"Полицей ит"


Теледидардан «Комиссар Рекс» атты австриялық детектив сериалды бәріміз көрдік. Онда Рекс полицейлерге неше түрлі қылмыскерлерді ұстауға, қылмысты ашуға, адамдарды құтқаруға көмектесетн.
Жақында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Б.Майкеевтің тапсырмасымен елорданың жеті мектебіне «Бұл – біздің әскер» атты патриоттық іс-шара өткізілген болатын. Содан №4 мектепке Ақмола өңірлік гарнизонының жасағында қызмет ететін иісшіл ит келді. Иттің егесі аға лейтенант Бауыржан Мұқышев. Әскери полицейлерге бұл ит есірткі мен жарылғыш заттарды табу үшін қажет.
Бауыржаннан ит туралы қысқаша сұрадым. Аты «Зингер», үш жаста, неміс овчаркасы. Әскери жасақта 8 жыл қызмет етеді екен. Өздерінің арнайы тамақтары бар, әскерилердің мысалы өзінің паегі болса, бұлар да №25-ші нормамен тамақтанады. Алматыдағы кедендік бақылау комитетінің кинологиялық орталығында үш ай арнайы білім курсынан өткен. 8 жыл қызметін жақсы атқарса, ары қарай да жұмысын жалғастыратын көрінеді. Ал, негізі иттің 8 жылдан кейін иіс сезу қабілеті нашарлай бастайды.
«Зингер» есірткі, насыбай сияқты заттар пайдаланатын әскери қызметшілерді табуға көмектеседі. Былтыр 2 желтоқсанда өткен ОБСЕ саммитінде қонақ үйге жайғастырылған шетелдік қонақтардың сөмкесін тексеруге көмектесіпті. Одан басқа, талай іс-шаралардың «гүліне» айналған «Зингерді» мектеп оқушылары ортаға алып, қызық көріп суретке түсіп жатты. Айтпақшы, «Әскери қызметі біткен соң, бұл итті не істейсіздер?» десем, «Жарнама арқылы итке жақсы қарайтын адамдарға асырауға береміз», — деді.
Уикипедия дерегі: Кинология (грек. kynos – ит және logos – ілім) – ит өсіру туралы ғылым. Кинология ит анатомиясы мен физиологиясын, үй иті тұқымының шығу тегі мен эволюциясын, оларды өсіру, қолға үйрету, қоректендіру, шаруашылыққа пайдалану мәселелерін зерттейді; қысқасы Ит өсіру.
Бөлісу:

20 пікір

satibaldi
«Зингер» есірткі, насыбай сияқты заттар пайдаланатын әскери қызметшілерді табуға көмектеседі.
Түсінбедім, әскерде есірткі пайдалануға тиым салынған ба?
Nurgisa
Әскери полицейлерге бұл ит есірткі мен жарылғыш заттарды табу үшін қажет.
omarbirat
Аты «Зингер», үш жаста, неміс овчаркасы. Әскери жасақта 8 жыл қызмет етеді екен.
Осы жері түсініксіз болып тұр. Үш жылда бір жасқа келе ме, әлде тумай тұрып 5 жыл қызмет етіп қойған ба?
omarbirat
Енді түсіндім, 8 жыл қызмет етуге контракт жасасқан екен ғой
Aldeken
«Бұл – біздің әскер» атты патриоттық іс-шара өткізілген болатын. Содан №4 мектепке Ақмола өңірлік гарнизонының жасағында қызмет ететін иісшіл ит келді.

м-дәәәә…
satibaldi
Неткен символизм
boztorgai
№25-ші нормамен тамақтанады
шегетіндерді тамақтандыру стандарты ма
KILYZAMAN
satibaldi
Арман айтатын басқа жер таппадың ба?
KILYZAMAN
Сен осы посттың тузигі екеніңді білгендіктен ғой — бір шәуілдеп, шабаландырдым: сүйек жоқ, шөпте жоқ…
Zhan
Төбеттер мен құмай тазылар
Сілтемеңіз күшті екен. Көріп шықтым, рахмет жақсы ақпарат бөліскеніңізге. Әріптестерім де көріп риза болып отыр.
araika
Сонымен, қанша жылы қалды?
Бұрындары, 90 жылдың соңына қарай НТВ-дан иттер сайысы болушы еді ғой(атын ұмыттым), содан көргендерімді үйдегі итке үйретуші едім. Өйтіп-бүйтіп амандасуды, кісі үстінен секіруді, оңға-солға бағытталуды білді. Қысқасы, ақылды иттер ұнайды-ақ.
AsanQaigy
Сорлы итті наркоман қылып бітіретін бодық. Жаздың соңғы күндері осындай «пенсияға» шыққан ит жетектеген танысымды кездестірдім. Оның айтуынша, бұлар жұмысының соңында иіс танудан мүлдем айырылып қалады екен.
Zhan
Шынымен бе? Байғұс-ай…
patick
Званиясы бар ма?
Zhan
Сонысын сұрамаппын. Енді офицер ит қо ол да ))) Пенсияға шекпесе де шегіп алғандай болып шығатыны жаман екен бірақ…