.
Әрі қарай

"WikiBilim" - біз туралы барлығы :)

Сәлем, достар!

Бүгіннен бастап «WikiBilim» блогерлер қатарына қосылуға бел буып отыр. Сөкпей қарсы алатын шығарсыңдар! Осы блогтағы жазбалар арқылы біздің қордың жағымды-жағымсыз жаңалықтарынан хабардар болып отырасыңдар. Бізге әр адамның пікірі маңызды, сондықтан өз ойларыңмен, ұсыныстарыңмен бөлісулеріңді күтеміз. Сонымен, таныса отырайық…
Әрі қарай

Мамандық - құрылысшы инжинер

Орташа еңбекақы: 147147 тг.
Қажеттілік: ***** (өте қажетті мамандық)

Мамандықтың сипаттамасы:

Құрылыс инженерінің басты міндеті прорабтікімен дәлмедәл сәйкес. Прораб секілді, құрылыс инженері құрылыс орнындағы жұмыстың бәрін жүргізіп, бақылап, уақытында тапсырып, эксплуатацияға беру. Бұдан басқа, инженерге кешенді проектілеудегі пайда болған мүшкілді (проблема) шешу — сәулет-дизайн жағынан бастап конструктив-коммунал жағына дейін. Инженердің мойнында құрылыс аумағының дайын болуы — жолдың ыңғайлылығы және сапасы, құрылыс материалдарының сақталуы, жұмысшылардың тұратын жері мен тамағы және т.б.
Атқаратын ісі:
  • кешенді проектілеу (сәулет, коммунал жүйелер, құрылыс жұмысының барысы, эксплуатацияға беретін уақытты белгілеу)
  • құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру
  • геолог, геодезист секілді жанжақты мамандармен кездесіп кеңесу
  • құрылыс объектілерін көріп тұру, тексеріп жүру
  • құрылыс материалдарының сатып алынуы, керекті жұмысшыны жалдау

Жұмыс орындары:

мемлекеттік немесе жеке құрылыс компаниялары

Кәсіби шеберлігі:
  • көпір, плотина секілді құрылыстардың архитектуралық қасиеттерін білу.
  • қауіпсіздік жүйелерін білу (құрылыстың кезінде, эксплуатацияға берер алдында)
  • құрылыс материалының сапасын білу

PS: Құрылыс инженерлеріне сұраныс жоғары. Жетістікке жеткен мамандардың айтуы болыынша, бастапқы кезде құрылыс жұмыстарын барлық жағынан білуге тырысу керек — құрылыс басында да офисте де.
Әрі қарай

Асығыс жасалған жоба!

«Екі жұлдыз» басталды тағы да. Нешіншісі екенінен шатасып қалдым шынымды айтсам. Әрбір жерінен бақылайтынмын бұрындары да(Бір қатын, бір телебзірге қараған күнің құрысын!). Асығыс жасалғаны көрініп тұр.
Жанболат пен Жазира.Неге олар? Ол кісілер онсызда бірге ән айтып жүрген жарасымды жұп қой. Қызықтырақ болар еді, егер: Қыдырәлі мен Жазираны, Жанболат пен Қарақатты жұптастырса...«А-лау» дует жайлы да осыны айтар ем…
Әрі қарай

Қариялар азайып бара жатыр /Сағыныш/


Қариялар азайып бара жатыр

с. Мұқағали Мақатаевтікі
ә. Қ. Құрманәлиевтікі


Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…

Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Әрі қарай