Өнерлі бала

Қолдарында себет бар үш әйел базардан келе жатып, дем алу үшін жол шетіндегі ұзын бір орындыққа отырып, балалары жайында әңгіме айта бастады. Бірінші әйел, ұлының өте шымыр екенің, яғни қолымен жүре алатындығын айтады. Екінші әйел, бұлбұл үнді ұлының әніне бүкіл жұрттың құмар екендігін айтады. Ал үшінші әйел, тек тыңдап отырған еді. Одан неге сөйлемей отырғанын сұрағандарында:
-Менің баламның ешқандай өнері жоқ,-деді.
Осы айтылған әңгімелерге құлақ түріп отырған бір қария кісі әйелдердің соңынан жүрді. Көше басында әйелдер себеттерін жерге қойып, талған қолдары мен ауырған белдерін жаза бастады. Шешелерін көрген балалары жүгіріп келді. Бірінші әйелдің баласы, бірнеше рет ауада айналып секіріп (сальто жасап), сосын қолымен жүріп кетті. Екінші әйелдің баласы, бір тастың үстіне отыра кетіп, шешесінің жақсы көретін әңдерінің бірін айта бастады. Әйелдер оған мәз болып, шапалақ ұрды. Ал үшінші әйелдің баласы:
-Саған көмектесейін, анашым,-деп себеттеріне қол созды.
Әйелдер жандарынан өтіп бара жатқан қария кісіден, балаларының өнерлері қалай екендігін сұрады.
-Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол — анау, анасына көмекке келген бала. Ол Пайғамбарымыздың мына бір хадисіне лайықты іс атқарды,-деп хадисті айтты.
Бүкіл адам баласына аналарына көмектесуді кеңес етемін.
Әрі қарай

Бізге орта бизнес пен жеңіл өнеркәсіп керек пе?

Кеше үлкен телекөпір болып, ҮИИД МБ бойынша бірнеше кәсіпорын іске қосылды емес пе. Сол кәсіпорындардың қатарында қайта жөндеуден өтіп, жаңа шетелдік құрал-жабдықтармен толығып, екі жарым жыл тоқтап тұрған өндірісті қайта іске қосқалы отырған «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС де бар.

Біз комбинатқа барған кезде сол телекөпірге
дайындық жүріп жатқан.
Әрі қарай

Бітпейтін бала бақша мәселесі.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген бар емес пе. Соңғы кездері «біз қандай ел болады екенбіз»?- деп жамааааан қапаланып жүрмін. Обшым… Балаларымыз балабақшаға жарымай отырғаны былай тұрсын, балама жеке меншік қазақша балабақша таппай дал болдым. Үйдің маңайында бір қазақша балабақша ашыла қалып еді, онысы бір айдан кейін жабылып қалды. Үйден алыс жерде болса да «Көкіл» деген мектептің мектепке дейінгі балаларға арналған орталығы бар екен. Енді соған берсем бе деп отырмын. Балам жоқ дегенде домбыра деген не екенін біліп шығатын шығар ол жерден. Басында 40 мың деген қымбат,-деп отыр едім, қазір сол ақшаға балабақша табылса қуанамыз. Ееееехххх! Елім менің! Бала өсер… Өзің аман болшы әйтеуір.

сурет мына жердікіforum.azh.kz
Әрі қарай

Әке еркелігі

Блог - Robin: Әке еркелігі
Баяғыда бір кішкентай бала әкесіне: Мен кейін ер жеткенде сенің аяғынды жерге тигізбей арқалап жүремін дейді екен. Ол онын Әке парызы туралы түсінігі болса керек. Уақыт деген құс шапқан өмір емес пе? Ай артынан ай өтіп, жыл артынан жыл өтеді. Бала ержетіп жігіт болады. Ал әкесі қартаяды. Бір күні әкесі аурып қалады. Пәлен жерде емші бар деген сыбыс естиді(ел аузынан баласы мен әкесі сол туралы естіген). Күннің ыстық, шілде күнінде (құрғақшылықта) әке мен бала жолға шығады. Әкесі қатты таң қалады. Бала әкесін арқалап жүреді. Біраздан соң әкесі:
— Балам анау не нәрсе көзім жепей тұр дейді. Баласы барып көріп келсе түйе екен. Баласы:
— Түйе ғой әке, Түйе деп ашуланып жауап береді. Баласы ішінен
Әкем бала болып кеткен ба? Арқалап келе жатқанда тып-тыныш отырмай ма?
деп ішінен қатты ашуланады
Біраздан соң әкесі тағы да сұрақ қояды:
— Балам анау не нәрсе? лейлі
— Баласы Түйе әке, Түйе деп жауап береді. Баласы қатты шаршап шөд қысып тұрады. Ал Әкесі аттын үстінде келе жатқандай жайбарақат отыр.
Тағы да уақыт өткен соң артық сұрақ қояды.
— Балам анау не нәрсе? деп үшінші рет сұрайды. Баласы бұл жолы:
— Жаңағы түйе ғой Әке, Түйе деп айғайлап жібереді. Әкесі:
— Тоқта балам мені арқаннан түсір деп ренжиді. Баласы:
— Әке керегі жоқ дейді. Әкесі арқасынан түсіп:
Балам мен елге қайтамын. Тым болмаса сұрағыма дұрыс жауап берсен болатын еді. Сен менің бір еркелігімді көтере алмадын. Не де болса ашумен жауап қайтардын. Сенің кішкентай кезінде Айды анау не Әке деп жүз рет сұрағанда мен ерінбей жүз рет жауап бердім. Сені еркеледім. Ал сен менің еркелігімді көтермедін. Балам егер сен менің бір еркелігімді көтергенде жазылып кетер ме едім? Бірақ мен сені олай ойламағанмын. Сен Әке еркелігін көтере алмадын — деп әкесі баласына айтып, қатты ренжіпті.
Әрі қарай

Сыйақы туралы

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, мемлекеттік қызметкерлерге берілетін бір реттік сыйақы туралы Қаулыны көргендеріңіз бар ма?
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Kasymolzhas

Kasymolzhas — Олжас Қасым 1989 жылы 22 сәуірде ШҚО, Семей қаласы, Абыралы өңірі, Таңат ауылында дүниеге келді. Сол ауылдағы Т.Ысмайылов атындағы орта мектепті бітірді. Сосын алты ай Семей университетінде оқып, ҚазҰУ журналистика факультетін былтыр тәмамдады. Биыл осы факультеттің магистранты атанды. Студент кезінде «Қазақстан-Заман», «Үш қоңыр» газеттерінде бөлім редакторы болды. Қазір ерлерге арналған «Дарабоз» журналының жауапты редакторы.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мені мұнда алып келген осы сайттың қолданушысы — Мәншүк. Екеуміз шәй ішіп отырғанда керекинфоға келдім. Мен бұл сайттың бастапқы кезеңдерінде мүлде көре алмадым. Біз әуелі, өз блогымызды жүргізіп, соның қамымен басқа сайттарға көп кіре бермейтінбіз. Маусым айында уордпресс жабылғаннан кейін, араға уақыт салып осы сайтқа кездейсоқ кірдім. Содан бері керекинфоны айналсоқтап жүрміз.
Әрі қарай

Аллажар

Көптен іздеген фильмді бүгін бір іздеп қояйын деп, кивиге бір сабаз салып қойыпты. Рахмет дегеннен басқа айтар жоқ.

Әрі қарай

"Полицей ит"


Теледидардан «Комиссар Рекс» атты австриялық детектив сериалды бәріміз көрдік. Онда Рекс полицейлерге неше түрлі қылмыскерлерді ұстауға, қылмысты ашуға, адамдарды құтқаруға көмектесетн.
Жақында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Б.Майкеевтің тапсырмасымен елорданың жеті мектебіне «Бұл – біздің әскер» атты патриоттық іс-шара өткізілген болатын. Содан №4 мектепке Ақмола өңірлік гарнизонының жасағында қызмет ететін иісшіл ит келді. Иттің егесі аға лейтенант Бауыржан Мұқышев. Әскери полицейлерге бұл ит есірткі мен жарылғыш заттарды табу үшін қажет.
Бауыржаннан ит туралы қысқаша сұрадым. Аты «Зингер», үш жаста, неміс овчаркасы. Әскери жасақта 8 жыл қызмет етеді екен. Өздерінің арнайы тамақтары бар, әскерилердің мысалы өзінің паегі болса, бұлар да №25-ші нормамен тамақтанады. Алматыдағы кедендік бақылау комитетінің кинологиялық орталығында үш ай арнайы білім курсынан өткен. 8 жыл қызметін жақсы атқарса, ары қарай да жұмысын жалғастыратын көрінеді. Ал, негізі иттің 8 жылдан кейін иіс сезу қабілеті нашарлай бастайды.
«Зингер» есірткі, насыбай сияқты заттар пайдаланатын әскери қызметшілерді табуға көмектеседі. Былтыр 2 желтоқсанда өткен ОБСЕ саммитінде қонақ үйге жайғастырылған шетелдік қонақтардың сөмкесін тексеруге көмектесіпті. Одан басқа, талай іс-шаралардың «гүліне» айналған «Зингерді» мектеп оқушылары ортаға алып, қызық көріп суретке түсіп жатты. Айтпақшы, «Әскери қызметі біткен соң, бұл итті не істейсіздер?» десем, «Жарнама арқылы итке жақсы қарайтын адамдарға асырауға береміз», — деді.
Уикипедия дерегі: Кинология (грек. kynos – ит және logos – ілім) – ит өсіру туралы ғылым. Кинология ит анатомиясы мен физиологиясын, үй иті тұқымының шығу тегі мен эволюциясын, оларды өсіру, қолға үйрету, қоректендіру, шаруашылыққа пайдалану мәселелерін зерттейді; қысқасы Ит өсіру.
Әрі қарай