Таныс болыңыздар: Kasymolzhas

Kasymolzhas — Олжас Қасым 1989 жылы 22 сәуірде ШҚО, Семей қаласы, Абыралы өңірі, Таңат ауылында дүниеге келді. Сол ауылдағы Т.Ысмайылов атындағы орта мектепті бітірді. Сосын алты ай Семей университетінде оқып, ҚазҰУ журналистика факультетін былтыр тәмамдады. Биыл осы факультеттің магистранты атанды. Студент кезінде «Қазақстан-Заман», «Үш қоңыр» газеттерінде бөлім редакторы болды. Қазір ерлерге арналған «Дарабоз» журналының жауапты редакторы.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мені мұнда алып келген осы сайттың қолданушысы — Мәншүк. Екеуміз шәй ішіп отырғанда керекинфоға келдім. Мен бұл сайттың бастапқы кезеңдерінде мүлде көре алмадым. Біз әуелі, өз блогымызды жүргізіп, соның қамымен басқа сайттарға көп кіре бермейтінбіз. Маусым айында уордпресс жабылғаннан кейін, араға уақыт салып осы сайтқа кездейсоқ кірдім. Содан бері керекинфоны айналсоқтап жүрміз.

— Күніне неше рет кіресің?
— Күніне қанша рет кіретінімді есептеген жоқпын. Көңіл – қошым соқса, кіруге тырысамын.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Сатыбалдының шатпақтары, Асауботаның жазғандары, Жалғастың жазбалары ұнайды. Сосын өзімнің сұлтанатымдағы ақындардың жазғандары.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Жартысыныкі ұнайды, жартысыныкі ұнамайды.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарымнан курстастарым, көршілерім, 70-тегі атам оқиды.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Қолданушылар арасында бәйге жариялап, жеңіп шыққанға рахметімді айтар едім. Бірақ, админ болу бақыты бұйырмайтын сияқты.
Бөлісу:

78 пікір

Nurgisa
Шабытты шақыру үшін не істейсің?
VKM
О, зема)Олжас, саған творчестволық табыс тілеймін.Үнемі алда жүр.
patick
1. Қасым Олжас па, Олжас Қасым ба?
2. Ақберен Елгезектің шығармашылығына көзқарасың?
3. Қалай Семей қаласында, сонымен қатар Таңат ауылында қатарынан дүниеге келесің?
Aizhantabyn
Ақбереніңді танымайм дид, көр де тұр))))))))))))
19852407
Арнай patick үшін:
Ныпсысы — Олжас
Тегі — Қасым

Бұл кісінің Азамат Қасым атты журналист ағасы бар, қатар оқығанбыз. Қазір Семейдің облыстық газетіне ауысты ғой деймін, ия, Олжас?
Kasymolzhas
Қазір ШҚО Дидар газетінде.
Kasymolzhas
Ой, жарым. Таңат Семейге қарамай ма? Ақберен ағамыз классик қой.
TERISKEY
Жарымың не? Түсініксіз болған соң, адам секілді сұрап жатыр емес пе? Онда неге Семей қаласына қарасты деп жазбағансың, мәселен оны мен де түсінбедім.
qisyq
Таңаттың Семейге қарайтынын білмегеніміз үшін бізді кешір, о, Олжас!
patick
Семей ауылдардан құралған әмірлік екенін белмеген едік, кешірші
Nurgisa
Біздің сайттың екі Анары бар. Zere мен Gulistan. Соларға арнап бір шумақ шығарып жіберсең?
dark_nazgul
қыстың бірінші күнінде жақсы жігіттерді таныстырып жатырсыңдар ма?
asaubota
журналистика мен поэзиядан басқа не заттарға қызығасың? былай пибі-сибіге де кетәрі емес шығарсың?
19852407
Жалпы акын-жазушылар закускі-макускісіне де кетәрі емес шығар
Шабыт осындай кезде тумай ма, ия, Олжас?!
asaubota, ініңді жақсылап сыйлап жіберсең, екі Анардан қалдырмай саған да 12 шумақ жазып тастауы бек мүмкін
Kasymolzhas
Анда-санда ұрттап қойғаным болмаса…
Aikona
Сын қабылдай аласың ба? Өз өлеңдеріңді қандай деңгейде деп ойлайсың? Ақындардан кімнің шығармашылығы ұнайды?
Kasymolzhas
Сынды шын болса қабылдаймын. Біраз ақындардыкі ұнайды.
Nurgisa
1) Олжас, өлеңдеріңе қарасам, емшек жасынан шыға қоймаған, әлі балалық шалалығы толық басыла қоймаған және баса қоймаған баладайсың. Өзіңді мәме жасынан шықтым деп есептейсің бе?
2) Ескерткіштің тірі адамға қойылуына қарсылығың жоқ па?
3) Болашақта үлкен жігіт болғанда кім болуды армандайсың? Өлең жаза бересің бе?
Kasymolzhas
Емшек жасынан баяғыда шыққанмын. Нұреке.
2. Ескерткіш тірі кезде қойылу керек.
3. Өлең жаза берем. Болашақты уақыт көрсетеді.
satibaldi
Бытыраған сұлтанаттарды біріктіріп, бір Әмірліктің туының астына жинау ойда жоқ па? Өзіңді сын сағатта Шапшаң Баязиттің немесе Мехмед Пашаның рөлін алуға дайынмын деп айта аласың ба?
Kasymolzhas
Ахмед Пашаның рөлін алам. Сұлтанатымды жаңа ақындармен толықтырмақ ойдамын.
Janasil
Шабытыңды көп шақыратын тақырыптарды айта отырсаң.
Kasymolzhas
Оны толықтай айтуға болмайды.
19852407
 Құпия ма сонда, Олжас?
e_zhalgas
Төрт жыл журналистиканы қаузағанда, жегідей жеген құрт-сұрақ:

— журналист болу үшін міндетті түрде ақын болу керек пе немесе керісінше?
Kasymolzhas
Жақсы ақыннан жақсы журналист шығады, жақсы журналистен жақсы ақын шықпайды.
balzaminka
журналист деген кім?
e_zhalgas
біздің жағдайымызда, потенциалды ақын не жазушы
balzaminka
сондықтан да ғо журналистиканың ақсаңдауы бізде…
e_zhalgas
енді соны Олжасқа түсіндіріп көр
balzaminka
Жалғас, осы орыс журналистакасында жүргендер ақын мен жазушылар ма?
e_zhalgas
мен танитын орыс тілді қазақстандық журналистер әдебиетке жақын болғанымен, өздерін олай атамауға, тіпті әдеби туынды жазбауға тырысады, араларында претензиясы барлары бар ғой, дегенмен…
a63a1
Дегенде Олжасқасым Олжасқасым
Жіберіп өлең деген аттың басын
Сұрақты шумақтатып қойып кетем
Басыңда өр көкіректік неге басым?
19852407
Өйдее! Шап, Олжас, қайдасың-еу?!
Kasymolzhas
Өркөкірек емеспін.
qisyq
Қой на. Онда өтірікшісің.
19852407
Сұрайыншы, Олжас, әзіл-оспаққа, қалжың қалтаға қалайсың осы?
Гиппонакт құсап, коллонияластарың құсып жібергенде қай сатыдан қарап тұрасың?
Kasymolzhas
Екінші курста Айқын газетінде Ермахан Шайхының сатиралық бетіне сатира жазып тұрдым.
19852407
 ТҮСІНІКТІ, ЖАЛПЫ Е.ШАЙХЫНЫҢ ЕР МІНЕЗІ ДЕ, ШИМАЙ-ШЫТПАҒЫ ДА, ОҚЫҒАН ЛЕКЦИЯСЫ ДА...ӘЙЕЛІ ДЕ ҰНАЙДЫ  
ҮЙІ АЛЫС БОП ЖАТАҚТА ҚАЛЫП КЕТКЕН СТУДЕНТТЕРДІ ЖИНАП АЛЫП ӨЗІНІҢ 3 БАЛАСЫНА ҚОСЫП, 31-ШІ ЖЕЛТОҚСАНДА БІР КҮНГЕ АСЫРАП АЛАТЫН. ӨЗІ СОНДА 1 БӨЛМЕСІНДЕ ТҰРАДЫ 101-ДІҢ
qisyq
Олжас, ақындықты не жеп деп түсінесің?
Kasymolzhas
Ақндық деген өмірді өзгеше қабылдау. Нақты теоремасы жоқ сияқты.
satibaldi
Олжеке, жас ақынға танымал ақын оң бағасын берсе, ол поэзияның шыңын бағындырған болып есептеле ме?
Офф-топ, федералды тергеу жұмыстарына байланысты бір сұрақ: Муза шешейді соңғы рет қашан көрдің?
Kasymolzhas
Жас ақынға танымал ақын бағасын берсе поэзия шыңын бағындырған боп есептелмейді. Муза шешеңді көрмей қалдым.
monti
70-тегі атам оқиды.
атаң, сайт жайлы не айтад комент айтад па? ол кісі тіркелген бе?
мүмкін атан Қилы атай мес пе?
Kasymolzhas
Атам Мой мирде отырады көбінесе.
madlen
Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарымнан курстастарым, көршілерім, 70-тегі атам оқиды.
и
Атам Мой мирде отырады көбінесе.

мдаа
19852407
АТАҢДЫ КЕРЕКШІЛЕРГЕ ӘКЕЛІП, КЕҢІРЕК ТАНЫСТЫРЫП КЕТКІҢ КЕЛМЕЙ МЕ, ОЛЖАС?
ҚИЛЕКЕҢ ДЕ ӨЗІНЕ ЖАҚСЫ СҰХБАТТАСУШЫ ЗАМАНДАСЫН ТАУЫП ҚАЛАР ЕДІ, БӘЛКІМ...
a63a1
Атасы Қилекеңнің әкесіндей кісіғой
serjan
Жас ақындардан кімдердің өлеңдері оқуға тұрарлық деп ойлайсың?
19852407
оо жақсы сұрақ serjan  

Олжас, кейінгі толқыннан рекомендей кетсең талант дарығандарды.
а)Тоқтарәлі Таңжарық, Ерлан Жүністен кейінгі толқында кімдер жүзіп келеді?
б)Анау перваш Шерхан Талаповтан бірденке шыга ма озі?
serjan
Тоқтарәлінің өлеңдерін білмеймін, бірге арақ ішкен ұнайды.
19852407
Жақсы рөмкелес? Әлде «Тассайдың» 5 литрлік баклашкасымен іше ме?..
serjan
Соңғы рет осыдан 4 жыл бұрын ішкенде баклашкамен ішіп, пивамен запивайт етіп жүрген қазір шелекке көшкен шығар.
Kasymolzhas
Шерханнан бірдеме шығады… Жанындағы Асланнан да бірдеме шығып тұрған…
19852407
 ай, айналайындар-ай, сөйтіңіздерші. Керектіктерді кітаптарыңмен көмейік
a63a1
Лібә қысқасы жасына жетпей өмір жайлы толғайтындарға қойғаным бар негізі, КӨргенінен көрмегені көп болып отырып, қайғыға беріліп атамсынуларыңдыссс....
balzaminka
толықтай қосыламын пікіріңе. Жас болып жалындап тұрар уақыттары қашан келмек екен?
Kasymolzhas
Енді саған қандай ТОСТ айту керек?
a63a1
түсіне алмадым, тостың нес айтып отырған?
sammita
жас бала екен. Күлу үшін шақырғандай анталап тиісіп, минус қойып отырғандарың не жауабына? Тым құрыса осы жерде мазақ қылмаған дұрыс меніңше.
Өзі жауапты редактор екен
meirzhan
Kasymolzhas
Біздің Керекшілердің сиқы осы!!!
19852407
Гиппонакт құсап, коллонияластарың құсып жібергенде қай сатыдан қарап тұрасың?
деген сұрағымды жауапсыз қалдырдың ақыры.

Олжас, сен көп қапалана берме, қағытады ғой. Үстіңнің шаңын қақ та, атып тұрып сол топқа қайтіп қосылып кет
izbasar
Оқымаған жорналшы кәсібіи жорналшы бола алама?
araika
Оқымаған жорналшы деп қазіргі тілмен дипломы жоқ дегенді нұсқадыңыз ба?

Өз ойым, журналист болу үлкен жауапкершілікті жүктейді, сонымен қатар оның қыр-сырын ұға алғандар ғана кәсібилікке қол жеткізеді.
meirzhan
Өз ойым, журналист болу үлкен жауапкершілікті жүктейді, сонымен қатар оның қыр-сырын ұға алғандар ғана кәсібилікке қол жеткізеді.
Мында журналист орнына басқа мамандықтарды да жаза беруге болады екен
araika
Соңындағы кәсібилікке келгенде, кез келгенін жаза алмайтыныңды түсінесің.
meirzhan
неге? мысалы былай: мұғалім болу үлкен жауапкершілікті жүктейді, сонымен қатар оның қыр-сырын ұға алғандар ғана кәсібилікке қол жеткізеді.
araika
Басқа мамандық есіңе түспей қалғандай
Менің айтпағым,қанша жерден тілге шешен, сөзге жүйрік болғанымен, жорналшылардың кәсіби білімінің болуы керектігі.