Әке еркелігі

Блог - Robin: Әке еркелігі
Баяғыда бір кішкентай бала әкесіне: Мен кейін ер жеткенде сенің аяғынды жерге тигізбей арқалап жүремін дейді екен. Ол онын Әке парызы туралы түсінігі болса керек. Уақыт деген құс шапқан өмір емес пе? Ай артынан ай өтіп, жыл артынан жыл өтеді. Бала ержетіп жігіт болады. Ал әкесі қартаяды. Бір күні әкесі аурып қалады. Пәлен жерде емші бар деген сыбыс естиді(ел аузынан баласы мен әкесі сол туралы естіген). Күннің ыстық, шілде күнінде (құрғақшылықта) әке мен бала жолға шығады. Әкесі қатты таң қалады. Бала әкесін арқалап жүреді. Біраздан соң әкесі:
— Балам анау не нәрсе көзім жепей тұр дейді. Баласы барып көріп келсе түйе екен. Баласы:
— Түйе ғой әке, Түйе деп ашуланып жауап береді. Баласы ішінен
Әкем бала болып кеткен ба? Арқалап келе жатқанда тып-тыныш отырмай ма?
деп ішінен қатты ашуланады
Біраздан соң әкесі тағы да сұрақ қояды:
— Балам анау не нәрсе? лейлі
— Баласы Түйе әке, Түйе деп жауап береді. Баласы қатты шаршап шөд қысып тұрады. Ал Әкесі аттын үстінде келе жатқандай жайбарақат отыр.
Тағы да уақыт өткен соң артық сұрақ қояды.
— Балам анау не нәрсе? деп үшінші рет сұрайды. Баласы бұл жолы:
— Жаңағы түйе ғой Әке, Түйе деп айғайлап жібереді. Әкесі:
— Тоқта балам мені арқаннан түсір деп ренжиді. Баласы:
— Әке керегі жоқ дейді. Әкесі арқасынан түсіп:
Балам мен елге қайтамын. Тым болмаса сұрағыма дұрыс жауап берсен болатын еді. Сен менің бір еркелігімді көтере алмадын. Не де болса ашумен жауап қайтардын. Сенің кішкентай кезінде Айды анау не Әке деп жүз рет сұрағанда мен ерінбей жүз рет жауап бердім. Сені еркеледім. Ал сен менің еркелігімді көтермедін. Балам егер сен менің бір еркелігімді көтергенде жазылып кетер ме едім? Бірақ мен сені олай ойламағанмын. Сен Әке еркелігін көтере алмадын — деп әкесі баласына айтып, қатты ренжіпті.
Бөлісу:

19 пікір

satibaldi
Әкесін, баланы, аффтарды, түйені — зынданға!!!
araika
мына зынданның да толатын, аузы мұрнына шығатын күні туа ма екен өзі?
araika
Кейін мен де наз айтпайын деп, кішкентайдың берген сұрақтарына 100 рет қойылса, 10 рет қана жауап бере алам.
qisyq
Күннің ыстық, шілде күнінде (құрғақшылықта) әке мен бала жолға шығады. Әкесі қатты таң қалады. Бала әкесін арқалап жүреді.
Тоқташ, тоқташ, не ғой, Робин, әкесі неге таң қалды? Күннің ыстық, шілде күнінде (құрғақшылықта) жолға шыққанға ма? Ал неге онда әкесі таң қалысымен, оны баласы арқалай жөнелді? Күннің ыстық, шілде күнінде (құрғақшылықта) жолға шыққанға ма?
araika
негізі, аудармаланған сияқты. Баласының арқалап жүргеніне (ауа-райына қарамастан) таңғалса керек. Сөйлемдердің орны ауысып кеткендей
Robin
Дұрыстап оқысан қызық. Баласы әкесіне сөз берген. Ал сол сөзді әкесі ұмытып қалған. Соған таң қалған. Бұл жерде бірнеше нәрсеге таң қалуға болады. Мысалы: Әкесінін әдейі қойған сұрағына. Бұл жерде әкесі баласынын қандай екенің сынап көрмек болған
asaubota
ренжіме, бірақ ешқандай мән-мағына таба алмадым бұдан.
Zhan
Мен мұны үйде жатқан кітаптардың арасынан оқығам бірде. Ол кезде әлі төменгі 1-2 сынып кезім. Мағынасын онша түсінбеп едім, қазір неге екенін білмеймін осындай ғибратты ақыл айтқыш әңгімелерді оқығым келмейді. Керек десеңіз, "Қабуснаманың" өзін поезда сатып жүрген біреуден алып оқып, ішім пысып кете жаздаған. Сосын осы «Керекке» келгелі өзім онсыз да ұзақ мақалаларды әрең оқитын басым, қазір редакцияға келген мақаланың көлеміне қараймын да, қалай сөз тауып мыжа берген деп таң қалам. Автор, ұсынған дүниең жақсы. Бірақ…
Abilakim
Мынау аударма болса аударма шығар.Бала кезімде «Ана тілінен» тамаша қазақша нұсқасын оқығаным есімде.
omarbirat
Баласынан өш алған түрі ма?
asaubota
соны айтамын, баласына мың рет жауап бергеніне бұлданып.
Robin
Достар бұл аударма емес. Жақында Мазмұндама жазғанбыз. Содан бұл әңгіме маған өте қызықты болды. Сол жазған Мазмұндаманы еске түсіріп жаздым.
AltynayAltosha
бізде мазмұндамағып жаздық тек үйге берген аяқтап жазуға ,,, саған рахмет сенің арқаңда 5 алатын болдым))))
Sabions
бұны 9-шы сыныпта Диктант қылып жазған-тұғынбыз
KILYZAMAN
Не де болса ашумен жауап қайтардын.
— бала тәрбиелеп өсірдім деген әкенің сиқы осылай болады. Боғынан ажырай сала кежіреңдеп(ажыраңдап) ақыл үйрете бастаған баланың басына өз сідігі шапқанда ғана түсінеді — әкенің қадірін...
a63a1
Ғи бырат келіп жаныма, әке-шешең жынды болса байлап бақ дейді.
AltynayAltosha
бала тым ақылсыз тек жігіттік сөзінде тұрсада, перзентік борышын өтей алмады… Егерде әкесінің еркелігіне көнгенде әкесі ауыруынан жазылушы болар меді?