Пирамида немесе МММ Қазақстанда!!

http://m-system.kz/
Үйімнің 2 бөлмесін ЕВРО жасатпақ ниетпен адам іздедім. Мастер табылды, енді қасына көмекке адам керек деген соң ауылда қолы бос жүрген құда баланы шақырттым… 1 айдың көлемінде бітіріп шықты. Келіскен ақшаны беріп елге жібермек болдым. Ол батшағар «Ауылға барсам малға қаратып қояды, жалықтым… Ең болмағанда қаланы аралайын»- деді.
Күнде таңертең кетіп кешке келеді. Кейіндері «Бөлемнің, жиенімнің, құдамның, ауылдастың үйінде қонып қалдым», «Жұмыс таптым, параға 100 000 берсем болды, жақсы жұмыс» — деп жүрген. Бақандай бір айдан кейін келіп тұр. «Лібә, қалада жүріп қара жұмыс істеп не азап. Қаламмен күн көретін 21 ғасыр бұл!» — деп миығынан күліп қояды. Кеше ғана малға шөп шауып беріп, жапасын тазалап жүрген амиго «Девальвация», «Инфляция», «Депозит» деген сөздерді қосып сөйлейтінді шығарыпты. Мавроди ағаның қарамағына «МММ»ге кіріпті сөйтсем. Алдап, арбау бабымен сотталған көкем енді қазақстанға келіпті… Үлкен көшелерге де жарнамалар ілініпті…

Керекте кіргендер бар ма МММ-ге? Сонда шынымен БАТПАН ҚҰЙРЫҚ па?
Әрі қарай

Жедел жад: hybrid memory cube



Hybrid Memory Cube — жедел жадтың келесі толқыны
Hybrid Memory Cube атауындағы жаңа шыққан жедел жад (қазақша түсінбесеңіз: ОЗУ) үш өлшемді болмақ. Оның ақпарат алмасу жылдамдығы, бүгінде соңғы деп саналатындар қатарындағы DDR3 модулінен 12 есе жылдам. Нарыққа 2013 жылы шығады деп күтілуде.
Әрі қарай

С.Сталлон мен А. Шварценеггер екеуі ауруханға бірге түсіп, әңгімені жіберіп жатыр...

«Экшн» жанрының шоқ жұлдыздары Сильвестр Сталлоне мен Арнольд Шварценеггер съемка кезінде травма алып ауруханаға жатқызылыпты деген хабар шықты. Бұл тураы экс Калифорния басшысы өзі айтып берді.

64-жасар Шварценеггер кеше интернет бетіне суреттерін қойып жария салды. Бұл суретте өзімен қатар 65-жастағы Сталлонеде бар. Екеуі емін еркін әңгіме дүкен құрып, бір біріне прикол ұстап жатқанға ұқсайды… Тіпті бір ауруханға демалуға келгендей…

Сурет мына жерден алынды:Your text to link...
Негізі деймін де,,, екі кино батырына құрдастары қызғана қарайтын болар… Пайғампар жасынан асқан аталар Шварценеггер мен Сталлона, бүгінгі жастардан қалыс қалмай спортпен айналысып, дене бітімдерін қалыпты ұстайды. Бұл да болса мақтарлық жағдай…
Әрі қарай

Нұрлан Қоянбаев кинода бағын сынап көрмек



Қазақтар" көңілді тапқырлар командасының капитаны, Нұрлан Қоянбаев бұдан былай кино саласына продюсерлік етпек. Қазірдің өзінде түсірілім жұмыстары басталып кеткен тележоба, жақын күндері отандық телеарналардың бірінен көрерменге жол тартады«Базарбаевтар» деп аталатын сериал комедия жанрында болмақ. «Базарбаевтардың» басы «біссіміләдан» басталды. Жаңа жоба жұғысты, әрі кірісті болсын деген түсірілім тобы, алғашқы күні қазақи ырымды айналып өтпеді. Режиссер Ресейден арнайы шақыртылғанымен, сериал сценарийін, еліміздегі әзіл саласының майталмандары жазыпты. Нағыз ұлттық нақыштағы өнім, қазақ отбасының бүгінгі жайын жеңіл күлкімен жеткізбек.
Әрі қарай

08 ақпанда "Мұстафа Шоқай", "Түркістан легионының ақиқаты" кітаптарының тұсаукесері өтеді

Ертең 08 ақпан, сағат 10:00-де «Отырар» кітапхансында Әбдіуақап Қараның «Мұстафа Шоқай», «Түркістан легионының ақиқаты» атты кітаптарының тұсаукесері болады.

Әрі қарай

Қазақша КВН. Маусымашар-2012.

Маусым басталды…

Құрметті керекші достар!
2012 жылдың 11-12 ақпан күндері Қазақстан КВН Одағының қазақша КВН ойындары бойынша «Маусымашар-2012» фестивалінің гала-концерті өтеді. Биылғы маусымашарға республиканың аумақтарынан 150-ден астам команда келеді деп жоспарлануда. Ресми бөлік осымен тәмам, қалғаны интрига…
Әрі қарай

Сол бір жанға.

Күз болса сағыныш дертінің қозатыны несі екен?Өткен күнің елесі әлі есімде.
Мен өз жүрегімдегі сезіммің махаббат па әлде сағынышпа екенін білмейтін едім.Ойымда қашаннан бері сол бір жанға хат жазу жүргенімен жүрексінетінмін.Күздің әсері ме?әйтөгір бүгін сол істі нақты қолға алмақ болдымдым.Хатты былай бастадым.
-Бұл хат кеше ойланып, бүгін жазыла салған хат емес.Неше рет жазып,қанша рет жыртылған.Арман қиялмен неше түнгі ойлар, арман жетегіндегі кездесулер, бақытты шақтар.Сіз менің қиялымдағы ең жақын адамсыз.Жүректен жететін нәзік үнге құлақ тосып көргенде жадыңда өрнектелген аяулы сезімге деген құштарлығын да арта түсетіндей.Шіркін ай деп армандап жүргеніме де коп уақыт болыпты.Сіз бен менің арамызда, аспан мен жердей айырмашылық бар екенін жақсы білем, Сізбен жүздесіп бар арманымды айтқым ақ келет, бірақ менің түсінгенім өмір таусылмайтын бірақтардан тұрады екен.
-Деп аяқтадымда,үстел үстіне қойа салдым.Ол хатты жыртпадым, бырақ хатты жібермейтінімді, сол жанды іштей мәңгі жанымда сақтайтынымды білдім.
Әрі қарай

Жазда...

Осы жазда Алматыда жүргенімде болған оқиға. Бірде Нұрсейіт деген досым екеуміз көшеде серуендеп жүріп келіп, бір скамейкаға отыра кеттік. Ананы-мынаны әңгіме етіп отырғанбыз
Әрі қарай