Жазда...

Осы жазда Алматыда жүргенімде болған оқиға. Бірде Нұрсейіт деген досым екеуміз көшеде серуендеп жүріп келіп, бір скамейкаға отыра кеттік. Ананы-мынаны әңгіме етіп отырғанбыз , себебі көптен бері бір-бірімізді көрмегенбіз. Үйленіп үй болу туралы өзімше бөсіп отқаным сол еді (өйткені тұрмыс құрғаныма екі-үш ай ғана болған-ды), машиналар жүретін жолдың бойында қыз бен жігіт жабысып сүйісіп тұрып екен. Оның үстіне қолдарын созып такси ұстап тұр. Ана жаққа қарап, мына жаққа қарап отырып болмағасын: «Ең құрығанда жолдың шетіне шығып неғылмай ма екен» деп қалдым да, айтқан сөзім үшін қатты қорқып кеттім. Аллаһ кешірсін. Өйткені басыма ардақты пайғамбарымыздың мынадай деген хадисі есіме түскен болатын: «Жаным Қолында болған Аллаһпен ант етейін, Қашан еркек әйелді тура көшенің ортасында жатқызбағанша бұл қауым жоғалмайды! Ал сол кезде адамдардың ішіндегі ең жақсылар: „Одан да сен ана қабырғаның артына жасырынғаның дұрыс болатын еді ғой“ деп айтады»
Сол сөзім үшін өкіндім, көңіл-күйім кетіп, дереу үйге қайттым. Аллаһ күнәларымызды кешірсін! Шынында, Қиямет Күні жақындайын дегені-ау…
Бөлісу:

24 пікір

araika
өйткені тұрмыс құрғаныма екі-үш ай ғана болған-ды
Ер балалар үйлендім демеуші ме еді?
a63a1
2012!!! Ғайыпты болжау күнә
chimaq
tuk uqqam joq…
a63a1
мен ұқтым, ақырзаман жақындапты дейд
Nurgisa
Аhi, корiнбей кетп ен, жаксы жаналыктар боп жатыр екен гой. Арттарыннан озiн сиякты ул-кыздар ерсiн.
Ahi
Айтқаныңыз келсін!
izbasar
Отбасың Аллах бақ берсін!
VKM
Мен дедукциялық тәсілмен ойлап-ойлап, Ахи,өзіміздің Нұржанбай деп таптым. Совпадение көп)
meirzhan
 енді абстракциямен ойлап көрші
VKM
енд) ертең болмаса… фантазиям жетпей отыр)))
meirzhan
Сопылар туралы жақсы жеке дара зерттеу жүргізіп едің. Енді кері бағытта зерттеу жүргізсең, жауабын табарсың деп ойлаймын. Іске сәт!
Gulzhanat
Көшеде сүйісу сона-ау заманнан бері бар нәрсе ғой, меніңше. Орта ғасырдағы Париж көшелерінде одан да пикантные сцены бола берген екен… Дұрыс емес қой, әрине. Бірақ, ақырзаманды айтам да. Сол кезде неге орнай салуына не кедергі болды екен деп
neoman
Жастардың сезімдері лаулап жатқан болар, бірақ жолдан былай тұрып сүйіссе де болады ғой, шынымен. Ақырзаманыңды қоя тұршы, абайсызда машина қағып кетіп жүрсе деймін де.
dark_nazgul
 ең салқынқанды, логикаға толы пікір
VKM
 соны ойламаппын да)))Ақырзаман десе, бәрі ұмытылады
Abilakim
Ахи, бауырым шаңырақ көтерген екенсің берекелі,құтты болсын? Сені біреулер залетпен үйленген дейді рас па?
Ahi
Айтқаныңыз келсін! Аллаһ сақтасын ондайдан!
salta
сіз біреудің басқа жеріне де үңілуді шығардыңыз ба? мықтысыз…
Abilakim
Жалпы, мен сіздің огородыңыздан қауын-қарбыз ұрламаған секілді едім.Кімнің қалай үйленгенінде шаруамыздың болмағаны дұрыс әрине.Менікі қалжың ғой, намаз оқитын бауырыма деген.Сәтсіз болсада
salta
міне, осындай әңгімеңіз дұрыс!!! сәтсіз…
Armanjan
Мен дедукциялық тәсілмен ойлап-ойлап, Ахи,өзіміздің Нұржанбай деп таптым
мен де солай ойлай бастап едім, сөйтсем, Ahi AL-ASTER-дің балдызы екен
boztorgai
деп қалдым да, айтқан сөзім үшін қатты қорқып кеттім

ешкім есітпесе болды ғой
ал сіз мұнда келіп, жария қып...

күнәні айтқан сайын ауырлайды деген