"Полицей ит"


Теледидардан «Комиссар Рекс» атты австриялық детектив сериалды бәріміз көрдік. Онда Рекс полицейлерге неше түрлі қылмыскерлерді ұстауға, қылмысты ашуға, адамдарды құтқаруға көмектесетн.
Жақында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Б.Майкеевтің тапсырмасымен елорданың жеті мектебіне «Бұл – біздің әскер» атты патриоттық іс-шара өткізілген болатын. Содан №4 мектепке Ақмола өңірлік гарнизонының жасағында қызмет ететін иісшіл ит келді. Иттің егесі аға лейтенант Бауыржан Мұқышев. Әскери полицейлерге бұл ит есірткі мен жарылғыш заттарды табу үшін қажет.
Бауыржаннан ит туралы қысқаша сұрадым. Аты «Зингер», үш жаста, неміс овчаркасы. Әскери жасақта 8 жыл қызмет етеді екен. Өздерінің арнайы тамақтары бар, әскерилердің мысалы өзінің паегі болса, бұлар да №25-ші нормамен тамақтанады. Алматыдағы кедендік бақылау комитетінің кинологиялық орталығында үш ай арнайы білім курсынан өткен. 8 жыл қызметін жақсы атқарса, ары қарай да жұмысын жалғастыратын көрінеді. Ал, негізі иттің 8 жылдан кейін иіс сезу қабілеті нашарлай бастайды.
«Зингер» есірткі, насыбай сияқты заттар пайдаланатын әскери қызметшілерді табуға көмектеседі. Былтыр 2 желтоқсанда өткен ОБСЕ саммитінде қонақ үйге жайғастырылған шетелдік қонақтардың сөмкесін тексеруге көмектесіпті. Одан басқа, талай іс-шаралардың «гүліне» айналған «Зингерді» мектеп оқушылары ортаға алып, қызық көріп суретке түсіп жатты. Айтпақшы, «Әскери қызметі біткен соң, бұл итті не істейсіздер?» десем, «Жарнама арқылы итке жақсы қарайтын адамдарға асырауға береміз», — деді.
Уикипедия дерегі: Кинология (грек. kynos – ит және logos – ілім) – ит өсіру туралы ғылым. Кинология ит анатомиясы мен физиологиясын, үй иті тұқымының шығу тегі мен эволюциясын, оларды өсіру, қолға үйрету, қоректендіру, шаруашылыққа пайдалану мәселелерін зерттейді; қысқасы Ит өсіру.
Әрі қарай