Асығыс жасалған жоба!

«Екі жұлдыз» басталды тағы да. Нешіншісі екенінен шатасып қалдым шынымды айтсам. Әрбір жерінен бақылайтынмын бұрындары да(Бір қатын, бір телебзірге қараған күнің құрысын!). Асығыс жасалғаны көрініп тұр.
Жанболат пен Жазира.Неге олар? Ол кісілер онсызда бірге ән айтып жүрген жарасымды жұп қой. Қызықтырақ болар еді, егер: Қыдырәлі мен Жазираны, Жанболат пен Қарақатты жұптастырса...«А-лау» дует жайлы да осыны айтар ем…
Сосын немене еді… Жүргізушілер. Біздің арналар шоу бағдарламалардың жүргізушілеріне қашан жарып еді. Біреуі дұрыс болса, екіншісі әйтеуір қиыс болатын әдетіміз ғой. Нұрлан Абдуллин боксты ма ережесіз төбелесті ме жақсы жүргізетін шығар, ал мына бағдарламаға келмейтін секілді…
Бөлісу:

114 пікір

asaubota
қарамаймын, бақыттымын.
Zhan
Мен бірінші жобада ел-жұрттан Мейрамбектің, екіншісінде Маржан Арапбаеваның жеңіп шыққанын естідім. Бұл жолы да солай болатын шығар…
Janasil
28 қыркүйек күні ЦТ-лықтарға танымал журналист, "Қазақстан" ТРК төрағасының орынбасары Қайнар Олжай қонаққа келеді.

Осы жерге айқайлап тұрып сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.
ct.kz/topic/425563-onlain-konferencija-s-izvestnim-zhurnalistom-ka/page__gopid__18136127#entry18136127
satibaldi
Лібә, логотипінің өзіне құсқым келед нақ.
Негізі, ана айтысты жаңа форматта ұйымдастырған продюсерлер мен алд-директорларға беру керек еді.
direct
4-шісі басталды, мұныда нағашымның үйіне барған кезде амалсыз көріп қалдым, өкінішке орай. Енді бұларға «мемтапсырыс» жобаларды жасап, атына ғана жоба етіп, бір екі теңге қалталарына түсірсе болғаны да. Халық үшін жасалынған дүние деп айта алмаймын, ондай жоба алдағы 5 жылдықта жасалынбаса да керек, жүйенің мына түрінен.
Abilakim
Енді «Мәдениет» арнасын көрерміз қандай болады екен. Осы бағдарламалар сол арнаға кіріп кетпесе болғаны.
direct
Ол арнада кілең «толерантты» журналистер жұмыс жасаса керек)
meirzhan
Жарнамасы жақсы деш жобаның өзінен
Nurgisa
Кезінде осы прожектті түзеуге алдырылған шабармандар таратылып жіберілмеуі үшін не істемейді… Әркімдігі жан қамы, бала бағу, нәпақа айыру… Бірақ ол приоритеттермен жанталаса жүріп, сапалы дүние шығаруға келмес деу әбестік, әлбетте.
omarbirat
Сенбі-жексенбі ауылда жүрген едім. Үшарналы теледидардан көру соры маған да бұйырыпты. Бұрыннан дуэт болып жүргендерді бірге айтқызғаны болмады. Ендігісінде бір топты бір әнші ретінде тіркеп, жарысты топтардың арасында жасасын — апта сайын кәнсерт көріп отыратын.
AKY
А-Лау дуэтінің нөмірі ұнады. Анау Бахтияр сусиыр мен Майра дегенге не үшін 40 балл қойғанын түсінбедім, халатты кивалып екеуі екі жақта лағып жүрді.
Анау Ринат Малцагов дегенмен шыққан қай қыз? Сондай тартымсыз, даусы жуан.
TERISKEY
«Анау Ринат Малцагов дегенмен шыққан қай қыз? Сондай тартымсыз, даусы жуан. » — деректер ол қыздың «Индиго» тобының әншісі десіватр.
AKY
Бағдат пен Ақжол да фууй)))) Бағдат Сәмединованы көрсем, Омарбырат қойған клипі есім тускетед, талдардын арасында түсірілген
Zhan
Осы Бағдаттың мына әнімен халыққа танымал деген әні бар ма? Мысалы, әр әншінің өзінің «визитный» халыққа танытқан бір әні болады. Лұқпанның «Алтынайы», Розаның "Әлиясы", Ж.Жексенұлының «Ауылым» т.б. деген сияқты. Бағдатты теледидардан көрсетіп жатады, бірақ елдің есінде қалатын бір әні жоқ сияқты. Ақжолдың хоть «Жәмиләсы» бар.
AKY
«Бір тамаша ән үшін» деген әдемі әні есімде.
Gulistan
«Сарыарқа» деген әнмен таныдым ол апайды.
AKY
О, айтпақшы ол да бар.
AKY
Сосын анау талдың арасында клибі түсірілген "іздеймін, мен сені іздеймін, жанымның дауааасы, сені іздеймін" деген ән
meirzhan
Отырар туралы ән бар еді.
Zhan
«Отырар» әнін бірінші шымкенттік Хадиша Шалабаева деген әнші алып шықты емес пе сахнаға? Или қателесіп тұрмын ба?
TERISKEY
ешқандай да қате жоқ, дұрыс айттыңыз!
TERISKEY
но әннің аты «Отырардағы той» болатын
Abilakim
«Отырардағы тойдағы төбелес» болмаса болды.
Nurgisa
Durys aityp otyrsyn. Ol siakty iirimderin kein aitkandar keltire almady.
Zhan
О, жерлестер, рахмет!
Zilola
Майра Нұркенова орындаушы еді ол әнді
Gulistan
Сонымен «Екі жұлдыз» жобасының 4-ші маусымы аяқталды.
Жеңіс — Тамара Асар мен Ақылбек Жеменейде!!!

Мен Мұрат Қожа мен Индира Расылхан алатын болар деп ойлағам.
Онсыз да жүрегімнің түкпірінен орын ала алмаған жобада бір ұнамағаны — дым марапаттау болмады, сыйлықтар атымен жоқ, сонша жарты жыл дарылдап айқайлағанда алған сыйлықтары қол шпалағы ма?
Nurgisa
Иә, марапаттау салтанаты қалай болса солай өте салды. Салтанаттың «шегесі» ана қазақша сөйлейтін орыс жүргізуші қыз болғандай әсерде қалдым  
Ринат Малцаговтардың жұбына жанкүйер болып едім.
Отыз брінде Есентаевалардың жобасы да мәресіне жетеді. Ол жерден номинация көп, шатасып кеттім. «Таңғы қаланың» жеңісін тілеудемін. Ооооо, қала… оо біздің ару қала…
Gulistan
Мен де.
Кеше кейбір қызықты моменттерін көрсетті.
Машина мен 10 мың долларды қалай бөліп берер екен, ақтық мезетін күтудеміз.
Nurgisa
Негізі, Баянның Кешьюді тықпалауы біртүрлді сияқты көрінді.
Байғұс, Дина Төлепберген соңғысында ақыры болмағасын жігіттердің бойындағы етін, майын талқылауға көшті. Басын жарға да соқты, тасқа да ұрды. Нәтиже — нөл. Әнші жігіттердің пассиясы бола алмады. Амал нешік. Енді бағын басқа жобалардан сынап көрер. «Астарлы ақиқат» сияқтылардан, мәселен ки
Gulistan
Динаны осы «Саз әлемі» арқылы тани бастадым.
ал Мөлдірдің өлеңі ұнамады, бір күңіренген өлеңдерімен басып кетті ғой…
Қазылар арасынан Толқын мен Бағымды ұнаттым, кейбір әншілерге кәсіби тұрғыдан жақсы кеңестер бере алды деп ойладым, ал Жеңіс Сейдоллаұлының машинасының номері 8 екенін тықпалаудың еш қажеті жоқ еді.
Заман тобы неге шетте қалғанын түсіне алар емеспін.
AKY
Жастармен жағаласып Айгүл мен Жұбаныштың қатысқаны біртүрлі секілді. Толқын әпкеміз ияла-ияла сынын айтты Айгүлге Айгүлді жақсы көрем, бірақ Саз әлеміне бекер қатысты нақтың.
Gulistan
«Саған да сабақ алу керек» деп айтпады ма?
Nurgisa
Katelespesem, Tolkyn ozi vokaldan sabak beredi. Menen sabak alyp ketinder, ozim uiretem degisi kelgen shygar.
balzaminka
хехе, Нұрғиса,
Дина Төлепберген соңғысында ақыры болмағасын жігіттердің бойындағы етін, майын талқылауға көшт
дегенде өзіңді айтып отырсың ба деп қалдым ғо
AKY
Мен де «О, қалаға» жанкүйермін. «Ауырмайды жүрек» жеңбесе екен тек!
Gulistan
«Шоқ қыздар» мен "«Ауырмайды жүректі» бір концертке әдейі қосып жіберді ау деймін.
19852407
«Ауырмайды жүрек» — мәмбетский өлең?
19852407
Ең болмаса рамкаға салып диплом да бермеді ғой

Тамара Асар риза болатындай-ақ қазақ қызы. Алғысын айтып жатып:"Қиын-қыстау болса да, ұмытпай, дауыс беріп, қолдағандарыңызға рахмет, Жаңаөзен халқы!" деген жерінде жүргізушілердің жап-тармағай бас салғаны бүртүрлілеу  болып көрінді («Жау кеткен соң, балтаңды боққа шаппаның» кері болды).

Бұл жолы төртінші маусым аяқталды, жоба жасаушылар өздері де жалығып кетсе керек. Динара ханым (Адам): «Бұл жобаның әдемі нүктесі» дегендей айтты, аллахуәкбәр осымен деп түсіндік. Біткені жақсы.

Маусым бойы менің қызығып қараған бағдарламам — Жетінші арна ұсынған «Фабрика звезд» жобасы. Орысша болса болсын, есесіне жаңадан шығып келе жатырған әншілерге берері мол (көрерменге де) мектеп (шоу) болды деп ойлаймын. Салмағы, мазмұны жағынан «Екі жұлдыз» әдірем қалды.
Әдемі нәрсе қашанда әдемі ғой. Бітуін қаламай қорсъ-қорсъ жылап та алдым  әшки киген балақайға қосылып
TERISKEY
Маусым бойы менің қызығып қараған бағдарламам — Жетінші арна ұсынған «Фабрика звезд» жобасы
финалы не бокетті өзі? Көре алмай қалып ем, 7арна сайтынан қарасам, 3 жеңімпаз болды деп жазқойыпты, жеңімпаз біреу ғана болады емес пе өзі?
19852407
Финалға 6 үміткер өтті, соның ең көп смс-дауыс жинаған 3-еуі жеңімпаз таңылды:
Дәулет Болатов (Тараз), Батыржан (Алматы), Алишер Егембердиев (Талдықорған).
Соңғысы №1 атанды
Gulistan
Әли Оқапов ше?
TERISKEY
ол әнші емес қо Жоба авторлары да ұялған шығар.
19852407
Келісем. Әлиді адам ретінде осы жобадан кейін қатты ұнаттым
Ал, оның мықты вокалист емес екені көпке аян болды-ау деймін, оны өзі де мойындайды
Zilola
Акылбек, Гадiлбек деген батыстын жiгiттерiне гашыкпын! Но! олар осындай байкауларда пазоррр болып жур! (саз алемi, шiркiн лайф, екi жулдыз)
Тамара оте енбеккор екенi барiмiзге аян, бiрак онерлiге жаткыза алмаймын!
saken
Но! олар осындай байкауларда пазоррр болып жур! (саз алемi, шiркiн лайф, екi жулдыз)
Кешегі «Екі жұлдызда» үздік 5-тікке енген 5 жұптың 4-еуі Арал-Каспий өңірінің жігіттері болды.
Мәселе әділқазыларда ма екен?
Zilola
И ЧЁ ))
Gastarbaiter
Зилол, тағы бір екі түртіп жібер ағаңды, бір күні ішіп кеп, 5 облыс-Кішіжүздің айбатын шексін))
Gulistan
Позор болатындай не істепті??
AKY
Дым бермеді ме? Ужыс. Қатысушылар еще әндерінің минусовкасын өз ақщаларына жаздырады екен, костюмдері болса да өз есептерінен. Тек қана самопиар үшін болмаса… А так оларға жарнама керек пе еді?
Gulistan
AKA
Әдемі! Осы жоба басталғалы Тамара мен Ақылбектің жеңгенін қалап едім, сол күні финалды көре алмадым, бірақ әпкемнен осы жұп жеңді дегенде қуанып қалдым.
Adiletshu
Осы, Тамара Асардың бір аяғы пратез ба
Gulistan
«Протез, жылына бір рет ауыстырам» деп өзі сұхбат берген. Бекерден-бекер қазақтың қайсар қызы деп айтпаған.
ErNur
Ия Тамара қайсар қыз кешегіде мараппаттауда сөз алғанда Жаңаөзен халқына арнап бір әңгіме айтқысы келгендей көрінді, әнеуір Сұлтан деген жүргізуші бала сөзін бөліп, әңгімесін үзіп тастаған болған сияқты болды
Zilola
Ол баланын есiмi Тахир ма алде Султан ба?
ErNur
Мен Сұлтан деп естіген сияқтымын, әлде қателестім бе?
saken
Сұлтан ғой. Әйтеуір солай жазып жүрді титрларда.
Zilola
Кеше «Ш»лайф деген шоуда Карина Сеилова «Тахир» деп атады ол балашканы )
TERISKEY
не де болса, Тақырдың или Сұлтанның жүрмейтін жері жоқ екен, мадис бала
saken
«Ш»лайф
ол не шоу тағы? Шіркін лайф па?
saken
Тамара қайсар қыз кешегіде мараппаттауда сөз алғанда Жаңаөзен халқына арнап бір әңгіме айтқысы келгендей көрінді, әнеуір Сұлтан деген жүргізуші бала сөзін бөліп, әңгімесін үзіп тастаған болған сияқты болды
мағанда солай көрінді. Жаңаөзенді бөлектеп айта бастағаннан қорқып кетті ғой деймін.
Ministry
Заң бойынша мүгедек адамдар да қызмет етуге құқылы
Nurgisa
Тамараларға Шахмардан ағаның «1» қойғаны есімде  Классикадан қатты жығылды. Смс дауыспен алып кетті ғой енді.
Одан соң, шығарылымның көбісінде жюрилер «ескі таныстықпен» көтермелеп беріп отырды. Баратындары бір той, шығатындары бір сахна… «Мен мына әншіні бұрыннан танимын, мықты әнші, сондықтан 10!» деп қойылған бағаның дәл сол күнгі перформансқа берілген баға деп қабылдай алмадым.
AKY
Пай-пай, керемет жұп. Екеуі де сұлу, екеуі де мадис!
AKY
Ставка қоя отырыңдар ағайеен?

Ең үзік ән — «О, қала»;
Ең үздік әнші қыз — Мөлдір Әуелбекова;
Ең үздік әнші жігіт — Ғаділбек;
Ең үздік қыздар тобы — Кеш Ю;
Ең үздік джігіттер тобы — Есімде жоқ, кімдер қатысып еді?
Жыл жаңалығы — Заман.
TERISKEY
ең үздік жігіттер тобы — Меломен!
VKM
бір қарау керек екен осы жобаны)))
TERISKEY
31 желтоқсан, сағат 19-00, Еларнаны қос
meirzhan
Әрине, Меломен. Тек топтарды қыздар және ұлдар деп бөлмейді. Әншілерді бөлсе де.
Сондықтан Үздік топ номинациясына Меломен мен КешЮ таласады.
TERISKEY
Тек топтарды қыздар және ұлдар деп бөлмейді.
қоэээ, неге бөлмесін, бөледі, Меке! әйтеу «бойзбенд», «герлзбенд» дейтін бе еді, музыкада солай бөліп жатады емес пе?
meirzhan
Былай жалпы шоу бизнесте әрине бөліп жатады ғой. Бірақ «Саз әлемінде» бөлінбейді, "Үздік топ" номинациясында барлық топтар таласады деп айтпақшы болғам.
TERISKEY
тағы да қателескен секілдісің, Мәке, жоба басталарда «ең үздік қыздардан құралған топ», «ең үздік ұлдардан құралған топ» деген сықылды номинациялар белгіленген жоқ па еді? әй, таласып не керек, 31-і белгілі болар, кечроң
meirzhan
Қателессем, «ең үздік қыздар тобы», «ең үздік ұлдар тобы» деген номинациялар атауында қателескен шығармын. Ал басқа жерде қателескем жоқ ) Саз әлемінен тыс топтар жыныс құрамына қарай, санына қарай бөлінетіні белгілі.
TERISKEY
Ең үздік әнші жігіт -Қайрат Нұртас болады ғой дейм («Бір баланың» сөзін білмей, өзін ваще быт-шыт қылғаны ұят болд, кәнешні)
AKY
Болуын болады-ау))) Менің қалауым томпиған томпи Ғаділбек
AKY
Рок стилінде ән айтам деп, бір жерін жырта жаздады, мамба десе
TERISKEY
 Ержан марқұм солай айтқан десіп ақтап алғансыды ғо Ескендір көке. Мен тыңдаған Ержан марқұм прям олай қырылдаған жоқ сияқты еді шы.
AKY
Ескендір ваще үндемесінші, алқаш сияқТ, сөйлегені
TERISKEY

Толқын әпше Бағым сияқТ баға бере алмайдкен иә?
saken
Бағым кәсіби маман ғой не болғанда да. Тек өз тілінде сөйлемейтіні
Сол пікілерін қазақша жеткізсе де ештеңесі кетпейді негізі. Соншама бір ғылыми терминдермен сөйлеп жатырған жоқ қой.
TERISKEY
Бағым қазақша орысша айтса да, айтқандары көңілге қонымды ғой, қай жерден қиыс кеткендерін дәлелдеп, көзіне көрсетіп береді, а мына Толқын әпше, сразу «саған вокалдан сабақ алу керекпен» бітірді ғо бәрін
saken
Бағым қазақша орысша айтса да, айтқандары көңілге қонымды ғой
ол жағына дауым жоқ. Бірақ қазақ тілінде бір пікірін естімеппін.
TERISKEY
қазақша айтпаса да деп жазғым келген негізіайтпаса асы өшіп, қазақша өшпей қалд
Zilola
Ол вокалдан сабак ал деген направлениелер озiне жарнама деп тусiндiм ))
meirzhan
иә, Толқын Забирова вокалдық тұрғыдан гурумын деп есетпейтін көрінеді.
AKY
субтон, фольцет, тональность бла-бла-бла))
Жақсы айтады, маған найт.
Толқын өзінше қатал болып қалды ғо ана жерде, дем ала алмай.
Abilakim
сол номерін көрмеппін
Zilola
Ескендiр аганнын дауысы дiр-дiр етiп чуть болганда жылай жаздады уащще.
Кайрат Нуртас мен ушiн аншi емес!!!
AKY
Сол күні бәрі жылағысы келді ғо Дина да оған қосылып, аж Қайраттың көзі жылт-жылт етіп  Охх, өзім жылап жібере жаздадым, енді болмағанда ))))))))))))))))
Zilola
Дина Досымжанга «не, не, не?» деп секiргенде уот это да! дедiм )))
Сосын жарнамасында Кайрат бiреуге «сiз осы жерден коя салыныз» дегендей ошiру созiн айтты го, бiрак оны киып тастап корсетпедi монтаждаушындыссс )
AKY
ЖынД секірді Дина, не де болса Жалпы маладес, шоу жасау біледі. Динаға рысбекті лақтырдым.
AKA
«сiз осы жерден коя салыныз» дегендей ошiру созiн айтты го
Уот, соны мен де күткем негізі, жарнамада көрсетіп еді… Сержан Молдасанұлына айтылды-ау шамасы, «ең құрығанда бір дәстүрлі әнді жаттап алсаң болады ғой» деп, тиіскен сол кісі болатын.
Zilola
Сакен «барлыгы Толкын сиякты ан орындауы тиiс емес» дегендей гапiрген ед оны да киып тастапты
meirzhan
иә, журналистке, қазақилыққа тән емес, бейбастақтық жасады. Ел сыйлайтын үлкен кісіге секіргені  адам құсқысы келеді соған қарап отырып.
Көрерменнің нервісіне мықтап ши жүргізді. Ол шоу жасағаны емес, өз келбеті сондай.
saken
Кайрат Нуртас мен ушiн аншi емес!!!
Ауырмасын жүрек, ауырмасын )))
Zilola
Кайраттын кай анiнде хрип бар деееп кояд, фанерада менiн де дауысым булбулдарски болад го )))
meirzhan
Қазақ тілді тележүргізушіге хрип деу сын. Даусының қырылы десе болмай ма екен.
Zilola
Ен красапщiк жених — Сырым Исабаев!!!
А лав хим )))
AKA
1 500 000 теңгені қайсысына бөліп береді сонда? Көлік ше?  Бір ғана номинацияға ақшаны беретін болса, онда қалған номинация жәй атақ үшін бе? Осыны түсіне алмадым… Ошм, мен «Меломен» тобына жақпын
meirzhan
Жоба барысында өзгерістер болғанға ұқсайды. Жоспарлар өзгеріп.
Gulistan
10 мың доллар — «Заман» тобына, көлік — Меломенге!
TERISKEY
а Мөлдір мен Кешьюге ше? Өзіміз ой деп Баян апай  бола ма?
satibaldi
Жобасы нес нақ, алып шыққан торттары да асығыс жасалған, жүгіріп барып минимаркеттен әкеле қойған ба нақ.
Abilakim
қолтықтан кеттім))))
Gulistan
Мында соңғы жазылған кейбір комменттерді «Саз Әлемі» постына аударуға бола ма? Біз басқа территорияға қораға кіріп кетіппіз ғой
Abilakim
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дегендей.Әңгіме әншілер жайлы ғой қай жерде болса да
Gastarbaiter
Қызықтырақ болар еді, егер: Қыдырәлі мен Жазираны, Жанболат пен Қарақатты жұптастырса
Ішіңде свингер мүлгіп жатыр екен